Сборник материалов международной научно практической конференции


БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата02.03.2017
өлшемі2,28 Mb.
#5139
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Кайбалдиева Б.Т., Калиева С.С., 
№29 орта мектебі
Қазақстан, Ақтӛбе 
 
«Тегінде,  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  білім,ар,  мінез  деген  қасиеттермен 
озады»,-деген  ҧлы  ақын  Абай  сӛзі  барлық  уақытта  ӛз  мәнін  жойған  емес.  Озық  ойлы 
білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, ӛзгеруіне ӛз ҥлесін қосады. Сонымен 
қатар,  «Халық  пен  халықты  теңдестіретін  –  білім»-  деп  қазақтың  абызы  Мҧхтар 
Әуезовтың  айтқанындай,  білім  бәсекесіне  бейім  шәкірт  тәрбиелеу  –  біздің  ӛмірлік 
мақсатымыз.  Осы  орайда  ҚР  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жҥйесінің  басты 
міндеті  –  ҧлттық  және  азаматтық  қҧндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдарға  бағытталған  білім  алу 
ҥшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім 
беру  жҥйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттері  кӛзделген,  сонымен  қатар  оқытудың  жаңа 
технологияларын,оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек 
нарығының  ӛзгеріп  отыратын  қажеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін  кредиттік, 
қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  енгізу  және  тиімді 
пайдалану міндеті қойылған. 
Осы  жӛнінде  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
Қазақстан 
халқына 
Жолдауында 
«Қазақстан-2050» 
Стратегиясында 
«Біз 
қалайтындардың  барлығы  ҥшін  қашықтан  оқытуды  және  онлайн  режимінде  оқытуды 
қоса,  отандық  білім  беру  жҥйесіне  инновациялық  әдістерді,  шешімдерді,  қҧралдарды 
қарқынды  енгізуге  тиіспіз»  деген  сӛзін  басшылыққа  ала  отырып,  отандық  білім  беру 
жҥйесіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  енгізе  отырып  оқушылардың  білім 
сапасын арттыруымыз қажет. 
Бҥкіл  дҥниежҥзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  қазіргі  кезде 
Қазақстанда  білімнің  жаңа  жҥйесі  қҧрылуда.  Бҧл  ҥрдіс  педагогика  теориясы  мен  оқу-
тәрбие  ҥрдісіне  нақты  ӛзгерістер  енгізумен  қатар  елімізде  болып  жатқан  тҥрлі 
бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын кӛзбен 
бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мҧғалім іс-
әрекетін жаңаша тҧрғыда ҧйымдастыруды талап етеді. 
Келер  ҧрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мҧғалімдердің 
инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеру  –  маңызды 
мәселелердің  бірі.  Осы  ретте  білім  жҥйесіне  оқытудың  жаңа  инновациялық 
технолгиялары енгізіліп отыр.  
Инновациялық технолгия бҧл педагогтердің жеке басының шығармашылық кҥш-
қуатын  ӛрістетеуді  қамтамасыз  етудегі,  адамаралық  және  іс-әрекеттегі  қарым-
қатынасты жоғарылатудағы, кәсіби еңбектегі адмгершілік жҥйе болып табылады. Осы 
тҧрғыдан қарағанда, ҧлттық тәрбие мен мәдениетті бойына сіңірген XXI ғасырдың жан-
жақты  дамыған  шығармашыл  жеке  тҧлғасын  қалыптастыруда  оқу-тәрбие  ҥрдісіне 
инновациялық  іс-әрекеттердің  ендірілуі  жетекші  орын  алады.  Сондықтан  оқыту  мен 
тәрбиедегі  жаңа  технология  инновациялық  идеяларды  енгізу,  жаңарту  нысаны  болып 
табылады. 

 
66 
Инновациялық ҥрдістерді ендіру ҥш ӛзара байланысты кҥшпен анықталады: 
енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; 
жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен
жаңалықты енгізу жолдарымен. 
Инновациялық  технологияларды  меңгеру  мҧғалімнен  асқан  кәсіптік  шеберлікті, 
арнайы дайындық пен ізденісті, сауттылықты талап етеді. Инновациялық оқыту білімді 
тереңдетумен  қатар  оқушыны  оқу  әрекетіне  жетелеп,  олардың  оқуға  деген  ынтасын 
оятады.  Мҧндай  жаңа  технологиялар  шығармашылық  қабілеттің  дамуына  жағдай 
туғызады.  
«Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгерту 
мҧғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа 
кӛптеген  адами  қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  ӛзін-ӛзі  дамытып,  оқу-
тәрбие  процесін  тиімді  ҧйымдастыруына  кӛмектеседі»,  -  деп  кӛрсетеді.  Мектеп 
мҧғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: 
Инновация туралы білімі
Инновацияны жан-жақты меңгеру
Инновацияны тәжірибеге ендіру жҧмыстары; 
Инновацияны практикада дҧрыс қолдану. 
Білім беру ҥрдісіне қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат 
алды.  Жаңашыл  педагог  ғалымдар:  Ш.А.  Амоншвили  білім  беруді  ізгілендіру 
технологиясында  баланың  жаны  мен  жҥрегіне  жылылық  ҧялату,  танымдық  кҥшін 
қалыптастыру,  дамыту,  білімін  кеңейтуге,  тереңдетуге  жағдай  жасау  мақсатын 
кӛздейді.  В.Ф.  Шаталовтың  белгі  және  сызба  ҥлгілері  негізінде  қарқынды  оқыту 
технологиясының  ерекшелігі:  материалдар  ірілендіріліп,  блоктық  тҥрде  тірек 
сызбалары арқылы беріледі. С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, 
перспективалық жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмҧнының 
жҥйелігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. 
Белгілі  ғалым  А.  Маслоу  тҧлғаның  –  қиындыққа  дайын  болу,  қарым-қатынас, 
таным,  сыйластық,  қауіпсіздік,  шығармашылық,  ӛзін-ӛзі  жетілдіру,  ӛзін-ӛзі  бекіту  т.б. 
қажеттілік 
жҥзеге 
асса, 
оның 
танымдық 
қҧрылымының 
дамитынын, 
қызығушылығының  қалыптасатындыған  ескертеді,  сонда  ғана  осы  қажеттілік 
қанағаттандырылса,  қызығушылығы  қалыптасса,  тҧлғаның  белсенділігі  артатыны 
белгілі. Танымдық ҥрдісті дамытуда жҥйелі білім берудің маңызы зор.  
Бҥгінгі  кҥні  Қазақстанда  білім  берудің  ӛзіндік  ҧлттық  ҥлгісі  қалыптасуда. 
Педагогика  ғылымында  баланың  тҧлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту 
технологияларын  шығаруға  ҧмтылыс  кӛбеюде.  Инновациялық  ҥрдістің  негізі  – 
жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жҥзеге асырудың тҧтастық қызметі. Кез келген 
жаңа  әдіс  жекелік,  сондай-ақ  уақытша  жоспарға  жатады.  Бҧл,  бір  мҧғалім  ҥшін 
табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа мҧғалім ҥшін ӛтілген материал тәрізді. Инновация 
білім  деңгейінің  кӛтерілуіне  жағдай  туғызады.  Кейінгі  кезде  ғалымдар  ӛз 
зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.  
Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту  ҥрдісін  ҧйымдастыру  жаңа 
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа педагогикалық технологиялар 
оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға ӛз ҥлесін қосады. 
Инновациялық  оқыту  білімді  тереңдетумен  қатар  оқушының  оқу  әрекетіне 
жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. 
Оқушылардың  танымдық  ой  белсенділігін  қалыптастыруда  ойын  сабақтарын 
ӛткізу  оқушыларды  ӛз  бетінше  ізденуге,  ойлау  қабілетін  арттыруға,  тапқырлыққа 
баулиды.  Сондықтан  оқушылар  сҧрақтар  мен  сӛзжҧмбақтарды  шешу  ҥшін  ӛтілген 
материалды  ҥнемі  қайталап  отыруды  әдетке  айналдырады.  Оқушылардың  сабаққа 
деген  ынтасы  артып,  олардың  шығармашылық  ой-ӛрістерін,  тҥсінік-танымдарын 
еселеп,  арттыра  тҥседі.  Ойын  сабақ  оқушылардың  логикалық  ой-ӛрісін,  сана-сезімін 

 
67 
дамытуда,  олардың  әр  тҥрлі  шамалар  мен  бірліктердің,  терминдер  мен 
заңдылықтардың, 
қҧбылыстар 
мен 
ӛзгерістердің 
атын 
есте 
сақтауға 
кӛмектеседі.Сабаққа дайындық барысында оқушылар кӛмекші қҧралдар мен анықтама 
кітаптарды  пайдаланады,  яғни,  оқушылардың  ӛз  бетінше  шығармашылық  ізденіспен 
жҧмыс жасау қабілетін арттырады. 
Оқыту  технологияларының  барлығы  да  –  қазақ  тілі  сабақтарын  тиімді  ӛткізудің 
кӛзі. Бҧл технологиялардың мақсаты – балаларға сапалы да терең білім беру, олардың 
дағдылары  мен  есте  сақтау  қабілеттерін  жетілдіре  отырып,  еркін  сӛйлеу  дәрежесіне 
жеткізу. 
Сын  тҧрғысынан  ойлау  технологиясы  бойынша  мақсатқа  жету  оқушының  ӛзі 
арқылы,  іс-әрекеті  арқылы  жҥзеге  асады.  Мҧғалім  –  ҧйымдастырушы,  бағыт  беруші. 
Оқушыларға  қойылатын  талап:  оқы,  тҥсін,  тҥсіндір,  болжай  біл,  талда,  салыстыр, 
жинақта, ӛзіңе-ӛзің сын кӛзбен қара. Сонымен қатар мақсатқа жету  ҥшін оқушыларға 
ҥнемі сҧрақ қойып отыру керек. Не? Қалай? Не ҥшін қажет? Ӛмірде пайдалана аламыз 
ба? Осы сҧрақтар арқылы мҧғалім мен оқушы арасында іс-әрекетті анықтауға болады. 
Сын  тҧрғысынан  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдері  оқушылардың  сабаққа  деген 
ынтасын,  қызығушылығын  арттырады  және  «ҥнсіз»  оқушылардың  ашылуына 
мҥмкіндік  жасайды.  Сабақтарда  «ДЖИКСО»,  «РАФТ»,  «6  телпек»  т.б.  стратегиялар 
тақырыпты  меңгеруге  жол  ашады.  Осы  технология  стратегияларының  оқушы  бойына 
адамгершілік, тҧлғалық қасиеттер қалыптастыруға атқаратын рӛлі зор. 
Білім  беруді  дамытудың  жалпы  тенденциялары  білім  алушылардың  білім  мен 
біліктерін елеулі  тҥрде кӛтерумен шектелмейді, сонымен қатар оларыдың  мәдениетін, 
қабілетін,  барынша  дамытуды  бала  денсаулығын  сақтап  нығайтуды,  адамгершілік 
қҧндылықтар  жҥйесін  қалыптастыруды  кӛздейді.  Қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру 
жҥйесіндегі  реформалар,  ӛзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог  қауымының 
ойлауына,  ӛткені  мен  бҥгіні,  келешегі  мен  болашағы  жайлы  толғануына,  жаңа 
идеялармен,  жаңа  жҥйелермен  жҧмыс  жасауына  негіз  болып  отыр.  Қазіргі  қоғамда 
оның  дамыған  ақпараттық  мәдениетімен  ақпараттық  білім  беруді  ҧйымдастыру  аса 
маңызды болып табылады. 
«Ғылым  қалғып  кетсе  қараңғылық  бас  кӛтереді»  дегендей,  заман  талабына  сай 
жаңа технологиялармен жҧмыс жҥргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал 
етеді.  Алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  жетілдіре  отырып,  оқу  ҥрдісіне  жаңа  әдіс-
тәсілдерді,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізіп,  білім  алушылардың  жалпы 
дамуын  қамтамасыз  ету  керек.  Бала  жаны  жаңалыққа  қҧмар,  білмегенін  білгісі  келіп, 
белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан әр мҧғалім олардың осы талпынысын 
дамытуға кӛңіл бӛлу тиіс.  
Білімді  меңгеру  тек  қана  заңдылықтарды,  ережелерді  есте  сақтау  арқылы  емес, 
оны  ӛздері  логикалық  талдау  жасай  отырып,  алған  білімдерін  орынды  пайдалана 
білгенде ғана жҥзеге асатынын естен шығармауымыз керек. 
Жас  ҧрпаққа  сапалы  білім  мен  ҧлағатты  тәрбие  беру,  ӛміріне  жолдама  алуына 
жағдай  жасау  ҥшін  білім  беру  ісін  әлеуметтендірудің  маңызы  зор.  Қазіргі  уақытта 
мектеп реформасына кӛптеген бір жақты ӛзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы 
жҥйесі тҥгелімен ӛзгеріп келе жатқаны белгілі. Білім беруде тиімді нәтижеге жету ҥшін 
оқыту  әдістері  мен  қҧралдарын  іріктеу,  технологияны  таңдау,  оқу  ҥрдісін  қҧру  – 
мҧғалім қҧзырындағы іс. 
Қалыптасып  келе  жатқан  жеке  тҧлғаға  деген  талаптар  қазіргі  заманда  кӛлемді 
болып келеді. Негізгі талаптардың бірі білім берудің жоғары деңгейі болып табылады, 
сонда  ғана  әлеуметтік,  саяси,  ғылыми  және  басқа  да  салаларда  болып  жатқан  жедел 
жағдайларға тез бейімделе алады. 
Бҥгінгі  қоғамның  негізгі  де  басты  мақсаты  оқушыны  жаңа  ӛмір  жағдайына 
дайындап, болашақ білім жҥйесін қалыптастыру. Білім сапасының жоғары болуы – бҧл 
біздің қоғамымыздың ертеңі. 

 
68 
Мектептің басты мақсаты ӛсіп келе жатқан ҧрпақты ӛмірдің тҥрлі ағымына икемді 
етіп  дайындау.  Қазіргі  нарық  экономикасы  тҧсында  қоғамның  қарқынды  дамуын, 
ғылыми, тиімді ақпараттарды уақытында нәтижелі сапалы қолдану керек. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Алматы, 2010 ж. 
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың 
«Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттік  жаңа  саяси  бағыты»  атты 
Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012 ж. 
3.  Абрашева  Қ.  «Инновациялық  білім  беру  –  нәтижеге  жету  кепілі»,  «Мҧғалім 
шеберханасы», №5 2012 ж. 
4. Садуақасова Д. «Қазақ тілін сын тҧрғысынан оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
2008 ж. 
5. Тҧрғынбаева Б. «Теория және тәжірибе» Алматы, 2005 ж. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Кереймаганбетова Ж.Н., 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік университетінің 
психология магистрі, 
Қазақстан, Ақтӛбе 
 
Қазіргі  білім  берудің  мақсаты  білім,  білік,  дағдымен  қаруландыру  ғана  емес, 
солардың  негізінде  дербес,  ӛзгермелі  қоғамда  лайықты  ӛмір  сҥріп,  жҧмыс  жасай 
алатын,  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке  –  ақпаратты  ӛзі  іздеп  тауып,  ҧтымды 
пайдалана  алатын,  жоғары  мәдениетті  қарым-қатынасқа  тҥсе  алатын  тҧлғаны 
қалыптастыруды  талап  етіп  отыр.  Қазақстан  Республикасындағы  2015  жылға  дейінгі 
білім  беруді  дамытудың  тҧжырымдамасында  білім  берудің  негізгі  міндеті  –  білімдік 
шоғырланудан нәтижеге бағытталған қҧзыреттілік тҧрғыға кӛшу деп кӛрсетілген. 
Оқытудың  дәстҥрлі  жҥйесінде  білікті  мамандар  даярлайтын  жоғары  оқу 
орындарының басты мақсаты  – мамандықтарды игерту ғана болса,  ал қазіргі мақсат  - 
әлемдік  білім  кеңестігіне  ене  отырып  бәсекеге  қабілетті  тҧлға  дайындауда  адамның 
қҧзырлылық қабілетіне бағдарланған білім беру жҥйесін ҧсыну. 
Психология  ғылымында  «қҧзыреттілік»  ҧғымына  қатысты  нақты  тҥсініктер 
қалыптасқан. Сонымен қатар бҧл ҧғым іс-әрекетті жҥзеге асыруда білім, білік, дағдыны 
қамтиды  (А.Н.  Журавльев,  Н.Ф.  Талызина,  Р.К.  Шакурова  және  т.б.).  Олай  болса 
психология  ғылымында  «қҧзыреттілік»  танымдық  (когнитивтік),  пәндік-практикалық 
және  жеке  ӛзіндік  тәжірибелер  жиынтығы  ретінде  тҥсіндіріледі.  Жас  ерекшелігіне 
қарай балалардың қҧзыреттілігі ӛткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, 
этникалық  және  әлеуметтік-экономикалық  формалардың  әсер  ету  дәрежесіне  тікелей 
байланысты болады. 
«Қҧзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген болатын, 
алғашында  ол  ана  тілінде  нақты  тілдік  қызметті  орындау  ҥшін  қажет  қабілеттіктер 
деген тҥсінік берді. 
«Қҧзыреттілік» ҧғымы бҥгінгі кҥні  оқыту ҥдерісінде білімді қолданудың ақырғы 
нәтижесі  ретінде  қарастырылуда.  Оқыту  ҥдерісінде  «қҧзыреттілік»  ҧғымы 
студенттердің  білімі  мен  тәжірибесін,  дағдылары  мен  біліктерін  белгілі  бір  мәселені 
шешуде  қолдануы.  Оқыту  ҥдерісіндегі  қҧзыреттіліктерге  ғалымдар  әртҥрлі 
анықтамалар берген. 
Л.М.  Митина  «қҧзыреттілік»  ҧғымына  «білім,  дағды,  білік,  сонымен  қатар 
практикада, тілдесімде, жеке тҧлғаның ӛзін-ӛзі дамытуда қолданатын тәсілдері» деген 
анықтама береді. 
Г.Ж. Ниязова зерттеу жҧмысында «қҧзыреттілік» ҧғымына «Білім беру қҧзырлары 
-  бҧл  студенттің  мағыналық  бағдарлары,  білімдері,  біліктіліктері  мен  тҧлғалық  және 

 
69 
әлеуметтік  іс-әрекетін  жҥзеге  асыруына  қажетті  нақты  анықталған  объектілер 
шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы»деп,-анықтама береді. 
Б.Т.  Кенжебеков  қҧзыреттілік  жӛнінде:  «Қҧзыреттіліктің  бар-жоғын  адам 
еңбегiнiң  нәтижесiне  қарап  пайымдау  кажет.  Кез  -  келген  қызметкер,  ӛз  әрекетiмен 
кәсiби  iс-әрекеттiң  тҥпкi  нәтижесiне  сай  талаптарға  жауап  беретiн  жҧмыстарды 
орындаса ғана, кәсiби кҧзыреттi болып саналады» -,деп, анықтама береді. 
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «қҧзыреттілік» ҧғымына  – 
студенттердің  жеке  тҧлғалық  психологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  меңгерген 
білімдерін,  дағдылары  мен  біліктерін,  танымдық  және  тәжірибелік  іскерлігін  ӛмірде 
дҧрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз. 
Студенттердің  кәсіби  қҧзыреттілік  мәселелері  туралы  пікірлер  кәсіби  маман 
даярлау  мәселелерімен  айналысып  жҥрген  отандық  және  шетелдік  ғалымдар, 
педагогтар, психологтар еңбектерінде кӛрініс табуда. Бҥгінгі кҥні шетел ғалымдарының 
еңбектеріндегі  кәсіби  қҧзыреттілік  анықтамалары  «тереңдетілген  білім»,  «міндетті 
шешудегі теңдік жағдайы», «қызметті орындаудағы қабілеттілік» ҧғымымен мағыналас 
болып келеді. 
Кӛбіне бҧл ҧғым кәсібиліктің жоғары деңгейін бейнелеуде қолданылады. Кейбір 
авторлардың  еңбектерінде  «кәсіби  қҧзыреттілік»  ҧғымы  «кәсіби  қызметке  даярлық» 
және «педагогикалық кәсібилік» ҧғымымен теңестіріледі. 
Қазіргі педагогика сӛздігінде «кәсіби қҧзыреттілік» адамның ӛзіндік кәсіби білім 
деңгейімен,  тәжірибесімен  және  жеке  қабілеттерімен,  ӛз  білімін  ҥздіксіз  кӛтеруге 
ҧмтылысымен,  ӛзін-ӛзі  жетілдірумен,  іске  деген  шығармашылық  және  жауапты 
қатынасымен анықталады. 
Болашақ  маманның  кәсіби  қҧзіреттілігін  қалыптастыру  туралы  мәселе  ғалымдар 
арасында пікір қайшылықтар мен жаңа ойлар тудыруда. Тҧлғаның кәсіби процесін кӛп 
жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік қҧзыреттілігімен байланыста қарастырады. 
Д.  Дьюи,  У.  Уоллер,  М.  Мид,  К.  Юнг,  П.  Сорокин,  Ф.  Знанецкий  сынды 
философтар  кәсіби  қҧзыреттілікті  адамның  ортаға  ҥйренуіне  қажетті  әрекеттер  тҥрі 
ретінде  қарастырады.  Олар  адамның  мамандығы  оның  белгілі  бір  нәрсеге  деген 
қызығушылығын  тудыратынын,  ӛзқарасын  қалыптастыратынын,  мақсатқа  жетуге 
талпындыратынын,  ортақ  пікір  алмасуға  жетелейтінін  айтады.  Д.Л.  Томпсон, 
Д.Пристли кәсіби қҧзыреттілікті жҥйелі тҥрде алынған білім мен жоғары адамгершілік 
нормалар мен педагогтік кодексінің нәтижесі ретінде анықтайды.  
Кәсіби  қҧзыреттілік  ең  алдымен  студенттің  ақпаратты  сауаттылығы  мен  кез-
келген мәселені  дҧрыс шеше білу қасиетінен кӛрініс табады. Студент қоғам талабына 
сай  ӛзін-ӛзі  ҥздіксіз  жетілдіріп  отыратын,  кәсіби  білімді,  жаңа  технологияларды 
меңгерген,  ортамен  қарым-қатынасқа  тез  бейімделе  алатын,  ҧйымдастырушылық 
қабілеті  жоғары,  тәжірибесі  мол,  т.б.  қасиеттерді  жинақтағанда  ғана  кәсіби  қҧзыретті 
маман бола алады. 
В.А.  Сластениннің  пікірі  бойынша  «студенттің  белгілі  бір  міндетті  атқаруда 
икемділік  пен  білікті  меңгеру  жолындағы  психолгиялық  жағдай  және  білімділіктің, 
тҧлғаның  жалпы  мәдениетінің  деңгейі,  педагогикалық  іс-  әрекеттегі  теориялық  және 
практикалық  дайындығы  мен  тәжірибесінің  тоғысуы,  сол  сияқты  педагогқа  қажетті 
кӛптеген  сапалардың  болуы»  деп  тҧжырым  жасауға  болады.  Осыдан  келіп,  «кәсіби 
қҧзыреттілік – студенттің жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық 
және  теориялық  білімінің,  дидактикалық  біліктілігі  мен  қабілетінің,  кәсіби  біліктілігі 
мен дағдысының, тәжірибесінің жиынтығы» деп анықтама беруімізге болады. 
Студенттің  кәсіби  қҧзыреттілігі  кәсіби  және  жеке  сапалардан  қҧралады.  Кәсіби 
қҧзыретті деп ӛзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жҥргізе алатын, қарым-
қатынасқа әрдайым дайын, педагогикалық ҥдерісте ҥнемі оң нәтижелерге қол жеткізіп 
отыратын маманды атауға болады.  

 
70 
Студенттердің  қҧзыреттілігін  қалыптастыруда:  жобалар  әдісі,  жарыссӛз  әдісі, 
ойын  технологиясы  (рӛлдік  ойындар),  кейс-стади,  проблемалық  пікірталас, 
интерактивтік  оқыту  технологиясы  (жҧппен,  шағын  топтарда),  сценарий-контекстік 
технология,модульдік оқыту технологияларды белсенді пайдалану керек. 
Жобалар әдісі, мысалы, ақпараттық, коммуникативтік, жеке тҧлға ретінде ӛзін-ӛзі 
жетілдіру және т.б. сияқты қҧзыреттілікті қалыптастыруға қолданыла бастады.I курста 
студенттер  жеке  шағын-жобаларды,  кейіннен  жҧптық  және  топтық  жобаларды 
дайындайды. 
Коммуникативтік 
қҧзыреттілікті 
қалыптастыру 
ойын 
технологиялары, 
пікірталастар,  кейс-стади  технологиялары  кӛмегімен  сатылай  жҥргізіледі.Негізгі 
біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу қҧралдары маңызды рӛл 
атқарады. 
Студенттердің  кәсіби  қҧзіреттілігін  ӛзіндік  жҧмыстар  арқылы  қалыптастырудың 
тҥпкі  мақсаты  –  студенттерді  белсендi  ой  қызметiн,  тҥрлi  танымдық  мәселелердi  ӛз 
бетінше  шешуге,  бҧрын  меңгерген  бiлiм,  дағдыны  қолдануға  ҧмтылысы  бар  оқыту 
ҥдерісінің  субъектісі  етіп  тәрбиелеу.  Ғалымдардың  педагогикалық-психологиялық 
зерттеулерінде  студенттердің  тапсырмаларды  ӛздігінен  орындауы  олардың  танымдық 
қызығушылықтарын  арттырып,  танымдық  белсенділіке,  шығармашылықпен  жҧмыс 
жасауына дағдыландырады деген пікірлер кездеседі. 
Сондықтан 
студенттердің 
ӛздігінен 
орындайтын 
жҧмыстарын 
сапалы 
ҧйымдастыру арқылы олардың кәсіби қҧзіреттіліктерін қалыптастыруға болады. 
Біздің  пікірімізше,  жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  жҥйесін,  педагогикалық 
ҥдерісті  жетілдіруге,  сол  арқылы  тҥпкі  сапалық  нәтижеге  қол  жеткізіп,  бәсекеге 
қабілетті  жан-жақты  білімді  азаматтар  қалыптастыру  жолындағы  кредиттік  оқыту 
жағдайында қалыптасқан студенттердің ӛздігінен орындайтын жҧмыстарының тҥрлерін 
оқу ҥдерісінде және одан тыс қалыптасқан ӛз бетінше педагогикалық жҥйе деп қарауға 
болады. 
Студенттің  кәсіби  инновациялық  даярлығын  калыптастыру:  әлемдік  бәсекеге 
қабілетті  маманды  даярлау,  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  инновациялык 
реформаларды  жҥзеге  асыру,  оқу-тәрбие  ҥдерісіндегі  жаңа  технологияларды  кеңінен 
пайдалану. 
Студент 
оқу-танымдық, 
ақпараттық-технологиялық, 
коммуникативтік, 
әлеуметтік-тҧлғалық  қҧзыреттіліктерді  игеру  нәтижесінде  білімді  де  білікті,  кәсiби 
даярлығы  жоғары,  бәсекеге  қабілетті  маман  бола  алады.  Бәсекеге  қабілетті  маманның 
білімділігі  мен  біліктілігін  ӛз  қажетіне  қарай  ҧштастыруға,  танымдық  кӛзқарасын 
қалыптастыруға,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  т.б.  қҧзыреттіліктердің  маңызы 
ерекше. 
Осыларды  игерген  студент  келешекте  терең  теориялық  біліммен  қаруланған, 
іскерлік  қабілеттілігі  мен  кәсіби  деңгейі  жоғары,  еңбек  нарығының  сҧранысына  сай 
ғаламдық бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман болары сӛзсіз. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасындағы  Білім  туралы  заңнама.  Заң  актілерінің 
жиынтығы. 
2. Алматы: ЮРИСТ, 2012. -264 б. 
3. Қҧдайбергенова К. Қҧзырлылық – тҧлға дамуының сапалық критерийі // «Білім 
сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты 
ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2008. -30-32-б. 
4. Хуторской А.В. Негізгі біліктілік жеке-бағдарлы компонент ретінде//Халықтық 
білім, 2003. 
5.  Скоробогатова  Г.Г.  Консультации:  Профессиональные  качества  учителя  и 
профессиональные  конкурсы  педагогов//Педагогические  технологии,  2008,  №1.  с.92-
101. 

 
71 
6.  Агапова  Н.В.  Перспективы  развития  новых  технологий  обучения.  М.:  ТК 
Велги, 2005. 247 с. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет