Жалмагамбетова К. К. Жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми −зерттеу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары



жүктеу 66.24 Kb.

Дата07.04.2017
өлшемі66.24 Kb.

Жалмагамбетова К.К. 

 

Жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми −зерттеу мәдениетін 

қалыптастырудың педагогикалық шарттары 

        Бүгінгі  күнгі  еліміздің    әлемдік    білім    кеңістігіне    енуге    бағытталған  

талпыныстары,  жоғары  оқу  орындарының  көп  деңгейлі  білім  беру  жүйесіне  өтуі, 

кредиттік  білім  беру  жүйесінің  енуі  маман  дайындығын  жаңаша  бағытта  жүргізу 

қажетілігіне  әкелді.  Яғни,  студенттерді  қоғам  өмірінің  барлық  сласында,  соның  ішінде 

білім  алуда  тек  деректер  жинап,  ақпарат  алумен  шектелмей,  терең  білімді  ізденімпаз, 

барлық іс- әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта 

алатын, бәсекеге түсе алатын маман ретінде тәрбиелеу қажетілігі туып  отыр. Ғылымның 

барлық  саласында  білім  мазмұны  тереңдеп,  оның  ауқымы  қауырт  өсіп  отырған  қазіргі 

ғылыми-  техникалық  өрістеу  кезеңінде  бұл  міндеттердің  жүзеге  асуы  әрбір  студентте 

зерттеу мәдениетінің қалыптасуына байланысты.  Сондықтан педагогикалық жоғары оқу 

орындарында  студенттерді  ғылыми-педагогикалық  зерттеушілік  қызметке  даярлау,  шын 

мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналды. 

           Біз 

зерттеуімізде 

студенттердің 

ғылыми− 

зерттеу 


мәдениетін 

қалыптастырудың  моделін  жүзеге  асырудың    педагогикалық  шарттары  ретінде 



оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдану  арқылы    студенттерді  зерттеу  қызметіне 

бастау  жасау  және  педагогикалық  білім  беруде  біртіндеп  күрделенетін  оқу 

тапсырмаларын қолдануды алған болатынмын. Оны біз төмендегідей негіздейміз. 

Студенттерді  зерттеу  қызметіне  әзірлеу  қажетілігі  білім  беруді  мазмұнымен  оны  

ұйымдастыруды    қайта  қарауды  талап  етеді.  Бұл  жаңа  педагогикалық  технологияларды 

қолдану қажетілігіне әкеледі. 

Жаңа технология ұғымын  Н.О.Яковлева − жаңадан құрылған немесе қайтадан құру 

негізінде    жаңа  маңызды  сапаларға  ие  болатын,  сол  арқылы  жедел  дамып,  өзгеріске 

ұшырайтын    жүйе  деп  түсіндіреді[1].  Сөйтіп  бұл  анықтамаға  сүйенетін  болсақ,  білім 

берудегі  жаңа  технология  деп  қайтадан  құрылған  немесе  өзгертілген  педагогикалық 

технологияны  айтамыз.  Және  бұл  білім  беру  үрдісіне  оң  өзгерістер  енгізуге  мүмкіндік  

беруі тиіс. 

Е.С. Полаттың пікірінше, жаңа технологиялар білім беру жүйесімен жақсы үйлеседі, 

білім мазмұнын тереңдетуге, кәсіби бейімдеуге мүмкіндік туғызады [2]. 

В.П.  Симоненко  кәсіби  білім  берудегі  жаңа    технологияларды  интерактивті  оқыту 

технологиялары, компьютерлік технологиялар және жобалау технологиясы деп бөледі[3]. 

Біз жаңа педагогикалық технологиялардың ішінен  біздің зерттеу мәселемізге  сәйкес 

келетінін іріктеп алдық.  Олар: 

- модульдік технология; 

- интерактивті технологиялар; 

- компьютерлік технологиялар. 

Студенттердің  зерттеушілік  қызметке  бастау  жасауда  интерактивті  оқыту 

технологияларын  қолдану  тиімді.  Себебі  интерактивті  оқытудың  ерекшелігі  –  ол 

шығармашылық ойлау мен қарым қатынасқа негізделеді. [4]. 

Н.А.  Морева  интерактивті  режимдегі  сабақтың  ұйымдастырушылық  – 

педагогикалық  шарттарына  мыналарды  жатқызады:  топтық  немесе  ұжымдық  жұмыстың 

мақсатын  белгілеу,  студенттердің  қызығушылықтарына  сәйкес  сабақтың  міндеттрін 

айқындау;  микротоптар  құру,  бірлескен  жұмыстың  ережелерімен  таныстыру;  бірлескен 

қызметті бағалау критерийлерін белгілеу; студенттердің белгіленген мәселені шешу үшін 

жағдай  жасау;  студенттердің  танымдық  белсенділігін  арттырудың,  топтың  және  өзінің  

қызметін бағалаудың әдіс-тәсілдерін таңдау [5,  58 б]. 


А. Смирнов аталған технлогиялардың танымдық бағытын ерекше атай отырып, оны 

оқушыны білім алуда өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа ынталандыруға  бағытталған 

оқытушымен бірлескен қызмет тәсілі деп анықтайды.[6]. 

Интерактивті  оқытуда  проблемалық  лекция,  семинар  –дискуссия,  -проблемалық 

ситуация,  параметрлік  анализ,  іскерлік  ойын,  «Ғылыми-дискуссия»,  микротоптардағы 

бірлескен қызмет әдісі т.б. оқыту формалары қолданылады. 



Проблемалық лекция мәселені немесе мәселелік жағдайды қою және оның шешімін 

іздеумен  сипатталады.  А.Ф.  Аменд,  А.А.  Саламатов,  А.А.  Горчинскаялар  проблемалық 

әдіс  «оқытушы  проблемалық  ситуациялар  туғыза  отырып,  оқушыларды  оқу  мәселелерін 

шешуге  бағыттау  арқылы  оқу  қызметінде  ізденушілік,  өз  бетімен  орындайтын  және 

шығармашылық  жұмыстарды  үйлестіре  алады».  Проблемалық  оқыту  негізінен, 

оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастыруға,  шығармашылық,  логикалық, 

сыни тұрғысынан ойлауын дамытуға бағытталған [7,  77 б.]. 

Сонымен  проблемалық  лекцияның  басты  мақсаты–  студенттердің  тікелей  белсене 

араласуы  арқылы  білім  алуы.  Проблеманы  қою  студенттердің  зейінін  аударып,  ойын 

дамытады, оқу материалына қызығушылығын  оятады. 



Семинар-дискуссия  деп  қандай  да  бір  мәселенінің  шешімін  табуға  бағытталған 

ұжымдық  талқылауды  айтады.  Ол  қатылсушылар  арасындағы  диалогтық  қатынас 

формасында  өтеді.  Диалогтық  қатынас  «өзгелерді  сыйлау,  әр  адамның  жеке  даралығын 

ескеру,  басқалардың  пікірімен  санасуға  негізделетін  қатынас»  формасы  ретінде 

анықталады.  [7,  4  б.].  Оқытушы  мен  студент  арасындағы  қатынас  субъект-субъектілік 

сипатта өтеді. 



Логикалық  ойлау  әдісі  -  міндеттерді  шешуде  ерекше  шығармашық  белсенділік 

танытумен  сипатталады.  Ол  бірнеше  кезеңдерден  тұрады:  1)  мәселені  анықтау;  2)  оны 

шешудің  шарттарын  айқындап  алу;  3)  оңтайлы  шешімін  таңдап  алу  выбор;  4)    шешім 

қабылдау [8]. 



Параметрлік  анализ  екі  кезеңнен  тұрады  —  параметрлер  таңдау  және 

шығармашылық  синтез.  Бірінші  кезеңде  —мәселені  анықтайтын  барлық  көрсеткіштерге 

талдау  жасалады,олардың  маңыздылық  айқындалады.  (басты  және  қосалқы  объектілер 

белгіленеді).  Барлық  объектлер  анықталған  соң,  олардың  арсындағы  байланыстар 

зерттеледі.  Екінші  кезеңде  параметрлер  мен  олардың  байланысына  жасалған  талдаудың 

негізінде  шешім  қабылданады.  Іскерлік  ойында  студент  кәсіби  қызметіне  тән  әрекеттер 

орындауы тиіс. Іскерлік ойын білімнің білік пен дағдыға алмасуына жағдай жасайды. 

Микротоптағы бірлескен қызмет әдісі студенттердің шағын топтардағы бірлескен, 

өз ара көмек түріндегі  оқу қызметі.Онда студенттер интелектуалдық күш біріктіріп ортақ 

тапсырманы орындайды. 

Сонымен,  интерактивті  оқыту  адамның  қарым-қатынасқа  түсу,  өзгелерге  көмек 

көрсету  қажетілігін қанағаттандырып, өзгелердің пікірімен санасуға, күрделі мәселелерді 

бар ақпараттың негізінде бірлесіп шешуге үйретеді. 

Студенттердің зерттеу қызметіне бастау жасау ақпараттық және компьютерлік оқыту 

технологияларын  кеңінен  қолданғанда  ғана  мүмкін  болады.  Д.Ш.Матрос,  Д.М.Полева, 

Н.Н.Мельникованың  пікірінше,  бұл  технологиялар  оқу  сабағының  ақпараттық  ауқымын 

кеңейтіп, білім беруді ақпараттандыруға жағдай жасайды. [9]. М.О.Смирнова білім беруді 

ақпараттандыру  оқу  үрдісінің  ақпараттық  көмек  көрсету  құралы  ғана  емес,  кез  келген 

маман  иесінің  болашақ  қызметінде  қажетті  құрал  деп  көрсетеді.  [10].  Т.Ю.Кудрявцева 

ақпараттық қызметпен айналысуға қажетті білім, білік, дағдының жиынтығы, қазіргі таңда 

маманның  кәсіби  білім,  білік,  дағдыларымен  тең  дәрежеде  маңызды  деген  тұжырым 

жасайды. [11]. 

Компьютерлік технологиялар слайд- 

лекцияларды  өткізгенде  қолданылады. 

Мұнда  біз  оқу  материалын  компьютерлік  слайд  түрінде  ұсындық.  Бұл  ақпаратты 

визуализациялауға 

мүмкіндік 

береді. 

Практикалық 

сабақтарда 

компьютерлік 

технологиялар негізінен жоба жасау әдісі арқылы қолданылды. 


С.Н. Бабина,[12]  А.К. Мынбаева, З.М. Садвакасова[13] жоба құру әдісін қолданудың 

негізгі ережелеріне  төмендегілерді жатқызады: 

1.

 

Шығармашылық ізденуді қажет ететін мәселенің (тапсырманың) болуы. 



2.

 

Күтілетін нәтиженің практикалық, теориялық, танымдық маңызды болуы. 



3.

 

Оқушылардың жеке  (топтық) қызметі. 



4.

 

Жобаның  әр  бөлігінің  қысқаша  мазмұны  берілуі  тиіс  (әр  кезеңнің 



нәтижелері көрсетілуі тиіс). 

5.

 



Әрекеттер тізбегінен тұратын зерттеу әдістерін қолдану: болжам жасау және 

оның  шешімін  іздестіру;  зерттеу  әдістерін  талқылау;соңғы  нәтижелерді  рәсімдеу 

тәсілдерін талқылау;(презентациялар,қорғау,шығармашылық есеп т.б.); мәліметтер жинау, 

оны  жүйелеу,  талдау,  жұмыстың  нәтижесін  қортындылау,  көпшілікке  ұсыну,  зерттеуді 

талап ететін жаңа мәселелерді қою. 

6.

 



Қорғалған  жобаның материалдық нәтижелері  (видеофильм, альбом, журнал 

,газета, доклад  т.б.). 

7.  Жұмыстың  міндетті  түрде  қорытындылануы  тиіс,  ол  демонстрация,  ғылыми 

баяндама, іскерлік ойын, видиофильм, пресс- конференция түрінде өтуі мүмкін. 

Бағалау  критерийі  алдын  ала  белгіленуі  тиіс.  Негізінен  презинтация  ғана  емес, 

жалпы  жұмыстың сапасы бағалануы тиіс . 

Жобалау  әдісі  жоба  дайындауға  берілген  тапсырмалар  арқылы  орындалады.Оларға 

ақпараттық  технологиялар  қолданылған  сабақ  жоспарын  жасау,  өзінің  курстық  жұмысы 

бойынша презентация жасау т.б. 

Аталған  шарттың  орындалуы  студенттерде  зерттеу  қызметіне  деген  құндылықты- 

мотивациялық қатынастың қалыптасуына, зерттеушілік дағдыларының, интеллектуалдық 

қабілеттерінің шыңдалуына жағдай жасайды. Оқыту үрдісінің сапасын арттырады. 

Психолого-  әдебиеттерге  жасалған  талдау  негізінде  және  педагогикалық 

институттағы  білім  берудің  ерекшелін  ескере  отырып,  біз  оқытудағы  жаңа 

технологияларды  қолдану  арқылы  студенттерді  ғылыми-зерттеу  қызметіне  бастау  жасау 

педагогикалық 

білім 

берудегі 



студенттердің 

ғылыми- 


зерттеу 

мәдениетін 

қалыптастырудың  моделін  жүзеге  асырудың  тиімді  педагогикалық  шарты  ретінде 

қарастырамыз. Оны төмендегідей ережелермен бекітеміз: 

 

Оқу  үрдісн  ұйымдастырудың  басты  формалары  ретінде  проблемалық 



элементтері  бар  лекцияларды,  слайд-лекцияларды,    семинар  –  дискуссияларды,  іскерлік 

ойын элементтері бар семинар сабақтарды қолдану. 

 

оқу пәнінің мазмұнын модульдік технология негізінде құру; 



 

оқу  сабақтарында  компьютерлік  технологиялар  қолданылған  жоба  жасауға 

берілген  тапсырмаларды  орындау. 

     Студенттерді  дайындау    бағдарламасында  зерттеу  тапсырмаларын  кеңінен   

қолдану    студенттердің  зерттеушілік  білімдерді  алуға  деген  қызығушылығын  арттырып,  

саналы  түрде  меңгеруіне  және  практикада  пайдалануына  негіз  болады.  Себебі  оқу 

тапсырмалары: 

а)  бір  жағынан  тапсырма  оқу  мазмұнын  ашады,  екіншіден  студенттерді  қызметке 

бастайды,  ұйымдастырады,  оқу−тәрбие  үрдісін    басқарудың  әдісі  болып  табылады. 

(Т.Е.Климова, Н.Ю. Посталюк, А.В.Усова және басқалар.) 

б) тапсырмалар кез келген қызметтің бастауы, ол оқытушыға студенттердің зерттеу 

қызметін  болжауға,  яғни  студенттердің  ғылыми-зерттеу  мәлениетінің  қалыптасу  үрдісін 

басқаруға  мүмкіндік  береді.  (З.М.Большакова,  Н.Н.Тулькибаева,  П.И.Пидкасистый, Н.М. 

Яковлева және басқалар). 

    Зерттеу  тапсырмалары  деп  Н.М.Яковлева:  «…оларды  орындау  барысында 

студенттер танымдық мәселелерді өздеріне таныс әдістермен шешеді және педагогикалық 

зерттеу  туралы  жаңа  білімдер  алып,  жаңа  әдістерді  меңгереді.  Нәтижесінде  тәрбиелеу 

теориясы мен практикасы үшін  маңызды студенттің жеке пікірі қалыптасады.»[14, с 26]. 



      Біз  зерттеу  тапсырмаларын  қолдануды  А.В.Усованың  ұсынған  шәкірттерді 

зерттеу тапсырмаларын шешуге үйретудің  дидактикалық  жүйесіне негіздейміз. [15]. 

       Ол  ғылыми  түсініктер  мақсатты  түрде  қалыптастырудың  келесі  кезеңдерін 

ұсынады:алғашқы  таныстыру  (ерекше  белгілерін  бөліп  алу)  белгілерін  нақтылау  (белгілі 

мен белгісіздің байланысын орнату) түсінікті нақтылау,  басқа түсініктермен байланысын 

айқындау,  түсініктер  жүйесін  қалыптастыру,  әр  түрлі  шығармашылық  тапсырмаларды 

орындауда қолдану. Мұндай ой еңбегімен айналысуда  студенттердің жеке икемділіктерін, 

сонымен қатар  қызығушылықтары мен  әлеуметтік қажеттіліктерін ескеру керек. 

           А.В.Усова  шәкірттердің  түсініктерін  қалыптастыруда  алатын  орнына 

байланысты  оқу  тапсырмаларының  классификациясын  ұсынады:  құбылысты  түсіндіруге 

берілетін  тапсырмалар,  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  табуға  берілген 

тапсырмалар,  қандай  салада  қолданатына  қарай  топттауға  берілген  тапсырмалар,әдістер 

мен тәсілдердің практикада қолдануын түсіндіруге берілген тапсырмалар. Тапсырмаларды 

топтаудың  мақсаты  табиғи  құбылыстардың  әр  түрлі  жақтарын    зерттеу,  оның  мәнін 

түсіну,  пайда болу себептері мен нәтижесін ашу. [16]. 

       Осы  классификацияға  негіздей  отырып,  студенттердің  ғылыми  –  зерттеу 

мәдениетін  қалыптастыру  үрдісінде  қолдануға  тиімді,    біртіндеп  күрделенетін  зерттеу 

тапсырмаларының классификациясын  ұсынамыз: 

1)  орындаушылық  –  зерттеушілік  тапсырмалар  (алгогритм  бойынша)–  білімдерді 

бекітуге  бағытталған,  мәселені  шешуге  қажетті  ақпараттарды  өңдеу  және  салыстыру 

арқылы білік, дағдыларын қалыптастыру. Практикалық маңыздылығына материалды тану, 

ұғыну, есте сақтау жатады. 

2)  зерттеушілік–  логикалық  –  мұндай  тапсырмаларды  орындауда  логикалық 

операциялар басым болады: талдау, салыстыру, жалпылау  т.б. 

3)  зерттеушілік–эвристикалық  тапсырмалар–  мұнда  эвристикалық  операциялар 

басым: болжам ұсыну, ұқсастықтар негізінде жаңаны ашу . 

Бірінші,  екінші  деңгейдегі  тапсырмалар  әр  түрлі  пәндерді  оқыту  барысында  және 

дипломдық жұмыс жазу кезінде орындалады. 

        Сонымен    студенттердің  ғылыми−зерттеу  мәдениетін  қалыптастыруды  жүзеге 

асыру  аталған  педагогикалық  шарттар  толық  орындалғанда  ғана  мүмкін  болады  деген 

қорытындыға келеміз.  

                                       Пайдаланылатын әдебиеттер: 



 

1.

 



Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе 

образования М.: Академия- 2005, 272с. 

2.

 

Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов 



педагогических вузов /Под. ред. В. Д. Симоненко.- М.: Вентана-Граф, 2005, 368с. 

3.

 



Чошанов М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обученияМетодическое 

пособие.- М.:Народное образование, 1996, 160с. 

4.

 

Морева Н.А. Технологии профессионального образования: учебное пособие для 



студентов высшего учебного заведений М.: Академия, 2005, 432с. 

5.

 



Смирнов А. Современные технологии обучения.-СПб.:ЛЭТИ,2003, 324с. 

6.

 



Исследовательская деятельность начинающего педагога. Справочное пособие. 

/Сос. А.Ф. Аменд, А.А. Саламатов, А.А. Горчинская.- Чилябинск: изд. ЧГПУ,2009, 

171с. 

7.

 



Хридина Н.Н. Понятийно-терминологический словарь: Управление образованием 

как социальной системой.- Екатеринбург: Уральское издательство,2003, 384с. 

8.

 

Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к 



личности: Учебное пособие: М.: изд. Центр «Академия», 2001, 304с. 

9.

 



Матрос Д.Ш. Управление качеством образования на основе новых 

информационных  технологий и образовательного мониторинга.-М.: Пед. 

Общество России,2001, 128с. 


10.

 

Смирнова М.О. Методические аспекты подготовки магистрантов физико- 



математического образования к использованию компьютерных технологий в 

профессиональной деятельности: //Дис. …кандидат пед.наук-2002, 225с. 

11.

 

Кудрявцева Т.Ю. Использование мультимедийных технологии как средство 



формирования информационной компетентности.//Дистанционное и виртуальное 

обучение.  2008. № 2-с. 63-67 

12.

 

Бабина С.Н. Интеграция технологического и физического образования учащихся 



школ и студентов педагогических вузов: //Дис. …доктора пед.наук- 

Челябинск,2003, 460с. 

13.

 

Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения или как 



интересно преподавать: Учебное пособие .- Алматы:ДОИВА,2009, 344с. 

14.


 

Усова А.В. Влияние системы самостоятельных работ на формирование у учащихся 

научных понятий. //Дис. …доктора пед.наук- Ленинград, 1970.Усова А.В. Теория и 

методика обучения физике:- СБб:Медуза,2002, 157с. 



15.

 

Яковлева Н.О. Педагогическое проектирование инновационных образовательных 



систем: Монография. -Челябинск: Изд. Челяб. гос. пед. ун-та, 2008, 279 с. 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал