Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет76/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124

Аңдатпа.  Мақалада  республиканың  әлем  қоғамдастығына  кіріктіру  үшін,  өскелең  ұрпақтың  заманына 

сай ойлайтын, жоғары білімді, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыратын шет тілін оқытудың кешенді 

жүйесін құру туралы баяндалады. 

Аннотация.  В  статье  отмечается,  что  создание  комплексной  системы  обучения  иностранным  языкам 

направлено  на  формирование  гармонично  развитого,  высокообразованного,  современно  мыслящего 

подрастающего поколения, дальнейшую интеграцию республики в мировое сообщество

Abstract. The article notes that the creation of an integrated foreign language learning system is aimed at the 

formation of harmoniously developed, highly educated, modern-minded younger generation, further integration 

of the republic into the world community. 

ҮШТІЛДІЛІК – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕЛДЕР ҚАТАРЫНА АПАРАР БАСТЫ 

БАСПАЛДАҚТАРДЫҢ БІРІ 

Ф.И. Аюпов 

Ә. Науаи атындағы жалпы орта мектеп Кентау қ. farxod75.75@mail.ru 



Пікір беруші – М.Б. Жаздықбаева, п.ғ.к., доцент, Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті, 

Түркістан қ. 

Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  білім  беру  жүйесінде  үш  тілдің  – 

мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға 

үйлесімді  кірігу  тілі  ретінде  ағылшын  тілін  меңгерген,  бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау  міндетін  атап 

көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр 

дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін 

ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, 

көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана 

жоғары  оқу  орындарында  ғана  емес,  сонымен  бірге,  мектептерде  де  көптілді  білім  беру  үшін тілді терең 

меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін 

сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми-ақпарат алудағы желісін кеңейту негізгі 

тақырыбына айналды. 

«Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ » – деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы 

білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік 

тіл  –  мемлекет  құрушы  ұлттық  тілі,  ал  орыс  тілін  білуі  –  ұлы  байлық.  Ағылшын  тілі  ілгерілеушілік  пен 

технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, 

жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», – деді [1]. 

Елбасымыз «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды»,-деп үнемі айтып жүргені – бүгінгі 

жастарымыз білімді, білікті болса, келешекте мемлекетімізді гүлдендіріп, әлеуеті зор елдердің қатарына қосады 

деп сенім білдіргені. Бұл білім мәселесі тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, бүкіл әлем мемлекеттерінің 

алдында  тұрған  әрі  өзекті  әрі  маңызды  мәселелердің  бірі. Адамзат  дамуының  негізгі  бағыттарының  бірі: 

көптілділік екендігі әлдеқашан сезініліп те, дәлелденіп те қойған. Неге ағылшын тілі? Қытай тілі не болмаса 

француз тілі емес. Себебі, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына 

жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды атап көрсеткен болатын. Сол үш тілдің 


90

бірі – ағылшын тілі. 

Ағылшын тілі – бүкіл дүние жүзі халықтарын, мемлекеттерді табыстыратын ортақ тіл [2]. Ендеше осындай 

әлемдік стандарттарға сай келетін маман болу үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, бірізді оқыту 

қажет. Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз, үштілділіктің 

кез-келген сыңары ретінде кез-келген шетел тілін алуға болар еді, бірақ біз бұл жерде де заманның нақты 

сұранысы басым түскен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне ерекше мән бергені жөн деп түсінеміз. Еліміз бен 

жерімізге  ие  болатын  жастар  үш тілді  де  қатар  меңгеруі тиіс.  Біздің  мемлекеттік тіліміз,  алтын  діңгегіміз, 

тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап, уық секілді қадалуы қажет. 

Қазақ тілі – аса бай тіл. Оның болашағы да ғажап. Орыс тілі экономиканың да бір тетігі. Ағылшын тілі – 

бүкіл  дүние  жүзі  халықтарын,  мемлекеттерді  табыстыратын  ортақ  тіл,  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай 

кірігу тілі. 

Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу 

біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Қазақстан Республикасы заңнамасына 

сәйкес елдегі беделді тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Бұл тіл қазақты 

дүниеге танытатын әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ағылшын тілі – ғылымның, технологияның тілі. Ағылшын 

тілі –  қазақ  жерінің  жаңа  әлемге  ашар  есігі.  Мәселен,  М.  Әуезовтың  «Абай  жолы»  романы, Абайдың  қара 

сөздері ағылшын тіліне аударылмаса Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік? 

Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-

жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке 

терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта 

алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың 

бірегейі болып отыр. 

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, 

келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан 

оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінен бірі – 

оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. 

Көптеген ғалымдар өз зерттеулерінің негізінде алты жастағы баланың мектепке оқуға физиологиялық, 

психологиялық  тұрғыдан  дайын  екенін  дәлелдеп  отыр.  Ерте  жастан  ағылшын  тілін  оқытудың  алғашқы 

кезеңдегі негізгі аспектілерінің бірі – ол ойын элементтерін жас ерекшеліктеріне сәйкес қолдану. Мектепке 

жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін 

әдістерді  пайдалану.  Бастауыш  сынып  оқушысының  жас  ерекшелігі  ескеріліп,  ертегі  бойынша  баяндалып, 

үш  елден  келген  қуыршақтарды  сөйлету  арқылы  өлеңдер,  әндер  балаларды  өздерінің  таныс  әлеміне  – 

ойындар әлеміне үйіріп әкетеді. Баланы әуелі сөйлеуге, одан кейін оқуға және жазуға үйретуді нысана етеді. 

Ағылшын тілін оқыту барысынды екі түрлі мақсат жүзеге асады. Оның бірі – оқушылардың филологиялық 

білімін арттыру, екіншісі – олардың жалпы дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Көпжылдық 

зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, 

бастауыш мектепте тәрбиенің жалпы білімдік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге 

және  құрметтеуге  үйретеді.  «Тіліміздің  үштұғыры»  мәдени  жобасын  жүзеге  асыру  аясында  академик  С.С. 

Құнанбаева шет тілін оқытудың инновациялық теориялық-методологиялық негіздерін енгізді [3]. Қазіргі кезде 

шет тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру 

мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады. Үш тілде еркін 

сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді: үш тілде 

еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану, заманауи интерактивтік және 

инновациялық технологияларды қолдану, үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету, оқушының 

тілдік  қабілетін  толық  ашу,  сөздік  қорын  молайтуда  аударма  және  түсіндірме  сөздіктерін  пайдалана  алу, 

танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру.  Оқушылардың  танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту  мақсатында  қосымша  материалдарды  үш  тілде  бірдей  қолдануға  болады.  Тақырып  бойынша 

тақпақтар, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар, деңгейлік тапсырмалар. Мұндай қосымша материалдар сабақты 

жандандырады,  өткен тақырыптарды  жақсы  қабылдап, түсінуге,  сыни  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  әсерін 

тигізеді, оқушылардың тілдік қорын дамытып, молайтады. Оқушылар сабақта белсенділік танытып, сабақтың 

сапалы әрі қызықты өтуіне атсалысады. 

Қазіргі кездегі білікті маман – көптілді тұлға. Бәсекелі ортаға ойдағыдай кірігудің негізгі шарты да тұлғаның 

көптілдігі.  Жас  ұрпақты  білімді,  тілді  терең  меңгерген  толерантты  етіп  тәрбиелеу,  олардың  адамгершілік 

негізін қалыптастыра білу қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігімен ұштасады. Мұғалім үнемі білімін 

жетілдіріп,  түрлі  әдіс-тәсілдерді  тиімді  пайдаланғанда  ғана  үлкен  жетістіктерге  жетеді.  Бұл  оқушылардың 

табиғи-ғылыми ойларын болашақта әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, 

саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, 


91

жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы. Сондықтан жастарды тілге баулу, балабақшада, 

мектеп қабырғасында, жоғары оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асырылуы қажет. Үш тілді меңгерген 

оқушылар: 

- қоғамға әлеуметтік оңай бейімделеді

-  тілдерді  меңгеру  дағдыларын  игереді,  демек  олар  үшін  басқа  да  тілдерді  меңгеру  әлде  қайда  оңай 

болады; 

-  көп  тілді  (қазақ,  орыс  немесе  ағылшын  тілі)  мәдениетінің  иеленушісіне  айналып,  мәдениетаралық 

ұнқатысуға бейім болады; 

- патриоттық сезімдері, полимәдениетті сапа деңгейі жоғарылайды. 

Біздің  мақсат  –  көптілді  мемлекеттер  арасында  әлеуметтік-мәдени  қатынастар  жасай  алатын,  түрлі 

елдердің  мәдениеті,  әдебиеті,  тарихымен  танысып,  қажетін  пайдалана  отырып,  бөтен  мәдениеттің  ішіне 

сіңіп кетпей, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын санатты да саналы тұлғаны жетілдіру. Осы 

ретте оқушыларымыздың өрісін кеңейтетін, білім мазмұнына қызықтыратын, ұлттық мәдени құндылықтарға 

құрметпен қарайтын және әлем халықтарының мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін полилингвистикалық 

дамыған  орта  жасау  басты  мәселе  болып  табылуда.  Мәдени  процестің  негізгі  бөліктерінің  бірі-әлемдік 

мәдениеттің  құндылықтарын  игеру  болып табылады,  ал  оған тек  шетел тілін  игеру  арқылы  немесе  басқа 

елдің тілін меңгеру арқылы ғана қол жеткізуге болады. 

Жоғарыда айтылғандай, көптілді білім берудің күтілетін нәтижесі – әртүрлі коммуникативтік жағдайларда 

бірнеше тілде сөйлеу іс-әрекетін жүзеге асыра алатын көптілді тұлғаны қалыптастырады. Ал болашақ маманға 

үш  тілді  меңгеру  ақпараттық  ғаламшарға  бейімделу  мүмкіндігіне  жол  ашып,  инновациялық  жобаларға 

қатысуға, шетел тіліндегі әдебиетпен жұмыс жасауға, конференцияда әріптестерімен қарым-қатынас жасауға, 

ғылыми мақалалардың аннотацияларына ауызша және жазбаша аудармаларды жасауға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі таңда  көп тілді  оқыту –  жас  ұрпақтың  білім  кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  әлемдік 

ғылым  құпияларына  үңіліп,  өз  қабілетін танытуына  мүмкіндік  беретін  қажеттілік. Үш тілде  оқыту –  заман 

талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, 

мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық 

құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе 

білу дағдыларын қалыптастыруға болады. 

Қазақ елінің туын көкке желбірететін білікті мамандар – біздің болашағымыз. Көптілді тұлға білікті маман 

болып қана қоймай, өзінің де болашағына бір қадам жасайды. Сондай жастарды тәрбиелеу – ұстаздардың 

қолында. 



Қолданылған әдебиет 

1 һttp:// www.akorda.kz//category/poslaniya_narodu.Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. 

2 Карабалаева Г.К. Үш тұғырлы тіл – өркениет өрісі. – Педагогика мәселелері, 2011, - № 1. 

3  Рысбаева  Г.К.  Шетел  тілін  білу-жас  ұрпақтың  бәсекеге  қабілеттігінің  кепілі.  //  «Мектептегі  шет  тілі» 

журналы. 2012, № 3, -Б. 3-6. 

Аңдатпа. Мақалада жаһандану кезеңіндегі «Үштұғырлы тіл» идеясының жүзеге асуының маңыздылығы 

туралы ой қозғайды. 



Аннотация.  В  статье  затрагивается  значимость  реализации  идеи  «Триединства  языков»  в  эпоху 

глобализации. 



Abstract. Tһe significance of realization of tһe idea of «Triunity of languages» during tһe epocһ of globalization 

is toucһed upon tһis article. 



КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ЖҮРГІЗУ САБАҒЫНДА 

«ҮШТІЛДІК ОҚЫТУДЫҢ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ 

Қ.К. Бурабаева 

Алматинское хореографическое училище имени А.Селезенева,  г.Алматы, ballet-kz@mail.ru



Пікір беруші – Абдулаева Ж.Т., әл-Фараби ат. ҚазҰУ 

Біз ғылым мен техника аршындап алға басып, қарыштай қадам басқан XXI ғасырдамыз. Жастарды оқытуға, 

оларға  кәсіби  білім  беруге  қоғам  мен  мемлекеттің  бүгінгі  таңда  барынша  назар  аударуы  да  сондықтан. 

Бүкіл  әлемді  шарпып  келе  жатқан  жаһандану  үрдісі,  ғылым  мен  білімді  игерудегі  бәсекелестіктер  бізді 

де толғандырады. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – 


92

ұстаздар қауымына ортақ іс. 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында үштілділік (полилингвизм) мәселесіне көңіл 

бөліп,  «Қазақ  тілі –  мемлекеттік  тіл  ...»  «Орыс  тілі –  ұлтаралық  қарым-қатынас  тілі  ...».  «Ағылшын  тілі  – 

жаҺандық эконимкаға ойдағыдай кірігу тілі ...» дей келе, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз 

және ағылшын тілін үйренеміз деп, бүгінгі таңда тілдерді дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейдегі міндет 

екенін де атап көрсетті. Шындығында, ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. 

Сондықтан негізгі көзделіп отырған мақсат – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілетті, 

мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып отыр. 

Тілдердің функциясын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі – «Тілдерді қолдану мен дамытудың 

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» екендігі бәрімізге белгілі. Бағдарламаның басты 

мақсаты: Қазақ тілінің мәртебесін көтеру; мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу; 

ағылшын тілін меңгерту; орыс тілін жетік білу; әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік 

жасау; тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу. 

Осы аталған бағдарламаны негізге ала отырып, біздің училищемізде 2011 жылдан бастап «Кәсіби қазақ 

тілі, оның ішінде мемлекеттік тілде іс жүргізу пәні» кіріктірілген бағдарлама негізінде оқытылып келеді. 

Бұл пәнді оқытуда оқушылардың төменгі сыныптарда қазақ тілі бойынша алған білім, білік, дағдылары 

негіз  бола  алады.  Алғашқы  сабақтарда  біз  студенттерді  іс  қағаздарын  жүргізудің  құқықтық  негізімен,  іс 

жүргізудің  мақсаттарымен  таныстырамыз.  Бұл  пән  студенттердің  әлеуметтік  құзіреттілігін  дамытуға  мол 

мүмкіндіктер береді. 

Бұл  курста  әрбір  студент  іс  қағаздары  үлгілерімен  таныса  отырып,  [1-сызба]  құжат  түрлері  бойынша 

мемлекеттік тілде құрастыру, ресімдеу жұмыстарына дағдыланады. Бұдан басқа термин сөздер мен ресми іс 

қағаздары стилінің қолданылуын практика жүзінде қалыптастыра алады. 

1-сызба – Құжат түрлері 

Негізгі алға қойылған мақсат – іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік 

маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін 

ұғындыру. Сондай-ақ, болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен 

толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам 

дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету. 

Іс  қағаздарының  түрлері,  оларға  қойылатын  талаптар,  олардың  дұрыс  ресімделуі,  лексикасы  сияқты 

ерекшеліктерімен таныстыру. Сонымен қатар, кәсіби тілді дамыта меңгерте отырып, студенттерді күнделікті 

қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандықтары бойынша сұхбаттар жүргізе алуға, ақпараттар 

тыңдап, оны айтып беруге, өз пікірін, ойын ауызша, жазбаша үш тілде жеткізе алуға машықтандыру сияқты 

міндеттер де көзделеді. 

Сабақ барысында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың тіл үйренуге деген 

қызығушылықтарын арттыруға болады. Оқыту әдіс-тәсілдерінің алуан түрлі болуы студенттердің танымдық 

белсенділіктерін қалыптастыруға септігін тигізеді. 

Айту  керек,  біздің  студенттердің  40  пайызы  өзге  ұлт  өкілдері.  Қазақ  тілі  Қазақстанның  барлық 

азаматтарына ортақ тіл және өзге ұлт өкілдеріне екінші ана тілі болуы керек. Сабақ барысында жаңа оқыту 


93

технологияларының әдістерін қолданудың тиімділігінің арқасында жастардың білім сапасын да, пәнге деген 

қызығушылықтарын да арттыруға болады. 

Мен  пәнді  оқытуда  «Коммуникативтік  байланыс  технологиясын»  қолданамын.  Бұл  шет  тілдермен 

байланыс негізінде оқыту болып табылады. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді, яғни практикалық жағына 

бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты 

және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік 

береді. 


Училищеміздің оқушылары болашақ өнер тұлғалары болатындықтан, сабақ мазмұны мамандықтарымен 

тығыз байланыста игертіледі. Мысалға, оқушылар сабақ барысында орыс, қазақ, ағылшын, француз тілдерінде 

сұхбаттар  құрады,  аударма  жұмыстарын  жасайды.  Өз  өмір  жолдары  бойынша  жобалар  дайындайды. 

Семинарларға, конференцияларға қатысады. Жеке адамның өміріне қатысты іс қағаздарын үш тілде толтырып 

дағдыланады. 

Ал  курс  барысында  жалпы  студенттер  осы  пән  бойынша  игерген  білім,  білік,  дағдыларын  жеке 

компьютерлерде жұмыс жасау арқылы қалыптастырады, құжаттарды үш тілде басып шығара алады. Осындай 

сабақ барысында жазылған жеке адам өміріне қатысты құжат үлгілерінің бірнеше түрлерін ұсынып отырмын. 

Өмірбаян

 

Мен, Каримова Айрис Нұрлыбекқызы, 1997 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым 

–  қазақ.  2004  жылы  Қ.  Сатпаев  атындағы  №56  гимназияға  бардым.  2006-2008  жылдары  «Маленький 

медвежонок» және «Кенгуру» олимпиадаларына қатыстым. 

2009 жылы Алматы хореография училищесіне оқуға түстім. 2010 – 2015 жылдар аралығында «Вестал-

ка», «Паганини», «Пахита» вариацияларын, «Вальс экспромт», «Реквием», «Толғау», «Дала әуені» және «Дон 

Кихот» балетінде билерді орындадым. 

2012 жылы ІІІ халықаралық «Өрлеу» байқауында ІІІ орын алдым. 

2012 жылы І халықаралық «Ақ-Куу» байқауынан диплом алдым. 

2013 жылы «Tanzolimp» байқауына қатыстым. 

2013-2014 жылдары IV және V ғылыми зерттеу конференцияларына қатыстым. 

2015 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына тәжірибе жи-

нақтаушы ретінде орналастым. 

Қазір соңғы ІІІ курста оқып жүрмін. 

Мекенжайым : Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 244. 

21 қаңтар 2016 

Биография

 

Я, Каримова Айрис Нурлыбековна, родилась в 1997 году 27 октября. Национальность – казашка. В 2004 

году начала учебу в гимназии №56 имени К. Сатпаева. В 2006-2008 годах принимала участие в олимпиадах 

«Маленький медвежонок» и «Кенгуру». 

В 2009 году поступила в Алматинское хореографическое училище имени А. Селезнева. С 2010 по 2016 

года танцевала вариации: «Весталка», «Паганини», «Пахита», а также массовые танцы: «Вальс экспромт», 

«Реквием», «Толғау», «Дала әуені» и «Дон Кихот». 

В 2012 году на III международном конкурсе «Өрлеу» заняла 3 место. 

В 2012 году на I международном конкурсе «Ак-куу» в Киргизии и стала димломатом. 

В 2013 году участвовала в конкурсе «Tanzolimp» в Германии

В 2013-2014 годах участвовала в IV и V научных конференциях. 

С 2015 года прохожу стажировку в Государственном академическом театре оперы и балета имени Абая. 

Учусь на последнем III курсе. 

Адрес: город Алматы, Фурманова, 244. 

21 января 2016 г. 

Biography 

I аm Iris Karimova Nurlybekovna, was born in 1997, of 27 October. Nationality – Kazakh. In 2004, began to 

study in high school №56 named after K. Satpayev. In 2006-2008 is participated in the Olympic Games “Little 

Bear” and “Kangaroo”. 

In 2009 she entered the Almaty Choreographic School named after Alexander Seleznev. From 2010 to 2016 I 

danced variations of “Vestal”, “Paganini”, “Paquita”, as well as mass dance “Valse Impromptu”, “Rekviemm”, “Toлғау”, 

“Дала әуені” and “Don Quixote”. 

In 2012, at the III international competition of “leading and” took the 3rd place. 

In 2012, at the I International Competition “Ak-kuu” in Kyrgyzstan and became dimlomat. 

In 2013, is participated in the contest «Tanzolimp» in Germany. 



94

In 2013-2014, participated in the IV and V conferences. 

From 2015, I am an intern at the State Academic Theater of Opera and Ballet named after Abay. 

I study the last of III course. 

Address: Almaty, 244, Furmanov. 

January 21, 2016. 

Түйіндеме

 

Аты-жөні, тегі: Каримова Айрис Нұрлыбекқызы. 

Мекенжайы: Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 244. 

Телефон: 2640509; 87088168160. 

E-mail: iriskarimova@mail.ru 

Тұған жылы, айы, күні: 1997.10.27. 

Ұлты: қазақ. 

Жынысы: әйел. 

Отбасы жағдайы: тұрмыста емес. 

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы. 

Білімі: орта-арнаулы. 

Мамандығы: хореография өнері. 

Біліктілігі: балет әртісі. 

Кәсіби  тәжірибесі:  Абай  атындағы  Мемлекеттік  академиялық  опера  және  балет  театрында  тәжіриби 

жинақтаушы. 

Тілдік дағдылары: қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі - еркін, ағылшын -қолданушы, француз - қолданушы деңгей. 

Компьютерлік сауаттылығы: «MS office». 

Жеке қасиеттері: сенімді, сыпайы. 

Мақсаты: тұрақты жалақылы жұмыс алу. 

Резюме


 

ФИО: Каримова Айрис Нурлыбековна. 

Адрес: г.Алматы, Фурманова 244. 

Телефон: 2640509;87088168160. 

E-mail: iriskarimova@mail.ru 

Год, месяц, день рождения: 1997.10.27. 

Национальность: казашка. 

Пол: женский. 

Семейное положение: не замужем. 

Гражданство: Республика Казахстан. 

Образование: средне-специальное. 

Профессия: хореографическое искусство. 

Специальность: артист балета. 

Профессиональная стажировка: ГАТОБ имени Абая. 

Языковые  навыки:  казахский  язык  –  родной  язык,  русский  язык  –  свободно,  французский  язык  – 

пользовательский, английский язык – пользовательский. 

Компьютерные знания: «MS office». 

Личные качества: уверенная, комуникабельная. 

Цель: работа со стабильным заработком. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет