Сборник материалов международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата06.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#7843
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
государственности  заметно  коррумпирован и бюрократизирован,  избегает 
принимать  самостоятельные  решения  и  нести  за  них  ответственность  в 
обстановке,  когда  по  установившейся  традиции  все  сколько-нибудь 
важные экономические и политические решения принимаются наверху. 
Ныне  вокруг  Сирии  сложилась  новая  обстановка,  которая  требует 
активного  реагирования,  чтобы  разрядить  напряженность  и  освободить 
поле  для  дипломатического  и  внешнеполитического  маневрирования, 
создать условия для экономического роста. 
Новый президент к настоящему времени освободил от обязанностей 
ряд  деятелей  периода  правления  Асада-старшего,  которые,  даже  уйдя  в 
отставку,  не  всегда  устраняются  от  влияния  на  характер  политической 
жизни в стране в силу своего экономического веса и политических связей. 
Образовавшийся  вакуум  на  месте  отстраненных  от  дел  фигур  тут  же 
заполняется  другими  лицами,  адаптированными  к  местным  условиям  и 
действующим в рамках принятых правил игры. В большом числе случаев 
они  могут  относиться  к  молодому  поколению  бюрократии,  возможно, 
способной  на  большее,  чем  их  предшественники,  но  жесткие  скрепы 
системы  все  еще  дают  сравнительно  немного  возможностей  выйти  за 
жесткие  рамки  и  играть  по  иным  правилам.  Причем  система  настолько 
администрирована,  что  даже  в  случае  делегирования  отдельных 
полномочий  сверху,  они  могут  оказаться  в  низах  невостребованными  в 
силу  отсутствия  привычки  к  самостоятельности.  Иерархичность  и 
безынициативность  порождены  специфичностью  местной  системы 
перераспределения  ответственности  и  механизмов  отправления  властных 
функций  и  полномочий.  Понадобятся  длительное  время  и  существенная 
перестройка  схем  управления,  чтобы  превратить  госбюрократию  в 
современный по форме и содержанию институт управления. 
Отбалансированная  еще  при  Асаде-старшем,  эта  система  доказала 
свою  жизнестойкость  даже  в  период  разрушительного  путча  «братьев-
мусульман»  на  рубеже  70–80-х  годов,  борьба  с  которыми  стала 
источником  дополнительной  сплоченности  алавитско-суннитской  элиты 
[7].  Система  бесперебойно  функционировала  и  в  последующий  период. 
Пик  расцвета  она  пережила  в  тот  кризисный  период,  и  ныне  все  более 
утрачивает  действенность  по  мере  того,  как  меняется  обстановка  вокруг 
Сирии, требующая большей гибкости власти и эластичности решений. 
 
 
 
 

277 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ: 
 
1.  Арабские  страны.  История.  Экономика.  Издательство  “Наука”, 
Главная  редакция  восточной  литературы,  под  ред.  Е.А  Лебедева,  Москва 
1970 г. 
2.    Большой  энциклопедический  словарь,  издательство  “Норинт”, 
1997, Санкт-Петербург, под редакцией А.М. Прохорова. 
3.  Вся Сирия, Дамаск, 1995, издательство “Арабинформ”, Д.Осипов, 
С. Медведко.  
4.    Полный  атлас  Мира,  Кит  Лай,  издательство  “Белфакс”,  Москва, 
1997, в переводе Т.А. Филюковой, под редакцией В.А. Марук.   
5.    Сирийская  Арабская  Республика,  Институт  изучения  Израиля  и 
Ближнего Востока, под ред. М.И.Штемпель, Москва, 1997 г.  
6.    Страны  мира:  Краткий  полит.-экон.  справочник,  Москва 
издательство “Республика”, 1997 г., под общ. ред. И.С.Иванова. 
7.    Экономическая  география  стран  Ближнего  и  Среднего  Востока, 
М.П.Победина, 
В.П.Смирнов, 
В.В.Цыбульский. 
Москва, 
издат. 
“Просвещение”, 1970 г. 
 
 
ӘОЖ 070.10 (574) 
Сағыналиева А., Шурентаев А. 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
Қостанай қ., Қазақстан Республикасы 
           
ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ 
 
«Журналистика»  термині  француз  тіліндегі  «journal»  сөзінен 
шыққан. Бұл - «күнделік», «журнал» деген мағынаны білдіреді. Ағылшын 
тілінде осыған ұқсас «journalism», неміс тілінде «journalistik» деген сөздер 
бар. Ел аузында журналист мамандығын «екінші көне» мамандық деп атау 
қалыптасқан  [3;  26-28  бб.].  Соымен  журналист  дегеніміз  -  мамандығын 
сүйетін,  жаңа,  тың  ойлармен  алда  жүретін,  мақсаткер,  талапшыл, 
ықыласты, мамандығының жолында зерттеп-зерделеу үшін алтын уақытын 
аямайтын,  шын  талантты,  оқырманның  бауырмалдығына  тез  бөленетін, 
шабыты    шыңдалған  тұлға  иесі.  Міне,  бүгінгі  баяндамамда  қозғағалы 
отырған  мəселем  қазақ  журналистерінің  қоғамдағы  рөлі  жайында.  Қазақ  
журналистерінің  қоғамдағы  мəртебесін  көтеру  жөнінде  жиі-жиі  сөз 
болады.  Бірақ  іс  жүзінде  «баяғы  жартас,  сол  жартас»...  Неге  бұлай? 
Өйткені,  бізде  «Журналистің  мəртебесі  туралы»  заң  жоқ.  «БАҚ  туралы» 
заңда  БАҚ-тың  қызметі  реттелгенімен,  журналистердің  құқықтары  толық 
қорғалмаған.  Алдымен  журналистің  құқықтары  мен  міндеттері  жайында  

278 
 
айтар  болсақ,  қазіргі  таңда  Қазақстан  аумағында  журналистердің  құқығы 
жайында 20 бапта көрсетілген: 
1)  ақпаратты  iздестiрудi  жүзеге  асыруға,  сұратуға,  алуға  жəне 
таратуға; 
2)  мемлекеттiк  органдарға,  барлық  меншiк  нысандарындағы 
ұйымдарға  баруына  жəне  өзiнiң  қызмет  бабындағы  мiндеттерiн  жүзеге 
асыруға  байланысты  олардың  лауазымды  адамдарының  қабылдауында 
болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда 
өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға; 
3)  Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiнде  тыйым  салынған 
жағдайларды  қоспағанда,  жазбалар,  соның  iшiнде  оларды  дыбыс-бейне 
техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға
4)  журналистiң  куəлiгiн  көрсету  арқылы  дүлей  апаттар  болған 
аудандарда,  митингiлер  мен  демонстрацияларда,  сондай-ақ  қоғамдық, 
топтық  жəне  жеке  мүдделер  мен  наразылықтарды  өзге  де  бiлдiру 
нысандарына қатысуға; 
5)  құжаттар  мен  материалдардың  мемлекеттік  құпиялар  болып 
табылатын  мəлiметтерi  бар  үзiндiлерiн  қоспағанда,  олармен  танысуға 
рұқсат алуға; 
6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге; 
7)  алынған  ақпараттық  материалдарды  тексеру  кезiнде  мамандарға 
жүгiнуге; 
8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты 
атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға; 
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің 
жеке  сеніміне  қайшы  келсе,  оған  өз  қолы  қойылып  жариялануынан  бас 
тартуға; 
10) авторлық жəне ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен 
жарияланған  жағдайларды  қоспағанда,  бұл  құпияларды  сақтауға  құқығы 
бар. 
Сонымен қатар қоғамда журналисттің бірнеше атқаратын міндеттері 
бар. Оны «БАҚ туралы» заңның 21-бабындағы журналистiң мiндеттерінен 
айқын көре аламыз: 
1)  Қазақстан  Республикасының  заңдарын  басшылыққа  ала  отырып, 
өзi  шарттық  қатынастарда  тұрған  бұқаралық  ақпарат  құралының  қызмет 
бағдарламасын жүзеге асыруға; 
2) шындыққа сəйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға; 
3)  ақпарат  ұсынған  адамдардың  авторлығын  көрсету  туралы  олар 
жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға; 
4)  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  заңды  құқықтары  мен  мүдделерiн 
құрметтеуге; 
4-1) 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 

279 
 
5)  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  өзiне  жүктелген 
өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi [2; 22-23 бб.]. 
Міне,  жоғарыда  көрсетілген  баптардың  барлығы  өз  күшінде   
болғанымен  жас  журналистер  қауымы  əлсіздік  танытуда.  Бұл  
журналисттердің  салғырлығыма?  Әлде  бапты  білмейтін  қарапайым  қоғам 
иегерлері ме? Қазіргі таңда журналистерді ұрып соғу, қоқан-лоқы көрсету 
жилеп  кеткенін  білеміз.  Мысалға  біз  білеміз  əнші  ағамыз  Бейбіт  пен 
журналист қыз арасындағы жан-жалды. Олар жайлы барлық БАҚ мəлімет 
таратқан  болатын.  http://www.serke.org/news/  сайтында  «Бейбіт  Қорған 
журналист  қызға  зəбір  көрсетті»  деген  ақпараттар  газет  беттерінде  де 
жарияланды  [1].  Осы    ұқсас  оқиғалар    бірнеше  рет  орын  алды.  Бүгінгі 
көтеріп    отырған  мəселенің  бастысы  да  журналистер  құқықтарының 
тапталуын  болдырмау  шарасын  ұйымдастыру  жəне  журналистерге 
қоғадық орындарда орынсыз қылық көрсеткен қарапайым халық, қандай да 
бір  билік    өкілдеріне  болмасын  қатаң  шара  қолдануы  керек.  Әрине 
алдымен  журналистер қоғамдағы рөл, мəртебелерін көтеру үшін өз құқық 
пен  міндеттірін  жақсы  білуі  қажет.  Бұл  аталып  отырған  мəселенің  басын 
журналистің    сұрақ  қою  мəдениеттілігінен  бастағанымыз  абзал.  Қазақта  
мақал бар «он пəленің тоғызы  - тілден»  - деген. Сол себепті журналистің 
сұрақ  қою  шеберлігі,  кəсібейлігі,  білімділігі  жоғары  болуы  тиіс.  
Журналистің  сұрақ  қоюдағы  ерекшелігі  оның  ақпарат  жинау  кезіндегі,  
сұрақ  қоюдағы  сан  түрлі  тəсілдері  бар  екенін  біз  жақсы  білеміз.  Ереже  
бойынша  журналист  сұрақтары:  Кім?  Не?  Қайда?  Қашан?  Қалай?  Не  
үшін? Егер сіз осы сұрақтарға қанағаттанатын жауап алсаныз сұрақты сол  
жерден  үзгені  дұрыс,  бос  мылжың  сұхбаттасушының  жүйкесіне  əсер  етуі 
тиіс. Сол тақырыпты біле тұра құрмалас сұрақтарды болдырмауға тырысу 
керек. Негізі қағазға жазған сұрақтардан гөрі оқиғаға негіз болатын сұрақ  
қойған  ана  құрлы  тиімдірек.  Қосарланған  сұрақтар  қоймаған  жөн. 
Жорамал, пайым жасаудан аулақ болыныз. Тəжірбиелі сұқпаттаса білсеніз 
сұхбаттасушыныңда  сізбен  тіл  табысуы  оңай  болары  анық.  Қазіргі  
журналистер  теориядан  гөрі  тəжірбие  жолын  жақсы  менгерген.  Дегенмен   
əрбір журналист өзіне пайдасын тигізер заң, баптарды  біле  жүргені  абзал. 
Менің айтарым: журналист өз қоғамында толық құқығы бар кəсіби маман. 
Ия,  ағайын  сөзімді  қортындылай  келе  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  
шығаратын  уақыт  жетті.  Қоғамымыздағы  сара  жолдың  мəнін    құртпай, 
сыйлыда, сыйапатты өмір кешейік. Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы 
қайсы  соны  айыра  отырып,  терең  де  сенімді  қорытынды  жасай  білейік. 
Әсіресе,  өзекті  мəселелерді  сенімді дəлелдеп  көрсету  қажет.  Ал,  мəселені 
жұмсартып  айту,  шешімін  таппаған  нəрсені  жасырып,  айналып  өту  бізге 
жараспайтын  қылық  екенін  ұғайық.  Кемшіліктер  мен  қиыншылықтар 
туралы  айтпай  кетуге,  өткір  сұрақтардан  қашу  жөнсіз  болмақ.  Бəрін  де 
жақсы  деу,  бəрін  де  салтанатты  түрде  жазу  да  көкейге  қонбайды.  Яғни, 
барды бардай, жоқты жоқтай қоғамды көрсетіп жазу, айту жөн. Журналист 

280 
 
еш  уақытта  қателеспеу  керек,  бұл  да  басты  принциптердің  бірі.  Өйткені, 
журналист  қателессе,  ол  бір  адамның  қателесуі  емес  -  мыңдаған, 
миллиондаған  адамға  сол  қателіктің  зияны  тиюі  мүмкін.  Жұрт  нағыз 
журналист  жазған  материалға  сеніммен  қарайтынын  ұмытпау  керек. 
Осыларды  мүлтіксіз  орындаған  журналист  ғана  журналистиканың 
ақпараттық  қызметі  -  маңызды  екенін,  қоғамдық  рөл  атқарып, 
жұртшылыққа  əлеуметтік  белсенділік  туғызып,  шындықты  ашып  бере 
алатын мамандық иесіне айнала алады. Олай болса өз мамандығымыз үшін  
еңбекетейік,  қашанда  өз  жолымызды  биікке  апарар  қызметімізге  адал  
болайық.  Бүгінгі  қозғап  отырған  тақырыбым  сіздерге  түймедей  болса  да  
пайдасын тигізсін дегім келеді. Қашан да өз мандығымызды мақтан етейік. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1 http://www.serke.org/news/  
2  Қазақстан  Республикасының  «Бұқаралық  ақпарат  құралдары 
туралы заңы», 1999 ж. 78 б. 
3 Омашев Н. жəне т.б. «Қазақ журналистикасы» - Алматы: «Таймс» 
баспасы, 2008. І-том, 37 б. 
 
 
ӘОЖ 677.64 
Сəду М., Қасенова Қ.Б. 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы 
 
ЕҢБЕК ШЕБЕРХАНАСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ  
ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ДАМЫТУ 
 
Қазіргі  əлемде  ғылыми-техникалық  революция  жағдайында, 
өнеркəсіптің барлық салаларында жоғарғы квалификациялы жұмыскерлер 
керек. Олар қазіргі заманғы күрделі машиналарды, компьютерлерді, робот-
автоматтарды,  бағдарламалармен  басқарылатын  станоктарды,  т.б.  жеңіл 
меңгере  алатындай  болу  керек.  Сондықтан  мектептің  алдында 
оқушыларды тиянақты жалпы білімдік дайындықпен қамтамасыз ету жəне 
оқуға  дағдыландыруды  қалыптастыру,  қысқа  мерзімде  жаңа  мамандақ 
алуға  немесе  өндіріс  өзгергенде  басқа  мамандыққа  тез  ауысуға  үйрету 
міндеті тұр.  
Политехникалық  білім  идеясы  алғаш  рет  өткен  ғасырдың  (XIXғ.) 
аяғында  ұсынылған  еді.  Әрқашанда  əлеуметтік  тапсырысты  орындаған 
мектеп  Батыс  Еуропа  жағдайында  қоғамның  басталған  урбандалуын 
(қалаға шоғырлануын), өнеркəсіптік өндірістің тез өсуін ескеруі қажет еді. 
Өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  өндірістік  қызметке  араластыруға  дайындау 

281 
 
қажеттілігі туындайды. Политехникалық білім идеясына ғылыми негіздеме 
К.Маркс  еңбектерінде  көрініс  тапты  [1,  56  б.].  Советтер  Одағында 
политехникалық  мектептердің  қалыптасуына  Н.К.Крупская  үлкен  роль 
атқарды.  Политехникалық  білім  мен  политехникалық  ұстаным  мəнін 
бүгінгі  таңдағы  ұғыну  (пайымдамасы)  нақ  сол  Н.Крупскаяға  тиесілі.  Ол 
былай деді: «Политехнизм сабақ берудің ерекше бір пəні емес, ол барлық 
пəндерге  енуі  керек,  ол  физикада  да,  химияда  да,  табиғаттануда  да, 
қоғамтануда да материал таңдауда бейнеленуі қажет. Осы пəндердің өзара 
үйлесімділігі  жəне  олардың  практикалық  қызметпен,  əсіресе  олардың 
еңбекке баулуымен байланысы қажет» [2, 223 б.]. Н. К. Крупскаяның бұл 
пікірінде  политехникалық  білім  беруді  жүзеге  асырудың  жолдары 
айқындалған.    
Қазіргі  кезеңде  политехникалық  білім  берудің  негізгі  мақсаты  - 
оқушыларды  ғылыми-техниканың  даму  бағыттарымен  жəне    кейбір 
техникалық  қондырғылардың  жұмыс  істеу  принциптерімен  таныстыру 
болып  табылады.  Сонымен  қатар  осы  негізгі  мақсаттардан  басқа 
политехникалық 
білім 
оқушылардың 
шығармашылық, 
техника-
технологиялық,  конструкторлық  қабілеттерін  дамыту;  оқушылардың 
танымдылық 
белсенді 
іс-əрекеттерін 
қалыптастырып 
дамыту; 
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту жəне т.б. айтуға 
болады. 
Орысша-қазақша түсіндірме сөздікте «политехникалық білім»  
-  оқушыларды  қазіргі  заман  өндірісін,  қалдықсыз  жəне  экология 
жағынан таза технологияларын ұйымдастырудың негізгі ұстанымдарымен 
таныстыруға,  компьютер  техникасы  мен  механизацияланған  жəне 
автоматтандырылған  еңбектің  қарапайым  қазіргі  заман  жабдығында 
жұмыс істеуді үйретуге беттелген білім [ 3, 569 б.] 
Педагогикалық  сөздіктерде  политехникалық  білім  беру  мазмұнына 
оқушыларды  осы  заманғы  өндіріс  негіздерінің  ғылыми  принциптерімен 
жəне  прогресшіл  тенденцияларымен  таныстыру;  ғылымның  қоғам 
құрылысының  тəжірибесімен  байланыстылығын  түсіндіру;  оқушыларды 
осы 
кезеңдегі 
индустриалдық 
өндірістің 
негізін 
құратын 
автоматтандырылған  жəне  информатика  механизмдерімен  жұмыс  істеу 
дағдыларымен  қаруландыру,  компьютерлік  білім  беру  жататыны 
мазмұндалады [ 4, 14 б.] 
Зерттеу  мəселемізге  қатысты  əдебиеттерді  талдай  келе,  еңбек 
шеберханасында жасалатын жұмыс əрекеттері политехникалық білім беру 
құралы  ретінде  қарастырылғанына  көз  жеткізілді.  Ол,  бірінші  шикі 
заттарды өңдеу жəне олардан қол құралдарымен бұйымдар дайындаудағы 
еңбек  процесі;  екіншіден:  технологиялық  тұрғыдағы  қол  еңбегі 
құралдарымен  аса  шеберлікпен  орындалатын  іс  –  əрекет;  үшіншіден: 
шығармашылық сипаттағы көркем бұйымдарды дайындаудағы өнер. 

282 
 
Педагогикалық  əдебиеттерде  «білім»  сөзі  екі  түрлі  мағынада 
қолданылады: бірі – білім беру мазмұны ретінде; екіншісі – осы мазмұнды 
оқушылардың меңгеру нəтижесі ретінде. 
Білім 
құрылымы 
фактілерді, 
түсініктерді, 
заңдар 
мен 
заңдылықтарды,  идеяны,  теорияны  қамтиды.  Білім  қашанда  танымдық іс-
əрекетін басқару арқылы ғана білімді меңгеру процесін басқаруға болады[ 
5, 11 б.].  
Еңбек  шеберханасында  оқушылардың  политехникалық  білімдерін 
дамыту  оқытудың  əртүрлі  əдістері  мен  ұйымдастыру  формалары 
көмегімен  жүзеге  асырылады.  Сондай-ақ,  мұнда  мақсатқа  байланысты 
құралдар  немесе  құралдар  жүйесі  пайдаланады.  Құрал  –  адам  іс-əрекеті.      
Құрылымдағы  ойластырылған,  болжамды  жəне  анықталған  мақсатты 
жүзеге  асырудағы орталық  буын,  яғни қандай да бір нəтижеге  жету  үшін 
пайдаланатын заттар жəне орындайтын əрекеттердің əдістері мен тəсілдері.        
Бірқатар  ғылыми  ізденістер  нəтижелерін  талдап,  қорытындылай  келе,  біз 
еңбек  шеберханасында  оқушылардың  политехникалық  білімдерін  дамыту 
үшін мынадай негізгі жолдарын анықтадық: 
•  еңбек  шеберханасында  өтетін  сабақтар  политехникалық  білімнің 
мазмұнына енуге тиісті
• технология мен техниканың байланысы; 
• ғылыми-техниканың дамуының негізгі бағыттары; 
• қазіргі кезеңдегі өндірістің негізгі салалары; 
• нақты техникалық объектілері мен технологиялық процестер; 
• əлеуметтік-экономикалық білімдер
• экологиялық білім. 
Политехникалық білімді дамыту нəтижесінде оқушылар  технология 
мен  техниканың  арасындағы  қос  байланысты  көреді.  Бір  жағынан 
технология  техниканың  фундаменті  болса,  екінші  жағынан  техника 
технологиялық    зерттеулер  мен  эксперименттер  жүргізуге  жаңа 
техникалық  құралдар  береді  жəне  ғылыми  зерттеулерге  түрткі  болады. 
Осыған байланысты политехникалық білімді дамыту оқушыларға ғылыми-
техникалық  прогрестің  аса  маңызды  бағыттарының  (механикаландыру, 
автоматтандыру, аспап жасау, материалдарды өңдеу) ғылыми негіздерімен, 
қазіргі заманғы өндірістің негізгі салаларымен таныстыруды талап етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. 
Атутов  П.Р.  Политехнические  образования  школьников: 
Сближение  общеобразовательной    и  профессиональной  школы.  -  М.: 
Педагогика, 1976. – С.-56 
2.  Крупская  Н.К.  Таңдамалы  педагогикалық  шығармалары.  /  Құрас. 
Н.А. Сундуков.  – Алматы: Мектеп, 1973. –  223 б. 

283 
 
3. 
Әлеуметтану  жəне саясаттану  бойынша  /  Жалпы  редакциясын 
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. 
4.  Ортаев  Б.Т.  Болашақ  еңбек  пəні  мұғалімдерін  оқушыларды 
қолөнерге  баулуда  политехникалық  бағыттылықты  жүзеге  асыруға 
даярлаудың дидактикалық шарттары: 13.00.01. Пед. ғыл. канд. ... автореф. 
– Шымкент, 2002.- 14 б. 
5.  Пошаев  Д.К.  Политехнические  основы  профессионального 
обучения  школьников  /  на  примере  электротехнических  профессий/. 
Афтореф. канд. пед. наук. – М., 1988. – 11 с. 
6. 
Атутов  П.Р.  Политехнические  образования  школьников: 
Сближение  общеобразовательной    и  профессиональной  школы.  -  М.: 
Педагогика, 1976. - 192 с. 
 
 
ӘОЖ 327 (574) 
Садыкова Е.С., Бұлғынбаева А.Қ. 
С.Аманжолов атындағы Шығыс  Қазақстан мемлекеттік университеті 
Өскемен қ., Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭНЕРГОРЕСУРСТАРҒА ӘЛЕМДІК 
ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ ГЕОСАЯСИ МҮДДЕЛЕРІ 
 
Тақырыптың өзектілігі: XXI ғасырда халықаралық саясаттың негізі - 
энергетика  мəселесіне  қатысты  өрши  түседі.  Энергетика  -  бүгінгі  таңда 
əлемдік  эканомика  мен  адамзат  дамуына  негізгі  серпін  беруші  күшке 
айналып  отыр.  Әлемде  болып  жатқан  халықаралық  қатынастың  негізгі 
объектісі  ол  –  энергетикалық  ресурстарды  тиімді  əрі  қауіпсіз  пайдалану. 
Ирак соғысы, Иран мен Оңтүстік Кореядағы шиеленіскен жағдайлар, Ресей 
мен Батыс Европа арасындағы газ тасымалы үшін болып жатқан дау-дамай 
энергетикалық  саясаттың  жаңа  замандағы  маңызы  мен  энергия  көздері 
үшін тартыстың өрши түскендігін анық көрсетіп берді.Алдағы уақытта да 
бұл тартыс өрши түспек. 
Қазақстанның  Каспий  аймағындағы  мол  энергия  көздеріне  əлемдік 
державалар Ресей, АҚШ, Қытай мен Еуропалық Одақтың өз мүдделері мен 
ұстанған саясаттары бар. 
 
1-сурет. Қазақстанның өңдірісінің салмақ үлесі 

284 
 
 
Каспий  мұнайының  айналасында  қазір  «ғаламдық  ойын»  жүріп 
жатыр.  Қазақстан  мен  Ресей  –  оған  қатысушы  көптеген  «актерлардың» 
екеуі  ғана.  1991  жылы  халықаралық  аренадан  жаңа  субъектлердің  пайда 
болып,  Каспий  теңізі  аймағындағы  халықаралық  құқықтық  жағдайдың 
өзгеруіне  байланысты    Каспий  потенциалды  шиеленісті  аймаққа  айнала 
бастады. Қойманың құқықтық статусына қатысты əр елдің позициялары əр 
түрлі жəне негізгі қайшылық - Каспийдің табиғи ресурстарында. 
Бес  мемлекет  –  Қазақстан,  Ресей,  Иран,  Әзірбайжан  жəне 
Түр¬кі¬мен-стан  елдері  президенттерінің  қа¬ты¬суымен  өткен  саммитте 
ең  басты  мəселе  –  Каспий  теңізінің  құ¬қық¬тық  мəртебесін  айқындау 
талқы¬лан¬ды жəне мемлекеттер басшылары осы мəселеге байланысты өз 
елде¬рі¬нің  ұсыныстары  мен  пікірлерін  біл¬дірді.  Ал  саммит  Хавизия 
сарайында  өтті.  Каспий  теңізі  жағалауындағы  бес  мемлекет  басшылары 
аталған мəселеге байланысты осымен екінші рет бас қосып отыр. Алғашқы 
саммит 
2002 
жылдың 
сəуірінде 
Ашғабад 
қаласында 
өткен 
бола¬тын.Саммит  отырысының  нəтижесінде  Қазақстан,  Ресей,  Иран, 
Әзірбайжан  жəне  Түркіменстан  президенттері  көптен  бері  үлкен 
проблемаға  арқау  болып  келе  жатқан  құжаттар  –  бес  мемлекеттің 
қорытынды  декларациясына  жəне  Қазақстан,  Иран  жəне  Түркіменстан 
арасындағы  бірлескен  декларацияға  қол  қойды.  Сөйтіп,  Тегеран  саммиті 
Каспий теңізінің құқықтық мəртебесін айқын¬дауға тағы бір негізгі қадам 
жасады.  Осыдан  1996  жылдан  бастап  Қазақстанда  мұнай  өндіру  (газ 
конденсатын қосқанда), кедергісіз өсуде. 
 
 
 
2-сурет Қазақстан отын-энергетика құрылымындағы басқа энергия көздері 
үлесінің өзгеруі 
 
Әлемнің 60 астам барлық мұнай өндіруші мемлекеттерінің арасында 
көмірсутек  шикізатын  өндіруден  Қазақстанның  деңгейі  18  орында. 
Қазақстан  Еуропа  жəне  Евразия  мемлекеттері  арасында  мұнай  өндіруден 
Ресей,  Норвегия  жəне  Ұлыбританиядан  кейін  төртінші  орында.  ТМД 
елдерінің ішінде Ресей Федерациясынан кейін Қазақстан мұнай өндіруден 
екінші  болып  табылады.  Негізгі  мұнай  өндіру  аймақтарына  Атырау, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет