Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет103/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   124

Пайданылған әдебиеттер 

1 Базарбек Төтентаев. «Қазақтың ұлттық ойындары». -Алматы, 1994. 

2 Сағындықов Е. «Қазақтың ұлттық ойындары». -Алматы, 1994. 

3 Төтенаев Б. «Қазақтың ұлттық ойындары». -Алматы, 1994. 

4 Балғымбаев М. «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері». -Алматы, 1985. 

5 Ахмет Жүнісов. Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994. 



Аңдатпа.  Мақалада  қазақтың  ұлттық  ойындарын  оқыту  үдерісінде  қолдану  мәселесі  қарастырылған. 

Балалардың дамуындағы ұлттық ойындардың рөлі көрсетілген. 



Аннотация. В статье рассматриваются вопросы использования казахских национальных игр в учебном 

процессе, также указана роль национальных игр в развитии детей. 



Abstract. This article discusses the use of the Kazakh national games in the learning process, also contains 

the role of national games in the children’s development. 



243

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАРДА 

А.Е. Құмарова 

№16 лицей-мектебі ММ, Павлодар қаласы anar.kumarova@mail.ru 



Рецензент – Б.М. Қадырова, филология ғылымының кандидаты, доцент, профессор С. Торайғыров атындағы 

Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы 

Қазақстанның  дербес  ел  болып,  оны  әлемнің  тануы,  ұлттық  мемлекеттің  қалыптасуы,  республиканың 

экономика,  ғылым,  мәдениет  салаларында  дүниежүзілік  деңгейде  белсенді  қарым-қатынастар  орнатуы 

мемлекетіміздің білім жүйесінің түпкілікті өзгеруіне негіз болып отыр. Қазақстан Республикасының саяси 

және экономикалық тәуелсіздігін қалыптастыру кезеңінде білімнің атқарар рөлі мен маңызы ерекше. Білім 

– аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм және оны реформалау проблемалары көп қырлы. Білім 

жүйесінде  уақыт  талабына  сай  өзгерістер  енгізу  –  қоғам  өміріндегі  аса  маңызды  міндеттердің  бірі.  Бұл 

бетбұрыстың басты өзегі – педагогикалық сананың басыбайлылықтан арылуын, педагогикалық тәжірибені 

жаңартудың қажеттігін түсінгендік. 

Басқалармен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, өркениет жолына бет түзеген еліміз білім беру жүйесін 

алға қойған мұраттарымызға сай реформалау ісін жүзеге асырып жатыр. 

Мұғалімсіз мектептің жоғы сияқты, осы заманда оқушыларды оқулықсыз, оқу-әдістемелік құралдарсыз 

оқытатын мектеп те жоқ. Ең білімді тәжірибелі деген мұғалімнің өзі де жыл бойы сыныпқа құр қол кіріп, 

толыққанды сабақ өткізе алмайды. 

Әлемдік білім кеңестігімен тоғыстыратын әрі ұлттық мақсат-мұраттарымызды бағдар тұтып, халқымыздың 

мыңдаған жылдық рухани мәдениеті, өміршең салт-дәстүрімен, елдік қасиетінен нәр алған заманауи төл 

оқулықтарды жазу енді ғана шындап қолға алынды. 

Мұндай аса ауқымды, асырып айтқандық емес, тарихи мәнге ие міндеттің мүддесінен шығу және оны 

біршама қысқа мерзімде ойдағыдай іске асыру – оңай шаруа емес. Бұл арада тіл мен әдебиеттен басқа 

оқулықтардың бәрін дерлік 70 жыл бойы орысшасынан аударып пайдаланып келгенімізді, сондықтан бұл 

жағынан төл оқулық жазу тәжірибеміздің мардымсыз екенін елемеуге әсте болмайды. Біз мұнымен, әрине, 

елімізге ғылымның барлық саласынан мүйізі қарағайдай ғалымдарымыз бен майталман педагогтеріміздің 

үлкен жасағы барын жоққа шығарғалы отырғанымыз жоқ, бірақ оқулық түзу, онда да орта мектепке арналған 

жаңа сапалы пән оқулықтарын түзеу үшін ғалымның не маман педагогтің қолына құлшынып қалам алуы 

ғана жеткіліксіз екенін өмірден көріп жүрміз. Іс жүзінде атына заты сай оқулық жазу – орасан қиын іс, ал 

оған қойылатын талаптарды өз алдына жатқан бір ғылым деуге болады. Оқулық теориясы немесе оны жазуға 

қойылатын дидактикалық талаптар деп атауға болатын бұл ғылымды үңіле зерттеп, сол негізде жазбақшы 

оқулығына қатысты тыңғылықты әзірлік жұмысын жүргізбей тұрып, кім де болса, төтеден килігіп, сапалы 

оқулық жазып шығам десе, онысы – күпіршілік. Оқулық жазудың машақатын басынан өткерген аты әлемге 

мәшһүр бір ғалым оның қиындығын жаңа бір реактивті ұшақ құрастырып шығуымен теңеген екен. Мұның 

қаншалық дәл, сәтті салыстыру екенін аңғаруға болады, бірақ оның жеткіншек ұрпақ алдындағы авторлық 

жауапкершілікті анық сезінуден туған аталы да арлы сөз екені даусыз. 

Егемендік алғаннан бергі жерде де, бұл жағынан елеулі өзгеріс, ілгерілу бола қойды деп айту қиын. Егер 

алдағы кезде де осы бетімізбен кете берсек, онымыз елдің ертеңі – жас ұрпағымыздың, ең қымбатымыз 

–  егемендігіміздің  тағдырына  да  селсоқ  қарағандық  болып  шығар  еді.  Сондықтан  зиялы  қауым,  әсіресе, 

мұғалім-педагогтердің  өздері  жаңа  буын  төл  оқулықтарымызды  жасау  сияқты  жалпы  ұлттық  маңызы  зор 

мәселеде бейжайлық, немқұрайлылық танытпай, мүдделілікпен белсене ат салысуға тиіс деп білеміз. Біздің 

мақсатымыз да бүгінде мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымын алаңдатып отырған оқулық проблемасы 

жөнінде жұртшылықпен пікір алысып, өз ойларымызды ортаға салу, іс қолға алынып жатқан кезде қолғабыс 

жасау. 

Қазақ  жұртының  ХІХ  ғасырдың  2-жартысындағы  рухани  өмірінде  жарқын  із  қалдырған  аса  көрнекті 



ағартушы әрі балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің: «Халыққа наннан кейінгі керегі – мектеп» 

деген сөзі бар. Әйгілі педагогтің осы ойын әрі қарай жалғастырып «Мектепке мұғалімнен кейінгі керегі – 

оқулық» десек, шындықтан алыстай қоймаспыз. Әйтсе де мектеп пен оқулық тарихына көз жіберсек, бұл 

екеуінің арақатынасы едәуір күрделі екеніне көзіміз жетеді. Қазақ балаларына арналған еуропалық-ресейлік 

үлгідегі  тұңғыш  бастауыш  мектеп  1864  жылы  дүниеге  келсе,  тұңғыш  оқулық  15  жылдан  кейін  туды.  Ы. 

Алтынсариннің сол атақты «Қазақ хрестоматиясы» осы күнге дейін балалар ғана емес, үлкендер де қызығып 

оқитын ең өміршең оқулық болып отыр. Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарында, оқу құралдарының 

түр-түрінде  хрестоматиядан  алынған  шығармалар  өте  жиі  қайталанады.  Мұның  сыры,  сірә,  оқу  құралын 

құрастырушының дарын-даналығына қоса, «желкіндеп өскен көк шөптей» жас ұрпаққа деген әкелі-балалық 

сүйіспеншілігінде, оларға ұсынатын материалдарды таңдаудағы асқан жауапкершілігі мен өз мәнін ешқашан 



244

жоймайтын адамгершілік, құқық нормаларын және құндылықтарын өлшем етіп алуында болса керек. 

Ыбырай Алтынсариннің білім және тәрбие беру мақсаттары өмір талабынан туып, қазақ халқының жалпы 

мұң-мұқтаждарымен астарласып жатыр. Ыбырайдың педагогикалық мұраты балаларға «жан-жақты және кең 

көлемде білім беру». 

Ол оқыту процесінде: 1. Білім беру мен тәрбиелеуде мұғалімнің ролін жоғары қойды. 2. Оқу-материалдық 

базасының шешуші маңызын атап көрсетті. 3. Оқулықтарды таңдап ала білуге үлкен мән берді. Инспектор 

ретінде  тиісті  оқулықтарды  әуелі  өзі  оқып  шығып,  кейін  қажет  деп  тапса,  мектепте  пайдалануға  ұсынып 

отырды. 

Ыбырай  барлық  уақытта  оқу  бағдарламаларымен  шектеліп  қалмай,  оларды  кеңейте,  қолға  түскен 

қосымша материалдармен толықтыра түсуді оқытушылардан талап етіп отырды. Білім беруде кітапхананың 

орны ерекше бағаланады. Ол: «Жақсы білім беру керек, қалай болса, солай оқытуға болмайды», «Оқытатын 

кітаптар ғылымға негізделуі тиіс», - деді. 

Ыбырай  Алтынсарин  адамгершілікке  тәрбиелеу  идеясын  көтерді,  оны  шешу  жолдарын  іздестірді.  Бұл 

жағынан алғанда ол революцияшыл демократтар мен орыс педагогикасы классиктерінің негізгі идеяларын 

толық меңгерді. «Оқушылар кейіннен парақор болмас үшін, олардың өнегелі болып өсуіне жәрдемдесуге 

барлық күшіммен тырысамын» [Н.И. Ильминский. Воспоминание об Алтынсарине. Казань, 1891]. Оның өлең-

дері  (аудармалары)  мен  әңгімелерінің  (аудармалары)  түгелдей  тәрбиелік  мәні  бар.  Тәрбиенің  қазіргі  біз 

пайдаланып жүрген қай саласын да Алтынсарин еңбектерінен табуға болады, әсіресе ол жастарды еңбекке 

тәрбиелеу  ісінің  жолдарын  атап  көрсеткен,  соның  ішінде,  қоғамдық  пайдалы  еңбекті  ерекше  қадірлеген. 

Осы ретте ол «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Қанағат», «Малды пайдаға 

жарату», «Байлық», тағы басқа әңгімелерін жазған. 

Ыбырай Алтынсарин қазақ фольклорын тәрбие мақсатына аса шебер пайдалана білген – «Қобыланды», 

«Жәнібек батыр», «Қара батыр» тағы басқалары осының мысалы. 

«Кел,  балалар,  оқылық!»  -  жастардың  оқу  гимні.  Аудармаларының  тәрбиелік  мәні.  Мақал-мәтелдер, 

мысалдар – тәрбие құралы. 

ХХ  ғасырдың  басында  Ахмет  Байтұрсынов  тұңғыш  әліб-би  мен  оқу  құралдарын  жазғанда,  оқу  мен 

тәрбиенің  ана  тілінде  жүргізілуін,  халықтың  ділімен,  ғасырлар  бойы  бірге  жасасып  келе  жатқан  тәрбие, 

әдеп үрдістерімен, салт-дәстүрімен, елдікрухымен, бостандыққа ұмтылған мақсат-мұратыменетене қабысып, 

үйлесіп жату принципін басшылыққа алды. Белгілі себептермен көп жылдар бұрын үзіліп қалған осы үрдіске 

біз енді қайта оралдық. 

Ұлтжанды қазақ зиялылардың тәжірибесі жақсы оқулық жас ұрпаққа деген зор сүйіспеншілік пен жүрек 

жылуының, мол білім-парасат пен маңдай терін аямай ізденіп, еңбектенудің жемісі екенін көрсетеді демекпіз. 

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың кемеңгер зиялылар көтерген оқу құралдарының «ұлт мінезді» 

болуы туралы өміршең идеялары, уақыт өзгерістерін ескере отырып, жүзеге асыратын кез енді туды. 

«Педагогика энциклопедиясында» оқулық дегеніміз – «оқытудың бағдарламада белгіленген мақсаттарына 

және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу бойынша ғылыми білімдердің негіздерін баяндайтын 

кітап» [М., 1967. Т., 410-бет] деген анықтама берілген. 

Білім беру саласын заман талабына сай өркендету – еліміздің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің 

бірі.  Еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  бұл  міндеттің  2030  жылға 

дейінгі басым мақсаттардың қатарында атап көрсетілуі бұл сала еліміздің өркендеуі үшін айрықша маңызды 

екенін дәлелдейді. 

Ресейдің атақты ойшылы және патриоты С.Н. Трубецкой император ІІ Николайға жолдаған үндеуінде: 

«Россияның бар келешегі мектепте және оған жағдай жасап, оны дамытуға қажетті қандай болмасын шығындар 

елдің өркендеуі мен өзінің абыройын көтергісі келетін үкімет тарапынан бөлінуі керек» - деген болса, пре-

зидент болып тұрған шағында Дж. Буш: «Егер де біз Америка алдағы ғасырда да ең дамыған елдермен иық 

тіресер деңгейде болсын десек, онда біз білім беру үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алуымыз керек... 

Егер біз Американың озық елдер қатарында қалғанын қалайтын болсақ, онда біз білім жүйесіндегі жаңалық 

процестерде алда болуымыз керек», - деген болатын. 

Білім беру ісі қай кезде болсын озық ойшылдар мен елбасыларының ерекше назарында болған сала. Білім 

беру жүйесі – көп салалы, өте күрделі жүйе. Ғылымның негізі білімде болса, білімнің іргетасы орта мектепте 

қаланады. Сондықтан біз елдің келешегін, мемлекетіміздің дамып гүлденуін діттер болсақ, ең алдымен «Орта 

мектепте білім беру жайы қандай деңгейде?» деген сұрақты алға тартуымыз қажет. Ал білімнің қайнар көзі – 

оқулықта екенін естен шығаруға болмайды. 

Оқытудың  бірден-бір  мақсаты  –  өзіне  тән  педагогикалық  тәсілдер  арқылы  жеткіншек  ұрпақты  адам 

баласының  өзінің  ұзақ  тарихында  жинақтаған  білім,  тәжірибесімен  қаруландыра  отырып,  сол  қоғамның 

мұрат-мақсаттарына сәйкес тәрбиелеу, жеке тұлға етіп қалыптастыру. Бұл мақсат, негізінен, оқу құралдарын 

пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Соған орай оқулық әдебиет өзі ұсынатын білімдерді дидактикалық 

талаптарға сүйеніп, айрықша ыждағатпен елеп-екшеп алады да, өмірдің (табиғаттың) өзінде солай болғандай 


245

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

С.Қ. Көптілеуова 

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, орта білім институтының аға ғылыми қызметкері, Астана қ. 



Пікір беруші – Шүйіншина Ш.М., Ы. Алтынсарин ат. ҰБА 

«Дене  шынықтыру»  пән  ретінде  жалпы  білім  беретін  мектепте  маңызды  рөл  атқарып,  оқушының 

жалпыадамзаттық  мәдениет  саласында  өзін-өзі  белсенді  шығармашылық  көрсетуге  дайын  тұлға  ретінде 

қалыптасуына  ықпал  етеді.  Дене  шынықтыру  сабағында  оқу  процесін  тиімді  ұйымдастырудың  мақсаты: 

оқушының  дене  мәдениетін  қалыптастыру,  өз  денсаулығын  сақтау  барысында  оқушылардың  бойында 

тұрақты  мотивтер  мен  қажеттіліктерін  қалыптастыру,  физикалық  және  психикалық  қасиеттерінің  толық 

дамуын,  салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  шынықтыру  құралдарын  шығармашылық  қолдана 

білуін қамтамасыз ету болып табылады [1]. 

Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында бастауыш, негізгі және орта мектепте төмендегі міндеттерді 

шешуді талап етеді: 

1. Бастауыш мектепте: 

– оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; 

дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өз бетінше жасауға тәрбиелеу; 

– денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру

– дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс 

үйлесімділігін дамыту; 

– акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан 

түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету; 

–  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  маңызы  бар  қасиеттерін  тәрбиелеу,  адамгершілік  және  жігер  сапаларын 

дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру; 

– жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-

қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру [2]. 

2. Негізгі мектепте: 

–  денсаулықты  нығайту,  ағзаның  қызметтік  мүмкіндіктерін  арттыру  және  негізгі  физикалық  (дене) 

қасиеттерін дамыту; 

етіп жүйелейді. Мұны оқытудың білім беру, дамыту, тәрбиелеу принциптеріне сай жүзеге асыру – өз алдына 

бір ғылым. Бұл ғылымнан оқу-құралдарын жасауға қатысы бар адамдардың бәрі (авторларды жасақтап, оқу-

құралдарын әзірлеу процесін басқарушылар, авторлар, арнаулы редакторлар мен рецензенттер, сарапшылар, 

сынақтан өткізушілер, оқу-әдістемелік кеңес пен бағалау комиссияларының мүшелері, баспа редакторлары 

мен техникалық көркемдеушілер, суретшілер, т.б.) жақсы хабардар болуы керек. 



Әдебиет тізімі 

1 Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. -Оренбург, 1879. 

2 Сыдықов Ә. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. -Алматы, 1969. 

3 Жарықбаев Қ. Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. -Алматы. 1965. 

4 Ақынжанов М. Қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы. -Алматы, 1955. 

5 «Қазақ мектебі» журналы, №9, 1999. 

6 «Парасат» журналы, №2, 1999. 

Аңдатпа.  Білім  жүйесінде  уақыт  талабына  сай  өзгерістер  енгізу  –  қоғам  өміріндегі  аса  маңызды 

міндеттердің  бірі.  Бұл  бетбұрыстың  басты  өзегі  –  педагогикалық  сананың  басы  байлылықтан  арылуын, 

педагогикалық тәжірибені жаңартудың қажеттігін түсінгендік. Мақалада негізгі ой заман қалай өзгерсе де, 

өмірлік құндылықтарды ешқашан ұмытпау керектігі туралы айтылады. Олар болашақ оқулықтарда өз орнын 

тапса екен ойда. 

Аннотация. В статье рассматривается вопрос о новых учебниках. Это требование времени. Как бы не 

менялось время, нельзя терять человеческие качества, которые учат детей к трудолюбию, честности, уважении 

к старшим. 

Abstract.The article deals with new books. Time requires it. Time changes but never the less, we never loose 

human qualities and teach our children to be working hard, honesty and they should respect elder people. 



246

– дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері 

мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру

–  дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы  және  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру

–  тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде  ұжымдық  әрекеттестік  пен 

ынтымақтастықтың межелерін сақтау. 

3. Орта мектепте: 

–  денсаулықты  нығайту,  ағзаның  негізгі  сапаларын  дамыту  және  қызмет  ету  мүмкіндіктерін  арттыру; 

негізгі спорт түрлері бойынша техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіру; 

– өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу; 

–  дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы  және  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру; 

–  тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде  ұжымдық  әрекеттестік  пен 

ынтымақтастықтың межелерін сақтау. 

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады, бастауыш мектепте: 

1) «Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігінің дамуы туралы 

негізгі түсініктерге сәйкес келеді және «Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін әсері», «Оқу 

бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Қимыл-қозғалыс 

тәртібі мен жеке гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін көтеру үшін 

маңызы», «Шынығу тәртібі», «Қазақстан халқының дене шынықтыру мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен 

байланысы» тақырыптарды қамтиды [3]. 

2)  «Әрекет  етудің  жан-жақты  және  пәндік  әдістерін  қалыптастыру»  бөлімі  негізгі  қимыл-қозғалыс 

дағдыларын  игеруге  және  оқушылардың  дайындық  деңгейлерін  арттыруға  бағытталған.  Сонымен  қатар, 

жалпы дене дайындығының құралдары туралы ақпараттар беріледі. Бағдарламада ондай құралдар ретінде 

қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атле-

тика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған. 

Негізгі мектепте: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік 

компонент). 

1) «Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі 

түсініктеріне сәйкес келіп, «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы», «Қазіргі қоғамдағы 

спорт  және  дене  шынықтыру»,  «Адамның  дене  мәдениеті»  тақырыптарын  қамтиды.  Онда  Қазақстандағы 

спорт және дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі 

қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары 

және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер 

енгізілген.  Сонымен  қатар,  бұл  бөлімдерде  дене  және  спорттық  дайындықтардың  негізгі  түсініктері,  өз 

бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты 

ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген. 

2)  «Денені  жетілдіру»  бөлімінде  оқушылардың  дене  дайындығын  арттыруға  бағытталған  және  жалпы 

дене  шынықтыру  дайындығын  жетілдіру  құралдары  туралы  мәліметтер  беріледі.  Дене  шынықтыру 

дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен 

(жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене 

шынықтыру  жаттығулары  мен  қозғалыс  әрекеттері  ұсынылып  отыр  [3].  Сонымен  қатар,  бағдарламада  Қа-

зақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы берілген. 

Оқу бағдарламасы дене шынықтырудың базалық құрамынан тұратын материалдарды ұсынады. Базалық (ин-

варианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы жалпы білім беру даярлығының мемлекеттік стандар-

тын айқындайды. 

Бастауыш  және  негізгі  мектеп  оқу  бағдарламасының  құрылымы  мен  мазмұны  сияқты  орта  мектептің 

бағдарламасының мазмұны да екі бөлімнен тұрады, тек дене шынықтыру туралы білім толыққанды, кеңінен 

ақпараттанса, денені жетілдіру және шеберлік әрекеттік компонент жетілдіріліп, шеберлікке әрекет жасайды. 

Яғни, «Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі 

түсініктеріне сәйкес келіп, «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы», «Қазіргі қоғамдағы 

спорт  және  дене  шынықтыру»,  «Адамның  дене  мәдениеті»  тақырыптарын  қамтиды.  Онда  Қазақстандағы 

спорт және дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі 

қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары 

және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер 

енгізілген.  Сонымен  қатар,  бұл  бөлімдерде  дене  және  спорттық  дайындықтардың  негізгі  түсініктері,  өз 

бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты 

ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген. 


247

«Денені  жетілдіру  және  шеберлік»  бөлімі  оқушылардың  денелік  және  тактикалық  даярлықтарын 

шыңдауға  бағытталған  және  аталған  бөлімде  арнайы  дене  дайындығы  құралдары  туралы  ақпараттар 

берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын базалық спорт түрлерінің 

(гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-

қозғалыс әрекеттері беріледі. 

Бағдарламадағы  вариативті  компонент  дене  шынықтыру  мұғалімі  оқу  процесінің  сан-алуан  түрлерін 

қолдануға  және  оқытудың  заманауи  әдістері  мен  педагогикалық  технологияларын  енгізуге  бағдарлайды. 

Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, 

мұғалімнің  мүмкіндіктері  мен  оқушының  қызығушылықтарын  ескеру  қажеттілігіне  негізделгендіктен,  оқу 

материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді [4]. 

Бағдарлама  оқушылардың  дене  шынықтыру  бойынша  дене  дайындығы  деңгейін  анықтауға  қоятын 

талаптармен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді: «білу/түсіну», «меңгеру», «көрсете 

білу»  және  «меңгерген  білімі  мен  біліктілігін  күнделікті  өмірде  және  практикалық  әрекетте  қолдануы 

тиіс». Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды 

оқушының  табысты  меңгеруін  бағалаудың  критерийі  болса,  екінші  жағынан  бастауыш,  негізгі,  орта 



білім 

беру бағдарламасын аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Осы 

бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін 

бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік 

шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай 

өзіндік  жол  дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің  барлық  кезеңдерінде  оқушылардың  даму 

деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік 

береді. 

Орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандартына  сәйкес,  бағдарламада  оқушыларды 

гендерлік қағида (ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту қарастырылған, оны оқу процесін 

ұйымдастыру кезінде ескеру керек. 

Мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі – дене шынықтыру 

сабақтары,  оқу  күндерінде  ұйымдастырылатын  дене  тәрбиесі  және  сауықтыру  іс-шаралары,  спорттық 

жарыстар  мен  мерекелік  шаралар,  спорттық  үйірмелерде  шұғылдану,  дене  жаттығуларымен  өздігімен 

шұғылдану (үй тапсырмалары) [5]. 

Сонымен, дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі 

іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Сондықтан, дене шынықтыру мұғалімі дене 

шынықтыру  сабағын  ұйымдастырып,  жоспарлағанда  оқу  процесінің  сан-алуан  түрлерін  қолдануға  және 

оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдар ала алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет