Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет17/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124

Аңдатпа.  Мақалада  кәсіби  қызмет  саласында  заманауи  ақпараттық-компьютерлік  технологияларды 

меңгерген жоғары білікті маманды дайындау мәселесі қарастырылады. 



Аннотация. В статье рассматривается проблема совершенствования подготовки будущего специалиста к 

использования информационно-компьютерных технологии в профессиональной деятельности. 



Abstract. In the article the problem of perfection of preparation of future specialist is examined to the uses 

informatively-computer to technology in professional activity. 



99

СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНДЕГІ МІНЕЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

М. Елеусізқызы 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Семей қ., m.yeleussizkyzy@gmail.com



Пікір беруші – Н.А.Кулмышева, п.ғ.к., Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қ. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасында  «...  мұғалімнің  кәсіби  беделін  көтеру  мақсатында  қоғамда  педагогтің  оң  имиджін 

қалыптастыру жұмысы жүргізілетін болады. Осылайша, білім берудегі ахуалы п



едагог үшін: педагог кәсібінің 

тартымдылығы;  мансаптық  өсу  жүйесін  қамтамасыз  ету;  барлық  қызмет  аясында  білім  алу,  оның  ішінде 

шетелде және кәсіптік құзыреттілікті дамыту, педагог мамандығының беделін көтеру...»-деп көрсетілген [1]. 

Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына 

көшу,  парасатты  еңбек  нарығында  мамандардың  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету  жағдайларында 

болашақ  педагогтарды  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекетке  дайындау  мәселесінде  тұлғалық  әлеуетін,  оның 

маңызды құрылымы ретінде мінезінің сипатын талдаудың өзектілігі зор. 

Әлеует ұғымын әл-Фараби «мүмкіндіктегі сана» ретінде енгізеді. Оны жанның бір бөлігі немесе заттардың 

формаларының мәнін абстракциялауға дайын жанның бір қабілеті ретінде қарастырады [2]. 

«Маманның  тұлғалық  әлеуеті»  ұғымы  Иванько  Л.И.  бойынша  адамды  еңбек  үрдісінің  тұтас  субъектісі 

ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, ондағы тұтастық мыналарды білдіреді: 

- өзіндік өзгеруге және өздігінен дамуға қабілеттілік, яғни маманның тұлғалық әлеуеті интегралды ұғым 

ретінде еңбек адамының ішкі рухани энергиясын (күшін), қоғамдық өзіндік бекітуге, өздігінен жүзеге асуға, 

шығармашылық өзіндік көрініске бағытталған әрекеттік позициясын құрайды; 

-  ішкі  элементтердің  құрылымдық  тұтастығына  келсек,  маман  әлеуетінің  тұлға  дамуының  деңгейі  мен 

оған сәйкес келетін еңбектің тиімділік дәрежесі олардың интеграция амалына, барлық элементтерінің ішкі 

балансына байланысты [3]. 

Сонымен, тұлғалық әлеует құрылымына мынандай элементтер жатады: 

- кәсіби құзіреттілікті құрайтын кәсіби білім, білік және дағды (біліктілік әлеует); 

- жұмысқа қабілеттілік (психофизиологиялық әлеует); 

- зияткерлік, таным қабілеттері (білімдік әлеует); 

- креативті қабілеттер (шығармашылық әлеует); 

- ынтымақтастыққа, ұжымдық ұйымға және өзара әрекетке қабілеттілік (коммуникативті әлеует); 

- құндылықты-мотивациялық сала (идеялық-дүниетанымдық, адамгершілік әлеует). 

Ал жеке алып қарайтын болсақ, А.И. Савенковтың пікірінше, тұлға әлеуеті дегеніміз адамның зияткерлік-

шығармашылық және мінездерінің, қасиеттерінің кешенді жиынтығы [4]. Олай болса, «педагогтің мінезі» – 

өзіндік бағыт-бағдарының, оның жан дүниесі ерекшелігінің тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез – көптеген 

жан қуаттарының жиынтығын көрсететін синтездік қасиет. Мінез адамның психикалық ерекшеліктері және 

қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, қызығу, темпераментімен де тығыз байланысты. 

Әдебиеттерді  саралай  келе,  болашақ  тәрбиешінің  бойында  жағымсыз  мінез  ерекшеліктерінің  пайда 

болуына әсер ететін бірнеше мәселелер бар. Олар, өзін-өзі бағалау оның ішінде өзін-өзі төмен бағалау, стерсс 

және мазасыздық, салдарынан агрессивтіліктің пайда болуы және т.б. Бұл, өзінің таңдаған мамандығын жете 

түсінбеуі, балалармен қарым-қатынасқа түсу қиындығы мен мамандықта кездесетін қиыншылытарды жеңе 

алмауынан пайда болатын қорқыныш сезімі. 

Сол  себепті,  зерттеудің  мақсаты  болашақ  тәрбиешілердің  тұлғалық  әлеуетінің  құрылымы  ретінде 

психикалық  қасиеттері  мен  ерекшеліктерін,  оларды  әртүрлі  қырынан  қарастыру.  Сондай-ақ,  олардың 

мамандықты  таңдаудағы  мотивтерін  анықтау  үшін  констатациялық  эксперименттік  зерттеулер  жүргізілді. 

Констатациялық эксперимент тұлғалық әлеуеті ретінде мінезге әсер ететін темперамент, өзін-өзі бағалау, 

өзін-өзі бұзуға бейімділік, агрессивтілік және стрессті диагностикалауға бағытталған. 

Эксперимент М.О. Әуезов атындағы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс сту-

енттеріне жүргізілген. Барлығы 26 респондент өз еркімен қатысты. Қатысқандар 17-19 жас аралығындағы 

студенттер. 

Зерттеу жұмысында С.В. Ковалевтің «Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау» сауалнамасы, Лемур Тесье-Фи-

лимонның «PSM-25 стрессті анықтау» әдістемесі, Г. Айзенктің «Темпераментті анықтау» сауалнамасы, А.А. 

Реан, В.А. Якунин «Студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау әдістемесі» қолданылды. 

Мінез  бен  темпераменттің  өте  тығыз  байланыстылығы  психиканың  динамикалық  ерекшеліктерімен 

анықталады.  Дегенмен  темпераментті  өзгертуге  болмайды,  ал  мінез  тәрбиеленеді.  Сол  себепті,  зерттеу 

жұмысымызда  Г.  Айзенктің  «Темпераментті  анықтау»  сауалнамасын  қолдандық.  Бұл  сауалнамада  57 

сұраққа  жауап  алынып,  3  көрсеткіш  бойынша  жіктелген.  Соның  нәтижесінде  «Айзенк  шеңберінде»  әр 


100

адамның  темпераменті  анықталды.  Барлығы  26  респондент  қатысқан,  оның  ішінде  8  студенттің  жауабы 

интерпретациялаудан өткен жоқ. Себебі, шынайылық шкаласының стардартына сәйкес емес. Осы сауалнама 

қорытындысы төмендегі диаграммада көрсетілген (№1 сурет). 

0% 11%

17%


56%

11%


5%

Г.Айзенктің «Темпераментті анықтау» 

сауалнамасының қорытындысы

Сангвиник

Холерик

Флегматик



Меланхолик

Меланхолик-холерик

Флегматик-сангвиник

№1 сурет 

Жауап берген студенттерде «Меланхолик» типі басым. Бұл темперамент өкілі белсенділігі төмен, өзіне-

өзі сенімсіз, тез шаршайды және сезімтал келеді. 

Осыған  орай,  С.В.  Ковалевтің  «Өзін-өзі  бағалау  деңгейін  анықтау»  сауалнамасы  жүргізіліп,  мынадай 

нәтиже көрсетті(№2 сурет): 

0%

10%


20%

30%


40%

50%


60%

Жоғары


Орташа

Төмен


С.В. Ковалевтің «Өзін-

өзі бағалау деңгейін 

анықтау» 

6%

42%



52%

С.В. Ковалевтің «Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау» 

№2 сурет 

Топ студенттерінің 52% төмен көрсеткіш көрсеткен, яғни сәтсіздіктен қорқу және ол үшін өзін-өзі кінәләу 

тән болып келеді. 

Сондай-ақ,  мінез-құлқынан  көрінетін,  мінездің  эмоциялық  қырларын  анықтау  үшін  Лемур  Тесье-

Филимонның «PSM-25 стрессті анықтау» әдістемесі жүргізілді. Оның қорытындысы төмендегі диаграммада 

бейнеленген (№3 сурет): 

74%


22%

4%

0%



20%

40%


60%

80%


Төмен 

деңгей


Орташа 

деңгей


Жоғары 

деңгей


Лемур Тесье-Филимонның «PSM-25 стрессті анықтау» 

әдістемесінің нәтижесі

Лемур Тесье-

Филимонның «PSM-

25 стрессті анықтау» 

әдістемесінің нәтижесі

№3 сурет 



101

Сонымен қатар, респонденттердің оқу мотивациясын диагностикалау үшін А.А. Реан және В.А. Якунин 

әдістемесі жүргізілген. Нәтижесі төмендегі диаграммада бейнелеген. (№4 сурет): 

Комму


никати

вті 


мотивт

ер 1


Сәтсізд

іктен 


қашу 

мотивт


ері 2

Прести


ж 

маманд


ық 

моти…


Кәсіби 

мотивт


ер 4

Өзін-


өзі 

шығар


машыл

ық …


Оқу-

танымд


ық 

мотивт


ер 6

Әлеуме


ттік 

мотивт


ер 7

Ортақ мәні

4

3,6


4

4,1


4

4

4,1



3,3

3,4


3,5

3,6


3,7

3,8


3,9

4

4,1



4,2

35 «ә» топ студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау 

әдістемесінің баллдық көрсеткішерінің диаграммасы

№4 сурет 

Бұл сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің мамандыққа дұрыс мотивациясын байқауға болады. 

Б.А. Тұрғынбаева болашақ педагог тұлғалық әлеуетінің жетілуіне шығармашылық әлеует сияқты сапа да ықпал 

ететіндіктен,  осы  қасиетін  дамытудың  диалектикалық  астарлары  ең  алдымен  «даму»,  «тұлғаның  дамуы», 

ұғымдарының мәні теориялық тұрғыда қарастырылады [6]. Сондай-ақ, педагогтің акме жағдайға жетуі оның 

өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі жетілдіруіне және осының бәрін шығармашылықпен 

қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген. 

Қорытындылай  келе,  психолог  Ғұмар  Қарашұлының  пікірінше,  мұғалім  мінезінің  орнықтылығы  мен 

білімнің жан-жақтылығы – шәкірт алдында беделді болудың басты шарты. Мәселен, адамда қабілеттіліктің 

дамуы кейбір мінез бітістерінің болуын талап етеді. Айталық, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, 

еңбексүйгіштік, энтузиазм, өзін-өзі реттей алу сияқты мінез бітістері ерекше маңызды. Осындай қасиеттерді 

болашақ тәрбиеші педагогикалық оқу орнында оқып жүрген кезінен бастап дамыту керек. Себебі, студенттік 

жас адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады. Осы кезеңдегі болашақ педагогтің кәсіби даярлануындағы 

басты мәселе – мінезіндегі сапалық ерекшеліктерді дамыту. 

Қолданылған әдебиеттер

1  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы. -Астана, 2010. 

2 Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Философия Аристотеля. - Алма-ата: Наука, 1973. – 223 с. 

3 Личностный потенциал работника: проблемы формирования и развития / под ред.: Л.И. Иванько, В.Г. 

Нестеров, - М.: Наука, 1987. -225 с. 

4 Кенжебаева Т.Б. Болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту. Философия докторы (PhD) ғылыми 

дәрежесін алу үшін орындалған диссертация. -Алматы, 2014. 

5 Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. –

Алматы. 2005, -208 б. 



Аңдатпа.  Бұл  мақалада  болашақ  тәрбиешілердің  тұлғалық  әлеуетінің  құрылымы  ретінде  психикалық 

қасиеттері  мен  ерекшеліктері  қарастырылған.  Сондай-ақ,  педагогтің  тұлғалық  әлеуеті  ретінде  мінезге 

әсер  ететін  темперамент,  өзін-өзі  бағалау  және  стрессті  диагностикалауға  бағытталған  констатациялық 

эксперименттің нәтижесі сипатталған. 



Аннотация.  В  данной  статье  рассмотрены  психические  особенности  и  свойства  как  структура 

личностного  потенциала  будущих  воспитателей  ДОУ.  А  так  же,  приведены  результаты  констатирующего 

эксперимента направленные на диагностику стресса, мотивации, темперамента и самооценки влияющих на 

характерологические особенности педагога. 



Abstrac.  This article describes the mental characteristics and properties of the structure of personal potential 

future tutors of preschool. And also, the results of the experiment aimed at ascertaining the diagnosis of stress, 

motivation, temperament and self-esteem affect characterological features of the teacher. 


102

БАЛАБАҚШАДА ТӘЙ-ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ 

А.Д. Ембергенова 

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны № 23 «Айзере» балабақшасы, saysat.azigalieva@mail.ru 



Рецензент – С.У. Ажигалиева, № 23 «Айзере» балабақшасының әдіскері Жанаозен қаласы 

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын 

нәрседен бір жаңалық болу керек» 

Жүсіпбек Аймауытов 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  халыққа  Жолдауында  «Кішкентай  бүлдіршіндердің 

дамуына  ықпал  ететін  үздіксіз  білім  берудің  алғашқы  сатысы  ретіндегі  мектепке  дейінгі  білім  беруге 

баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін 

дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке 

және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» - 

деп айтылған. Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны 

ерекше.  Олар  өмір  есігін  жаңа  ғана  ашқан  жас  буындар денесінің,  ақыл-ойының,  сана-сезімінің дамуына, 

адамгершілік  қасиеттері  мен  эстетикалық  талғамның  қалыптасуына  жағдай  жасайды.  Мектеп  жасына 

дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мақсатты  қоғам  талабынан  туады.  Өйткені  елімізге  Отанын  сүйетін,  білімді, 

моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет. Тәй-

тәй технологиясы халықаралық педагогиканың ішіндегі бар үздік тәжірибелердің жиынтығы. Жеке зеректік 

қассиеттерді дамытуға ықпал етеді және отбасының осы үрдіске толыққанды қатысуын қамтамасыз етеді. 

Бұның өзі бала бойында жылдам өзгеретін ортаға еркін бейімделудің, сыни ойлай білуге таңдау жасауды 

және тез шешім қабылдауды үйренуінің қалыптасуына көмектеседі. Әлемде теңдесі жоқ озық әдістемелерді 

енгізе  отырып,  түрлі  мамұн  негізінде  балалардың  елгезектігін  дамыту,  баланың  өз  әрекеті  мен  мінез-

құлқында жанашырлыққа, ізгілікке дайын тұру қабілетін дамыту. Оқу бағдарламалары жан-жақты дамыған, 

бәсекеге қабілетті, денсаулығы мықты, зияткерлік жағынан ысылған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Бұл 

технологияның  3  және  6  жасқа дейінгі  балалар  үшін  өз  ерекшеліктері  бар.  Осы  арада  баланың дамуына 

шешуші  әсер  ететін  отбасы  мен  бас  педагог  мәртебесін  иеленеді.  Бұл  ретте  дербестендіру,  стратегияны 

жоспарлауға отбасының барлық мүшелерін қатыстыру және педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттесу 

есебінен «отбасы-балабақша» сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды қағидаттардың бірі болып табылады. 

Даму  ортасының  негізінде тұлғаның дамуын  қамтамасыз  ететін  мектепке дейінгі  білім  беру  мекемесі, 

баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру 

мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт: 

- Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау; 

- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға 

орнығуына мүмкіндік көрсету; 

- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды 

іздестіру; 

- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым-қатынасты орнату

- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау. 

Мұндай педагогикасының негізі-арнайы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. М. 

Монтессори: «Баланың өсіп жетілуі үшін не қажет?» - деген сұрақ қойып, оның қажеттілігі, өзіне қызмет етуге, 

өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс болып табылатынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп берген. Сондықтан 

баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады. Дамытушылық ортасы дегеніміз – балалардың 

қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын, педагог жасаған 

зат-кеңістік ортасы; ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен 

дамуға мүмкіндік береді. Монтессори материалдары дегеніміз-балалардың өздігімен жұмыс істеуіне арнап 

жасалған және қатені бақылауға мүмкіндік беретін оқу құралдары. Яғни Мантессори тобындағы жетекшінің 

атқаратын  қызметі-белгілі  бір  іс-әрекетті  баланың  өзінің  орындап  шығуына  көмек  беру.  Біздің  «Айзере» 

балабақшасында  «Тәй-тәй»  технологиясы  мен  әдістемелерді  оқу-тәрбие  үрдісінде  қолдануда  тиімділігін 

байқадық.  «Тәй-тәй» технологиясының  негізгі  мақсаты  әр  баланың  жеке  қабылдауы  мен даму  кезеңдерін 

есепке ала отырып білім беру. Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен 

шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы 

белсенді  қатысады.  Ата-аналар  жалпы  ашық  есік  күндері  өнер  орталығына  қатысып,  өткізілген  әртүрлі 

тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу, немесе сәндік бұйымдар 

жасауға жетекшілік етеді. Алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіліп табиғи материал қалдықтарын жинауға 

көмектеседі.  Ата-аналарға  түсінік  жұмыстары  жүргізіледі.  Өнер  орталығында  балалардың  қабылдауын, 


103

көрнекі-бейнелі  ойлауын,  зейінін  дамытуға,  дербестігімен  жауапкершілігін  қалыптастыру,  ұсақ  саусақ 

қозғалыстарын,  ептіліктерін  дамыту  арқылы  еңбексүйгіштікке  тәрбиелейді.  Алтын  күз  апталығына  орай 

ұйымдастырылған «Ертегі ата-ана көзімен» атты тәрбиелік шарада ата-ана мен балалар бірлесе күзгі өнім 

әртүрлі  көкөністерден  ертегі  кейіпкерлерін  жасады. Ата-аналар  өз  балаларының  алғашқы  ұстаздары  мен 

адвокаттары.  Балабақшадағы  балалардан  коммуникативтік  тілдік  құзіреттілікті  меңгерген,  ана  тілі  мен 

ұлтаралық тілді меңгеруге мүмкіндігі бар, ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп 

жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда ата-анамен тәрбиешілердің бірлесе жұмыстануының маңызы 

зор.  Сондықтан,  «Тәй-тәй»  технологиясы  бойынша  ата-аналар  берілген  білімді  үйде  бекітіп,  толықтыруға 

көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Мұнда 

ата-аналардың  қатысы  қандай түрде  болмасын  қолдау табады:  олар тәрбиешіге  сабақ  үстінде  көмектесуі 

мүмкін; ата-аналар алқасы салмақты шешімдер қабылдауға белсенді қатысады; олар балаларының жақсы 

жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Балабақша мен отбасының 

байланысы  тәрбиешілер  мен  ата-аналардың  өзара  құрметі  мен  сеніміне  және  әріптестік  қарым-қатынас 

орнату үшін бірлесе күш жұмсауында. «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыстануда тәрбиешінің қызметі, 

мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді. Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген 

жауапкершілікті  бөліседі;  ол  топтағы  ортаның  қауіпсіздігін  жоспарлайды.

  Тәрбиеші  балаларды  түрлі 

материалдармен  қамтамасыз  етеді  және  қоршаған  ортамен  шектеусіз  қарым-қатынас  жасауға  қолайлы 

жағдай туғызады.

 Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді 

игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың 

ойлау  жүйесін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Сұрақ-жауап  ойлауды  ғана  емес,  баланың  тілін  де  дамытады. 

Тәрбиеші  балалармен  бірге  ойнайды,  әңгімелеседі.  Ол  балалардың  білсем  деген  ынтасын  бөлісіп,  олар 

ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады. «Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған 

оқу  іс-әрекетінде  балаға  өз  бетімен  жұмыстануға  жағдай  туғызады.  Балалар  да  өздерінің  мүмкіндіктері 

мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты, әрі 

икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын 

бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі 

мүмкін.  Әр  баламен  жеке  жұмыс  жасау  үшін  топтық  жұмыстарды  шағын  топтарда  өткізу  тиімді.  Осындай 

көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді. Орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы, орта 

көп қызметті, вариативті іс-әрекет өзгеруіне байланысты өзгере алатын алғашқы дүниетанымдық мағлұмат 

бере  алатын  орта  болуы  тиіс.  Дамыту  орталары  заттар  мен  ойыншықтарды  балалардың  еркін

  қолдана 

алуын, тілінің, танымдық, эстетикалық дамуын, баланың ізденімпаздық қабілетінің дамуын, технологиясымен 

жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік беруін қамтамасыз 

етуі керек. Оқу іс-әрекеттеріне қолайлы көркем әдебиет, құм және су, ғылым, өнер, ойын және математика 

орталықтары жұмыс жасайды. Көркем әдебиет орталығында жасына лайықты көркем әдебиет шығармаларын 

оқып беріп, оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетуге, мақал-мәтел оқу, жұмбақ жасыру арқылы балалардың 

тілін ширатып, көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілік сапалары игертіледі. Мазмұнды суреттер 

арқылы жүйелі сөйлеп құрап, сөйлеуге үйретіледі. Құм мен су орталығында сезім қабілеттері дамиды, кеңістік 

және көлемдік өлшеу түсініктері қалыптасады, ірі және майда қозғалыстары жетіледі. Ғылым орталығында 

Баланың  табиғатқа  деген  сүйіспеншілік,  қамқорлық  қарым-қатынасын  қалыптастыру  мақсаты  көзделеді. 

Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу, іс-тәжірибе 

жүргізу,  бақылау  жұмыстары  арқылы  артады.  Ойын  орталығында  желілі-рольдермен  танысуға  мүмкіндік 

беріліп,  әлеуметтік  дамуы  мен  қатар  қарым-қатынас  ептіліктері  де  ойын  үстінде  дамиды.  Математика 

орталықтарында математикалық ұғымдар мен геометриялық пішіндерді ұғынуға, сандарды ауызша есептеп, 

есептер шығаруға және өз тарапынан есептер құрастыруға үйренеді. Жәнеде заттардың кеңістікте орналасу 

бағытын, уақытты бағдарлауға, заттардың түр-түсіне, пішініне, көлеміне қарай салыстыруға, ажырата білуге 

үйретіледі. Орталықтардағы жинақталған материалдар балалардың белсенділігін ынталандырады, олардың 

барлық  бес  сезімін  ашып,  қолдануға  итермелейді.  Тәжірибе  жасап,  зерттеп,  жаңалықтар  аша  отырып, 

балалар  өз  «болжамдарының» дұрыстығын тексереді,  білімді  өзіндік  жеке тәсілмен  игереді. Дәл  осындай 

әдіспен  балалар  мәселе  қойып,  оны  шешуге,  сын  тұрғысынан  ойлауға,  таңдау  жасауға  және  түсініктер 

қалыптастыруға  үйренеді.  Еш  уақытта  кіші  жастағы  балаларды  өздерін  қызықтырмайтын  тапсырмаларды 

орындатуға, тақырыптарды оқып үйренуге мәжбүрлеуге болмайды. Топтың ішкі көрінісі балаға орталықтар 

мен материалдарды таңдауға мол мүмкіндік беретіндей жағдайда ұйымдастырылуы тиіс. Топта балалармен 

өткізілетін  әртүрлі  сабақтарды  ұйымдастыра  отырып,  тәрбиеші  барлық  үйде  болатын,  әдетте  тасталатын 

алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан 

«тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға 

арналған хабарландыру тақтасына, немесе жеке жазып беруге болады. 

Материалдар төмендегідей болуы мүмкін: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет