Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет25/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   191
І. Сабаққа дейін.
 
1) LS 
тобын
құру.
2) Lesson Study-
дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді
айқындау.
3)
Таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп,
мәселенің теориялық мазмұнын ашу,
мүмкін шешімдерін
таңдау.
4)
Сабақты бірлесе
жоспарлау.
5)
Бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде
қолданылатын құралдарды
таңдау.
6)
Оқушылардан сабаққа дейін сұхбат алу.
7)
Оқушылардан алған интервью негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу (егер
оқушылардан сабаққа дейін интервью алынбаса, бұл қадам да
қолданылмайды).
ІІ. Сабақ кезінде.
Lesson Study сабағы.
а) оқушыларды бақылау.
ІІІ. Сабақтан кейін.
9)
Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат
алу.
10)
Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған
нұсқасын дайындау.
Lesson Study топтары жұмысының мынандай жақтарына назар аударуды
жөн
санаймын.
Біріншіден, 
LS 
топтарының жасақталуы мұғалімдердің өз еркі
бойынша
жүзеге
асырылғандығы
дұрыс.
Осы
арқылы
оларда
өз
жұмысының
нәтижесіне
деген
жауапкершіліктің артатындығы анық. Мұнда фокус топтарына
қосылғысы
келмейтін
мұғалімдерді күштеуге болмайтынына назар аудару керек. Ондай педагогтармен
басқаша
жұмыс жасаған орынды.
Сабаққа
дейін
оқушыларға
мынандай
сұрақтар
қоюға
болатын
шығар:
«Алдағы
сабақтан не
күтесіз? Не білгіңіз келеді? Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз? Осы
сабақта қандай әдіс
-
тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз? Топтарға қалай бөлу
керек? Сіз
кіммен бір топта отырғыңыз келеді? Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі?
Сабақтың нәтиже «өнімі» қандай болуы керек деп ойлайсыз? Мұғалім болсаңыз, бұл сабақты
қалай өткізер едіңіз?» және
т.б.
Төртіншіден, мектеп әкімшілігі тарапынан фокус топтарының жұмысын мұқият қадағалаудың
қажеті
шамалы
болар,
өйткені
әсіре
қадағалау
мардымсыз
нәтижеге
әкелетіндігі белгілі. Жыл
бойы мектеп әкімшілігі мүшелері тек бір ғана фокус топтарының жұмысына қатысып, олардың
жұмысының қарқынды және тиімді өтуіне атсалысқаны жөн. Басқа фокус топтары
әкімшіліктің ерекше ынтасын көргеннен соң осы топтардың жұмысына қызығушылық
танытып, солардан үйренетіндігі әбден
ықтимал.
30


Бұл жерде тек фокус топтарының жұмыс нәтижелерін алдын
-
ала айқындап алған дұрыс болар. 
Мысалы, сондай құралдардың бірі ретінде фокус топтарының портфолиосын атауға тұрарлық. 
Белгіленген мерзім соңында (тоқсан немесе оқу жылы) әр Lesson Study тобы мектептің алқалы 
бір жиынында өз портфолиоларымен барша жұртты таныстырып, жұмыстарын 
қорытындыласа.
Портфолиоға жиналатын құжаттар мен дәлелдемелерді қиындатпаған жөн, оның мазмұнын 
мұғалімдердің өздері айқындауы керек. Портфолиоға қойылатын талаптар алдын

ала
елдің
назарына
ұсынылып,
талданып
-
талқыланып,
педагогикалық
кеңесте
бекітілсе
дұрыс болар еді. 
Мұнда мынандай дәлелдемелердің болғаны орынды: сабақ жоспарлары (әсіресе әр сабақтың 
алғашқы жоспары мен оның өзгертілген, жақсартылған нұсқаларының болғаны дұрыс:
бұл
оларды
салыстыру
мүмкіндігін
береді),
бақылау
мен
интервью
парақтары,
сабақты 
талқылаудың хаттамасы (егер жүргізілсе), оқушылардың сабақтағы жазбаша жұмыс үлгілері, 
фотосуреттер, видеожазбалар (егер жүргізілсе), теориялық материалдар мен ресурстар
коучингтердің жоспарлары, оқушылардың сабаққа берген кері байланысы мен сабақ туралы 
рефлексиясы, қатысушылардың жазбаша пікірлері,
т.б.
Фокус топтарының жұмыс нәтижелерін қорытындылауды ықшам
сабақтар көмегімен де 
жүзеге
асыруға
болады.
Фокус
топтары
сабақ
жоспарларын
құрастырғаннан
кейін
тақ
нөмірлі 
топтар жұп санды топтарға барып, оларға өздері құрастырған сабақтарының 20 минуттық 
үзіндісін көрсетеді. Сабақ үзіндісі аяқталғаннан кейін екі топ бірігіп, 20 минут ауқымында 
сабақты талқылайды, сабақ жоспарына өзгерістер енгізеді. Талқылаудан кейін енді жұп 
нөмірлі топтар тақ санды топтарға барып, дәп осылай өз сабақтарының үзіндісін көрсетіп, 
талқылайды.
Осы
іс
-
шараның
басынан
аяғына
дейін
мектеп
әкімшілігі
мүшелерінен
(немесе
деңгейлік курс 
аяқтаған тәжірибелі мұғалімдерден) құралған сарапшылар тобы әр фокус топтарының 
жұмысын бақылап, олардың қалай жұмыс жасап жатқандарын алдын
-
ала қабылданған 
критерийлер
бойынша
бағалайды.
Сонымен, мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамыту ісін 4
-6 
адамдық фокус топтары ауқымында ұйымдастырған тиімді деп есептеуге тұрарлық. Өзін
-
өзі 
басқару, реттеу мен дамытудың ұтымды құралы ретінде фокус топтары ұстаздарға бірлесе 
жоспарлау, тәжірибеде туындаған проблемаларды коучинг пен тәлімгерлік арқылы шешу, 
сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылау секілді тиімді 
әдіс
-
тәсілдерді қолдану дағдыларын үздіксіз дамыту мүмкіндігін ұсынады.
Қорыта келе, белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім –
өзінің білімін үздіксіз көтеріп 
отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» 
деген пікірімен аяқтағымыз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет