Әдебиеттер
1. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2014
жылғы 17 қаңтар.
2. Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек.
3.
Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік нұсқаулық. Елисеева И.Г.,
Ерсарина А.К. - Алматы, 2019.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Кушанова Гулнур Джексембаевна
Маңғыстау туризм колледжі
Халық даналығы: «білімдіден не пайда,білгенін көпке айтпаса.Үйреткеннен не
пайда,қайырымы қайтпаса» деген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы
қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпанындағы №81
110
Қаулысының 2 тармағын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген даму мүмкіндігі шектеулі
балаларға кіріктелген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік
нұсқаулықты 2009 жылы 16 наурызда №4-02-4\450 бұйрығымен ұсынған болатын. Бұл
әдістемелік нұсқаулықты инклюзивті білім беруді жандандыру, оның жұмыстарын жан-жақты
күн талабына сай, жүзеге асыру болып табылады. Еліміздің 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігінде осы инклюзивті білім берудің жолын қарастырып
берген[1]. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстандағы жеткіншектерге жалпы
жасөспірімдерге сапалы білім беру болса, осы сапалы білімді барлық дені сау балалармен қоса
мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруде негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
«Инклюзивті» сөзі – француз тілінен алғанда «кіріктірілген», латын тілінен аударғанда
«енгізілген» деген мағынаны білдіретін жалпы білім беретін ошақтарда ерекше қажеттілікті
талап ететін балалармен атқарылатын оқу процесін сипаттайтын термин. Инклюзивті білім
берудегі негізгі идеология-даму мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай туғызып,
қатарластарымен теңдей қарым-қатынас жасап, баланың өзін қор санауын болдырмай,
шектеуін шектейтін үрдіс. Инклюзивті білім беру- ерекше қажеттілікті талап ететін балаларды
біліммен қамтамасыз етеді, олардың барлық мұқтаждарын қамтып,барлық бала білім алуға қол
жеткізе алатынын айқындап, жалпы білім беру процесін дамыта түседі.
Инклюзивті оқытудың мақсаттары:
1.
Естуінде кемшіліктері бар балаларға еріннен оқу арқылы,ауызша сөйлеуді
қабылдау дағдысын меңгерту және ауызекі сөйлеуді дамыту.
2.
Көруінде кемістігі бар балалар оқу және жазудың арнайы әдістерін меңгерту,
кеңістікке бағдарлау.
3.
Ақыл- оый дамуының кемістігі бар балалардың психикалық функцияларын түзету
және дамыту, әлеуметтік ортаға бағдарлау, еңбек әрекетіне өз бетінше дайындауға үйрету.
4.
Психикалық
дамуы
тежелген
балалардың
оқуға
деген
қызығушылығын,белсенділігін,өз мүмкіндігіне деген сенімділігін арттыру.
5.
Тірек-қимыл аппараты бұзылысы бар балаларға қарым-қатынасқа, байланысқа түсу
дағдыларын меңгерту.
6.
Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар балаларға қарым-қатынасқа, байланысқа түсу
дағдыларын игерту[2].
Инклюзивті білім беру қазіргі таңда әлем бойынша басты проблема болып отыр. Осы
проблемаға бүкіл әлем ғалымдар мынадай анықтама беруде: «Инклюзивтік білім беру
дегеніміз-барлық ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық
енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, әлеуметтік жағдайына қарамай, балалардың осындай
кемтарлық кедергілерін жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу
педогогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, жалпы білім беру сапасы
сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.Инклюзивті білім беру бағыты
балаларды оқытуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады»
деген[3].
Әр баланың өзіне тән әдіс ойлап табу ол- мұғалімнің шеберлігі. Әр баламен тіл табысу
оңай емесі анық.Бірақ та ұстаздың міндеті қақпағын ашып білімді құю емес, жәй ғана көрсеткен
әдіс арқылы сол білім балаға неғұрлым эффектті түрде жетсе, соғұрлым нәтижелі болатыны
сөзсіз. Мұғалім баламен сабақ үстінде диалог арқылы,ойын ойнау арқылы, сөйлеу мәнері мен
жасаған қылықтарына қарай анализ жасайды.Қай әдіспен бала жеңіл әрі оңай қабылдап
тұрғанын анықтай алады. Білетініміздей біздің елімізде әлі инклюзивті балаларды оқытуға
арналған бағдарламалар жоқтың қасы. Біз қазіргі таңда Американдық «Speshel olympic»
компаниясы ұсынған әдістермен жұмыс жасау оңайға соғып тұр. Олардың айтуынша мүмкіндігі
шектеулі балаларды ортаға бейімдеу үшін әр сабақты қызықты әрі сыйлық сыйлау арқылы алға
жетелеуді жөн санайды. Қарапайым балаларға сыйлық ол «5» деген баға болса, мүмкіндігі
шектеулі балалар «5» алса, олар аса қуана қоймайды. Олардың ата-анасымен тілдесу арқылы
баласының қандай тәттіні жақсы көретінін біліп, апта соңында тапсырманы нәтижелі аяқтаса
ғана ол сыйлық өзінікі болатынын білу арқылы жақсы нәтиже көрсетеді.
111
Инклюзивті
білім
берудегі
оқытудың
ең
тиімді
жолы
«М.Монтессори
технологиясындағы тиімді ойындар жүйесі». Колледж жасындағы балалардың ақыл-ойы мен
шығармашылық қабілеттерін дамытуда, креативті сыни тұрғыдан ойлайтын, коммуникативті
дамытатын және командамен жұмыс жасай алуға мүмкіндікті
Достарыңызбен бөлісу: |