Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет21/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   191
Түйін сөздер:
 
сабақты зерттеу,
 
шығармашылық, танымдық жаттығулар, дарындылық, 
топтық тапсырмалар.
 
Ключевые слова:
 
занятия в классе, творческие, познавательные упражнения, одаренность,
 
групповые задания.
 
Keywords:
 
classroom studies, creative, cognitive exercises, giftedness, group assignments. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: 
"Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек
. Ол 
үшін жаңа фармацияның педагогы қажет" деп айтқан болатын. Бұл мектеп өміріне еніп отырған 
жаңа технологиялардың ерекшелігі 

өсіп келе жатқан тұлғаны жан
-
жақты дамыту. Ендеше, 
инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу 
болып саналады. Қазіргі оқытуда бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, 
ал бүгін өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Бастауыш сатыда
оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін 
дайындауға болады. 
.[5] 
23


Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің 
басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс
-
әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала 
отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, 
жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін 
жауабы бар тапсырмалар, түрлі
практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға 
болады. 
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс
-
әрекеттік 

компетенттік тәсілге (өз 
бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін
-
өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне 
мүмкіндік береді. әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін
-
бірі тексеру арқылы есептің 
дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, 
Л.В.Зинков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете 
қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан
-
жақты дамытуға бағытталған, оқытудың 
модульдік технологиясы (В.М. Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. Ал орта 
буынға келсек, бұл кезеңде оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретінде деңгейлік 
тапсырмалар жүйесін жас ерекшеліктеріне қарай күрделендіре түсеміз.
[
3,62б

Рефлексия сабақты зерттеудің 
-
дің құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады деп 
айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау 
үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал
-
шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesso

Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып 
табылады және де іс
-
әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study
-
де ең 
бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс 
барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау 
мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study
-
дің 
түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың 
жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге 
болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер 
жинауды көздейді. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі 
мен білімдері бір
-
біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп 
жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс 
істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби 
ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану 
саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы 
мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске 
тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне 
жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, 
тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. 
.[2, 39-
б

Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі –
мұғалім зерттеу барысында 
жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігінде. Lesson Study тәсілін іске асыру 
барысы Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей
-
тегжейлі жоспарлауды 
көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері 

қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу 
үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study
-
дің 
анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала 
отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды. Lesson Study үдерісінде бірталай уақыт бойы 
қалыптасқан және орныққан мынадай бірқатар қадамдар бар:
• Lesson Study тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін
ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір
-
бірімен сыйластық қарым
-
қатынаста болу керек.
• Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, кімді
оқытуды анықтайды, мәселен, «Өздерінің оқуын жақсарту үшін Х
-
ті Y
-
тің мүмкіндіктерін тиімді
пайдалануға 
қалай 
үйрете 
аламыз?» 
деген 
сияқты.
24


• Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зерделеп,
жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
• Топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, сондай
-
ақ
қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар
болып саналатынын шешеді.
• Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда «бақылаудағы оқушылардың» сабақта өтілетін
материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
• Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары –
«бақылаудағы үш оқушыны»
басты назарға алып, сабақты қадағалайды және қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып
отырады.
• Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен сұхбат
жүргізеді.
• Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау белгіленген құрылым
бойынша жүреді: жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып,
«бақылаудағы оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін
белгілеу; сыныптың тұтастай оқытылуы; зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;
белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу.
• топпен бірлесіп келесі Lesson Study
-
ді жоспарлау.
Lesson Study топтамасынан кейін (ереже бойынша үш немесе одан көп сабақ) топ оқыту тәсілі
мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі.
1. Lesson study 

дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу, топ мүшелерінің кәсіби
дамуына ықпал ету
2. Lesson study 

дің ерекшеліктері. Жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту.
Мұғалімдермен біріге отырып жұмыс істеу.
3.
Мұғалімдердің зерттеуі. Оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс –әректтегі зерттеу кәсіби
жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады. Кейс –стади

сыныптағы оқыту мен оқуды зерттеуді
қарастырады.
4.
LS қағидаттары Бірлескен жоспар. LS Өткізу/қадағалау, талдау.
5.
Нәтижеде Lesson Study тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі, әріптестер бір –біріне
көмектеседі, оқушылардың маңызды білім алуына жағдай жасау.
[2, 119-
б
]
Қазіргі
кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік
негізін өзгерту заман 
талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми 
жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль 
атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, 
оқушының іс
-
әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ 
болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра 
отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар 
баршылық. «Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады.
Сабақты зерттеу әдісі –
ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп,
•Сабақ жоспарын 
құру
•Зерттеу сабағын талқылау
•Сабақтың жоспарын талқылау
•Зерттеу сабақтарын өткізу болып табылады.
.[3, 13-
б
]
Сабақты зерттеу –
сыныпты зерттеу 
нысаны 
немесе 
түйінді 
сипаты: креативтілік пен 
ғылыми дәлдік.
Оқыту 
үдерісіндегі 
тәжірибені 
жақсартуды 
және 
жетілдіруді 
зерттеу мақсатында
біздің 
Қостанай қаласындағы № 15 орта мектебінде зерттеуші 
құрамына шығармашылық топтан 
құрылған
топ бірігіп, сабақты зерттеуді
ұйымдастыру үшін әдебиеттік 
оқу, математика пәнін 
таңдап алынды. Бұл топ аталған сыныппен екінші жыл жұмыс жасап келеді. Зерттеуші 
топ 
жиналып, аталған сыныбында 
А,В,С 
деңгейіндегі 
оқушылар тобына жататын оқушының 
сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін және қандай қолдау керектігін 
анықтауға болатын 
тиімді әдіс 
-
тәсілдерді 
сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. 
Оқушының қажеттілігін 
қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын 
25


сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу 
жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу 
жоспарланды.
Жоспар
бойынша сыныпқа математика пәнінен зерттеу сабақтары жүргізілді. Шығармашылық 
топ болып, оның ішінде үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық. С деңгейіндегі 
оқушы «Үлгерімі жақсы» оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі орташа» оқушы, А деңгейінде 
«Үлгерімі төмен» оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Бірінші, екінші 
сабақтарда оқушылар ашыла алмады, өз ойларын еркін жеткізе алмады, себебі, бұл үрдіске 
дағдыланбағандықтан деп ойладық. Бұл бірінші сабақта топпен жұмыс жасау тиімділігі
диалогтік оқыту әдісінің тиімділігі анықталып, келесі сабақ жоспарланып іске асты. Әр сабақта 3 
баланы үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң талқылау болып отырды. Бізге топпен оқыту 
әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру 
мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық.
Одан кейінгі сабақтарда
зерттеу сабағы әдебиеттік оқу пәнінен өткізілді. Осы сабақ 
барысында анықталып алынған А,В,С деңгейіндегі оқушылардың сабақ барысындағы іс
-
әрекеттерін шығармашылық топ зерттеп шықты. Блум токсономиясына байланыстырып 
құрылған сабақ жоспары мен сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту үшін берілген сұрақтар 
жауаптарымен сәйкес келе ме, жоқ па сабақ барысында анықталды. Сабақ сәтті өтті.
А деңгейдегі 
оқушы өз білімін дәлелдей алатынын көрсетті. Жетелеу сұрақтары арқылы, жеке жұмыстар мен 
тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызғушылығы 
мен 
топ арасында көшбасшылық 
қабілетін көрсете білді . 
Ал С деңгейдегі оқушының 
ынтасын 
ашатын түрткі сұрақтарды қоя 
отырып,
алға қарай ілгерілеуге жетеледі. В деңгейіндегі оқушы
бастапқыда сұрақтарға онша 
араласпады,
кейіннен 
оның белсенділік қабілеті арта түсіп, топпен тапсырма берілгенде топ 
басшының берген тапсырмасын 
өз деңгейінде 
орындап шығып, өзін көрсете білді. Оқушы үнін 
тыңдаған кезде А деңгейдегі оқушы
тұжырым жасаған кезде

тақырыптағы кейіпкерлердің 
мінез
-
құлқын өзгертіп, сәл де болса мәтіннің мазмұнын жаңалап өз ойынша аяқтағысы келетінін 
айтты . Мәтіндегі кейіпкерлерді ақылды, мейірімді қылып көрсетер едім деп тұжырымдады. 
Яғни, сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғары екендігін аңғарта түсті. 
В деңгейдегі оқушы

«Сабақ ұнады, бірақ мен бұл сабақта өзімді 
көрсете алмадым.»

деген тұжырым жасады. Келесі 
сабақта белсендірек болатынын айтып өтті. С деңгейдегі оқушы

«Маған өте қызықты болды

Алдағы уақытта да осындай сабақ болса, мен белсене қатысамын »

деп жауап берді .
Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер 
арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар
болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға 
толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыланды. Топтық жұмыс арқылы ойларын 
ортаға салып талқылау, талдау, өз
пікірін ашық айтуға дағдылана отырып, оқуға деген 
қызығушылығы артты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет