Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет99/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124

Список литературы 

1 Государственная программа развития Республики Казахстан на 2011-2020 годы - http://adilet.zan.kz/

rus/docs/U1000001118. 

2 Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан на 2016-2019 годы 

- http://www.edu.gov.kz/ru/gosudarstvennaya-programma-razvitiya-obrazovaniya-i-nauki-respubliki-kazahstan-

na-2016-2019-gody. 



Аңдатпа. Қазақстандық білім беру жүйесі реформа жолында. Орта білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту 

жүргізілуде. 2016 жылдан бастап білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беретін мектептердің 

мұғалімдерінің  біліктілігін  арттыру  курстары  ұйымдастырылуда.  Біліктілікті  арттыру  жүйесін  басқарудың 

бірден-бір бөлігі мониторинг жргізу болып табылады. Білім берудің мазмұнын жаңарту курстарын кешенді 

мониторинг  бойынша  сараптау  филиал  жұмысының  тиімділігі  мен  сапасын  анықтау  арқылы  арттыруға 

бағытталған. 



Аннотация. Казахстанская система образования идет по пути реформ. В системе среднего образования 

происходит  обновление  содержания.  С  2016  года  организовано  повышение  квалификации  учителей 

школ в рамках обновления содержания среднего образования. Мониторинговое сопровождение является 

неотъемлемым звеном системы управления повышением квалификации. Комплексный мониторинг курсов в 

рамках обновления содержания среднего образования направлен на повышение качества и эффективности 

проводимой филиалом работы. 



221

Abstract. Kazakhstan educational system is on the way of reform. The secondary educational system is updat-

ing its content. Since 2016 school teacher training was organized as part of updating the content of secondary 

education. A monitoring support is an essential link of professional development management system. Integrated 

monitoring of courses within the content updates secondary education aimed at improving the quality and effec-

tiveness of the branch operation. 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ РОЛІ 

Г.Ж. Жалмұқашева 

Кулагино орта мектебі мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылы

dauren687@mail.ru 

Пікір беруші - Р.Б. Канатов, мектеп директоры, Кулагино орта мектебі мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы 

Индер ауданы Есбол ауылы 

Қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің жоғары екендігі дүниежүзіндегі өркениетті елдерге 

ежелден белгілі болған. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген Абай 

жырларының  жолдары  қазақтың  барлық  салт-дәстүрлерінің  өздерінің  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты 

туындағанын көрсетеді. 

Ұрпақ тәрбиесіндегі халқымыздың ең бірінші мектебі, әрине, отбасы болған. «Балапан ұяда не көрсе, 

ұшқанда соны іледі» дегендей, отбасындағы тәрбие, соның ішінде ұл мен қызды тәрбиелеуде халық қазақ 

ұлтына тән ерекшеліктерге сай ұлттық дәстүрді мықтап ұстанған. Ұрпақ тазалығына, генетикалық тұрғыдан 

дені сау ұрпақтың дүниеге келуін мақсат еткен ата-ана жеті атаға толмай еш уақытта қыз алыспағаны белгілі. 

Мұның  өзі,  «Жеті  атасыз  білмеген-жетесіз»  деген  нақыл  сөздің  салмағының  қаншалықты  ауыр  екендігін 

көрсетеді. «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деп қазақ халқындағы қыз баланың тәрбиесіне 

баса мән берген. Өз баласына лайық жар таңдауда ұл балалардың ата-анасы өз қалаулары бойынша құда 

болам деген адамдармен туылмаған, яғни, белдегі балаға ниет құдалар ретінде бел құда болып сөз байласқан. 

Ал егер балалар бесікте жатқан уақытта құдандалы болса, ел ішінде «қарын құда», «құрсақ құда» деп аталған. 

Қыз бала жетіге толысымен аналары белін белбеумен буып қоюының өзі қазақ қыздарының «қыпша белді» 

деп суреттелуінің айғағы бола біледі. Ал он екі жасқа келгенде төсегіне дәл жауырынның астынан келетіндей 

етіп қос арқан керіп қойған. Ұйықтаған уақытта осы арқанның дұрыс керілуіне аналары аса көп мән берген. 

Сондықтан да қазақ қыздары қыпша бел, аршын төс, сымбатты болып өскен [1]. 

Қыз бала он екі жасқа толғанда ата-анасы киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның көрпе төсегін 

көлегейлеп, шымылдық ілген. Бұл дәстүр қазақ салтында «қызын оң жаққа шығару» деп атаған. Шымылдық 

ішіндегі қыздың үйі «қосаға», ал осы қосағаны бүркемелеп тұрған перде «көсеге» деп аталған. Қызы тұрмысқа 

шыққанда жасауымен бірге осы көсегені де алып кеткен. «Көсегең көгерсін» деген ақ тілек осы дәстүрге 

байланысты қалыптасқандығын көрсетеді. Қыз бала ұзатылуға алты ай қалғанда үй тігіп, ата-анасы оны сол 

отауға жеңгесімен бөлек шығарған. Бұл отау «доғалаң» деп аталған. Бойжеткен осы үйде ерте тұрып, кеш 

жатып, өз алдына қазан-ошақ қабылдап, үй тіршілігін атқарып, отбасылық өмірге үйрене бастаған. Ұзатылар 

тойда орындалатын салт-дәстүрлердің барлығы да қазақ халқының аса бір көрегендігін көрсетеді. Күйеу 

жігіт пен қызға арналып ақ отау тігіліп, отау тігілу үстінде құдай жолы, кереге керер, шаңырақ көтерер, уық 

шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, үзік жабар, бау-шу байлар, отау байғазысы, мойын ұсынар деген 

дәстүрлер орындалған. Түн ортасы ауа күйеу жігіттің ақ отауда қалыңдығымен оңаша кездесуі «отауға түсу» 

деп аталады [2]. 

Қыз бала тәрбиесімен бірге, «Он үште – отау иесі» деп, ұл баланың ер-азамат ретінде тәрбиеленуіне де баса 

назар аударған. Ер баланы тәрбиелеуде тоқымқағар, атқамінер дәстүрлерімен бірге баса көп мән берілетін 

салттардың бірі сүндет тойы болып табылады. Бар жақсысын баласына, ұрпағына арнаған қазекем құрсақтой, 

шілдехана, бесіктой, қырқынан шығару, тұсаукесерден кейін сүндет той жасаған. «Ашамайлы атқа міндің, 

мұсылмандық таққа міндің, сүндетке отырғаның – иманды болғаның, тойын тойлап, думанды болғаның», - деп 

баланың көңілін өсіріп, дәрежесін көтеріп отырған. Балаға ата-әжесі, ата-анасы психологиялық жағынан «сен 

енді нағыз жігіт болдың» деген сияқты жігерлендіру сөздерін айтып та ауырсынуды сездірмеуге тырысқан 

[1, 2]. 

Дәстүр бойынша осы күні балаға бастан-аяқ жаңа киім кигізіп, екі иығына үкі қадайтын болған. Содан кейін 

өзінің ашамайлы бәсірелі тайына мінгізген, ал оның атына қоржын салған. Сүндет тойдың басқа тойлардан 

ертеректегі ерекшелігі – тойға сүндеттелетін баланың өзі шақыратындығында. Өз тойына шақырып келген 

балаға  барған  жерінде  шашу  шашқан.  Ал  тойға  келген  туған-туыстар,  жекжат-жұрағаттар  балаға  міндетті 


222

түрде сый алып келген. Тіпті, кейбір туыстары бала тойға шақырып барған кезде-ақ атаған малын жетектетіп 

жіберген. 

Отбасы тәрбиесінде ұрпақ жалғастығын ойлаған ата-ана балаларын аяқтандырғанша асыққан. Ер баланы 

үйленуге жасаған алғашқы қадамы «қыз айттыру» болып табылады. Көңілі қалаған қыздың үйіне келген жігіттің 

әкесі төрге қамшы іліп, «қызыңның қарғы бауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, 

сақиналар сыйға тартады. Одан әрі жалғасатын дәстүр «Жаушы жіберу» деп аталады. Жаушы шалбарының 

бір балағын етігінің қонышының сыртына шығарып, екінші балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, 

қыздың үйіне келіп «қарағым, көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді. Бұл – уәде 

пісті деген сөз. Қыз бен ата-анасы қарсы болмаса, жаушының өтінішін қабыл алып, екі жақ құда болысады. 

«Құдалық берік болсын!» – деп, жаушыға кәдесін жасап, шапан жауып, ризашылығын білдіреді. Осыдан кей-

ін, жігіт жағы «құда түсуге», ал қыз жағы «қыз ұзатуға» дайындық жасайды [3]. Қыз жағы да осы үлкен тойға 

дайындалып, құдаларын күтеді. Құдаларды күткенде, мағынасымен орындалатын салт-дәстүрлер тойға көрік 

беріп,  гүлдендіре  түседі.  Құда  түсушілер  кіре  берісімен,  «табалдырық  аттау»  кәдесін  құдалардан  алады. 

Жігіттің туған-туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар 

қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық-бауыр асату, құда тарту, ұн жағу т.б. дәстүрлер орындалады. 

Күйеу балаға шашу шашады, отқа май құйғызады. Алдын ала белгіленген адам құдалардың сырт киімдерін 

шешіп кетерде киіндіріп, «киім ілер» кәдесін жасайды. Той үстінде құдалардың осы тойын қызықты өткізетін 

ерекше  дәстүр  –  «құйрық-бауыр  асату».  Құйрық  бауыр  асатудың  мағынасы:  «Құйрықтай  тәтті,  бауырдай 

жақын болайық» дегенді білдіреді. Бұл дәстүр құда болудың белгісі. «Құйрық бауыр» асатқан келіншектер 

алған кәделерін бөліседі. Толып жатқан кәделердің бір қызығы – «ұн жағу» кәдесі. Ол да мағыналы, әзіл-

шыны  аралас.  Ұндай  жұғысты  болайық  деп,  құдалар  бір-бірінің  беттері  мен  үстеріне  ұн  жағады.  Қыздың 

туған-туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Бұл дәстүр «Есік-төр көрсету» деп аталады. Құда түсу 

тойындағы кәделер қайта қайталанады. Мұнан кейін салт бойынша жігіттің туған-туысқандары қыз ауылына 

құда түсуге барған. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, батаны бұзбауға серттеседі. 

Сонымен қатар, құйрық-бауыр жегізу, құда тарту дәстүрлері орындалған. Құда түскеннен кейін қыздың туған-

туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барып, құда түсу тойындағы кәделер қайталанып отырған. Бұл «есік 

көрсету тойы» дер аталады. Күйеу баланың қалыңдығымен кездесуі үшін салт бойынша ұрын той өткізілетін 

болған. Бұл тойда ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, желі тартар, ит ырылдатар, бақан салар, үйге 

кірер, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері 

орындалған. Қыз ұзату тойында ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік 

жабар, отау байғазысы кәделері алынып, қыз бен жігіт ақ отауда кездесіп, некелері қиылады. Түрлі ойын-

сауықтар  өткізіліп,  бүгінгі  күнге  дейін  сақталған  қыз  ұзату  тойында  сыңсу  айтылса,  келін  түсіру  тойында 

беташар айтылған [3]. 

Жас отбасы отау құрғаннан кейін отбасындағы сәбиді өмірге келуіне отбасы мүшелері болып баса назар 

аударған. Бұл үшін жүкті болған келінге арналған дәстүрлер арнайы орындалған. Келін алғаш жүкті болған 

уақытта  оған  енесі  «Атамыздың  аруағы  білініп,  қолдап  жүрсін»  деген  ырыммен  үйдің  оң  керегесіне  ақ 

орамалды таңып қойған. Жүкті әйел жерік болған уақытта кішігірім той жасап, оған әйелдер өз үйлерінен 

дәм пісіріп әкелген. Бұл дәстүр «құрсақ шашу» деп аталған. Сонымен қатар, келіннің тәбетін ашу үшін оған 

жуа жегізсе, «іштегі бала шымыр болсын» деген ниетпен сағыз шайнатып, баланың сүйегі берік болуы үшін 

саз, топырақ, қызыл ірімшік жегізген. Бір мезгіл жүкті әйелдің көңілін аулау үшін «Келін көңілі» бас қосуын 

өткізіп отырған. Бала кіндігіне оралып қалмау үшін жүкті келіншекке арқан есуге, теңді бууға және бұзуға, 

қаптың аузын жабуға немесе жабулы тұрғанды шешуге тыйым салған. Жүкті әйел баласын тоғыз ай емес, 

он екі ай көтеруі мүмкін деп, оған түйе етін бермесе, түсік болдырмау үшін етегін бүруіне, далаға жалғыз 

шығуына жол бермеген. 

Жүкті әйелдің босанатын уақыты жетіп, толғата бастаған уақытта енесі қыстай сақтаған жылы-жұмсағын 

қазанға салып, «жарыс қазан» асу қамына кіріскен. Бұл ырым келіні тез босансын деген ниеттен туындаған. 

Нәрестеге үш күннен қалдырмай, құлағына айқайлап азан шақырып, атын қойған. Кіндігі түскен нәрестегі 

бес күннен кейін бесікке салып, әр түрлі жамандық иелерінен (жын-шайтан, пері) сақтандырып, шілдехана 

жасайтын болған. Қырық күн толған нәрестенің «сүт тырнағы» мен «қарын шашын» алып, теңгелер салған 

су  құйып,  шомылдырған.  Ұл  баланы  қырқынан  отыз  жеті  –  отыз  тоғыз  күнде  шығарады.  Бұл  ұл  баланың 

қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте жасалады. Қыз баланы қырық күннен асырып, қырық 

екі – қырық төрт күнде қырқынан шығарады. Баланың тырнағын алғаннан соң адам баспайтын жерге көміп, 

таптау «Сүт тырнағын алу» деп аталады. Баланың шашын алғаннан кейін, шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп, 

баланың  оң  иығына  қадайды.  Жалпы  баланың  шашын  еш  уақытта  ашық-шашық  жерге  тастамайды.  Адам 

аяғы баспайтын жерге көміп отырады. «Қарын шаштың қарғысы қатты болады» деген мақал да осы салтқа 

байланысты. Баланың қырқынан шыққанша киетін «ит көйлегіне» сәбиді қырқынан шығару үстінде түрлі 

тәттілерді түйіп, бір иттің мойынына байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп, тәттілерді өзара бөлісіп 

алса, бойына бала бітпей жүрген әйелдердің иткөйлекті қалап алатын дәстүрі бар. Баланың анасы мұндай 


223

жағдайда ит көйлекті жыртып беретін болған. 

Бала апыл-тапыл қаз тұра бастағанда тұсаукесер тойын жасап, «ешкімнің ала жібін аттамасын» деген 

ырыммен ала жіппен тұсауын кескен. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жылдам, қимылы ширақ, іске епті 

қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін оған тапсырады. 

Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланысты, арнайы «тұсаукесер» сыйлығы беріледі. Тұсаукесер салты 

алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағаға арналған дастархан 

жанына қазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қояды. Бұдан соң «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» деген 

тілектер айта отырып, екі қолынан жетектеген екі адамның таңдаулысы баланың тұсауын ала жіппен кесіп 

жібереді.  Тұсауы  кесілген  соң,  сәбиді  екі  адым  ортаға  алып  шығып,  тез-тез  жүргізіп,  тойға  қатысушылар 

«Тұсаукесер» жырын шырқаған [4]. 

Міне,  осындай  салт-дәстүрлердің  барлығы  баланың  алғашқы  тәрбие  алатын  орны  отбасы  екендігін 

көрсетеді. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар 

жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. 

Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. «Балам 

дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А. Байтұрсынұлы 

айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Абай 

атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, 

ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспей-

ді, қуат таппайды. Екіншісі – білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, 

біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге 

бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі «жан құмары, 

білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен»- деген үлкен философиялық ой жатыр. Яғни, балаға туғаннан тән 

азығы – тамақ қандай қажет болса, жан азығы – жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін 

қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі. Отбасы тәрбиесін беруде халқымыздың 

тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған осындай ұмытыла бастаған салт-дәстүрлеріміздің тереңіне үңіліп, 

сол арқылы тәлім-тәрбие берсек, нәтиже берері сөзсіз. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1 Қалиев С., Оразбаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 

2 Асылов Ұ., Нұсқабай Ж. Әдептану. –Алматы. 2002. 

3 Ерсарыұлы Наурызбай. Еңбекке баулу хрестоматиясы. –Алматы. 2000. 

4 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1994. 

Аңдатпа. Мақалада ұлттық тәрбие берудегі қазақ салт-дәстүрлерінің ролі туралы жүйелі жазылған. Қазір-

гі уақытта ұмыт қалып бала жатқан қазақтың тұрмыс-тіршілігінен туындаған дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі 

орнына жан-жақты тоқталған. Қыз бала мен ұл тәрбиесіндегі отбасы құндылықтарына тоқтала келіп, бүгінгі 

күнге  дейін  сақталып  келген  салттардың  мағынасын  аша  білген.  Бала тәрбиесі туралы  ұлы  ғалымдардың 

пікірлерінен деректер келтіру арқылы тақырыпқа талдау жасалған. 

Аннотация. Данная статья написана про национальные традиции казахского народа. Подробно описаны 

обычаи которые очень важные и ценные в воспитание детей. А так же в этой статье рассказывается о семейных 

ценностиях про особые внимание для мальчиков и девочок. Автор в своей статье дал примеры о воспитание 

детей из слов великих ученых. 



Abstract. This article is written about national traditions of Kazakh people. It describes in detail the practice 

are very important and valuable in the education of children. And as this article tells about family values about 

special attention for boys and devochok. The author in his article gave examples of education of children from 

the words of the great scholars. 



224

ПРОЕКТНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ КАК ФАКТОР РАЗВИТИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ 

КОМПЕТЕНТНОСТИ ПЕДАГОГОВ ПО РАЗВИТИЮ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ 

ШКОЛЬНИКОВ 

Г.К. Ибрагимова

1

, А.А. Жумабекова

2

 

1

Филиал Акционерного общества Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Институт повышения 



квалификации работников образования по Карагандинской области 

2

Директор школы-гимназии № 65 г. Астана 



Рецензент – Шуиншина Ш.М., к.п.н., доцент, НАО им. И. Алтынсарина 

Необходимость расширения сферы научно-методических знаний учителей малокомплектных школ и повышения 

эффективности их профессиональной подготовки в условиях модернизации казахстанского образования определила 

тенденцию на создание новых практико-ориентированных моделей организации процесса повышения квалификации 

педагогических кадров. Одним из важных условий обеспечения творческой активности слушателей курсов повышения 

квалификации  является  разработка  принципиально  новой  методологии,  отличающейся  от  существующей  как  по 

содержанию, так и по структуре. 

Современная  система  повышения  квалификации  ориентирована  на  профессиональное  развитие  педагога, 

под  которым  понимается  способность  профессионала  изменять  собственную  деятельность  за  счет  смены  средств 

деятельности, и/или ее перефункционализации. Иначе говоря, «профессионально развивается тот, кто имеет способы 

изменения собственного мышления и деятельности, что, в конечном счете, расширяет жизненные шансы человека» [1]. 

В качестве одного из эффективных методов повышения уровня профессионализма работников образования можно 

назвать  интеграцию  учебной  и  исследовательской  работы  на  основе  проектной  деятельности.  «Профессиональная 

компетентность педагога в системе повышения квалификации не сводится к набору знаний и умений, а определяет 

необходимость и эффективность их применения в реальной образовательной практике» [3]. 

Существенный потенциал в разработке и реализации таких технологий имеет идея проектирования, которая всегда 

актуализируется в эпохи перемен [3]. Ее реализация может способствовать осуществлению терминальной функции 

современной системы образования взрослых – приобщению взрослого человека к целям, ценностям, реалиям, которые 

являются позитивными для современного социума, и созданию на их основе новых «продуктов» – личностных смыслов 

социального опыта, собственных ценностных оснований деятельности, стратегий жизни и др., что является сущностным 

смыслом образования [2]. 

Реализация  метода  проектов  как  способа  обучения  творческой,  исследовательской  деятельности  в  системе 

повышения  квалификации  ведет  к  изменению  позиции  слушателей  курсов:  из  «аккумулятора»  готовых  знаний  они 

превращаются в организаторов собственной познавательной деятельности (Н.Г. Алексеев, З.К. Каргиева, В.Н. Кеспиков, 

А.Г. Обоскалов, Н.Ю. Пахомова и др.), в соучастника исследовательского, творческого процесса. Кроме того, немаловажен 

тот факт, что проектное обучение в системе повышения квалификации отвечает идеям компетентностного подхода - 

весьма актуального в современной отечественной дидактике (В.А. Болотов, В.В. Лаптев, Е.А. Ленская, А.Ю. Пентин, A.B. 

Райцев, В.В. Сериков, Б.А. Тахохов, Б.Д. Эльконин и др.). 

Творческий потенциал личности педагога формируется на основе накопленного им социального опыта, психолого-

педагогических и предметных знаний, новых идей, умений и навыков, позволяющих находить и применять оригинальные 

решения, новаторские формы и методы и тем самым совершенствовать исполнение своих профессиональных функций. 

В  этой  связи  приоритетным  направлением  развития  профессионального  образования  является  разработка 

теоретических основ проектирования учебных заведений интегративного типа, образовательных систем обучения и 

воспитания. 

Для  этого  необходим  поиск  эффективных  технологий,  направленный  на  развитие  творческих  способностей, 

активной  субъектной  позиции,  навыков  саморазвития  и  самообразования,  совершенствование  профессиональной 

компетентности педагогов. 

Процесс развития проектной деятельности слушателей малокомплектных школ в ФАО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по 

Карагандинской области осуществляется в рамках программы курса повышения квалификации и итоговым продуктом 

завершения курса является проект. 

Проект определяется как комплексная самостоятельная работа, выполняемая слушателем в период прохождения 

курсов  повышения  квалификации,  имеющая  теоретическое  обоснование  и  видение  практической  реализации 

инновационной  идеи  [4].  Проектная  деятельность  слушателя,  рассматривается  нами  в  аспекте  применения  знаний 

полученных в период повышения квалификации к решению конкретных профессиональных задач. 

Структурные компоненты и логика проектной деятельности слушателей, включает: подготовительный (поисковый 

этап), аналитический, практический, презентационный этапы. 

Целью  подготовительного  этапа  является  определение  тематического  поля  и  темы,  поиск  и  анализ  проблемы 

проекта. На практике педагоги дошкольных организаций образования, выбирая тематику курсового проектирования, 

соотносят ее со своими реальными образовательными и профессиональными потребностями, а также с современными 

тенденциями развития образования. Данный этап пробуждает интерес к чтению педагогической литературы, к анализу 

накопленного педагогического опыта. Итог подготовительного этапа – развитие у слушателей первичного интереса к 

проектной деятельности как области научного знания. 

Основной задачей аналитического этапа является обучение слушателей мыследеятельности, на основе рефлексивного 


225

анализа через поиск оптимального способа достижения цели проекта, построения алгоритма деятельности. 

Практический  этап  работ  нацелен  на  пошаговое  планирование  деятельности  по  реализации  проекта  и  создает 

условия для развития у слушателей способности самостоятельного проектирования. 

Подготовка презентационных материалов, защита проекта – эти виды деятельности являются формой проверки 

выполнения  проекта  и  предполагают  получения  опыта  демонстрации  «собственно  проекта».  Защита  проводится 

публично  в  присутствии  слушателей,  при  участии  руководителя,  что  иллюстрируется  логически  выстроенными 

презентациями,  схемами,  моделями  проектируемого  «продукта».  Получение  обратной  связи  на  защите  от  коллег, 

руководителя способствует конкретизации образа «конечного продукта». 

Эффективность проектной деятельности слушателя оценивается группой критериев, соотнесенных с этапами проек-

тирования и структурой курсового проекта. 

Анализируя  педагогические  проекты,  можно  отметить,  что  дошкольные  педагоги  показали  способность 

решать проблемы из разных сфер образования, воспитания и управления. Приведу примеры нескольких наиболее 

интересных проектов разработанных педагогами малокомплектных школ. Проект «Модель взаимодействия педагога 

малокомплектной школы с родителями», целью которого выступило создание функциональной модели взаимодействия 

в  системе  отношений  «учитель-ребенок-родитель».  Проект  отличался  внутренней  согласованностью  всех  частей, 

концептуальной обоснованностью, имел высокую степень технологичности. 

Следующий яркий проект «Школа здоровья» был посвящен оздоровлению детей младшего школьного возраста. В 

основу проекта положен подход к построению технологии развития жизненных навыков и компетенций Жадриной М.Ж. 

Спроектирована программа, определены наиболее актуальные темы, интересующие современных детей, родителей. В 

проекте были очень четко определены условия (технические, материальные и др.) и ресурсы (время, средства, методы, 

методический материал) для его внедрения в условиях малокомплектных школ

На занятиях в образовательном процессе ИПК рассматриваются и проектируются модели организации взаимодействия 

педагога с разными субъектами педагогического процесса (специалистами-смежниками, администрацией, родителями), 

а  также  модели  профессионального  саморазвития;  проектирование  развивающего  образовательного  пространства; 

создание условий здоровьесберегающей образовательной среды; модели функционирования и развития организации 

образования и др. 

В своих педагогических эссе педагоги отметили, что в процессе проектирования расширили свое представление об 

инновационных технологиях профессиональной деятельности; научились концептуально обосновывать свои проекты, 

овладели умением выявлять проблемы и противоречия, формулировать цели, определять ресурсы и риски проектной 

деятельности; осознали необходимость интеграции в своей деятельности освоенных на знаний, навыком на курсах 

повышения квалификации. 

Однако  существуют  и  проблемы  –  анкетирование  педагогов  малокомплектных  школ  позволило  определить 

профессиональные  затруднения  в  проектной  деятельности:  в  выборе  объекта,  в  определении  этапов  и  форм 

проектирования,  в  выстраивании  целеполагания,  в  выявлении  и  формулировании  проблемы  и  противоречия,  в 

концептуальном обосновании проектов, в определении рисков проекта, в оценке ожидаемых результатов, подборе 

диагностического инструментария для отслеживания эффективности проекта. 

Профессиональные  затруднения  такого  порядка  распределены  между  слушателями  неравномерно:  у  педагогов 

имеющих опыт работы и высшую квалификационную категорию менее выражены, чем у молодых специалистов не 

знакомых с основами проектировочной деятельности. 

На наш взгляд, выход видится в создании отдельного модуля в учебной программе направленного на развитие основ 

проектной деятельности педагогов МКШ. В содержании модуля предусмотреть раскрытие философско-методологических 

основ  проектной  деятельности,  диагностики  как  инструмента,  необходимого  при  проектировании;  парадигмальных 

подходов к проектированию образовательных объектов; целей, стратегии, тактики проектной деятельности и др. 

Организация  проектной  деятельности  слушателей  малокомплектных  школ  обеспечивает  систему  действенной 

обратной связи, способствует развитию личности не только обучающихся, но и преподавателей, принимающих участие 

в проектной деятельности, предоставляет им новые возможности совершенствования профессионального мастерства, 

дальнейшего углубления педагогического сотрудничества, что, в конечном счете, способствует оптимизации учебного 

процесса и повышает эффективность и качество обучения на курсах. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет