Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика


ТӘУЕКЕЛ ЖАҒДАЙЫНДА СҮТ ӨНДІРУ МЕН ӨТКІЗУ СТРАТЕГИЯСЫН



Pdf көрінісі
бет48/55
Дата06.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#7944
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55

ТӘУЕКЕЛ ЖАҒДАЙЫНДА СҮТ ӨНДІРУ МЕН ӨТКІЗУ СТРАТЕГИЯСЫН 
ОҢТАЙЛАНДЫРУ 
 
Шораева А.Б., магистр, АТУ, ст.преподаватель кафедры «Экономика и менеджмент»,  
Айтходжаева Г.И. магистр, ст. преподаватель кафедры «ЭиМ» 
Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
E-mail: aray.1987@mail.ru 
 
Қазақстан  агроӛнеркәсіп  кешенінің  (АӚК)  дамуының  ерекше  шарттары,  аграрлық  нарықтың 
ырықсыздануының  артуы  шаруашылық  қызметінің  экономикалық  тиімділігі  мен  тұрақтылығының 
ішкі  және  сыртқы  факторларын  жүйелік  талдау  негізінде  ӛндірістік-экономикалық  қызметтің  тәуе-
келді  ескере  отырып  дайындалған  ұтымды  стратегияларын  қалыптастыру  мен  талдау  құралдарын 
дайындауды талап етеді.  
Ӛнімділіктің тұрақсыздығы және ӛндірістік ресурстар нарығындағы, әсіресе, ауыл шаруашылы-
ғы ӛнімдері нарығындағы бағаның тұрақсыздығы, сонымен бірге кәсіпорындардың қаржы ресурста-
рының құрылымының оңтайлы болмауы мен олардың жағдайының аграрлық саясаттағы ӛзгерістерге 
тәуелділігі  –  аграрлық  саладағы  тәуекелдің  неғұрлым  маңызды  кӛздері  болып  саналады.  Тәуекелді 
бағаламау мен оны тӛмендету тәсілдерін дұрыс қолданбау кәсіпорындарды күрделі қаржылық мәсе-
лелерге алып келетінін тәжірибе кӛрсетіп отыр. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында да 
АӚК туралы айрықша айтылып, оның дамуы арқасында еліміз үшін аса маңызды екі міндет – азық-
түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мен  экспортты  әртараптандыру  міндетін  жүзеге  асыру  қарасты-
рылған. Сол себепті ауыл шаруашылығы мен тұтастай сала кәсіпорындарының экономикалық тиімді-
лігін жоғарылату мен тұрақты дамытуда тәуекелді талдау мен оған қарсы тұру әдістерін жетілдіру үл-
кең маңызға ие. 
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында тәуекелді басқару үшін түрлі стратегия-
лар қолданылуы мүмкін, атап айтсақ: салаларды үйлестіру, ӛндірісті түрлі табиғи-экономикалық аудан-
дарда орналастыру, жергілікті табиғи-экономикалық жағдайларға бейімделген технологияларды қолдану, 
сақтандыру, несиелендіру, ауыл шаруашылығы ӛндірісінен тыс табыс кӛздерін іздестіру[1]. 
Тәуекел түрлерін жіктеудің  жүйелері негізінде келесідей қорытындылар жасауға болады: 

312 
 
- тәуекелдің жеке түрлері арасында нақты шектеу қою ӛте күрделі, сол себепті тәуекел түрлерін 
бұлай жіктеуді біршама шартты деп қарастыру қажет;  
- тәуекелдің кӛптеген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бір түрінің ӛзгеруі екін-
ші бір түрінің ӛзгеруіне не пайда болуына әсер етеді
- тәуекел түрлерін бұлай жіктеу оларды тек сипаттап қана қоймай, оларға әсер ететін фактор-
ларды анықтап, олардың тәуекел жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік береді, ал ол ӛз кезегінде 
тәуекелді анықтаудың, оны бағалау мен басқарудың тиімді жүйесін дайындауға ықпал етеді.  
Қарастырылып ӛткен тәуекел түрлері мен олардың кӛздерінің ауыл шаруашылығы кәсіпорын-
дары үшін маңыздылығы олардың ӛндірістік бағытына байланысты әртүрлі болғанымен, кейбір зерт-
теулердің нәтижелері табиғи-климаттық жағдай – ауыл шаруашылығындағы тәуекел мен қауіптің не-
гізгі кӛзі екендігін дәлелдейді [2]. Мұндай салыстырмалы талдау 1-кестеде келтірілген. 
 
Кесте  1  –  Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарының  ӛндірістік  бағыттары  бойынша  тәуекел  кӛздерінің  маңыз-
дылығы  
 
Ӛндірістік 
бағыт 
Тәуекел кӛздерінің маңыздылық реті 





Астық  
табиғи жағдай 
ӛнім 
бағасы 
әлемдік бағалар 
ӛндіріс 
құралдары 
бағасы 
инфляция 
Астық-
сүт 
табиғи жағдай 
ӛнім 
бағасы 
ӛсімдік 
зиянкестері 
инфляция 
ӛндіріс 
құралдары 
бағасы 
Сүт-ет 
ӛнім бағасы 
табиғи 
жағдай 
ӛндіріс құралдары 
бағасы 
малдардың 
денсаулығы 
инфляция 
Сүт-астық 
табиғи жағдай 
ӛнім 
бағасы 
ӛндіріс құралдары 
бағасы 
ӛсімдік 
зиянкестері 
малдардың 
денсаулығы 
[2]  ақпарат кӛзі негізінде дайындалған 
 
Экономиканың  басқа  салаларына  қарағанда  ауыл  шаруашылығында  тәуекел  факторларының 
ықпалы жоғары. Ӛндірілетін ӛнімнің күтілетін нарықтық бағасы мал шаруашылығы ӛнімдерін ӛнді-
рушілер үшін ең басты тәуекел кӛздерінің бірі болып саналады. Мал шаруашылығы ӛнімдерінің баға-
ларының  тұрақсыздығы,  бағаның  маусымдық  сипаты  жағдайында  ӛнім  бағасының  динамикалық 
ерекшеліктерін  максималды  ұтымды  ескеретін  нарықтық  стратегиялар  арқылы  ауылшаруашылық 
кәсіпорнының табысын жоғарылатуға болады. Бұл аграрлық нарықтағы бағалардың динамикасының 
ерекшелігі,  бірінші  кезекте,  олардың  маусымдық  сипаты  тек  тәуекелдің  кӛзі  ғана  емес,  ӛнімді  сату 
саясатын  шебер  басқарған  жағдайда  ӛндірістің  табыстылығын  арттырудың,  оның  экономикалық 
тиімділігін жоғары деңгейде ұстаудың кӛзі де бола алатынын дәлелдейді.  
Аграрлық сектордағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктері ауыл шаруашылығының са-
ласы  ретінде  мал  шаруашылығындағы  бағалық  қатынастардың  уақыттағы  дамуына  әсерін  тигізеді. 
Маусымдылықтың  мал  шаруашылығында,  әсіресе,  сүт  ӛндірісінде  алатын  орны  ерекше,  ол  ӛнімнің 
ұсынысы  мен  осы  ӛнімге  сұраныстың  икемсіздігімен  байланысты.  Республика  деңгейінде  сүт  баға-
сының нақты деңгейінің теңестірілген деңгейден ауытқуында маусымдық құбылулардың үлесі 31,6%, 
демек сүт ӛндірісінің маусымдылығы сүт нарығындағы бағаның динамикалық ерекшеліктерін анық-
тайтын негізгі фактордың бірі  болып санала алады.  
Құбылыстардың  деңгейінің  уақыттағы  ӛзгерісіне  тек  маусымдық  құбылулар  ғана  емес,  соны-
мен бірге оның даму тенденциясы да әсер етеді. Құбылыс динамикасын маусымдылықты ескере оты-
рып талдаудың ең толық әдістемесі  - динамика қатарын үш құрамдас бӛлікке: трендке, маусымдық 
құбылулар есебінен болған ауытқу мен кездейсоқ ауытқуға бӛле отырып зерттеу. Ірі қара мал шаруа-
шылығы  ӛндірісін  басқарумен  байланысты  тиімді басқару  шешімдерін  қабылдауда  ӛнім  ӛндірісінің  
биологиялық және ұйымдастыру-экономикалық ерекшеліктерін  түсіну мен есепке алу үлкен маңызға 
ие.  Олардың  қатарына  мал  басының  тұқым  қуалаушылық  ерекшеліктері,  малдың  жасы,  табынды 
ұстау ортасының жағдайы, сиырлардың тӛлдеу маусымы және сала ӛнімдерінің маусымдық бағалары 
және т.б. факторлар жатады. 
Шикі сүт  пен сүт ӛнімдері негізінен ұзақ сақтауға келмейтіндіктен, ӛндірілген ӛнімді бағаның 
маусымдық ӛзгерісін есепке ала отырып ӛткізуді басқару есебі ӛндірістің ӛзін уақыт бойынша жос-
парлауға қатысты. Мал шаруашылығының осындай ерекшелігі ӛнімді ӛткізу саясатын оңтайландыру 
есебін  шешуде    тәуекелді  есепке  алудың  сәйкес  әдістемелерін  қолдануды  кӛздейді.  Жуық  уақытқа 

313 
 
дейін  оңтайлы  шешімдер  қабылдау  үлгілерінде  кәсіпкерлердің  тәуекелге  қатынасы  бейтарап  деп 
қарастырылып  келді.  Бірақ  мұндай  кӛзқарас  нарықтық  қатынастар  жағдайында  жарамсыз,  әсіресе, 
ауыл  шаруашылығында.  Сүт  ӛндіру  мен  сату  жоспарын  оңтайландырумен  байланысты  басқару 
шешімдерін қабылдаудың дайындалған әдістемесі шешім қабылдауда маңызды орынға ие екі негізгі 
фактор: сүт ӛнімдері нарығына тән баға анықсыздығы мен кәсіпкердің шаруашылық қызметте ауыл 
шаруашылығы  ӛнімдері  мен  ауыл  шаруашылығы  ресурстарының  бағасының  анықсыздығына 
байланысты туындайтын тәуекелге деген  қатынасын есепке алуға мүмкіндік береді.  
Әр айда тӛлдейтін сиырлардың жылдық сүт ӛнімділігі мен оның лактация айлары бойынша бӛ-
лінуін, әр айда тӛлдеген мал басына жұмсалатын шығын, пастерленген сүт пен сүт ӛнімдерінің мау-
сымдық бағалары мен ӛзіндік құнын, т.б. сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, шаруашы-
лықтағы  сиырлардың  жыл  айлары  бойынша  тӛлдеуін  оңтайландыру  нәтижесінде  ай  сайын  ӛндірі-
летін  шикі  сүт,  оның  пастерленген  сүт  пен  сүт  ӛнімдерін  ӛңдеуге  жұмсалатын  кӛлемі  оңтайланды-
рылды.  Сүт  ӛндіру  мен  сату  саясатын  оңтайландыру  негізінде  малдың  сүт  ӛнімділігін,  ӛндірістің 
рентабельділігін, пайда сомасысын жоғарылатады. Демек, ӛнімді ӛткізу шешімдерін қабылдауда тә-
уекелді есепке алудың әдістері мен ӛндірілген ӛнімді ӛткізу стратегиясын оңтайландыру әдістемесін 
пайдалану ауыл  шаруашылығы ӛндірісінің экономикалық тиімділігінің жоғарылауына, ауыл  шаруа-
шылығы мен жалпы сала кәсіпорындарының тұрақты дамуына ықпал ететінін дәлелдейді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Байдақов  А.Қ.  Ауыл  шаруашылығында  тәуекелді  бағалаудың  әдістері  және  оны  басқару 
принциптері // Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы, 2011 ж., №1, 107-111 б.  
2. Кузьмин И.И., Махутов Н.А., Меньшиков В.В. Принципы управления риском в социально-
экономической системе. –М.: ПНИИИС, -2015. 
3. Кусаинов Т.А. Наука управления риском в сельском хозяйстве. –Астана, 20011. -127 с.  
 
 
 
УДК 338.48 
 
СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ ИНДУСТРИИ ГОСТЕПРИИМСТВА В РЕСПУБЛИКЕ 
КАЗАХСТАН 
 
Басканбаева Р.К., старший препод., кафедры «Экономика и менеджмент» 
Жолдасбай А.Б. студентка 4 курса, группы РДГБ,  
Алматинский технологический университет, г.Алматы, Республика Казахстан 
E-mail: Rozalinda0102@mail.ru 
 
 
Казахстан, несмотря на богатейшие туристкие ресурсы, занимает незначительную долю в миро-
вом туристком потоке. По оценкам ВТО, потенциальные возможности Республики Казахстан позво-
ляют принимать до 40 миллионов иностранных туристов в год. Казахстан имеет все возможности для 
успешного  развития  гостиничного  хозяйства.  Богатейшая  история  республики,  редкостные  истори-
ческие памятники, самобытная культура, политическая стабильность, относительная открытость и ее 
готовность к сотрудничеству – все это располагает к интенсивному развитию как туристической,  так 
и гостиничной сферы. 
К основным тенденциям развития предприятий индустрии гостеприимства в Республике Казахстан, 
оформившимся достаточно четко только в последние десятилетия можно отнести следующие: 
 углубление специализации гостиничного и ресторанного предложения; 
 образование международных гостиничных и ресторанных путей
 активное развитие сети малых предприятий и альтернативных гостиничных форм (квартиры 
посуточно); 
 внедрение в индустрию гостеприимства новых компьютерных технологий. 
 снижение стоимости гостиничного номера в условиях кризиса; 
Активность работы гостиниц тесно связано с таким показателем как уровень жизни населения 
и  уровень  деловой  активности.  Известно,  что  наиболее  активными  в  экономическом  плане  можно 

314 
 
назвать  4  города:  Алматы,  Астана,  Атырау  и  Актау.  Именно  данные  регионы  отличаются  также  и 
высокими показателями эффективности развития гостиничных услуг.  
В целом же, почти по всем показателям эффективности развития гостиничного и туристичес-
кого бизнеса, безусловное лидерство принадлежит г. Алматы. В г. Алматы, за последние 5 лет (в ус-
ловиях кризиса последних трех) наилучшие показатели демонстрирует сегмент отелей 4 звезды. Ряд 
исследований показывает, что текущее ценовое предложение гостиничных номеров в Алматы сильно 
завышено. Согласно данным отчета Hotel.info и Международной ассоциации гостиниц и ресторанов 
(IH&RA), самые дешевые гостиницы мира находятся в США, а самые дорогие – в Москве. При этом 
средние показатели стоимости номеров в крупных мировых столицах составляют более 105 евро за 
сутки. Любопытно, что и г. Алматы сюда попадает, хотя для сравнения использовалась средняя цена 
номера в гостиницах и отелях эконом класса без звезд. То есть по факту, данный показатель для г. 
Алматы будет еще выше. 
Производительность в сфере гостеприимства (отели, рестораны, кейтеринг) в РК сохраняет вы-
сокие темпы роста, несмотря на усиление кризисных явлений в экономике и общее падение доходов 
населения.  В 2015 году  совокупный  объем  оказанных  услуг  предприятиями  HoReCa  увеличился  на 
29%  по  сравнению  с  предыдущим  годом  и  составил  308  млрд  тенге.  Указанный  рост  является 
продолжением тенденции 2014 года, когда объем производства в отрасли увеличился на 22%. 
Уровень  роста  объема оказанных  услуг  в  отрасли  малыми  предприятиями  превышает  показа-
тель  по  крупным  и  средним  участникам  рынка.  Годовой  прирост  производства  крупных  и  средних 
предприятий в 2015 году составил 26%, а малых - 38%. Несмотря на рост производства, малые пред-
приятия,  оказывающие  услуги  по  проживанию  и  питанию,  по  итогам  2015  года  получили  отрица-
тельный чистый результат деятельности в размере 1,7 млрд тенге. На этом фоне уровень убыточности 
производства  малых  предприятий  сектора  составил  14,1%.  В  этом  плане  крупные  и  средние  пред-
приятия  демонстрируют  более  эффективный  показатель  деятельности  -  уровень  рентабельности 
производства  в  2015  году  составил  10%.  Это  ниже,  чем  уровень  2014  года  (26%),  однако  в  условиях 
общего снижения экономического роста в стране - это достаточно позитивный результат.В общей слож-
ности в 2015 году крупные и средние предприятия получили чистую прибыль в размере 2,7 млрд тенге. 
 
Рисунок 1 - Услуги по проживанию и питанию. Объем производства (млрд тг) 
 
 
 
Объем  
 
Прирост 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рисунок 2 - Услуги по проживанию и питанию. Рентабельность производства 
 
 
по крупным и средним 
 
по малым 
 
 
 
 
 
 
Средний уровень производительности труда в отрасли растет, несмотря на давление инфляции 
и снижение покупательной способности населения. В 2015 году реальная производительность труда 
(с  учетом  инфляции)  на  работника  сферы  услуг  по  проживанию  и  питанию  оценивается  в  5,3  млн 
0
50
100
150
200
250
300
350
2011
2012
2013
2014
2015
11%
13%
11%
22%
29%
-20%
0%
20%
40%
2010
2011
2012
2013
2014
2015

315 
 
тенге. По сравнению с 2014 годом производительность труда в отрасли выросла на 20% - и это самый 
значительный уровень годового прироста показателя за последние 5 лет. 
Изучение и анализ становления и развития гостиничного бизнеса в Республике Казахстан поз-
волили сделать следующие выводы и предложения: 
1.  Бизнес  гостиничных  услуг  как  вид  предпринимательской  деятельности  оказался  наиболее 
приближенным к рыночным колебаниям спроса и предложения. Для самостоятельных предприятий, 
оказывающих гостиничные услуги, возникает возможность выработки системы оценок по сервису на 
рынке. 
2. Создание управленческой инфраструктуры не связано с крупными инвестициями, а требует, 
прежде  всего,  наличия  управленческого  потенциала,  представленного  высокопрофессиональными 
кадрами  управленцев,  дефицит  которых  в  гостиничном  бизнесе  ощущается  все  острее,  что  соот-
ветственно накладывает отпечаток на остроту проблем в этой области
3.  В  управлении  гостиничным  бизнесом  явственно  просматриваются  три  получивших  рас-
пространение направления: 
а)  на  заполнение  гостиниц  и  оказание  максимума  чисто  гостиничных  услуг  (22%  от  всех 
гостиниц); 
б) диверсифицированный менеджмент (56%); 
в) неявное управление, симбиоз первого и второго направлений (22%). 
Итак, с учетом вышесказанного можно отметить, что гостиничное хозяйство находится на ста-
дии  активного  формирования  и  имеет  широкие  перспективы  дальнейшего  развития.Рассмотренные 
результаты  работы  в  гостиничном  бизнесе  показывают,  что  уровень  менеджмента  в  гостиничном 
хозяйстве Республики Казахстан ещѐ только начинает стабилизироваться и проблемы снижения зат-
рат  и  увеличения  эффективности  являются  общими  практически  для  всех  форм  собственности  и 
хозяйствования гостиничных предприятий. 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
1.  Н.И.  Кабушкин,  Управление  гостиницами  и  ресторанами,  Учебное  пособие,  Минск  БГЭУ, 
2009 г., стр 413 
2.  О.Ж.  Устенова,  М.Т.  Давлетова,  Организация  гостиничного  бизнеса,  Учебное  пособие, 
Алматы 2012, ТОО МВ-Принт, 399с 
3. С.К. Дамитов, Основы современного менеджмента, Алматы 2012г., ТОО, «Полиграфкомби-
нат», стр.522 
 
 
 
ӘОЖ 338. 
 
БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Тоқбергенова Ұ., Бакытжанова А.Б. 
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
E-mail: ayabakitzhan@mail.ru 
 
Соңғы  онжылдықта  дүниежүзілік  туризмнің  қарқынды  дамуы  туризм  саласындағы  қызмет-
керлердің санының екі есе және туристік сапар шығындарының бір жарым есе ӛсуіне әкелді. Ал бұл 
ӛз кезегінде туризм технологиясының дамуына үлес қосты.  
Бүгінгі таңда  туризм әлемнің әлеуметтік маңызы бар саласы болып табылды. Ӛйткені алпауыт 
мемлекеттердің әлеуметтік, саяси және экономикалық деңгейіне әсер ететіні анық. Мысалы, туризм-
нің АҚШ-тағы мемлекеттік салығы - 130 млрд доллорды құраса, Жапон елдерінде – 70 млрд доллор, 
Германияда бұл кӛрсеткіш 57 млрд доллорды кӛрсетіп тұр. Зерттеулерге сүйенсек бұл кӛрсеткіш соң-
ғы жылдары туризмнің үлесі кӛп екенін нақтылайды. Бүкіләлемдік туристік ұйым болжамы бойынша 
2020 жылы халықаралық туристік қозғалыстар 1,6 млрд-қа жетеді[1]. 
Туристік  бизнестің  сәтті  дамуын  технологияның  дамуы  мен  туристік  ӛнімдердің  ӛркендеуі 
анықтайды. Туризм технологиясы 3-ке бӛлінеді: кӛлік технологиясы, мейрамханалар мен қонақ үйді 
жабдықтау технологиясы, ақпараттық технологиялар. Соның негізінде туризмдегі технологияның да-
муын қатынас құралдарының дамуымен, компьютерлік бағдарламалардың кӛбеюі және қонақ үй мен 
мейрамханаларды  жабдықтау  кезіндегі  технологиялардың  толығумен  түсіндіруге  болады.  Қызмет 

316 
 
кӛрсету сферасы мен туризмдегі маңызды мәселе ол – қонақжайлылық пен қызмет кӛрсету. Ал бұның 
сапалылығы технологияның дамуымен және қолдануымен сәйкес келеді.  
Туристік  бизнестің  маңызды  саласының  бірі  –  кӛлік  қызметі.  Туристер  саяхаттау  кезінде 
кӛліктің бірнеше түрлерін қолданады. Кӛлік технологиясында бірінші орынды – авиациялық кӛліктер 
алады. Яғни бұл алыс қашықтыққа курорттық немесе кӛңіл кӛтеру мақсатындағы туристер қолдана 
алады. 
Ал  екінші  орынды  жеңіл  кӛлік  түрлері  алады.  Оған  қалааралық,  қала  ішілік  және  әр  түрлі 
туристік саяхаттар жатады. Мысалы оған жеңіл авто кӛліктер, автобустар, экарустар, велосипед және 
т.б.  жатады.  Кӛлік  технологиясының  бұл  түрімен  темір  жол  кӛліктері  де  негізгі  қарсылас  болып 
табылады. Бүгінгі таңдағы технологияның дамуымен қатар келген кӛлік түрлерінің кӛбеюі туризмнің 
дамуына ӛз үлесін қосады [2]. 
Кӛлік технологиясының дамуы адамдарға аз уақыт ішінде алыс қашықтықтарды жақындатуға 
және үлкен кӛлемдегі адамдар тобына саяхаттауға мүмкіндік берді. Әуе кӛлік құралдарының пайда 
болуы  туристер  санын  кӛбейтіп  қана  қоймай,  туризмнің  маңызын  арттырды.  Тасымалдау  қызметі 
кӛліктің қандай түрімен болмасын қызмет атқарса да, тұтынушыны белгіленген орынға тез жеткізуді 
қамтамасыз етеді.  Әуе  кӛліктері  қауіптілігі  бойынша  бірінші  кӛлік құралы  болғанымен  де,  тез  жет-
кізуді  қамтамасыз  ететіндіктен  тасымалдау  кезіндегі  ыңғайлылық  қарастырылған.  Тасымалдау  қыз-
метінің  әмбебап  технологиясы  мынадай  қабаттардан  тұрады:  тұрақты  тұтынушыларды  тасымалдау 
қызметімен ақпараттандыру, кӛлік қызметін кӛрсету кезінде тапсырыстарды тіркеу, туристерді қонақ 
үйлерге дейін тасымалдау қызметін кӛрсету. 
Қонақтарға  қызмет  кӛрсетудің  технологиялық  циклін  жүзеге  асыру  үшін  қонақ  үйде  негізгі 
қызметтер қарастырылған: брондау, қызмет кӛрсету, қабылдау және есептесу бӛлімі, нӛмірлер қорын 
пайдалану  қызметі.  Қабылдау  қызметі  отельдің  «жүрегі»  немесе  «жүйке  орталығы»  деп  жиі 
айтылады.  Бұл  қызметпен  қонақ  жиі  қарым-  қатынаста    болады,  себебі  осы  жерден  керекті  барлық 
мәліметті ала алады. Қабылдау және орналастыру қызметінің негізгі функциялары қонақ үйде орынға 
алдын ала тапсырыс жасау, қонақтарды тіркеу және орналастыру, кету кезінде есептесуді рәсімдеу, 
әртүрлі ақпараттар беру.  
Брондау жүйесі қонақжайлылық  индустриясының  деңгейін  жоғарылатады.  Брондау  жүйесінің 
дамуы туристер санының кӛбеюімен тікелей байланысты. Номерлерді брондау – бұл қонақ үйден ал-
дын ала нақты орын алу болып табылады. Номерге алдын ала тапсырыс беру туристерге сенімді және 
қауіпсіз болды. Қазіргі кезде брондаудың кең тараған түрлеріне мыналар жатады: Amadeus, Galileo, 
Sabre, Worldspan, UTELL, SRS, FIDELIO. Брондау технологиясының міндеттері келесідей: қабылдау 
мәлімдемесі  және  оларды  ӛңдеу;  қажетті  құжаттарды  құрастыру:  күнделікті  кесте  құру  (апта,  ай, 
квартал, жыл)  –  номер  қорының жылжу  картасы.  Тапсырысты  алдын ала қабылдау  сымтетік,  факс, 
телекс,  пошта,  хат  немесе  телеграмма,  компьютерлік  жүйемен  брондау  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Әр мәлімдеме келесі хабарламаны қамту керек: келушілердің күні мен уақыты; кетудің күні мен уа-
қыты; қонақтар саны, номер категориясы; номер қызметі; тамақтандыру қызметі; баға; есептесушінің 
аты-жӛні; тӛлем түрі; ерекше жағдай және т.б. Заманауи нарықта қонақ үйлік қызмет интернет-брон-
дау түрінде кеңінен қолданылады. Интернет қонақтың мейманхананы еркін таңдауына, номер құны 
жайында  ақпаратты  алуына,  қонақ  үй  мен  алынатын  номердегі  қызметтер  жайында  толық  мәлімет 
алуына  кӛмектеседі.  Интернет  жүйесі  арқылы  байланысатын  қонақ  үйлер  ӛз-ӛздерін  жарнамалап  қана 
қоймай, тұрақты қонақтарына жеңілдіктер жайында ақпарат тарата алады. Брондау технологиясы мына-
дай қабаттардан тұрады: брондауға тапсырысты алу, тапсырыстарды тіркеу, сұраныс бойынша номерлер 
қорының  қолжетімділігін  тексеру,  брондалған  номерді  тапсырыс  бойынша  қанағаттандыру  немесе  кері 
жауап беру, қабылданған шешімді қонаққа жеткізу, номер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету [3]. 
Туристік қызмет кӛрсету технологиясындағы ең негізгі қызметтерінң бірі – тамақтандыру. Ту-
ризмдегі тамақтандыру индустриясына мыналар жатады: мейрамхана, кафе, барлар, асханалар, ас үй 
фабрикалар,  буфеттер  және  сату  дүкендері.  Техникамен  жабдықталу  деңгейіне  байланысты,  кӛрсе-
тіліп  отырған қызметке  байланысты,  орналасқан жеріне,  бағасына,  бӛлменің  архитектуралық жағы-
нан сәндеу жұмыстарын автоматтандырылған және т.б. кӛрсеткіштеріне қарай, кәсіпорынның турис-
тік тамақтандыру индустриясы бірнеше категорияға бӛлінеді. Тамақтандыру индустриясының әмбе-
бап технологиясын ұйымдастыру мынадай қабаттардан тұрады: тамақтандыру кәсіпорнының құрал-
жабдықтары; персоналдарды іріктеу және дайындау; кәсіпорынның баға саясатын құру; мәзір құрас-
тыру; тамақтандыру ӛнімдері мен сусындарды алу; тағамдарды және сусындарды дайындау; тамақ-
тандыру қызметін ұсыну; қонақтармен есеп айырысу [4].  
Орналастыру мен тамақтандыру қызметімен қатар маңызды орын алатын ол – қауіпсіздік қыз-
меті.  Сенімді  және  дұрыс  қауіпсіздік  қызметін  ұсыну  қонақтардың  ӛзін  жайлы  сезінуіне  мүмкіндік 

317 
 
береді. Қонақ үйдегі қауіпсіздік қызметінің негізгі бағыты табиғи апаттардан сақтау, қонақтарды қор-
ғау, персоналдарды қорғау, барлық мүліктер мен ақпараттарды сақтау болып табылады. Қонақ үйдегі 
қауіпсіздік қызметіндегі негізгі технологияларға: ӛрт дабылы жүйесі, ӛрт сӛндіру жүйесі, күзет дабы-
лы  жүйесі,  табиғи  апаттар  дабылы  жүйесі,  бейне-бақылау  құралдары  (жасырын),  IP-серверлер 
жатады [5].  
Әлеуметтік-мәдени  қызмет  кӛрсету  мен  туризмді  кӛптеген  технологиялар  қамтамасыз  етеді. 
Олар  қонақтарды  тұрақты  қонақ  ретінде  қалдыруға  және  оларды  ӛз  қызметтерімен  қызықтыруға 
бағытталады.  Туризмдегі  заманауи  инновацияларға  музеефикация,  электронды  билеттер,  интернет 
арқылы брондау жүйесі, туроператорлар мен турагенттер үшін Bussines-to-Bussines жүйесінің қолда-
нылуы,  мәдени  туризм,  туристерді  шоу-бағдарламалармен  қызықтыру  жатады.  Қызмет  кӛрсету 
сферасындағы  басты  инновациялар  деп:  қызмет  кӛрсетудің  автоматтандырылуын,  тӛлем  жүйесінің 
түрлілігін, байланыс құралдарының қолжетімділігін, электронды кілттер жүйесінің болуы, ғаламтор 
жүйесі  мен  бейне-бақылау  жүйесін  айтуға  болады.  Әлемдегі  туризмнің  дамуы  Қазақстандағы 
туризмді де экономикадағы қарқынды салалрдың біріне айналдырды. Халықаралық сарапшылардың 
пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны тӛмендемейтін салаға жатады. 2020 
жылға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту тұжырымдамасының аясында да 
5  аймақтық  кластерлер  жұмыс  жасап  жатыр.  Бұл  елімізде  де  туризмнің  жарқын  болашаққа  қадам 
жасағанын кӛрсетеді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. О.С.Кексель, Техника и технология в социально-культурном сервисе и туризме, Томск, 2010 
– 18-19с. 
2. Д.И.Елканова, Д.А.Осипов, В.В.Романов, Е.В.Сорокина, Основы индустрии гостеприимства, 
Москва, Дашков и Ко, 2009 – 111-112 с. 
3.  М.А.Ёхина,  Бронирование  гостиничных  услуг,  Москва,  издательский  центр  «Академия», 
2014 – 55-56с. 
4. Е.Бесекей, Қонақ үй бизнесі, Алматы, 2012 – 199-200с. 
5. Н.В.Корнеев, Ю.В.Корнеева, И.А.Емелина, Технология гостиничного сервиса, Москва, изда-
тельский центр «Академия», 2011 – 165-168с. 
 
 
 
ӘОЖ 334 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет