Сборник материалов международной научно практической конференции



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата02.03.2017
өлшемі2,28 Mb.
#5139
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Список литературы
1.
 
Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом Мире. Послание народу Казахстана. 
2.
 
Государственная  Программа  развития  образования  в  Республике  Казахстан  на 
2005 -2010 годы. Астана, 2004. 
3.
 
Государственный 
общеобязательный 
стандарт 
образования. 
Среднее 
образование. Основные положения. 2007 г. 
4.
 
Алексеева,  Л.Н.  Инновационные  технологии  как  ресурс  эксперимента/  Л.. 
Алексеева// Учитель. – 2004. – № 3. – с. 28..  
5.
 
Боно  Э.  Учите  своего  ребенка  мыслить//Пер.  с  англ.  –  Мн.:  ООО  «Попурри», 
2005. 
6.
 
Бордовская  Н.В.,  Бродская  Н.В.,  Дандарова  И.  М.  и  др.  Современные 
образовательные технологии: учеб. пособие / Под ред. Н. В. Бордовской. – 2 - е 
изд., стер. – М.: КноРус, 2011. – 432  
7.
 
Гузеев, В.В. Теория и практика интегральной образовательной технологии. – М., 
2010. – 223 с. 
8.
 
Гузеев 
В.В. 
Основы 
образовательной 
технологии: 
дидактический 
инструментарий. – М.: Сентябрь, 2006. – 192 с. 
9.
 
Иоффе  А.Н.  Активная  методика  –  залог  успеха  /  Гражданское  образование. 
Материал международного проекта. СПб.: Изд-во РГПУ им. А. И. Герцена, 2000. 
382 с.) 
10.
 
Загвязинский,  В.И.  Инновационные  процессы  в  образовании  и  педагогическая 
наука/  В.  И.  Загвязинский//  Инновационные  процессы  в  образовании:  Сборник 
научных трудов. – Тюмень, 1990. – с. 8. 
11.
 
Подласый,  И.П.  Педагогика:  учебник  /  И.П.  Подласый.  –  2-е  изд.,  доп.  –  М.: 
Высшее образование, 2010. – 574 с.) 
12.
 
Селевко, Г.Я. Освоение технологии самовоспитания личности школьников: как 
стать  экспериментальной  площадкой/  Г.Я.Селевко//  Народное  образование.  – 
2005. – № 1. – с.181.  
13.
 
Селевко 
Г.К. 
Педагогические 
технологии 
на 
основе 
активизации, 
интенсификации  и  эффективного  управления  УВП.  М.:  НИИ  школьных 
технологий, 2005. 
14.
 
Ударцева В. М. Технология развития творческих умений. // Сборник материалов 
международной  научно-практической  конференции  «Образование  и  наука  в  21 
веке: взгляд в будущее». Алматы, 2001, с. 83-84.  
15.
 
Как  проектировать  универсальные  учебные  действия  в  начальной  школе.  От 
действия  к  мысли:  (пособие  для  учителя  /  А.Г.  Асмолов,  Г.В.  Бурменская, 
И.А.Володарская  и  др.;  под  ред.  А.Г.  Асмолова.  –2-е  изд.  –М.:  Просвещение, 
2010. –152 с) 
16.
 
Общая  и  профессиональная  педагогика:  Учебное  пособие  для  студентов 
педагогических  вузов  /  Под  ред.  В.Д.  Симоненко.  –  М.:  Вентана-Граф,  2006.  – 
368 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
39 
ҚАЗАҚ ТІЛІҢ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
Данабаева Р.У., 
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, 
№ 27 орта мектеп-лицейі
Қазақстан, Ақтӛбе 
 
Тілді  меңгеру  кҥрделі  ҥрдісі,  ӛйткені  оған  психологиялық,  лингвистикалық, 
әлеуметтік  шарттар  ықпал  етеді.  Мемлекеттік  тілді  бір  жоғары  бағытта  ҥйрету  – 
оқушының  тіл  ортасына  байланыста  болады.  Бізді  кҥнделікті  қоршаған  ӛмір,  осы 
ортаның тіл қызметіне тигізетін ықпалы – тіл ортаны зерттеу туралы сҧрақ туғызады. 
Қазақ  тілін  ҥйрету  мақсатында  –  мҧғалімнің  жҧмысы  оқушының  тілге  деген 
қызығушылығын арттыру, сабақтарын әр тҥрлі деңгейде беру, практикалық жҧмыстар 
арқылы  оқушының  санасына  ықпал  жасау,  оларды  белсенді  тіл  қызметіне 
қатыстыру.Зерттеушілердің  пікірі  бойынша  қазақ  тілі  сабағында  тіл  ортасын  қҧру 
әлеует  орын  алады.  Қазақ  тілі  сабағында  –  тіл  ортасын  қҧру  таратылған  міндет,  оны 
іске асыру қолымызда. 
Ғалымдардың пікірі бойынша тіл ортасының екі тҥрі бар: жасанды және табиғи. 
Біздің зерттеушімізде жасанды тіл ортасы туралы сӛз болады. 
Біздің кӛзқарасымыз (жасанды ) тіл ортасы – бҧл педагогикалық жағдайға арнайы 
қҧрылған орта. 
Тіл ортасы әр тҥрлі қызмет атқарады. 
Қысқаша тҥсініктеме береміз. 
Дәлелдеу қызметі – сабақта табиғи тілді дәлелдеуге, оқытуға мҥмкіндік туғызады. 
Коммуникативтік  –  оқушыларды  белсенді  ӛзара  қарым  –  қатынассына  әсер  етеді. 
Акселеративік қызмет – тіл ҥйрену жҥйесін жеделдет және жеңілдету. Информативтік 
қызмет  –  лингвострановедтік,  страноведтік  ақпарат  тіл  қҧралы  қызметін  атқаратын 
міндет.  Коррективтік  (тҥзету  )  –  осы  ортаның  ңҧсқасын  салыстыру  негізінде  білімді 
тҥзетуге  мҥмкіндік  береді.  Элиминативтік  –  психологиялық  кедергіні  жоюға 
кӛмектеседі.  Активтендіру  –  оқушының  білім  дағдысын  және  тілді  меңгеруді 
қамтамасыз етеді. 
Практикада  кӛрсеткендей  –  қазақ  тілі  сабағында  оқу  тіл  ортасын  қалаптастыру. 
Жоғарыда айтқан қызметті орындау – кҥрделі міндет, оны орындау ҥшін оқу процессін 
бір жҥйеде ҧйымдастыруға кӛңіл бӛлеміз. 
Мектептің басты мақсаты оқыту ғана емес, сонымен қатар жеке тҧлғаны дамыту. 
Жаңашыл  педагогика  –  оқу  процесіне  жеке  тҧрғы  –  кӛзқараспен  қарауды  тҥсіндіреді. 
Оқытуда жеке тҧрғы кӛзқарас – гуманитарлық бағыт бӛлнегі болып табылады. Негізгі 
қағида  –  оқыту  кезінде  ортада  мҧғалім  емес,  оның  беруі  де  емес  –  тек  қана  оқушы 
болуы керек. 
Практикада саралап оқыту қажеттілігін кӛрсетеді. Нашар оқитын оқушыларға кӛп 
кӛңіл бӛле отырып, жақсы оқитындарғы кӛзден қапы жібермеу. Барлық оқушыға және 
әр оқушыға олардың қабілеттері мен мҥмкіншілігіне сәйкес қолайлы жағдай қҧру. 
Тілдік оқыту ортасы мынадай педагогикалық жағдайлар арқылы қалаптасады. 
Дҧрыс тыңдау, қҧрылымы мен оқу материалының ҥлгісі. 
Оқушылардың айналодағы ортамен сҧхбат және рӛлдік тҥрдегі тҧрғыда белсенді 
тәсілдер мен ҧжымдың тҥрдегі танымдық қызметі. 
Оқушылардың  жеке  ерекшеліктері  мен  танымдық  негізінде  дифференциалды 
қатынасты оқу ҥндісінде реттестіру. 
Мектепте  тілдік  оқыту  ортасын  қалыптастыруда  жеке  тәсілге  қарап  жҥзеге 
асырмай-ақ, интерактивті технологиямен оқыту ҥрдісінің тҧтас жҥйесін ҧйымдастыру. 
Мектеп жағдайында қазақ тілің ортасын жақсартуда қазақ тілі сабағында рҧқсат етіледі, 
біздің  кӛзқарасымыз  оқушыларға  қазақ  тілін  білу  деңгейін  оқу  топтарында 
қалыптастыру мәселесін шешу. Оқу материалын қолдану, сҧхбат, интерактивті жҧмыс 

 
40 
тҥрі, дифференциалды тапсырмалар деңгейі;ойлған жҥйе кӛтермелеу, талпыныс бағасы 
оқу ҥрдісіне кӛмегін игізіп, сӛздік қызметіне барлық оқушылар белсенді араласып, тілді 
ҥйрену деңгейіне де септігін тигізеді. 
Мектепте оқытылатын әрбір пән белгілі ғылым негізіне сҥйене отырып беріледі. 
Әсірісе, тіл білімнің ішінде ғылыми жҥйе ҥстанымдарына сай баланың жас ерекшелігін 
ескеру, жҥйелі болуы, сабақтастыра меңгеру ерекше маңызға ие. Білімнің ғылымилық 
ҧстанымының да басты критерийі осы талап тҧрғасында анықталды. 
«Коммуникативтік»  ҧстанымда  тілді  оқыту  жуйесінде  жаңа  кӛзқарастар  мен 
тенденциялардың  жҥзеге  асуында  ҥлкен  орын  алады.  Олай  дейтініміз,  оқушының 
бҥгінгі  заман,  дәуір  талабына  сай  жеке  тҧлға  ретіндегі  қасиеттерінің  ролі  де  осы 
тҧрғыда  танылары  сӛзсіз.  Ӛйткені  коммуникативтік  бӛліктілігі  қалаптаспаған  адам 
ӛзгелермен  тіл  табыса  алмайды,  дискуссияларда  ӛз  пікірін  толық  білдіруге  қабілетсіз 
болады.  Міне,  тілді  оқыту  әдістемесінің  басты  мақсаты  да  осындай  олқылықтарды 
болдырмау.  Ал,  тілдік,  коммуникативтік  компоненттіліктің  қҧрамына  сӛйлеу,  жазу 
мәдениетімен  қатар  тындау  мәдениеті  де  кіреді.  Сондықтан  сӛз  мәдениетін  сақтау, 
қарсыласыңның  пікірін  тыңдау,  ӛз  ойынды  жҥйелі  жеткізу  секілді  қасиеттерді  оқушы 
бойына дарыту тіл  сабақтарындағы шығармашылық бағытта жҥргізетін жҧмыстардың 
бір арнасы болып қалыптасуы керек. 
Фонетиканы  меңгертудегі  ең  негізгі  міндеттің  бірі  –  осы  білім  арқылы  оқушыға 
ана  тілінің  халықтық  сипатын  таныту.  Бҧл  орайда,  сӛздердің  дыбысталуындағы 
ҥндестік  заңыны,  оның  теориялық  негіздері  мен  тәжірибелік  қолданысына  ерекше 
назар  аударылып,  оның  тіл  мәдениетімен  қатынастылығы  туралы  арнайы  жҧмыстың 
тҥрлері белгіленді. 
Лексика тарауындағы тақырыптар кӛлемі жағынан кӛп ӛзгеріске ҧшырамағанмен, 
оның оқытылу жҥйесінде тақырыптарды тҥзуде біршама жолдар қарастырылды. Ҧқсас 
тақырыптар  біріктіріліп,  оқушылардың  тіл  туралы  сапалы  тҥсінік  алуына 
орайластырылып қайта жҥйеленеді.  
Морфология саласындағы сӛз тобы тақырыптары тҧтастай қайта қаралып, дамыта 
оқыту идеясының талаптары негізінде сыныптарға бӛлінді әрі лардың оқушының тілдік 
қабіліттерін  жетілдірудегі  ерекшеліктері  айқындалды.  Ал  синтаксис  саласындағы  сӛз 
тіркесі,  сӛйлем  мҥшелері,  жай  және  қҧрмалас  сӛйлем  тақырыптары  да  оның 
тәжірибелік мәнін ҥғындыруға бағытталды. 
Дамыта  оқытуда  оқушыларды  әртҥрлі  қызмет  тҥріне  тартуды  қҧптайды.  Сабақ 
беруде тҥрлі дидактикалық ойындар, пікірталастар мен ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл 
байлығын  дамытудағы  арналған  оқыту  әдістерін  қолдануды  ҧсынады.  Дамыта  оқыту 
жҥйесіндег  орның  атқаратын  қызметі,  ҧйымдастыру  формасы  елеулі  ӛзгеріске  енеді. 
Оның инвариантты ( тҧрақты ) сапалары тӛмендегідей: 
Сабақтың  мақсаты  тек  жаңа  материалдан  хабардан  етумен,  білік,  білім  дағдыны 
тексеруде ғана емес, жеке тҧлғанаң басқа да қасиеттеріне бағындырады; 
Сыныпта оқушылардың ӛз бетімен ойлауына негізделген әрекеттер жҥзеге асады; 
Мҧғалім мен оқушының ынтымақтастығы; 
Қазақ тілін дамыта оқыту жҥйесіндегі әдістемелік мақсат  – оқушылардың таным 
белсенділігін  кӛрсетуіне  жағдай  жасау.  Бҧл  мақсат  тӛмендегі  жолдар  арқылы  жҥзеге 
жасады; 
Мҧғалім сабақта проблемалық жағдай туғызады
Оқушылардың  субъектілік  тәжірибесін  ашатын  оқу  қызметін  ҧйымдастырудың 
сан алуан формасы мен әдістерін қолданады; 
Сабақ жоспарын оқушылармен бірге отырып жасап, талқылайды; 
Әр оқушының жҧмысқа қызығушылығын тудыруға жағдай жасайды
Оқушыларды  ынталандырып  отырады,  тапсырманы  орындауда  қателесуден, 
дҧрыс емес жауаптан қорықпау ҥшін тҥрлі тәсілдерді пайдалануға ҥйретеді; 

 
41 
Сабақ  барысында  оқушы  оқу  мазмҧнының  неғҧррлым  мазмҧнды  тҥрі  мен 
формасын тандауға кӛмектесетін дидактикалық материалдарды пайдаланып отырады; 
Тек соңғы нәтижені емес, оқушының қызмет әрекетін де отырады; 
Оқушының  тапсырмаларды  орындауда  жҧмыста  ӛзінше  әдіс  табуға  ҧмтылуын 
колдап, басқа оқушылардың әдістерімен салыстырып, тиімдісін мақҧлдап отырады. 
Сабақтың ерекшеліктері: 
Тапсырмалардың  балаларды  ойлауға,  пайымдауға,  жоспарлай  білуге  жетелейтін 
сипатына кӛңіл бӛлу; 
Оқушылардың  тапсырманы  орындау  кезінде  кездескен  қиыншылықтардан  ӛз 
бетінше шығудың жолын іздеуі, шығармашылықпен ізденушілік; 
Мҧғалімнің  оқушылардың  ӛз  бетінше  ойлауын,  ізденуін  қажет  ететін 
тапсырмаларды алдын-ала даярлап, ҥйден орындауға ҧсыну; 
Сабақта  педегогикалық  жағдаяттар  туғызып,  оқушы  белсенділігін  арттырып, 
дербестігін тәрбиелеу, табиғи талантын ашуға кӛмектесу; 
Қазақ  тілін  ҥйретде  дамыта  оқыту  жҥйесіндегі  сабақтың  жалпы  мақсаты  мен 
ҧйымдастыру  қҧралдары  оның  тақырыбына,  мазмҧнына  кӛздеген  жеке  мақсатына 
байланысты  нақтыланады.  Оқушыны  оның  потенциалдық  мҥмкіндіктеріне  бағыштай 
отырып,  мҧғалім  бҧдан  бҧрынғы  оқыту  кезінде  қандай  әдіс  тиімді  болғаның,  бҧл 
ҥрдістің  психологиялық  ерекшеліктерін  жеке  оқушының  ӛз  іс-әрекетімен,  қызметінің 
мәнін тҥсіну дәрежесін білу керек. 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. - М., Педагогика, 1995. 
2.  Жанпеисова  М.М.  Модульная  технология  обучения  как  средство  развития 
ученика. – Алматы, 2001. 
3. Жиенбаев С. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту методикасы. – Халық мҧғалімі, 
1937. 
4.  Закон  Республики  Казахстан  «О  языках  в  Республике  Казахстан».  –  Алматы: 
Жеті жарғы, 1997. 
5.  Занков  Л.В.  Обучение  и  развитие  (экспериментально  -  педагогическое 
исследование ). – М., Педагогика, 1975. 
 
ОҚЫТУ ҤДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
ТӘЖІРИБЕСІ 
Елеусинова Г.Е., 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік университеті, п.ғ.к., 
Қазақстан, Ақтӛбе 
 
Оқыту  ҥдерісіне  жаңа  технологияларды  енгізу  бір  кҥннің  немесе  бір  жекелеген 
ғалымның  ісі  емес,  ол  ҧзақ  та  кҥрделі  кезеңнен  ӛткен  ғылыми  ізденістердің,  ҧстаздар 
ҧжымының,  ғалымдар  қауымдастығының  ынтымақтасқан  еңбегінің  нәтижесі  екені 
белгілі қҧбылыс. Сондықтан біз осы мақалада қазақстандық және шетел ғалымдарының 
оқыту ҥдерісіне енгізген жаңа технологияларына тоқталып, саралауды жӛн кӛрдік. 
Павлодарлық  ғалымдар  «Основы  современной  дидактики»  еңбегінде  оқыту 
әдістеріне сипаттама бере отырып, логикалық, ҧйымдастырушылық тәсілдерді қолдану 
арқылы оқу ақпаратын сӛз кӛмегімен хабарлауды сӛздік әдістің мазмҧнына жатқызады 
[1,  б.  67].  Сӛздік  әдісті  жҥзеге  асырудың  логикалық  тәсілін  қолдану  мақсатында 
М.Әуезов  шығармаларын  оқытуда  «тҥсіну»  және  «тҥйсіну»  арқылы  алынған  білімді 
талдау  және  соның  негізінде  қорытынды  жасауға  ҥйретеміз.  Мҧғалім  тарапынан 
берілетін  білім,  ақпарат  білімгердің  әрі  қарай  ізденуіне  қозғау  салатындай  бағытта 
ҧйымдастырылуы  қажет.  Ол  ҥшін  зерттеуге  ынталандыратындай  сҧрақтар 
дайындалынады.  Мәселен,  М.  Әуезовтің  «Қараш-қараш  оқиғасы»  бойынша  келесі 
шығармашылық жҧмыстарды ҧйымдастыруға болады: повестегі «адам-табиғат» қарым-

 
42 
қатынасын  сипаттайтын  эпизодтарға  тақырып  қойып  суретін  салу  және  кейіпкердің 
ішкі  жан  дҥниесі  мен  табиғаттың  мінезіндегі  ҧқсастықты  талдау  арқылы  қорытынды 
пікір  айту  («Бақтығҧл  және  Талғар  ӛзені»,  «Бақтығҧл  және  Ожар  биігі»,  «Бақтығҧл 
және Қараш-Қараш ӛңірі» т.б.); Бақтығҧлдың ішкі сезімінің иррационалдық қҧбылысын 
беруде жазушы қолданған тәсілдерді тауып, бағалау (қимыл, мимикалық ӛзгеріс, сӛзбен 
бекіту);  Бақтығҧлдың  әрбір  әрекетке  бару  алдында  табиғатпен  тілдесуінің 
педагогикалық-психологиялық астарын тҥсіндір («Ожардың қазіргі тҥсі жаулық жайын 
сыбырлағандай,.жаланып тілегендей, еліріп қарап тҧр», ақырында шешуші сәт келгенде 
«Мҧз тау мҧның ішіне мҧздай қайрат кіргізді»). 
Сӛйлеу  мәдениетін  дамыту  мақсатында  М.  Әуезов  қолданған  теңеулерді,  кӛне 
сӛздерді  теріп  жазу  («жақсы  лепес  –  жарым  ырыс»,  «ашамайлау  келген  Қатша», 
«қобдиланған  қалың  май»,  «...жҥз  жыланның  сумаң  қағып  жарысқанындай», 
«...дҥркіреп  жосыған  кӛп  жайынның  жӛңкілеуіндей»,  т.б.);  повестегі  қарама-
қайшылықтың сипатын кӛрсететін эпизодтарды талдау арқылы Бақтығҧлдың ойларына 
сипаттама  беру.  Осы  тапсырмаларды  орындау  эмпатиялық  диалог  арқылы  жҥзеге 
асырылады  [2,  б.  118].  Мақсаты:  баяндалып  отырған  мазмҧнға  сезіммен  араласу 
арқылы  оқушы  эмоциясын  тәрбиелеу.  Проблемалық  талдаудың  осындай  тҥрі  туралы 
зерттеуші  З.Г.Дзапарова:  «Проблемный  анализ  –  это  своего  рода  цепная  реакция 
вопросов,  разбор,  построенный  на  соединении  связанных  друг  с  другом  проблемных 
ситуаций.  Проблемный  вопрос  на  уроках  литературы  необходимо  ставить  и  решать  в 
эстетическом  ключе»  -  деген  тҧжырымы  проблемалық  жағдаяттардың  оқушыларға 
автормен  бірге  дҥниені  эстетикалық  тҧрғыдан  зерттей  отырып,  азаматтық 
позициясының тҧрақтанатындығын кӛрсетеді. 
Терең  ойлы  ҧрпақты  тәрбиелеудің  ерекше  тҥріне  оқылған  дәрісті  белсенді 
жаттығулар  мен  дербес  жҧмысты  сауатты  ҧйымдастырумен  ҧштастыру  кіреді.  Ол 
туралы  тарихты  оқытудың  әдіскер-ғалымы  Б.С.  Сарсекеев:  «Жаттығуларды  ӛткізудің 
мақсаттарының  бірі  –  біліктілікті  қалыптастыру  болып  табылады,  яғни  оқушыны 
шындықты  бірдей,  әрі  терең  ҧғынуына,  жағдайды  дҧрыс  бағалауға  және  ӛз  білімін 
орынды қолдануға жетелейді. Біліктілік біліммен ғана белгіленбейді, сондай-ақ дҥниеге 
кӛзқарас тҧрғысынан, табиғат, қоғам, адам туралы жалпы тҥсініктермен анықталады»-
деп  оқушылардың  аналитикалық  қабілеттерін  дамытып,  дербес  ойлай  білуіне 
бағдарланған  белсенді  жаттығулардың  мәнін  ашып,  оларды  қарапайымнан  кҥрделіге 
қарай  орындаудың  әдістемесін  баяндайды.  Ал  дербес  жҧмысты  ҧйымдастыруда 
оқушылардың  бәрін  қамту  ҥшін  кҥрделілігі  әр  тҥрлі  тапсырмалардың  ҥш  типін 
ҧсынады:  «Дайын  кҥйінде  берілетін,  ақпаратты  игерудің  тексерілуін  ҧйымдастыруға 
мҥмкіндік  беретін  кӛшірме  сипатындағы  тапсырмалар;  шығармашылықпен  ойлауды 
дамытуға 
есептелген 
аналитикалық-синтетикалық 
қызметіне 
бағдарланған 
тапсырмалар;  білімдерді  неғҧрлым  ӛзгертілген  жағдайда  қолдануды,  соның  ішінде 
пәнішіндегі  және  пәнаралығындағы  байланыстарды  пайдалануды,  сондай-ақ  сабақтан 
тыс  ақпарат  қҧралдары  арқылы  алынатын  білімдерді  талап  ететін  тапсырмалар. 
Тапсырмалардың ҧсынылған типологиясы оқушылардың дербес танымдық іс- әрекетін 
дамытудың  ҥш  деңгейіне  сәйкес  келеді.  Олар:  дайын  кҥйінде  мҧғалім  ҧсынатын 
ақпаратты  игеру;  білімдер  мен  дағдыларды  таныс  оқу  жағдайында  ҥлгі  бойынша 
қолдану; білімдер мен дағдыларды жаңа оқу жағдайында шығармашылықпен қолдану». 
Біздің  зерттеу  жҧмысымызға  сәйкес,  білімгерлердің  терең  ойлауын  дамытуда  осы 
аталған  тапсырмалардың  екінші,  ҥшінші  варианттарын  қолданудың  тиімділігі 
анықталды.  Сондай-ақ,  дербес  жҧмысқа  басшылық  ету  ҥшін  мҧғалімге  қойылатын 
талаптар да ескерілді. 
Ізденуші  Ж.Е.  Зейнуллина  «Абай  Қҧнанбаевтың  музыкалық  мҧралары  арқылы 
студенттерге эстетикалық тәрбие беру» тақырыбындағы зерттеу жҧмысында оқытудың 
витагенді  (латын  сӛзі  -  ӛмірлік  дегенді  білдіреді.)  әдісін  қолданады.  Бҧл  әдісті  ХХ 
ғасырдың соңғы жылдарында ғалым А.С.Белкин педагогикалық тҧрғыдан негіздеп, оқу 

 
43 
ҥрдісіне  енгізген.  Негізгі  ҧғымдары  «ӛмір  тәжірибесі»  және  «ӛмірлік  тәжірибе».  Ӛмір 
тәжірибесі дегеніміз тҧрмыстың, адам іс-әрекетінің әртҥрлі жақтарына байланысты ой 
жҥргізуден  туындаған,  бірақ  аса  маңызды  деп  танылмаған  мәліметтер.  Ал  ӛмірлік 
тәжірибе  дегеніміз  ӛмірден  жинаған  мәліметтердің  ҧзақтан  бері  қарай  есте  сақталып 
келе  жатқан  тҥрі.  Витагенді  оқыту  осы  ӛмір  тәжірибелері  мен  ӛмірлік  тәжірибе 
жинақтаған мәліметтерді актуалдау арқылы керекке жарату. Бҧл әдісті қолдану арқылы 
ӛмірлік тәжірибені білімге айналдырудың шарттары ҧсынылған. Соның ішінде ғылыми 
білімді  қҧндылық  деп  тану  негізінде  студенттерді  ҧстазбен  тең  қҧқылы  білім  алу 
ҥрдісіне  қатысушы  тҧлға  ретінде  қарастыру  қажеттігі  біздің  зерттеу  тақырыбымызға 
сәйкес  келетін  тҧсы.  Шынайы  білім  алу  ҥшін  З.Фрейд  зерттеген  тҥпкі  сананың  да 
маңызы туралы дәлелдері де қызығушылық тудырады. 
Мҧхтар Әуезов шығармаларын оқытуда білімгерлердің сезіміне әсер ету, қиялын 
ҧштау,  терең  ойлауға  бағыттауда  жақсы  нәтижеге  жеткізетін  жолдың  бірі  –  сабақта 
ойын  тәсілін  әлеуметтік  психологиялық  тренингпен  байланыста  қолдану.  Ол  ҥшін 
жазушы  шығармасынан  ҥзінді  келтіру  арқылы  жҧмбақталған  тапсырма  беріледі. 
Мәселен, «Биікте» тарауында Абайдың сҥйіп атқаратын еңбегі және де ӛзі қаншалықты 
алыстағысы  келгенімен  соншалықты  жақындай  тҥсетін,  «бҧған  масыл  болып,  асыла 
жҥретін  тағы  бір  міндеті  болды»,  ол  –  дау-шарға  билік  айту.  Осы  екі  әрекеттің  Абай 
ӛмірінде  егіз  қозыдай  қосарланып  жҥретінін  Әуезов  осы  тарауда  тартымды  кӛрсете 
білген.  Пушкиннің  Татьянасын  аударып  отырғанда  «сенімді  шабыт»  келгенін  сезген 
Абай  «кӛзі  жасаурай,  ерні  жыбырлай  отырып»,  кӛңіл  қҧсын  Ақшоқының  қос  биігіне 
ҧшырып  ән  шығаруға  кіріскен  сәтінде  сырттан  Кӛкшенің  қияс  ҧрысы  Тҧрсын  мен 
уақтың  жоқшысы  Сәрсеке  кіріп  келеді.  Абайдың  «тҥу,  аяз  келді-ау!»,  «шетелдің 
кісілерімен  амандасты»  деген  сӛздері  арқылы  Әуезов  бҧл  қонақтардың  мезгілсіз 
келгендігін  дәл  бере  білген.  Осы  дауды  Абайдың  тезарада  шешуіне  негіз  болған 
себептер  бар,  соны  табуымыз  қажет  және  сіз  Абайдың  орнында  болсаңыз  қандай 
шешім қабылдаған болар едіңіз? (ескерте кету керек: осы адамдар Абай алдына екі ай 
бҧрын дәл осы мәселемен келген болатын...). 
«Іздесең – табасың, алыссаң – аласың» ойыны білімгерлерді еркін ойлауға, еркін 
сезінуге,  белсенділікке,  шығармашылыққа  бастайды.  Сонымен  қатар,  бҧл  ойын 
жарқын,  мықты  сезімдерді  оятумен  қатар  оның  ережесі,  мақсатымен  сәйкес  ӛтуі  де 
шарт.  Осындай  ойын  тҥрлері  шығарманы  мақсатты  тҥрде  оқи  отырып,  зеректікті 
дамытады.  В.А.  Сухомлинский:  «Ойын  дегеніміз  –  ҧшқын,  білуге  қҧмарлық  пен 
еліктеудің  маздап  жанар  оты»  деп  дидактикалық  ойындардың  педагогикалық  және 
психологиялық  негізін  нақты  тҥсіндірген.  Ғалым  психологтар  К.  Гроос,  Э.  Клапаред, 
А.Диваев,  У.  Бонтендайк,  Р.  Гаупп,  В.  Штерн,  Н.Д.  Виноградов,  В.П.  Вахтерев  ойын 
теориясын  қҧрастырып,  іс  әрекеттің  маңызды  тҥрі  ретінде,  оның  теориялық, 
әдіснамалық  негізін  ашты.  Р.Уорфордтың  пікірінше,  имитациялық  ойын  –  оқыту 
қҧралы  ретінде  оқушыларды  ӛзін  басқаларға,  ӛзгенің  орнына  қоюға,  кез-келген 
жағдайды ӛзге адам басқа қырынан қалай кӛретінін байқауға, оны тікелей ӛзі шынайы 
жолмен қатыса отырып шешуге ынталандыруға ҥйретеді. 
Жобаларды қорғау әдісі француз педагогы және ойшылы С.Френенің «еркін еңбек 
технологиясының»  негізінде  ҧсынылған.  Бҧл  әдістің  ерекшелігі  тапсырма  тҥрлеріне 
қарай  жҧмыс  топтарының  қҧрылуын,  ақпараттың  қҧндылығын,  жоспарлау,ӛздігінен 
еңбектенудің қҧндылығын кӛрсете білуінде. Оқытушы кӛмегімен әрбір білімгер жҧмыс 
тҥрі(кітаппен  жҧмыс,  сауалнама  ӛткізу,  интервью  алу,  бақылау)  кӛрсетілген  жеке 
апталық жоспар қҧрады. Білім негізін қҧрайтын ақпаратты қайдан және қалай алудың 
мҥмкін  жолдарын  іздеп,  ақпарат  иелерімен  жеке  қарым-қатынасқа  тҥсу  нәтижесінде 
білім  жинақтайды,  ӛзара  талдайды,  бірін-бірі  бағалайды.  Бағалау  келесі  ӛлшемдер 
бойынша 
жҥреді: 
мазмҧндаудың 
тҥсініктілігі, 
шынайылығы, 
тыңдаушыны 
қызықтыруы,  тақырыпты  толық  аша  білуі,  шығармашылығы.  Білімгердің  таным 
қызметі неғҧрлым ӛзі іздеп тапқан білімге кӛбірек тәуелді болса, соғҧрлым материалды 

 
44 
меңгеру нәтижелі болады. Мәселен, терең ойлы білімгер тҧлғасын қалыптастыру ҥшін 
«Абай  жолын»  оқудың  маңыздылығын  дәлелдеуге  бағытталған  жобаларды  қорғауға 
болады. Бірінші тапсырма: «Абай жолы» туралы жазылған зерттеу жҧмыстарын талдау; 
осы шығарма бойынша сҧрақтар әзірлеп, оның қорытындысын талдау; әртҥрлі әлеумет 
ӛкілдерінен  интервью  алу  арқылы  М.Әуезовтің  аталған  туындысының  тартымды 
эпизодын анықтау және оның себептерін тҥсіндіру. 
Дебат  әдісі  білімгердің  потенциалын  ашуға,  дамуына  бағытталған.  М.М.  Бахтин 
«Эстетика  в  словесном  творчестве»  кітабында:  «диалогизм  является  формой 
взаимодействия  между  равноправными  и  равнозначными  сознаниями,  в  то  же  время 
как  монологизм  завершен  и  глух  к  чужому  ответу,  не  ждет  его  и  не  признает  за  ним 
решающей силы», - деп диалогтық сипаттағы оқыту әдістерін жоғары бағалайды. Шын 
мәнінде бҧл әдіс ғылыми принциптің белсенділігіне сәйкес келеді. Осы әдістің негізін 
қалаушы  К.  Поппер  кҥрделі  практикалық  мәселелерді  интуитивтік  жолмен  шешуді 
ҧсынған(«метод 
мозговой 
атаки»). 
Интуицияның 
ӛзі 
философиялық 
интуиция(интуиция-суждение)  және  психоэвристикалық  интуиция  (интуиция-догадка) 
деп екіге бӛлінеді. Поппер әдістемедегі  дедуктивті жолды таңдайды. Қорытуға жалпы 
ҧғымнан жекеге келуді дедукция деп атайды. 
Зерттеуші  З.У.  Имжарова  «Инновационная  педагогическая  технология  Дебаты» 
еңбегінде  дебаттың  типтерін  (саяси  дебат,  К.  Поппердің  форматы  бойынша  дебат, 
ҥшбҧрыш,  т.б.),  ӛткізу  әдістемесін  кӛрсете  отырып,  дебат  пен  дискуссияның 
айырмашылықтарына тоқталады [3,с.36]. 
Зерттеушілер  В.  Флоренко,  О.Г.  Зуев,  Н.К.  Махметова  дебаттың  тәрбиелік, 
дамытушылық  мәнін  атап  ӛтеді:  «привлечение  школьников  посредством  дискуссии  к 
анализу  важнейших  вопросов  жизни  общества,  проблем  искусства  и  образования 
способствет  воспитанию  у  них  гражданственности,  принципиальности,  активной 
жизненной позиций». М. Әуезов шығармаларын оқытуда «Ҥшбҧрыш» атты дебат тҥрін 
қолдану  тиімді,  ӛйткені  қатысушылар  санын  арттыруға  болады.  Мақсаты:  ӛзекті 
мәселені талдауға дебатпен таныс емес аудиторияны да тартуға болатындығын кӛрсету. 
Әдістемесі:  қатысушыларға  «Абай  мен  орыстардың  достығы  екі  жақты  да  жақсы 
нәтижеге  жеткізді»  немесе  «Ҥш  кҥнге  созылған  «Мҧсақҧл  соғысы»  бәріне  де  ҥлкен 
сабақ  болды»  тақырыбы  ҧсынылады,  келесі  сҧрақтар  қойылады:  Осы  ойды  кім 
қостайды?  Кім  келіспейді?  Кім  кҥмән  туғызады?  Алынған  жауаптарға  байланысты 
білімгерлер  ҥш  позицияны  ҧстанады.Әрі  қарай  алғашқы  екі  топқа  неге  олай 
ойлайтынына  байланысты  сҧрақ  қойылады.  Ҥшінші  топтағы  қатысушыларды  ӛз 
позицияңызға  сендіру  керек.  Ойынның  соңында  ҥшінші  «нейтрал»  топ  қай  топтың 
позициясы  сенімдірек  болғанын  кӛрсетеді.  Барлық  қатысушылар  «сіздер  қандай 
процесті  бақыладыңыздар?»,  «Қалай  ӛтті?»  сҧрақтарына  жауап  береді.  Дебат 
процесінің символдық суретін салумен ойын тәмамдалады.  
1997  жылдан  бастап  Қазақстан  Оқу  және  жазу  арқылы  сыни  тҧрғыдан  ойлау 
(СТО)  атты  Халықаралық  білім  жобасына  қатынасушы  елдердің  қатарына  еніп,  бҧл 
жобаның  әдістерін  оқыту  ҥрдісінде  қолданудың  ҥлгілерін  кӛрсетуде.  Мәселен,  Орал 
қаласындағы  №30  мектептің  мҧғалімі  С.  Ізмҧханбетова  әдебиет  сабағын  оқытуда  екі 
жақты,  ҥш  жақты  тҥсіндірме  кҥнделігін  жаздыру  әдісін  қолданған.  «Абай  жолы» 
эпопеясын  оқыған  кезде  оқушылар  ҥш  жақты  кҥнделік  жазады:  бірінші  бағанада  – 
шешендік сӛз, екінші бағанада – менің ойым, ҥшінші бағанада – мағыналас мақал; 
Семей  қаласындағы  №6  мектеп-гимназияның  мҧғалімі  Г.Селезнева  жазуды 
жетілдірудің қызықты тҥрлерін келтіреді: шығармадан алынған ҥзінді мәтінде сӛздерді 
жасырып, сӛйлемнің қандай мҥшесі  екендігі туралы белгі береді. Зерттеуге табиғатты 
суреттейтін  мәтін  беріледі.  Әрі  қарай  салыстыру  жҧмысы  жҥреді:  оқушы  ӛз  сӛзі  мен 
автор  сӛзін  талдау  арқылы  сӛздің  мәнін  тереңінен  тҥйсінуге  мҥмкіндік  алады.  Осы 
әдістің келесі кезеңінде оқушылар мәтінді ӛздері таңдайды, сӛздерді жасырады. Мҧның 
ӛзі  оңай  тапсырма  емес.  Мҧндай  сабақта  мҧғалімнің  ӛзі  оқушы  ролінде  болады. 

 
45 
Оқушылардың  ӛзбетімен  мәтін  жазу  жҧмысы  берілді.  Бҧл  тапсырманы  оқушылар 
қызығушылықпен  орындайды,  ӛйткені  жасырылатын  сӛздер  барын  алдын  ала  біле 
отырып, сӛз саптауға ойлана отырып кіріседі. 
Павлодарлық аға оқытушы Т. Маняпова Интернет жҥйесін қолдану арқылы жазу 
стратегиясының  ҥлгісін  ҧсынады:  «Интеллектуальная  идентификация  студентов, 
участвующих  в  интернет-письме,  не  есть  конечная  цель  учебных  мероприятий.  Здесь 
гораздо  важнее  то,  что  у  преподавателя  есть  возможность  проследить  динамику 
мнений,  идей,  оценок  по  предмету  исследования.»  Кезінде  М.  Әуезов  Қҧнанбай 
бейнесін  идеологиялық  цензурадан  ӛткізу  ҥшін  қарама-қайшылықта  сипатта  беруіне 
мәжбҥр  болды.  Тапсырма:ынтымақтасушы  топтар  мҥшелерінің  әр  тҥрлі  пікірлерін 
салыстыра  отырып,  аналитикалық  таблицаны  толтыру  арқылы  ӛз  кӛзқарасыңды 
дәлелдей біл.  
Біздің  пікірімізше,  осындай  жҧмыс  тҥрлері  оқушыларға  сӛздің  де  адам  тәрізді 
зейінді, кӛңіл бӛлуді қажетсінетінін және автордың осындай сӛздер арқылы оқырманын 
пікірталастырып,  бірге  ойлануға  шақыратынын  кӛрсетеді.  М.  Әуезовтің  сӛздік 
қорындағы  сырласушы  сӛздерді  іздеу  мақсатындағы  жҧмыстарымыздан  мысал 
келтіретін  болсақ,  «Кек  жолында»  тарауында  жылқыларды  сипаттайтын  мәтінді 
келтірдік:  «...Астарына  мінгендері  жарау  аттар  емес,  тӛңкерілген  ту  биелер.  Және 
кӛбінше  ҧзын  жалдары  кӛзін  жапқан,  тізелеріне  дейін  тӛгілген  қҧрайғырлар  екен. 
Терлетпей, аяңдап жҥрген семіз сәйгҥлектердің жал-қҧйрықтары қыраулатып, кекілдері 
шалбастанып тҧр». Осы ҥзіндіде «шалбастанып» деген сӛзді жасырдық. Білімгерлердің 
ҧсынған  сӛздері:  бҧйраланып,  ақша  бҧлттанып,  тҧманданып,  мҧнарланып,  кҥмістеніп, 
ҧлпақарланып.Ал автордың бҧл сӛзді қолданудағы мақсаты ат кекілінің қар мен желдің 
әсерінен ҥлкейіп, ағарып тҧрғандығын кӛрсету болса керек, сол мағынада қолданылса, 
білімгерлер тарапынан ҧсынылған альтернативалар дҧрыс.  
Біз  аталған  жобаның  «жазу  жҧмысы»  стратегиясын  қолданудағы  мақсатымыз 
білімгерлерді логикалық ойлауға бағыттау, бҧрынғы білімді жаңа біліммен ҧштастыру, 
ой  қорытындысын  жасауға  баулу,  әр  баланың  табиғатында  негізі  бар  шығармашылық 
кӛздерін ашу арқылы ізденіске талпынысын қуаттау. Логикалық ойлауды дамыту ҥшін 
ғалым  Дж.  Дьюи  ҧсынған  есте  сақтаудың  жеті  тәсілін  білу  қажет:  ӛзі  оқығанда, 
естігенде,  кӛргенде,  естігенде  әрі  кӛргенде,  балалармен  талқылағанда,  жҥрегімен 
сезінгенде,  ӛзгелерді  оқытқанда.  Дьюидің кӛқарасы  мен  біз  жоғары  тарауда  келтірген 
Абайдың  есте  сақтау  туралы  тҧжырымы  арасында  ҥндестік  бар:  Абай  Дьюидің 
алғашқы  тӛрттігін  ғибрәтләнуге,  кейінгі  ҥштігін  қайтарып  ойланып,  кӛңілге  бекітуге 
біріктіреді, ал жетілікті меңгерген адамның «кӛкірегі байлаулы берік болмақ» және «ой 
кеселі  нәрселерден  қашық  болады».  Осы  салыстыру  педагогика  ғылымындағы  оқу 
материалын  қабылдаудың  логикасын  еске  тҥсіреді:  тҥсіну,  тҥйсіну,  бекіту  және 
практикада қолдану. Тек осындай жағдайда ғана ойлау білімгерлердің алған ақпаратын 
санаға сіңіріп ақылмен ҧштастырады. Ал ақыл адамды ерекшелендіріп тҧратын негізгі 
сапалардың бірі. 
Ғалым  Б.  Әбдікәрімҧлының  «12  жылдық  мектепке  ӛту  мәселесінің 
педагогикалық-психологиялық  ерекшеліктері»  атты  еңбегінде  оқытудың  рефлексивті-
инновациялық  үлгісі  баяндалады.  Онда  рефлексия  ҧғымының  ерекшеліктеріне  тҥсінік 
берілген:  бҧл  ҧғым  философия  ғылымында  пайда  болып,  индивидтің  ӛз  санасында 
болып жатқан ӛзгерістер туралы ойлану процесін сипаттайды; ойлау мен ақылдың ӛзіне 
бағытталу  қабілеті;  жаңа  білімді  игеру  мақсатында  білімді  талдау;  ақыл  мен  жанның 
кҥйін  ӛзбетінше  бақылау;  ӛмірлік  әрекеттен  ментальдыққа  шығу,  зерттеушілік  акт. 
Психология  ғылымында  рефлексияны  теориялық  деңгейде  зерттеген  ғалымдар: 
И.М.Сеченов,  Б.Г.  Ананьев,  П.П.  Блонский,  Л.С.  Выготский,  С.Л.  Рубинштейн. 
Рефлексияны  зерттеуге  байланысты  жҧмыстар  бҧл  қҧбылыстың  тӛрт  аспектіде 
қарастырылғандығын 
кӛрсетеді: 
кооперативтік, 
коммуникативтік, 
тҧлғалық, 
интеллектуалдық.  Кооперативтік  аспектіде  рефлексия  әрекетке  байланысты  сыртқы 

 
46 
позицияға  «шығуды»  тҥсіндіреді  (Г.П.  Щедровицкий);  коммуникативтік  аспектіде 
дамыған қарым-қатынас, тҧлғааралық қабылдау, адам адамды танудың ерекше сапасы 
ретінде  танылса  (А.А.  Бодалев),  тҧлғалық  аспектіде  қайта  ойлану  арқылы  адам 
«менінің» қайталанбас тҧтастыққа айналуы; интеллектуалдық аспектіде субъектінің ӛз 
әрекетін  жағдаятпен  сәйкес  талдау  іскерлігі.  Сонымен  қатар,  рефлексивті  оқыту 
ҥлгісінің  негізгі  идеялары  сипатталған:  тәжірибе  арқылы  оқыту;  ҥздіксіз  рефлексия 
негізінде оқыту. Бҧл процестің ӛту барысын бес қадамдық тҥрде кӛрсетуге болады: іс-
әрекет;  іс-әрекетке,  жағдаятқа  ойша  қайту  және  оны  нақты  сипаттау;  жағдаяттың 
неғҧрлым  мәнді  жақтарын  анықтау;  іс-әрекеттің  альтернативтік  жолдарын  дайындау; 
іс-әрекеттің альтернативті жолдарын жҥзеге асыру. Біздің пікіріміз бойынша оқытудың 
рефлексивті  әдісін  қолдану  арқылы  білімгерлердің  ойлауын,  дҥниетанымын, 
қҧндылықтар  жҥйесіне  бағытталуын  жаңартуға  болады.  Ол  ҥшін  рефлексивті-
инновациялық  ортаны  қҧру  мақсатында  екі  қағиданы  басшылыққа  алған  жӛн:  білімді 
және  практикалық  әдістерді  ӛзіңнен  ӛткізу  (проживание  знаний  и  практических 
методов  перед  их  теоретическим  осмыслением  и  анализом  –  И.А.Бочкарева); 
қатысушылардың  қызығушылығын  ескеру.  Тек  осындай  жағдайда  ғана  білімнің 
беріктігі сақталады. 
Қорыта айтар болсақ, оқыту ҥдерісінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесі 
білімгерлерге  білімді  табу  жолдарын  таңдау  еркіндігін,  оқытуды  ҧйымдастырудың 
тҥрлі  формаларын,  танымдық,  шығармашылық  қабілеттерін  іске  асырудың  мол 
мҥмкіндіктерін береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет