Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции


ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке



Pdf көрінісі
бет3/59
Дата03.03.2017
өлшемі6,76 Mb.
#6100
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

Список литературы. 

1 .Закон РК «ОБ образовании». 

-

 



Государственная  программа  развития  образования  Республики  Казахстан  на  2011-

2020 годы. 

-

 



Концепция воспитания в системе непрерывного образования РК 

-

 



Исламгулова  С.К.  Технологизация  процесса  обучения  в  школе:  теория  и  опыт: 

Практикоориентированная монография и методическое пособие. Алматы. 

-

 



Технология  трёхмерной  методической  системы  обучения.  11рофессор  Караев  Ж.А. 

Республика Казахстан г. Алматы, 2014 

 

 

  ФИТОТЕРАПИЯ  ҒЫЛЫМЫН ОҚЫТУ – ЗАМАНАУИ ҚАЖЕТТІЛІК 

 

Султангалиева Гаухар Темирхановна 

№55 жалпы орта білім беретін мектеп, 

 биология пәнінің мұғалімі, 

Ақтөбе қаласы, Қазақстан 

 

Түйін 

       

Ботаника  өсімдіктер  туралы  ғылым.  Ботаникалық  білім  адамның  практикалық 

тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасты. Адам баласы ерте заманнан 

бері  өсімдіктерді  өз  қажеттеріне  пайдаланып  келеді.  Солардың  бірі-шипалық  маңызы. 

Фитотерапия-сонау  ерте  заманнан  бастап  ауруға  өсімдіктерден  ем  іздеген    адамзат 

тарихымен  бірге    дамып  келе  жатқан  ғылым.  Осы  ғылымды    мектеп    оқушыларына  

ботаника  ғылымының бір бөлімі  ретінде оқытудың қажеттілігін ұсынамын. 

                                               

Аннотация 

      

Ботаника-наука  о  растений.  Наука  о  ботанике    появилась  в  практической  жизни  

человека, быстро сложилась и развивалась Человек  с давных времен использует растения для 

своих  нужд.  Одно  из  них  –  их  целебное  значение.  Фитотерапия  –это    наука  лечения 

заболевании растениями. Она развивается с историей человечества, начиная с древнейших 

времен. Предлагаю эту науку, как часть ботаники обучать школьников. 

 

 

          Ботаника  өсімдіктер  туралы  ғылым.  Ботаникалық  білім  адамның  практикалық 

тіршілігіне  байланысты  пайда  болып,  тез  дамып  қалыптасты.  Ботаника  ғылымының  

фармация  немесе  фитотерапия  салаларымен  де  байланысы  зор.  Фармация  –  дәрі-дәрмек 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



жасауға  пайдаланылатын  шикізаттар  туралы  ғылым.  Ал    фитотерапия—  грек  тілінен 

аударғанда  шөппен  немесе  дәрілік  өсімдіктермен  емдеу  деген  мағынаны  білдіреді,  яғни, 

фитотерапия

-

–  сонау  ерте  заманнан  бастап   ауруға  шөптерден  ем  іздеген 

адамзат   тарихымен   бірге  дамып  келе  жатқан  ғылым.  Алғашқы  адамдардың  өздері  де 

тұрғылықты   жерлерінің  флорасын  игере  отырып  көптеген  емдік  қасиеттері  бар 

ө

сімдіктерді  таба  білген.  Бұдан  алты  мың  жыл  бұрын  пайда  болған  фитотерапия 

ғ

ылымының  қай  заманда  да  халықтық  еммен  қатар  дәстүрлі  медицинада  да  алатын  орны 

ерекше.  Сол  сияқты

 

    қазіргі  кездегі  шығарылатын  дәрі-дәрмектің  30%-ы  арнайы 

дайындалған  өсімдік  шикізатынан  жасалады.  Статистикалық  мәліметтерге  сүйенсек, 

бүгінде әлемде дәрумендік қасиеті бар шөптер мен өсімдіктер саны 500 мыңға жетеді екен. 

Ал,  кейбір  нақтылы  ауруларды  емдеуге  арналған  препараттарды  алатын  болсақ,  мысалы: 

бүйрек, жүрек ауруларын, бауыр және ас қорыту жолдарының ауруларын, ішек құрттарына 

қ

арсы қолданатын, қақырық түсіретін т.б. өсімдіктерден жасалған дәрі- дәрмектің мөлшері 

75-80%-ға  дейін  жетеді.  Халық  медицинасы  –  ғасырлар  бойы  жинақталған  тәжірибені 

қ

олдана  отырып,  ауруды  дәрілік  шөптермен   емдеу,  ол  ұрапақтан  ұрпаққа  беріліп  келе 

жатыр. Цивилизацияның дамуымен байланысты дәрігерлер  химиялық препараттарға бет 

бұрды,  өйткені,  синтезделген   препарат  белгілі  бір  мүшеге  ғана  әсер  етеді  және  емдеудегі 

мақсатқа  бірден  қол  жеткізуге  болады.  Бірақ  та  мұндай  күшті  препараттар  көптеген 

жанама әсерлер көрсетеді. Жанама әсер көрсетпейтін бірде –бір синтездік жолмен алынған 

препарат  жоқ.  Мысалы,  дәрілік  препараттардың  орамы  капсула  құрамында  кездесетін 

магний  стеаратының  приондық  аурулар  туғызу  қаупі  бар.  Дегенмен    ресми  медицинаға 

сәйкес былай деп есептелінеді,  дәрілік өсімдіктерді халықтық медицина тәсілімен қолдану 

химиялық және басқа да препараттарды ресми медицина тәсілімен емдеуді  ауыстырмайды. 

Бірақ  дәрілік  өсімдік  және  оның  жиындары  табиғи   және  адам  ағзасын  аурудан 

жазатын  дәрі-дәрмектер болып табылады және олардың қолдану шаң-тозаң, темекі, ауаның 

ластануы  сияқты  зиянды  факторларды  азайтып,  жүйке  жүйесінің,  күш  түсуден  болған 

бұлшық  еттің  шаршауын  басады,  табиғаттың  әсерлерін  нейтралдайды  Жалпы  

медицинадағы  фитотерапияның  негізгі  мақсаты  –  бұл  аурудың  алдын  алу,  иммунитетті 

жақсарту  және  ағзадағы  жалпы  тепе-теңдікті  қалпына  келтіру.  Ертедегі  рецептер  мен 

емдеу  тәсілдері  біздің  заманымыздың  ғалымдары  мен  дәрігерлерін  таңдандырады,  өйткені 

олар  өзінің  тиімділігі  жағынан  заманауи   фармакологиялық  препараттар  мен  емдеу 

процедураларынан  еш  қалыспайды.  Міне,  осы  дәрілік  өсімдіктермен  емдеу  бұрыннан  келе 

жатса  да,  өзіндік  маңызын  әлі  күнге  дейін  жойған  жоқ,  қайта  жыл  өткен  сайын  оның 

құ

ндылығы артып келеді. Сондықтан, соңғы кезде қолданылатын химиялық препараттарға 

қ

арағанда  «дәрілік  өсімдіктерден»  дайындалған  дәрілерге  сұраныс  басым.  Дәрілік 

ө

сімдіктерден жасалған препараттардың адам денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны 

белгілі,  соның  нәтижесінде  бұл  күнде  «фитотерапия»  айтарлықтай  дамып  отыр. 

Сондықтан    қазіргі  заман  талабына  сай  фитотерапия  ғылымын  одан  әрі  дамытуға, 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



ұ

мытылған деректерді зерттеп жаңғыртуға үлес қосу керек. медҚазіргі ғылыми медицинада 

қ

олданылып  жүрген  барлық  өсімдіктер  дерлік  халық  медицинасынан  алынғандар.  Халық 

медицинасында  қолданылып  жүрген  өсімдіктерге  ерекше  мән  берудің  жаңа  болашағы  бар 

ө

сімдіктерді  іздеуде  әсері  зор.  Халық  медицинасының  өсімдіктерін  зерттеудің  алғашқы 

сатыларына  жататындар:  а)  арнайы  немесе  жолай  экспедицияларды  пайдаланып 

(этнографиялық)  халықтан  сұрастыру,  өсімдіктер  жайында  білетіндермен  танысу, 

ү

лгілерін  алу  арқылы  мәліметтер  жинау;  б)  әдеби  мәліметтер  жинау  үшін 

корреспонденттік  жүйе  ұйымдастыру.  Алдымен  зерттелінетін  өсімдіктің  емдік 

көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеріп білу керек. Егер алғашқы фармакологиялық (немесе 

биологиялық)  зерттеу  мәліметтердің  дұрыстығын  растайтын  болса,  онда  ары  қарай 

ө

сімдікке  фармакогностикалық  (ең  алдымен  фитохимиялық),  технологиялық  (жеке 

қ

осылыстарды  бөліп  қарау  немесе  препарат  қосылыстарын  табу),  фармакологиялық 

(табылған  препараттардың  негізінде  терең  зерттеу)  ең  соңынан  клиникалық  зерттеулер 

жүргізіледі.  Сол  үшін  дәрілік  өсімдіктерді    танып  білуді,  олардың  аттарын,  емдік 

қ

асиеттерін  оқып  білуді  оқушыларға  мектеп  қабырғасынан  оқып  үйреткен  дұрыс  деп 

ойлаймын.  Мектептерде  қосымша  факультатив  сабақтарында  осындай  адамға  пайдалы 

ә

сер  беретін  тақырыптар  қамтылу  керек.  Оқушылардың    дәрілік  қасиеттері  бар 

ө

сімдіктерді  зерттеулері    барысында  биологиялық  белсенді  заттары  бар    тек  бұрыннан 

белгілі түрлерін  ғана емес басқа да перспективті дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін 

ескеріп анықтап, зерттеуге  болады. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап 

күні  бүгінге  дейін  өз  қажетіне  жаратып,  пайдасына  асырып  келеді.  Қалай  атаған  күнде  де 

адамзат  баласы  үшін  дәрілік  өсімдіктердің  пайдасы  өте  зор.   Дәрілік  өсімдіктер  адам 

ағзасын  нығайтады,  бауыр,  бүйрек,  жүрек,  өкпе,  асқазан  және  ішек  жолдары  мен  әр  түрлі 

бездердің  (мәселен,  ас  қорыту  бездерінің  т.б.)  қызметтерін  жақсартады,  қан  қысымы  мен 

зат  алмасуды  ретке  келтіреді,  ағзаға  жиналған  улы  заттарды  несеп,  нәжіс,  қақырық,  тер 

арқылы  сыртқа  шығарады,  микробтар  мен  бактерияларды,  вирустарды  жояды,  ауырған 

жерді, дене қызуын басады, қан тоқтатады орталық жүйке жүйесін тыныштандырады және 

т.б. Сондықтан халықтың өсімдіктер туралы: «өсімдік – жанға шипа, дертке дауа; өсімдік 

–деп бекер айтпаған. денсаулық кепілі; өсімдік – дәрі-дәрмек қоймасы; өсімдік -  ауруға ем, 

сауға қуат»деген қағидалардың шынайылығына көз жеткізу қиын емес. Оларды қалай болса 

солай ысырапсыз жинап, тұқымын құртып алудан әрқашанда сақ болғанымыз абзал. Табиғат 

«тегін»  сыйға  тартқан  қымбат  қазынаны  қорғауды,  сақтауды,  келешек  ұрпаққа  аман-есен 

жеткізуді  ешқандайда  естен  шығармауымыз    қажет.  Дәрілік  өсімдіктің  емдік  қасиеттері 

олардың  құрамында  кездесетін  алкалоид,  амин  қышқылдары,  антибиотиктер,  дәрумендер, 

гликозидтер,  илегіш  заттар,  органикалық  қышқылдар,  майлар,  микроэлементтер, 

пигменттер,  смолалар,  фитонцидтер,  эфир    майларына  байланысты.  Ол  заттар  

биологиялық өте сіңімді болумен қатар, басқа тағамдардың да сіңімді болуын жақсартады, 

зиянды  заттарды  бейтараптандырады,олардың  организмнен  шығуын  тездетеді, 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



организмнің  қорғаныш  күшін  күшейтеді,  адам  денсаулығын  нығайтады.  Сондықтанда 

адамдар  өсімдіктерді  танып,  өз  ретінде  пайдалана  білу  керек.  Кез  келген    бау-бақша 

ө

сімдіктерін алсақта,тіпті арамшөптердің де шипалық маңызы бар екенін ескеру керек. Ол 

ү

шін фитотерапия ғылымын дамытып, күнделікті өмірде пайдалануды дұрыс жүргізу үшін 

теориялық  білім  беру  керек.  Мәселен,  бақшамыздағы    татымды  хош  иісті  өсімдіктерді 

алатын болсақ,олардың өзінің құндылығы ерекше. І Петр патша сарайы үшін өсімдіктердің 

осы  тобын  дайындаудың  қажеттілігі  туралы  Жарлық  шығарғанда    бұларды  осылай  деп 

тауып алған екен. Сонау көне заманда көптеген татымды өсімдіктер  алтынмен, бағалы аң 

терілерімен пара-- пар бағаланған.Татымды өсімдіктердің өзіндік дәмі  мен шипалы күшінің 

даңқы    аса  жоғары  болғаны  сонша  –оларды  Құдайдай  көріп,  дәріптеді,  алып  күш  беретін 

ө

сімдіктер  ретінде  олар  жөнінде  сан  алуан  аңыздар  шығарды.  Көне  Греция  мен  Римде 

триумфаторларды  аскөк  пен  ақжелкен  жапырақтарымен  әшекейлейді  екен.  Қазбалардан 

табылған  теңгелерде    балдыркөк    жапырақтарының  суреті  болуы    көне  гректердің  бұл 

ө

сімдікті  аса  құрметтеген  ін  білдіреді.  Хош  иісті  мята  (жалбыз)-адам  парасатын 

бейнелеген Құдай әйел Мятаның құрметіне  латынша  осылай аталған. Көне гректер мен 

римдіктер  мятаның  иісі  адамның  ақылын  көбейтуге  септігін  тигізеді  деп  есептеген. 

Дәрілік  өсімдіктер  жайында  тұңғыш  рет  біздің  дәуірімізге  дейінгі  ертедегі  грек  дәрігері 

Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды 

ауруды  емдеу  мақсатына  кеңінен  қолдануға  болады  деп  есептеді.  Сондай-ақ  ол  өз  дәуірінде 

қ

олданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып 

отырған  өсімдіктерде  неліктен  шипалық  қасиет  болатынын  айтып  бере  алған  жоқ.  Бұл 

мәселеге  арада  алты  ғасыр  өткен  соң  барып, біздің  дәуіріміздің  екінші  ғасырында  ғана  Рим 

дәрігері  Гален  алғаш  рет  жауап  берді.  Ол  өсімдіктерде  шипалық  қасиеттердің  болуы 

олардың  құрамындағы  белгілі  бір  заттардың  қасиетіне  байланысты  екенін  анықтады.  Ол 

сонымен  бірге  бұл  заттарды  қалай  бөліп  алуға  болатынын  көрсете  отырып,  тұңғыш  рет 

науқастарды  өсімдіктің  қайнатындысымен,  шырынымен,  тұнбасымен,  ұнтағымен  және 

одан  жасалған  дәрімен  емдеді.  Міне,  осындай  біздің  күнделікті  пайдаланып  жүрген 

ө

сімдіктеріміздің  қыр  сырын,  тарихын,  ерекшеліктерін  зерттеп    мектеп  оқушыларына 

оқыта  отырып,фитотерапия  ғылымын  ботаника  ғылымының  бір  бөлігі  ретінде    енгізуді  

ұ

сынамын. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:                                                                                                                                              

1. М.Қожабеков, Г.Қожабекова «Дәрілік өсімдіктер» Алматы. Қазақстан. 1982 ж.                                        

2.Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, Ж.А.Қадишаева «Фармакогнозия» Оқулық. 

Шымкент. 2011 ж.                                                                                                                     

3.С.Х.Субханбердин «Дертке дауа, жанға шипа» Алматы 2004ж.                                                                  

4.Ә.Іскендіров «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Алматы. Қазақстан, 1982 ж.                                           

5.Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, «Өсімдіктер анатомиясы және 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



морфологиясы» Шымкент 2011 ж.                                                                                                                           

6.Л.К.Сафина.Е.П.Петров. Тағамдық-дәрілік өсімдіктер,Көкшетау,2013 ж.                                                         

7.О.Д.Барнаулов. Введение в фитотерапию. – Спб, 1999. 

 

 

PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

Ғ

ЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  

ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ 

 

Шаяхметова Эльмира Какимбековна 

№5 орта мектебі, 

химия және биология  мұғалімі, 

СҚО, Тайынша қаласы, Қазақстан 

  

Сапиева Акмарал Амиржановна 

№5 орта мектебі, 

география мұғалімі, 

СҚО, Тайынша қаласы, Қазақстан 

 

 

Заманауи  тәсілдің  ең  негізгі  ерекшелігі  –  оқушылардың  алған  білімдерін  жай  ғана 

иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, 

ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында болып отыр. Сондықтан қазір жаңа 

технологияларды  меңгеру  үшін  ең  басты  қажет  құрал  –  білім.    «PISA  халықаралық 

зерттеулері  аясында  оқушылардың    ғылыми-  жаратылыстану  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту әдістері» атты өзіндік жұмыстарымызды өткізу функционалдық 

сауаттылықты  арттыру  мақсаты  мен  міндеттері    Қазақстан  Республикасы    2011-2020 

жылдарда    білім  беруді    дамытудың    Мемлекеттік    бағдарламасында  анықталуына  сәйкес  

жасалды.  Оқушылардың    функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  жөніндегі      2012-2016 

жж. арналған  Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері 

аясында өкізілетін  оқушылардың  ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын  

дамыту  әдістеріне арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасына 

талаптарына сәйкес келеді. 

          2012-2016  жылдарға  арналған  оқушылардың  функционалды  сауаттылығын 

жетілдіруде  Ұлттық  іс-шаралар  жоспары  мақсатқа  бағытталған,  біртұтастық, 

оқушылардың  функционалды  сауаттылығын  дамытуға  бағытталған  іс-шаралар  жүйелігін 

Қ

азақстан  Республикасының  мектеп  білім  берудің  сапасын  арттырушы  негізгі  бағыт 

ретінде  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Оқушылар  арасындағы  функционалды 

сауаттылықтың  қалыптастырудың  жоғары  деңгейі  қоғамда  тиімді  қызмет  етудің 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



қ

абілеттілігіне,  өзін-өзі  анықтауға  бағытталған  қабілет,  өзін-өзі  дамытуға  және 

қ

алыптастыруға  бағытталады.  Нәтижесінде,  қоғамға  функционалды  сауатты,  нәтижеге 

жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет. 

 

2011-2020  жылдарға  ҚР  білім  беру  жүйесін  жетілдіруге  бағытталған  Мемлекеттік 

бағдарламасы  біздің  оқушыларымыздың  PISA  халықаралық  зерттеулерінде  мақсатты 

индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2018 жылы 40-45орын. 

2013  жылы  PISA-2012  нәтижелері  ЭЫДҰ  тарапынан  (Экономикалық  ынтымақтастық 

және  даму  ұйымы)  жарияланды.  Аталмыш  зерттеу  нәтижесінде,  65  елдің  ішінде 

қ

азақстандық  қатысушылар  математика  бойынша-  49,  ғылыми  жаратылыстану  пәндері 

бойынша -52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді. 

 

Қ

азақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың 

дайындық  деңгейлерін  әлемнің  басқа  да  елдерінің  оқушыларының  дайындық  деңгейімен 

салыстыруға,  білім  беру  сапасын  бағалауда  соңғы  әлемдік  жетістіктерге  сәйкес  келетін 

зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-

ұ

лтты  зерттеулерді  жүргізудегі  жетекші  мамандармен  әзірленген  әдістемелерге  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. 

 

Нәтижелер қазақстандық оқушылардың үлесін төмендегідей белгілейді: 

1)    Күрделі оқу мәтіндерін тиімді пайдалану, олардың көмегімен күнделікті жағдайларға 

бейімделу    оқу  сауаттылығын  зерттеу  қатысушыларының  5%  құрайды  (ЭЫДҰ  елдері 

бойынша орташа деңгей 28,6%); 

2)    Нақты жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеу, әртүрлі тапсырмаларды 

дамыту  және  қолдану  математика  сауаттылығын  зерттеу  қатысушыларының  4,2% 

құ

райды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 16%); 

3)        Әртүрлі  ғылыми  жаратылыстану  ғылымдарындағы  түсіндірмелерді  біріктіретін, 

аталмыш  түсіндірмелерді  өмірлік  жағдайларда  қолдануға  бейімдеу,  жаратылыстану 

ғ

ылымдарының рөліне байланысты нәтиже шығаруды талап ететін жағдай аясында тиімді 

жұмыс  істеу  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығын  зерттеу  қатысушыларының  3,6% 

құ

райды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 20,5%) 

 

Бұдан,  Қазақстанның  PISA  қатысуының  нәтижелері  еліміздегі  жалпы  білім  беру 

мектептерінің педагогтары жоғары деңгейдегі пәндік білім береді, бірақ өмірлік жағдайларды 

оларды  қолдануға  жеткілікті  түрде  үйретпейтіндері  көрсетеді.  Сонымен,  мұғалімдер 

логикалық,  сыни  және  конструктивті  ойлау  негіздері  қалыптастырудың  тиімді  әдістерін 

жеткілікті дейгейде білмейтіндері аңғарылады. 

 

Тақырыбының  өзектілігі.  Курс  тақырыбының  өзектілігі  қазіргі  білім  берудің 

мақсаттары  мен  міндеттеріне  негізделеді:  социум  өміріне  тиімді  түрде  қатыса  алатын 

құ

зыреттіліктердің  қалыптасуы,  нақты  бір  жағдайға  нақты  модельдерді  қолданудың 

нәтижесінде  оқушыларды  әлеуметтендірудің  қажетті  талаптары  болып  саналатын 

функционалды ғылыми-жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастыру.     

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

Жаратылыстану  пәндері  бойынша  ғылыми  концепцияны  түсіну,  білу  ,  жеке  шешім 

қ

абылдай білу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді азаматты 

ә

р түрлі форматтағы тест  тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру. 

1.2                      Мақсатты  топтың  сипаттамасы:  әр  түрлі  жұмыс  тәжірибесі  бар 

жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері 

1.3           Қиындықтар аясы. 

1.  Ғылымижаратылыстану  сауаттылықты  қалыптастырудың  педагогикалық  шарттары- 

оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамытудың негізі. 

2.  Оқушылардың  білім  алуының  аралық  нәтижелерін  бақылау  және  мәселелік  есептерді 

шешу; 

3. PISA бағдарламасының оқу жоспарына енуі; 

4. PISA бағдарламасы тапсырмаларын құрастыру және шешу 

5.  Оқушылармен  топтық  жұмысты  ұйымдастыруда  жас  мұғалімдердің  теориялық  және 

практикалық даярлығы; 

6. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу. 

7.  Жаратылыстану  пәндерін  оқытуда  сабақта  оқушыға  бағытталған    пәнге  байланысты 

біліктілікті қалыптастыруды  жобалау қабілеттерін жеткіліксіз меңгеруі; 

 1.4 Мақсаты мен міндеттері 

Курстың  мақсаты  -    мұғалімдердің  ғылыми-жаратылыстану    сауаттылығының  кәсіби 

құ

зіреттілігін  дамытуды      PISA  бағдарламасы  тапсырмаларын  орындауда  оқытудың 

белсенді стратегиялары орындауға оқушыларды  дайындау және жолдарын үйрету. 

Міндеттері: 

 1) Теориялық материалдарды оқып-зерттеу: 

- PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны,құрылысы; 

- PISA – 2015 халықаралық зерттеулерінің тапсырмалар түрі; 

- ғылымижаратылыстану сауаттылығының компоненттері;  

2) жеке тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың маңыздылығын есте ұстау: 

3)  ғылымижаратылыстану  сауаттылығын  дамытуға  арналған  белсенді  стратегияларды 

қ

олдану; 

4) PISA талаптарына сәйкес тапсырма мысалдарын құруды үйрену; 

5)  оқушы  құзырлылығын  бағалаудың    формативті  және  суммативті  стратегияларын 

ү

йрену. 

1.5  Оқыту әдістері 

        Белсенді  оқыту  әдісі  мен  мәселенің  коллоборативтік  шешімі,  жекеше  алғанда  дәріс-

әң

гіме,  оқытудың  белсенді  әдістерімен    тренингтер:  «Мен-Сен-  Біз»,  «Алты  қалпақ», 

«Әткеншек», «Сократов семинары» , «Мозаика», «Ақыл-ойға шабуыл» және т.б 

1.6 Күтілетін нәтиже 

1.Тыңдаушылар курс аяқталарда белсенді оқыту стратегиясын қолдануды үйренеді. 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



2.  Мектеп оқушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту үшін, белсенді 

оқыту стратегиясын қолдануды үйренеді. 

3.  PISA  бағдарламасы  бойынша  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығының  элементтерін 

қ

орытындылау мен стратегиялар және дағдыларын анықтауды жүзеге асырады. 

4.  Элементтердің  құрылымын  және  PISA  бағдарламасының  стратегиясын,  қорытындылау 

мен элементтердің шешімін табуды . 

5.  PISA  бағдарламасының  элементтері  типтерімен  бірдей  болатын,  оқушыларға  арналған 

элементтердің үлгілерін жасау.  

 

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге 

тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда 

да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің 

осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  да  мектеп  оқушылары  бойында  адамгершілік 

және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын 

айқындау  басты  міндет  екендігі  айтылған.  Олай  болса,  қоғам  болашағы-  жас  ұрпақтың 

бойына  адамгершілік,  ізгілік,  мейірімділік,  ақыл-ой,  сана-сезім  қалыптастыратын 

салауатты  тәрбие  беру  мазмұнын  жаңаша  құру  қажет.  Осы  орайда,  «Сабақ  беру  – 

ү

йреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек 

Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Назарбаев Н.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ 

Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.// Егемен Қазақстан.10 шілде 2012.   

2.  Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016 

жылдарға арналған іс-қимыл жоспары. Астана, Әділет, 2012. -14 б. 

3. www.bilimstat.edu.kz 

4. www.edu.gov.kz. 

5. www.bnews.kz 

6. www.baq.kz.regional 

 

 

 

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІҢ ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ  

ТИІМДІЛІГІ 

 

Танирбергенова Алтынгуль Жуматаевна 

№18 ЖББОМ  КММ , 

география пәнінің мұғалімі 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Қ

арағанды қаласы, Қазақстан 

 

Жаканова Меруерт 

№18 ЖББОМ  КММ , 

география пәнінің мұғалімі 

Қ

арағанды қаласы, Қазақстан 

 

Түйін 

 

Адамзат  өркениетінің  бүкіл  дамуы  ғылыми  технологиялық  прогресспен  тығыз 

байланысты.  Қазіргі  қоғам  өмірін  ақпараттық  құралдарынсыз,  тұрмыстық  техникасыз 

елестету  мүмкін  емес.  Олай  болса,  ХХІ  ғасыр  ақпараттық  технология  ғасыры  десек  бұл 

география ғылымына да қатысты. 

 

Аннотация 

 

Развитие  человеческой  цивилизации  на  протяжении  всей  жизни  общества  тесно 

связано  с  научно-техническим    прогрессом.  Жизнь    современного  общества  нельзя 

представить    без    информационных  средств    и  без  использования    техники  в  быту.  А 

значит,    ХХІ–  век  информационных  технологий,    и  география    как  наука    не    является 

исключением.  

 

Қ

азіргі  күнде    білім  саласына  жаңа  реформалар  енгізу  бүкіл  әлем  елдерінде  ең  өзекті 

мәселелердің  бірі  болуда.  Әсіресе  елімізде  білім  жүйесіне  жаңа  емтихандар  енгізіліп, 

мектепте  білім  беру  жүйесі  жаңартылуда.  Осы  атқарылған  істерге  қарай  отырып,  XXI 

ғ

асырдағы  білім  жүйесі  қандай  болу  керек?  деген  ой  келеді.Осы  мақсатта  біз  ұстаздар 

қ

ауымы  аянбай  еңбектеңуіміз  керек.  Жас  ұрпаққа  сапалы  білім  беру  ,өз  еліне  жеріне  деген 

сүйіспеншіліктерін  арттыру,шығармашылық  жұмыстар  мен  айналыстыру  және  алған 

білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету біздің  басты міндетіміз. География қызықты  пән 

болғандықтан  көптеген оқушылар қызыға оқиды.Себебі жер шарындағы заңғар биік таулар, 

ө

зен-көлдер,  ну  ормандар,шөл  далалар,    терең  шұңғымалар,  мұз  құрсауындағы  жерлер 

оқушыларды  қызықтырып  қана қоймай  шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді. 

Оқушылардың  білімдерін  дамыту    мақсатында    білім  берумен  қатар  зерттеушілік 

қ

ызметті дамытқан жөн. Оқытушылар сұрақ қойып, ал оқушылар тек сол сұраққа ақпарат 

іздеп,  интернет  беттерінен  реферат  жүктеп  қана  қоймай,  өздерінің  ой-қорытындыларын 

көрсетулері  қажет.  Яғни,  үйреншікті  үй  тапсырмаларын  беруден  бөлек,  оқушылар  қысқа 

зерттеу  жұмыстарын  жасаулары,  нақтырақ  айтқанда,  ақпарат  көздерімен  жеке  жұмыс 

істеп,  ақпарат  жинап,  оны  талдап,  өз  бағасын  берулері  керек,  сондай-ақ,  зерттеу 

жұмысының қорытындысын жасап және мұғалімдермен бірге байланыста әрекет жасаулары 

қ

ажет.  Осындай әдіс арқылы оқушылар өздігінен ойлауға,жұмыс жасауға  үйренеді .  

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Сол  сияқты    оқушылар  жиі  презентациялар  мен  көпшілік  алдында  сөз  сөйлеп 

ү

йренулері  қажет.  Бұл  оқушылардың  коммуникативті  болуларын  және  өздеріне 

сенімділіктерін арттыруға үлкен үлес қосады.  Ақпаратты технологияның география пәнін 

оқытудағы атқаратын ролі өте зор.  Ақпаратты заман талабына сай мұғалім ақпаратты 

технологияларды  толық  меңгеруі  тиіс.  Ақпараттық  технология  арқылы  оқушылардың 

шығармашылық,  ізденушілік  кабілеттерін  қалыптастыруға  үлкен  мүмкіндіктер  туады. 

Ақпаратты  құралдардың  қолдана  білуге  дағдыландыру  арқылы  оқушылардың  ақпараттық 

құ

зыреттілігін  дамыту  қажет.  Ақпаратты  технологияны  қолдану  арқылы  пәнді  оқыту: 

оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің  сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты 

ө

з көзімен көру арқылы қабылданған ақпарат есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік туады. 

Пәнді оқыту барысында мұғалімнің оқушыларға қойылатын талаптардың бірі: ақпаратты 

мәдени дамуы, яғни: ой- өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білуі. Егер де 

оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  жоғары  болса  ол,  оқушының  пән  бойынша  білім 

сапасының  жоғары  болуына  әсер  етеді.Оқушылардың  шығармашылықпен  айналысуына  

жағдай жасалынады Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын  ояту кезеңінде суреттерді, 

бейне  роликтерді  пайдалана  отырып  жаңа  сабақты  бастаған    өте    тиімді.  Оқушының 

сабаққа  деген  қызығушылығы  оянған  кезде  ғана  сабаққа  белсене  қатысады.    Осы  тұста 

ақпараттық  технологияның    мүмкіншіліктері  зор  ықпал  етеді.  Тапсырмаларды  

интербелсенді  тақтада  оқушылардың  алдына  көрсетіп  қойса,  біріншіден  уақытты 

ү

немдеуге,  екіншіден  мұғалімнің  аз  сөйлеуіне  мүмкіндік  береді.  Aқпaрaттық  – 

кoммуникaциялық  тeхнoлoгиялapды  пaйдaлaну  қазіргі  таңда  заман  талабы  болғандықтан 

басты  назар  аударуымыз  қажет.Сабақта  қандай  тақырып  болмасын      ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  қажеттілігі  туындайды.  Жаңа  формация 

мұғалімі  жаңа  технологияны  меңгерген,  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияны 

қ

олдана  білетін,  ұшқыр  ойлы,  жан-жақты  мұғалім  деп  айта    аламыз.      Мектептегі 

ақпараттық  технология    мүмкіншіліктерін  пайдалана  отырып  9  сынып  оқушылары  

«Қазақстан    әлем  картасында  »  тақырыбындағы    сабақта      бейне  жазба,  бейне  көріністі  

пайдалану      арқылы  Қазақстанның  экономикалық-географиялық  жағдайына,әлем 

картасындағы  орнына  Қазақстанмен  шектесетін  мемлекеттерді  интерактивті    тақта 

картасына  түсіріп,шектесудің тиімді,тиімсіз жақтарын    өздері ақпараттық технология 

көмегімен  орындап  шықты.  Әсіресе  оқушылар  ғаламторды  пайдаланып  Қазақстанның  

табиғаты әсем жерлері бойынша   презентация , Қазақстан туралы   «Атамекен»,   «Туған 

жер»,    «Астана»  әндерінің  бейнероликтерін  тауып  тыңдауы  көптеген  оқушылардың  

қ

ызығушылықтарын  туғызып,  әртүрлі  мәліметтерді игеруіне көмектесті. Сол сияқты 

«Отын-  энергетика  кешені»,  «Мұнай  өнеркәсібі»  тақырыптарын  өткенде,  Қазақстандағы 

мұнай-газ өндірісі шоғырланған, дамыған аймақтарын, мұнайдан алынатын өнім түрлерін, 

мұнай-газды  өндірудегі  ірі  компаниялардың  жұмыс  жүргізу  тәсілдерін  ғаламтордан  алу 

арқылы  сабаққа  пайдаланып      орындауға  болады  .  «Қара  металлургия»  тақырыбын  өткен 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



кезде  компьютерде  ғаламтор  арқылы  домна,  мартен  пештеріндегі  өте  жоғары 

температурада  балқытылып,  қорытылып  жатқан  руданы  бейнекөрініс  арқылы  көруі, 

оқушылардың    пәнге  деген  қызығушылықтарын    арттыра    түседі .  Яғни  сабақта  

ақпараттық технологияның пайдасы: 

Уақыт тиімділігі; 

Ақпаратты іріктеп талдауға үйрену; 

Білім сапасының көтерілуі; 

Көп мағлұматты тез игеруі. 

 

Ақпаратты технологияның география пәнін оқытудағы атқаратын ролі 

Жаңа сапалы білімді қамтамасыз етеді; 

Жаңа білім беру моделі құрылады; 

Оқушы мен мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырады; 

Кешенді оқыту және дамытушылық бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік береді; 

Оқушылардың дарындылық деңгейін дамытуға жағдай жасалынады. 

Сонымен  қатар  бүгінгі  таңдағы    өзекті  мәселелердің  бірі  болып  отырған-оқушылардың 

тілдік  қорының  аздығы  .  Сондықтан  олар    сабақ  айтқанда  қиналады,бар  білгенін  жеткізе 

алмайды. Себебі қазіргі оқушылар газет журнал, әдеби кітаптар оқымайды.Бұл  кемшілікті  

жою үшін  сабақтағы  басты міндетіміз  оқушылардың география пәнінде топтық жұмыс 

арқылы  диалогтік  сөйлеу  қабілетін  дамытудың  жолдарын  іздестіру,  яғни  өз  пікірі  бар, 

географиядан алған білімін өмірде қолдана білетін тұлға даярлау.Барнс (1971) сыныпта тіл 

қ

аншалықты  қолданылса,  оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететінін  айтады.  Барнс 

оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, 

яғни  сөйлесу,  талдау  және  дәлелдеу  барысында  жүзеге  асатынын  көрсетті.  (мұғалімдерге 

арналған  нұсқаулық,  98бет)  .  Мысалы    6  «ә»  сыныбында  «Дүниежүзілік  мұхит  және  оның 

бөліктері» деген тақырыбын өткенде  оқушылар берілген тапсырмаларды қызыға орындады. 

«Артығын  тап»,        «Толықтыр»,    «Жиксо»,  «Аңықта,  сипатта,жаз,  дәлелде»,әдістері 

оқушылардың  сөйлеу,жұмыс істеу қабілеттерін арттыруда  маңызы  зор.   

География  пәнін  оқытудың  сапасын  көтеру  ақпаратты  технологияларды  қолдану 

арқылы жүзеге асыру болғандықтан, қолданылатын әдіс-тәсілдер қазіргі заман талабына сай 

оқушылардың  ақпараттық  құзыреттілігін  қалыптастыруға  әсер  етуі  қажет.  Сонымен 

қ

атар  ақпаратты  технология  оқушының  және  мұғалімнің  ақпараттық  мәдениетін 

дамытуға мүмкіндік береді. 

Бұл  қазіргі  ақпаратты  дамыған  заманда  ақпаратты  технологиялармен  жұмыс 

жүргізу,  болашақта  ақпаратты  қажеттілікпен  сұранысты  қанағаттандыратын  жолдың 

бірі.  Демек,  ол  ақпаратты  құзыреттіліктің  қалыптастыру  деңгейіне  қойылатын 

талаптардың жоғары болуын талап етеді. 

Бүгінгі  таңдағы  әлемдік  бәсекелестік  заманда  әрбір  оқушының  білім  сапасын,  қабілеттілік 

деңгейін  анықтайтын  жеке  тұлғаны  дамыту  мәселелері  күн  тәртібінде  өз  өзектілігін 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



жойған  жоқ,  яғни  адамның  білімі  мен  біліктілігі  қазіргі  заманда  әрбір  мемлекеттердің 

бәсекеге  қабілеттілігінің  ең  маңызды  факторына  айналды.  Білім  беру  жүйесін 

ақпараттандыру  үрдісі  заман  талабы  және  Қазақстан  республикасында  ақпараттандыру 

бағытының ең маңызды әлеуметтік-экономикалық жалпы мемлекеттік мәселенің бірі болып 

табылады  .    XXI  ғасырда  білім  адамзаттың  даңғыл  даму  жолын  анықтайды,  сондықтан 

республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ақылы 

кемел, зерек те дарынды балалар – мемлекет болашағының ең құнды байлығы. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1

 

Қ

Р президенті –Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы 

2

 

География және  табиғат журналы 

3

 

Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық. 

 

 



 

 

 

Темирбулатова Казиза Хамитовна  

Северо-Казахстанская область Тайыншинский район 

с. Петровка 

Учитель биологии и химии  

Секция 1. Биологические науки 

Темирбулатова К.Х. 

Разработка урока по теме: 

«Бактерии  как  древнейшая  группа  живых  организмов.  Общая  характеристика 

бактерий.» 

 

 

 «Бактерии,  как  древнейшая  группа  живых  организмов.  Общая  характеристика 

бактерий» сабағына 

түсініктеме 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

Бұл сабақ жаңа білімді игеру типіне жатады. 

Сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  бактерияларды  тірі  организм  екендігі  туралы 

түсініктерін қалыптастыру. 

Сабақтың  басында  оқушылардың  жемісті  еңбек  жасауы  үшін  психологиялық  дайындық 

ө

ткізіледі.  Оқушылар  сабақтың  тақырыбын  анықтайды,  болжамдарын  жасайды,  сабақтың 

мақсатын  таниды,  топта,  жұпта  жұмыс  істейді,  әр  түрлі  тапсырмаларды  орындайды, 

сабақтағы өзінің жұмысын бағалайды.  Сабақтың мақсаты мен міндетіне жету үшін келесі 

ә

діс-тәсілдер қолданылды: Миға шабуыл, БББ стратегиясы, жеңіл және көпшілік таңдауы, 

ия-жоқ, «Ойлан – жұпта сөйлес-Бөліс», бағдаршам, виртуалды лаборатория. 

Сабақ  презентацияны  қолданумен  өткізіледі.  Сабақта  белсенді  әдіс-тәсілдерді  қолдану 

биология  пәнін  қызығушылықпен  оқуын  жақсартады,  білім  алу  барысында  жақсы 

нәтижелерге  қол  жеткізуге  көмектеседі,  олардың  белсенділігі  мен  шығармашылық  түрде 

жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

 

Оқулық: Биология: 6-сынып Р.Алимкулова, А.Аметов, Ж.Кожантаев «Атамұра-2015ж»  

Анотация 

К  уроку  «Бактерии  как  древнейшая  группа  живых  организмов.  Общая  характеристика 

бактерий.» 

Урок относится к типу формирования новых знаний. 

Цель  урока:  сформировать  представления  о  бактериях  как  особом  царстве  живых 

организмов. 

В  начале  урока  проводится  психологический  настрой  учащихся  на  плодотворную  работу. 

Учащиеся  формируют  тему  урока,  выдвигают  гипотезу,  определяют  цели  урока, 

работают по группам, в парах, выполняют разнообразные задания, оценивают свою работу 

на уроке.  

Для достижения цели и задач урока используются следующие методы и приёмы: мозговой 

штурм, стратегия ЗХУ, простой множественный выбор, 

 да-нет, «Думай-Общайся в паре-Делись», светофор, виртуальная лаборатория. 

Урок проводится с использованием презентаций

Применение активных методов совместно с компьютерными технологиями способствуют 

повышению  интереса  к  изучению  биологии  и  помогает  добиться  лучших  результатов  в 

обучений, позволяет развивать устойчивые познавательные интересы и исследовательские 

способности учащихся, обеспечивает их активность и творческую самостоятельность.  

 

Учебник: Биология: 6- класс Р.Алимкулова, А.Аметов,  Ж.Кожантаев «Атамура-2015г.»  

  

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

 

Класс: 6     Предмет: биология 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет