Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата01.01.2017
өлшемі2,56 Mb.
#942
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

 
АБАЙ ҾМІРІНДЕГІ 1895 ЖЫЛ 
 
Биыл ҧлы ақын Абай Қҧнанбайҧлына 170 жыл. Ақынның мерейтойы кезінде 
абайтанушы  ғалымдардың  еңбектеріне  тағы  да  ҥңіліп,  «қазақтың  бас 
ақынының» ҿлеңдерін қайта-қайта оқып, ҿмірбаянына толығырақ тоқталып ден 
қоясың.  Осыдан  жҥз  жиырма,  жҥз  отыз,  жҥз  қырық  жыл  бҧрын  ақынды 
толғандырған қандай оқиғалар мен ел ішіндегі дағдарыстар болды екен, қандай 
отбасылық  жаңалықтар,  жайттар  толғандарды,  шығармашылығына  ҽсер  еткен 
дҥниелер  болды  ма,  қандай  ҿлеңдер  жазды  деген  сҧрақтар  туады.  Ақын 
ҿміріндегі  елеулі  қуанышқа,  сонымен  бірге  қайғы  оқиғаға  толы  1895  жылға 
шолу жасайық. 
Абай Қҧнанбайҧлы 1895 жылы 50 жаста. Ел ағасы, ел басы кемеліне жеткен 
шағы.  Бҧдан  бҧрын  ол  1866-1868,  1872-1874  жылдары  Кҥшік  Тобықты 
болысына екі рет, 1876-1878 жылдары Қоңыр-Кҿкше еліне, 1893-1896 жылдары 
Шыңғыс болысына управитель болып сайланған. Осы кезге дейін Абай тҿрт рет 
болыс  болғанын  кҿріп  отырмыз.  1885  жылы  Қарамолада  ҿткен  Шар  съезінде 
Абай  тҿбе  би  болып  сайланып,  қазақтың  жаңа  заң  Ережесі  (74  бап) 
қабылданады.  Съезге  Шыңғыс  болысының  «Қҧрметті  қазағы»  ретінде 
шақырылған.  «Қҧрметті  қазақ»  -  жергілікті  ҽкімшілік  тарапынан  ҧсынылып, 
Дала  генерал-губернаторы  бекітетін  атақ-дҽреже.  Бҧған  аталған  съезд 
қабылдаған  Ереженің  соңына  жазылған  тізімдегі  Абайдың  аты-жҿні  дҽлел 
болады.  
«Билікте ҽділдікпен қатар, осымен егіз сияқты бір мінезі – Абайдың ерекше 
мырзалығы,  жомарттығы,  дҥниеқор  еместігі  болатын»,  -  деп  жазады  шҽкірті 
Кҿкбай Жанатайҧлы естелігінде. Сонымен би-болыстық қызметтер атқарып, ел 

132 
 
басқару  ісіне  де  тҽжірбие  жинақтаған,  мҧсылманша  ғана  емес,  орысша  да 
сауатты, байтақ жҧртқа да, ҽкімдерге де ҿзінің ҽкімшілік, қоғамдық қызметімен 
аты мҽлім қҧрметті азамат.  
Отбасылық  жағдайына  қарасақ:  1895  жылы  Абай  9  баланың  ҽкесі  жҽне  8 
немере  сҥйіп  отырған  ата.  Осы  жылы  Ҽйгерімнен  ҥшінші  баласы  Ізкҽйіл 
(Зікеш)  (1895-1929)  дҥниеге  келеді.  Ақынның  ҿнерлі  баласы  болып  ҿседі. 
Домбыра мен скрипка тартып, ҽн салған.  Арабша оқып, білім алған. 1917 жылы 
Ойқҧдықта  тҧңғыш  рет  қойылған  М.Ҽуезовтің  «Еңлік-Кебек»  пьесасында 
Абыздың ролін ойнаған. 
Туыстық, ел арасындағы жағдайларға келсек: 1891 жылы інісі Оспан қайтыс 
болады.  Бҧл  ақын  кҿрген  қатты  ауыр  қазаның  бірі  болды.  Інісінің  қазасынан 
кейін  осы  кҥнге  дейін  болған  тартыстың  ҽлегі  Абайдың  жеке  басына  тҥседі. 
Міне,  осы  1895  жылдың  15  қарашасында  Абай  тағы  бір  ауыр  қаза  кҿреді. 
Ақынның білімді, талантты баласы Ҽбдірахман 27 жасында қайтыс болады. 
Ҽбдірахман  (Ҽбіш)  –  Абайдың  1869  жылы    24  жасында  кҿрген  баласы. 
Ҽйелі  Ділдҽдҽн  туған.  Абайдың  қатты  сҥйеніш  кҿріп,  зор  ҥміт  қылған 
баласының  бірі.  1882  жылы  ҽкесі  Ҽбдірахманды  Семей  қаласындағы  уездік 
мектепке береді. «Бҧл баласы кейін ҿндіріп оқып кетеді. Абайдың аңсап, тілеп 
кҿп  кҥткені  сол  баласының  келешегі  болатын.  Кҿп  ҥшін  ҿнімді  еңбек  істеп, 
мағыналы  адамшылық  ҧрығын  шашады  деген  жалғыз  ҥміт  сол  еді»,  -  деген 
тҧжырымды  М.Ҽуезов  еңбектерінде  оқимыз.  1886-1889  жылдары  Тҥмен 
қаласындағы  Александров  реалдық  училищесінде  оқиды.  1889-1892  жылдары 
Санкт-Петербургте  Михайлов  артиллерия  училищесінде  3  жыл  оқып  білім 
алады.  
Абай  қорық-мҧражайының  қорында  зерттеу  жҧмыстарының  арқасында 
ҿткен  ғасырдың  80-ші  жылдары  архивтерде  жҧмыс  істеген  аға  ғылыми 
қызметкер  М.Бейсенбав  тауып  ҽкелген  деректер  жеткілікті.  Соның  ҿзінде 
ғалым Ҽбіш туралы деректердің толық емес екендігіне реніш білдіреді: «Семей, 
Омбы, Тобыл, Тҥмен, Мҽскеу, Ленинград, Алматы, Ташкент, Қырым, Кавказ – 
Ҽбдірахманның  ғылым  жолын  қуып,  қызмет  істеп  жҥріп  ҿткен  жолдары.  Жҥз 
жыл  бҧрынғы  сол  жолмен  қайта  жҥріп,  із  кесу  –  бҥгінгі  Абай  айналасын 
зерттеуші ҧрпақтардың ҥлесіне тиген абыройлы да ауыр жҧмыс. Іздеу, зерттеу 
сапарларымыздағы  бір  сҽтсіздік:  Ҽбдірахманның  Семейдегі  уездік  мектепте 
оқыған  жылдардағы,  Ташкент  крепостной  Артиллериядағы  қызметке  барған 
жылдардағы  архив  деректерінің  ҽзірге  табылмай  отырғандығы.  Бҧның  ҿзі 
Ҽбдірахманның  ҿмір  жолын  бастан-аяқ  тҥгелдей  баяндап  шығуға  бҿгетін 
тигізіп  келеді.  Ҽйтсе  де  Ҽбдірахман  жайлы  бізге  архив  қазынасы  кҿптеген 
жайларды  зерттеп  білуге  тҧрарлық  материалдар  берді»,  -  деп  жазады  1988 
жылы  жарық  кҿрген  «Абай  жҽне  оның  заманы»  атты  ғылыми  еңбегінде.  Осы 
айтылған Ҽбдірахман туралы архив деректеріне кҿңіл бҿлейік: 
1886-1889 жылдарда ҥш жыл оқып, 5, 6, 7-ші кластарды бітіргені анықталды 
(Тобыл, Тҥмен архивтері); 
1886-1887 оқу жылы Ҽбдірахман 5-ші класта, оқушылар саны – 23; 
осы  деректерде  оқушылар  тізімі  кҿрсетілген.  Солардың  бірінде  Ибрагимов 

133 
 
деп,  бірінде  Ҿскенбаев  деп,  кейбіреуінде  Ибрагимов-Ҿскенбаев  деп  қос 
фамилиямен жазылыпты; 
оқу  жылы  аяғында  орыс  ҽдебиетінен  «Москва  мен  Киевтің  Россия 
тарихындағы ролі» деген тақырыпта шығарма жазған; 
 осы  оқу  жылы  неміс  тілінен  жазба  емтиханды  Христофор  Колумб 
тақырыбында тапсырыпты; 
1887-1888  оқу  жылында  6-шы  класта  оқып,  орыс  ҽдебиеті  бойынша 
Пушкин,  Гоголь,  Грибоедов,  Державин,  Карамзин  Жуковский  ҿмірі  мен 
шығармаларынан  емтихан тапсырғандығы кҿрсетілген; 
1888-1889  оқу  жылында  7-ші  класта  мамандандыру  бойынша  «Механико-
техническое  отделение»  деген  бҿлімге  ауысқаны  туралы,  т.б.  архив  деректері 
бар. 
Ал  Мҽскеудің  ҽскери-тарих  архивінен  Ҽбдірахманның  толық  қызметін 
баяндайтын  дерек  -  «Полный  послужной  список  подпоручика  Ташкентской 
крепостной артиллерии Габдерахима Ибрагимовича Ускенбаева». Бҧнда келесі 
деректер кҿрсетілген: 
туған кҥні 15 желтоқсан 1869 жыл; 
алған білімі туралы, қайда оқығаны туралы деректер берілген
оқушы кезінде училище қаражатын пайдаланбағаны кҿрсетілген; 
1889 жылы 31 тамызда Александров атындағы реалдық училищені бітірген 
соң,  Санкт-Петербургтегі  Михайлов  артиллерия  училищесіне  тҥскенде 
қатардағы юнкер болады; 
1890 жылы 12 наурызда унтер-офицер дҽрежесі беріледі, 
1892 жылы 8 мамырда портупей-юнкер; 
1892  жылы  тамызда  оқуын  бітірген  соң  подпоручик  дҽрежесіне  кҿтеріліп, 
Ташкенттегі  крепостной  артиллерияға  қызметке  жіберіледі  жҽне  28  кҥндік 
демалыс беріледі. 
1892 жылы толтырылған келесі бір қҧжатта Ҽбдірахманның денсаулығының 
нашар  екенін  жазады.  Сонымен  бірге  Ҽбдірахманның  мінез-қҧлқы  ҿте  жақсы, 
ашық-жарқын, ҿзінің ҽскери қызметіне жауапты, таңдаулы офицер болады, оқу 
орнына қҧрметпен қарайды, жолдастарына ҿте сҥйкімді, басшылар алдында да 
кішіпейіл, олардың пікірлерімен жақсы есептеседі, деген мінездемелер берген.  
Архив  деректерінен  1891  жылдан  бастап  ауырғаны,  емделгені  туралы, 
училищенің бас дҽрігерінің Крымда емделу керек екендігін айтады. «Ҿскенбаев 
ҿткен  1892  жылдың  қысында  лазареттен  шыққан  жоқ:  жаздай  ҽуелі  Одессада, 
одан  кейін  Кавказдағы  Абас-Туман  госпиталінде  болуы  оған  айтарлықтай 
пайдалы  болды.  Подпоручик  Ҿскенбаев  тамыздың  аяғында  Петербургтен 
қызмет  орны  Ташкенттке  кетерде  денсаулығы  недҽуір  жақсарды»,  -  деп 
кҿрсетілген.  Сонымен  осы  жылдың  жазында  Ҽбіш  елге  демалысқа  келіп, 
Мағрипа Сҥлейменқызына (1873-1896) ҥйленеді. «Баласының ризалығымен сол 
Шығыс  еліне  келіп  тҧрып  саудамен  байыған  татар  Ысқақ  дегеннің  баласы 
Сҥлейменнің  Мағрипа  деген  қызын  айттырып  алып  береді.  Ҽбіш  бір  жаздай 
дем алады да Алматыға қызметке жҥрмекші болғанда Мағрипаны ҿзімен бірге 
алып кетеді. Бір жылдай Алматы қаласында қызмет істеп тҧрып Ҽбіш демалыс 

134 
 
алып  елге  келгенде  Мағрипа  екіқабат  болып  қалған  екен.  Енді  ҿз  қолымызда 
босансын  деп  Ділдҽ  келіні  Мағрипаны  алып  қалып  Ҽбіш  Алматыға  жалғыз 
кетеді. Ҽбіш кеткен соң екі-ҥш айдан кейін Мағрипа босанып қыз табады, атын 
Рақила  қояды.  Ҽбіш  Абай  ойлағанындай  ақылды,  білімді,  кейінгі  жастарға 
басшы  боларлық  жігіт  болады.  Ҽкесіне  берген  уағдасы  бойынша  оқитын 
кітаптарын  мезгілінде  жеткізіп  тҧрады.  Ҧғымға  ауыр  сҿздердің  мағынасын 
тҥсіндіріп  жазып  беріп  отыратын  болады»,  -  деп  жазады  Ҽрхам  Кҽкітайҧлы 
естелігінде.  Естелікті  келтіріп  отырғанымыз:  сол  кездегі  толтырылған  ресми 
қҧжаттарда  Ҽбдірахманды  Ташкенттегі  крепостной  артиллерияға  жіберіледі 
делінген.  Ал  Ҽрхам  Кҽкітайҧлы  естелігінде  ол  Алматыда  қызметте болды деп 
жазылған.  Осы  жерде  қайшылық  бар.  Дҽлелдейтін  архив  деректері  жоғарыда 
айтқандай  табылмады.  Мҥмкін,  Ташкент  қамалына  бара  жатып  Алматыда 
бҧйрықпен қалып ҽскері міндетін атқарды ма? Екі қаланың арақашықтығы тура 
жолмен  700  шақырым,  мҥмкін  Ташкентте  қызметте  жҥріп  сырқаты  сыр 
бергеннен  кейін  бері  Алматыға  келді  ме  екен?  Тҿлеу  ақынның  естелігінде: 
«...бірер жыл бҧрын Абайдың Ҽбдірахман деген баласы Жҽркентте ҽскер басы 
болып  тҧрып,  ҿз  ажалынан  ауырып  қайтыс  болған»,  -  деп  жазады.  Ҽбіш 
Жиреншин  жазған  ақынның  ғҧмырнамасында  да  Тҿлеу  ақынның  естелігін 
келтіреді,  онда  «...сонда  отырған  адамдарға  Абай:  «Ҿткенімді  ҿкініш  етіп  не 
қылайын,  бҥгінгі  кҿп  қайғының  ішінде  бір  қайғы  ҿзегімді  жеп  барады.  Ол 
Ҽбіштің  қайғысы.  Ҽбдірахманның  орны  жалғыз  ҿз  балаларымның  ортасында 
емес,  бҽрімізден  ҥздік  жан  еді.  Оқуын  бітіріп,  жаз  демалысқа  елге  келіп, 
Верный, Қаратал жаққа қызметке жҥргелі жатқан мезгілі еді»,  - деп келтіреді. 
Кҿріп отырмыз Тҿлеу ақсақалдың естілігінде де қайшылық бар.  
Ҽбдірахман  Абайҧлы  1892  жылдан  1895  жылдар  аралығында  ҽскери 
қызметте  болады.  Ауыруы  асқынып,  Алматыға  інісі  Мағауияны  шақыртады. 
Сол  жылдың  15  қарашасында  қайтыс  болады.  Сҥйегі  елге  ҽкелініп  Ақшоқыға 
жерленеді.  Оның  қайғысы  ақынға  қатты  батады,  егіліп  кҿп  ҿлең  жазады.  Осы 
жылы жазған 18 ҿлеңдерінің 10-ны Ҽбдірахманға арналған. 
Ҽр  кезде  ақынның  ҧлы  Ҽбдірахманға  арнап  жазған  ҿлең-жырлары  аз 
болмаған. «Патша қҧдай, сыйындым» деген ҿлең мен «Жасымда ғылым бар деп 
ескермедім»  деген  ҿлеңдері  Ғабдырахим  деген  баласы  Тҥмендегі  реальный 
училищеде  оқып  жҥргенде  айтқаны»,  -  деп  жазады  Турағҧл  «Ҽкем  Абай 
туралы»  деген  естелігінде.  Бҧл  ҿлеңдері  1885-1886  жылдары  жазылған.  1894 
жылы  ақын  баласына  арнап  жазған  ҿлеңдерінің  ішінде  «Ҽбдірахман 
науқастанып  жатқанда»,  «Ҽбдірахманға»  («Алланың  рахматын»)  -  бҧл  елден 
аулақ  шетте  қатты  ауырып  жатқан  баласына  ҿлеңмен  жолдаған  сағынышты 
сҽлем  хаттары.  Ақынның  мҧңға  батқан  кҥйінішті  кҿңіл  кҥйін  «Ҽбдірахман 
науқастанып жатқанда» ҿлеңінен айқын кҿреміз: 
Шын жҥрек елжіреп,  
Алладан тілеймін. 
Шын қалқам осы кҥн  
Болып тҧр керекті. 
Жҥрегім суылдап, 

135 
 
Сҥйегім шымырлап, 
Алладан тілеймін 
Қҧпия сыбырлап. 
Ал  «Ҽбдірахманға»  («Алланың  рахматын,  жар  тҧтып  ҽр  неге»)  ҿлеңінде 
ақынның  ҿзінің  дінге  анық  нанған  адам  екенін  танытады.  Осы  жылы  Кҽкітай 
атынан да екі ҿлең жазады: «Ҽбдірахманға Кҽкітай атынан хат» («Тілім, саған 
айтайын»), «Ҽбдірахманға Кҽкітай атынан хат» («Кҿзімнің нҧрысыз»).  
Ҽбдірахман  қайтыс  болғаннан  кейін  жазған  «Ҽбдірахман  ҿлгенде»  ҿлеңі 
«Арғы  атасы  қажы  еді»,  -  деп  басталады.  Ҿз  ҽкесі  Қҧнанбайдың  жақсы 
қасиеттерін сипаттай келіп: 
Олар да тірі қалған жоқ
Тірлік арты ҿлмек-ті. 
Оны да алды бҧл ҿлім, 
Сабырлық қылсақ керек-ті, -  
деп,  ауыр  қайғыны  ақылға  жеңгізіп,  ҿзін  ҿзі  жҧбатады.  Осындай  жҧбатуды 
келесі  «Кешегі  Оспан  ағасы»  атты  ҿлеңінен  де  кҿреміз:  Ҽбдірахманның 
қайғысына толғанып, інісі Оспанды да еске алады: 
        Қадірі қалың, малы кҿп, 
        Қылмаған кімге себепті? 
        Алақолсыз мырза еді
        Оны да алған бҧл ҿлім, 
Сабырлық қылсақ керек-ті. 
Осыдан  басқа  Ҽбдірахманға  арналған  ҿлеңдері:  «Кешегі  ҿткен  ер  Ҽбіш», 
«Ҽбдірахман  ҿлгенде»  («Тҧла  бойың  ҧят-ар  едің»),  «Ҽбдірахман  ҿліміне» 
(«Жиырма  жеті  жасында»),  «Ҽбдірахман  ҿліміне»  («Талаптың  мініп 
тҧлпарын»), «Ҽбдірахманға» («Орынсызды айтпаған»), «Ҽбдірахман ҿлген соң 
ҿзіне  айтқан  жҧбатуы»,  «Ҽбдірахманның  ҽйелі  Мағышқа  Абайдың  айтқан 
жҧбатуы»,    «Ҽбдірахманның  ҽйелі  Мағышқа  Абай  шығарып  берген  жоқтау». 
Мағрипа  (Мағыш)  жарының  сырқаты  жанына  батқан  уайымнан  ҿзі  де  ауруға 
шалдығады. Бір жылға жетпей ауыр қайғыға шыдай алмай қайтыс болады. 
 «Ҽрине,  бҧл  уақыттарда  Абай  терең,  даналықпен  толғайтын  ақынның  ҿзі 
болған.  Сыртқы  ҿмірдің  у  қосып  тартып  жатқан  сыбағасы  бар.  Ҿз  ішінде, 
қалыптанып  толған  сыншы  ақылдың,  бҧны  табынан  ҧзатып  ҽкететін 
жалғыздығы  бар.  Оның  ҥстіне,  жанына  сҥйеніш  санап,  тіршілігіне  жҧбаныш 
қылған  сҥйікті  жандарының  ҿлімі  бар.  Осының  бҽрі  жиналған  соң  бар 
сотқармен алысып жҥрсе де, Абай ҿлеңді ҿз жҥрегінің тынысы сияқты қылып 
алған.  
Сондықтан  Лермонтовтай  ақындардың  ҿлеңдерін  қазақшаға  аударса,  сол 
сҿздерді  қҧр  ғана сыртқы  келісімін  сҥйгендіктен  аудармайды.  Барлығын да ҿз 
жҥрегіне  тҥсінікті,  ҿз  халіне  жанасатын,  ҿзінің  ҽлеуметтік  мҧң-арманына  тап 
келетін  жҽне  ҿз  қиялына  ҥйлесетін,  ерекше  бір  жақындығы  болғандықтан 
аударады»,  -  деп  жазады  М.Ҽуезов.  1895  жылы  Лермонтовтан  2  аударма 
жасаған: «Махаббат, достық қылуға»,  «Рахат, мені тастап қоймадың тыныш». 
Осыдан басқа «Талай сҿз бҧдан бҧрын кҿп айтқанмын», «Аш қарын жҧбана ма 

136 
 
майлы  ас  жемей?»,  «Балалық  ҿлді,  білдің  бе?»,  «Лай  суға  май  бітпес  қой 
ҿткенде»,  «Ҿлсе  ҿлер  табиғат,  адам  ҿлмес»,  «Немере  інісі  ҿлгенде  айтқаны» 
атты ҿлеңдерін жазады. Осындай «жҥрегінің тынысы» сияқты ҿлеңдер жазумен 
бірге қайғылы оқиғаны бастан кешумен Абай ҿміріндегі 1895 жыл ҿтеді. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Мҧхтар  Ҽуезов.  Абай  Қҧнанбаев.  Мақалалар  мен  зерттеулер.  –Алматы: 
Ғылым, 1967. – 71-72 б. 
2.
 
Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.  – Алматы: Жазушы, 
1995. Бірінші том. – 227-241 б.  
3.
 
Абай Қҧнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. –Алматы: 
ҚМКҼБ, 1961. – 45 б. 
4.
 
Бейсенбай  Байғалиев.  Абай  ҿмірбаяны  архив  деректерінде.  –Алматы: 
Арыс, 2001. – 40 б. 
5.
 
Турағҧл  Абайҧлы.  Ҽкем  Абай  туралы.  /Абай  туралы  естеліктер.Абай 
мҧражайының кітапханасы. –Семей, 2013. –158 б. 
6.
 
Мҧздыбай Бейсенбаев. Абай жҽне оның заманы. –Алматы: Жазушы, 1988. 
-87, 91-92 б. 
7.
 
Кҿкбай ақсақалдың естелігі. /Абай туралы естеліктер.Абай мҧражайының 
кітапханасы. –Семей, 2013. –174 б.   
8.
 
Абай  қорық-мҧражайының  архиві:  КП-1766,  1767,  1768  ҼОЖ   
811.512.122: 37.09.   
 
ҼОЖ 811.512.122:37.09 
САЙДУЛЛАЕВА И.К., КАРАБАЕВА Ҧ.Ж. 
№32 Жалпы орта білім беретін мектеп, ШҚО, Семей қ., Қазақстан 
 
АБАЙДЫҢ «ҚАРА СҾЗДЕРІНІҢ» ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Абайдың  қара  сҿздері  мектеп  оқушылары  ҥшін  ҿзінің  жанры  жағынан  да, 
тақырыбы мен мазмҧны жағынан да барынша жаңа дҥние. Олар бҧған дейінгі 
жерде бҧл іспеттес стильде туған сҿз ҥлгісін оқыған емес. Тҧтас кҥйінде ой мен 
пікірге  қҧрылған  философиялық  –  психологиялық  ҽрі  педагогикалық  ҧғымға 
толы осындай сҿз ҥлгісінен керегін тауып та, оны талдап та машықталған емес. 
Бҧлардың сыртында ҧлы ақынның терең ой мен кҥрделі мазмҧнға ие ірі діни – 
философиялық  тағы  басқа  терминдік  мҽнге  ие  сҿздері  кҿп  бҧл  шығармаларын 
ғылыми  тҥсініктемесіз  жете  ҧғыну  мҥмкін  емес.  Міне,  Абай  «Қара  сҿздерін» 
оқытқанда,  мҧғалімнен  шығармаларының  осындай  ҿзіндік  жанр  ҽрі  мазмҧн 
ерекшелігін бірінші кезекте ескеру, оны оқытудың методикасын оқушылармен 
жҥргізілетін,  олар  тарапынан  істелетін  жҧмыс  тҥрлерін  осы  ерекшеліктер 
тҧрғысынан келіп табу, талдау талап етіледі. 
Абай  ҽдебиетті  қараңғы  қауым  ҥшін  тҽрбиеші  ретінде  пайдаланылған,  ҿз 
творчествосының ҿзекті бір саласы етіп «Қара сҿзді» пайдаланды. 

137 
 
Мектеп  оқушыларының  ҽр  жақты,  кең  тҥсінуі  ҥшін  Абай  «Қара  сҿздерін» 
тақырып,  айтайын  деген  ой  тҧспалдары  бойынша  оның  ҿлеңдерімен  тығыз 
байланыстырып  етсе  нҧр  ҥстіне  нҧр  болар  еді.Мысалға  «Ғылым  таппай 
мақтанба» ҿлеңіндегі: 
Жамандық кҿрсең нҽфрҽтлі 
Суытып кҿңіл жисаңыз. 
Жақсылық кҿрсеі ғаибратлы 
Оны ойға жисаңыз. 
Ғалым болмай немене, 
Балалықты  қисаңыз?  –  дегендей  ой  тҥйінін  «Он  тоғызыншы»  сҿзіндегі: 
Адам  ата  –  анадан  туғанда  есті  болмайды:  естіп,  кҿріп,  ҧстап,  татып  ескерсе, 
дҥниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, кҿргені кҿп болған 
адам білімді болады. Естілердің айтқан сҿздерін ескеріп жҥрген кісі ҿзі де есті 
болады. Сол естілерден есітіп білген жақсы нҽрселерді ескерсе, жаман дегеннен 
сақтанса,  сонда  іске  жарайды,  срнда  адам  десе  болады»  деп  одан  ҽрі  кеңіте 
отырып дамытатынын кҿруге болады. Осылай   салыстыра  отырып  меңгерту 
ақынның  шығармашылығын  талдауда  ерекше  баспалдақ.  Бҧның  сыртында 
тҿмендегідей қосымша мҽлімет беру тағы бар. 
Ҿлеңдері мен қара сҿздерін қоса алғанда, Абай шығармаларында елуден аса 
мақал  –  мҽтел  бар  екен.  Абай  ҽр  мақалды  ҿзінің  керегіне  жаратып,  айтайын 
деген пікіріне лайықты тҥрде қолданады. Халықтың ел бірлігі туралы даналық 
сҿздерін  басшылыққа  ала  отырып,  Абай  «ҥшінші  сҿзі»  мен  «он  тоғызыншы 
сҿзінде»  бірлік туралы айтады. Ҿзінше қҧрып, жаңаша мазмҧн беріп халықтың 
мақал  –  мҽтелдерін  қолдану,  пайдалануда  Абайдың  ҿзіне  дейінгі  ақындардан 
ерекшелігін оқушыларға айта кеткен дҧрыс. «Жалтырағанның бҽрі алтын» дей 
бермейді.  Кейбіреулеріне  сын  кҿзімен  қарап  «жиырма  тоғызыншы  сҿзі  мен 
бесінші сҿзінде» қазақ мақал – мҽтелдеріне сын айтады. 
Абай  «Қара  сҿздерінде»  араша  тҧтас  тіркестер  мен  сҿйлемдерді  ғана  емес, 
орыс  сҿздерін  де  қолданған.  Олар  43  сҿзіндегі  подвижный  элемент,  сила 
притягательнаяоднородного  жҽне  впечатлительность  сердце  дегендер. 
Мҧндай ҧғым аттарын орысша алып, ҽрі қарай сҿздердің емес, ҧғымның мҽнін 
қазақшалап  тҥсіндіреді.  Бҧл  тҽсілде  Абайдың  қазақ  ҽдеби  тіліне  кіргізген 
жаңалығы екенін баса атап кеткен орынды. Яғни, ақынның кҿздеген мақсаты – 
ҧғымдардың атын емес, затын білдіру екендігі байқалады. 
Абай прозасынан басқа да орыс сҿздерін кездестіруге болады. 
1) Оған дознание – тергеу шығады (3 сҿз, 98-б, II том); 
2) Ҽуелі қызмет қҧмар қазақ балаларына оброзование беруге ол да пайдалы 
іс (3 сҿз, 98-б, II том); 
3)  ...  уезный  начальник  бірден  военный  губернатордың  назначениясын 
бірден болады десе...(3 сҿз, 99-б, II том); 
4) ...ҥстіне біреуді посредникке сайлап алып... (3 сҿз, 100-б, II том). 
Ҿз шығармашылығына бҿтен сҿздерді кіргізу қажеттіліктен, халыққа айтпақ 
ойын толық жеткізуден ткындаса керек. Ҿйткені Абай: 
        «Бҿтен сҿзбен бҧлғанса сҿз арасы 

138 
 
         Ол – ақынның білімсіз бейшарасы. 
         Айтушы мен тыңдаушы кҿбі надан, 
Бҧл  жҧрттың  сҿз  танымас  бңо  парасы»  -  деп,  жҧртты  тіл  тазалығына 
шақырады. 
Абай  прозасының  синтаксистік  қҧрылысы  да  ерекше,  кҥрделі  екендігін 
оқушыларға жете тҥсіндіріп отырамыз. Олар қҧрамы мен қҧрылысы жағынан ҽр 
тҥрлі.  Бірнеше  жай  сҿйлемдерден  қҧралған  қҧрмалас  сҿйлемдер  кездеседі. 
Мысалы,  33  –  сҿзінде  17  жай  сҿйлемнен  тҧратын,  28  –  сҿйлемінде  8  жай 
сҿйлемнен тҧратын қҧрмалас сҿйлемдер кездеседі. 
Ҧзын  –  ҧзақ  сҿйлемдердің  екінші  тобы  –  бірыңғай  мҥшелердің  есесінен 
жасалғандар. Ҿлеңдері тҽрізді, прозасында да бірыңғай мҥшелерді жиі қолдану 
– Абай стиліне тҽн тҽсілдердің бірі жҽне бірыңғай мҥшелер сан жағынан екі  – 
ҥш емес, одан да кҿп болып, шоғырланып келуі жиі. 
1) ... ҽйтеуір бір талайҿмірімізді ҿткіздік: алыстық, жҧлыстық, айтыстық, 
тартыстық...    (1 сҿз, 95-б, II т.)  
2) Оның діні, қҧдайы, халқы, жҧрты, білім – ҧяты, ары, жақыны, бҽрі – 
мал.  
(8
 
сҿз, 105-б, II т.) 
3) Анттың, серттің, адалдықтың, ҧяттың бір жоқтаусыз кетекні ме?(11 сҿз, 
108-б, II т.) 
4) Біздің қазақтың ҿнер, достығы, дҧшпандығы, мақтаны, мықтылығы, 
мал іздеуі, іздеуіжҧрт тануы ешбір халыққа ҧқсамайды. (24 сҿз, 119-б, II т) 
5)  Ішпек,  жемек,  кҥлмек,  кҿңіл  кҿтермек,  қҧшпақ,  сҥймек,  мал  жинақ, 
мансап іздемек,айлалы болмақ...(43сҿз, 162-б, II т) 
Бірыңғай мҥшелер бастауыштың, баяндауыштың, анықтауыш, толықтауыш, 
пысықтауыштардың  қызметтерінде  жҧмсала  береді.«Бірыңғай  мҥшелердің 
қайталап шылаумен келуі Абайда жҥйелі нормаға айналған деуге болады. Қазақ 
прозасының  ішінде  тҧңғыш  рет  шылауларды  ҽрбір  бірыңғай  мҥшелермен 
немесе бірыңғай жай сҿйлеммен қолдану жиілігі жағынан да, белгілі бір тҽртібі 
жағынан  да,    Абай  «Қара  сҿздері»  кҿзге  тҥседі  де,  Абай  осы  салада 
нормализатор болып шығады. Р.Сыздықова ( «Абай шығармашылығының тілі» 
Алматы 1968). 
Осы  пікірді  басшылыққа  ала  отырып,  тҿмендегі  мысалдарды  келтіруге 
болады. 
1) Не тҥрлі болса да, я дҥниеңнен, я ақылыңнан, я мойыныңнан ғадалҽт...(38 
сҿз, 151-б,II т.) 
2)  Кең  толғау,  ҥлкен    ой  жоқ,  не  балуандығы  жоқ,  не  батырлығы  жоқ,  не 
ақылдылығы, не арлылығы жоқ.(38 сҿз, 159-б, II т.) 
3)  Ҽрбір  уайым  –  қайғы  ойлағыш  кісі  не  дҥние  шаруасына,  не  ахриет 
шаруасына...(4 сҿз, 100-б, II т.) 
Абай  шылауларды  ғана  емес,  ҿзге  де  сҿздереге  реңк  ҥшін,  назар  аударту 
мақсатымен  қайталап  қолданған.  Мысалы:  22  –  сҿзінде  «қадірлейін  десең, 
қҧрметтейін  десең»  деген  екі  тіркес  6  жолда  да  қайталанып  келеді: 
«мырзаларды қадірлейін десең, байды қадірлейін десең...». 

139 
 
Абайдың  40  –  қара  сҿзінде  17  абзацы  қалай  есімдігінің  қайталанып 
айтылуымен қҧралған да, 3 абзацы несі деген сҧрау есімдігінің қайталануымен 
жасалған. 
Синтаксистік  параллелизмдер  –  Абай  ҿлеңдерінің  ең  кҿрнекті  ситльдік 
белгілерінің  бірі.  Бҧл  тҽсілді  едҽуір  мҿлшерде  прозаның  тілінде  де 
пайдаланғаны кҿрінеді. 
 «Дҥние  –  ҥлкен  кҿл,  заман  –  соққан  жел»  немесе  «жоқ  тіленші  –  адам 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет