Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика Кулажанова К. С. Редакционная коллегия


ИНФЛЯЦИЯ ЖƏНЕ АНТИИНФЛЯЦИЯЛЫҚ САЯСАТ



Pdf көрінісі
бет32/60
Дата03.03.2017
өлшемі7,74 Mb.
#6838
түріСборник
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60

ИНФЛЯЦИЯ ЖƏНЕ АНТИИНФЛЯЦИЯЛЫҚ САЯСАТ 

 

Абуталипова Ж. А., ғылыми жетекші., магистр, Əсілхан Б.Ш., студент 



Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы 

E-mail: zvezda_05.80@mail.ru 

 

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен 

əлеуметтік – экономикалық  салалары  елдің  жəне  бүкіл  əлемдік  шаруашылықтың  экономикалық 

қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мəселенің өзектілігі 

инфляцияның  дамуының  мəнін,  тереңдетілген  себептерін  жəне  оның  ерекшеліктері  мен 

антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. 

Инфляция  түсінігі – бұл  күрделі  де  көпфакторлы  құбылыс.  Ол  ақша  айналым  арналарының 

артық  ақша  белгіліремен  аса  толып  кетуінің  нəтижесінде  тауар  мен  көрсетілетін  қызметтердің 

бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз 

ақша  айналымына  негізделген  экономикаға  тəн  жəне  ұдайы  өндіріс  процесінің  бұзылуымен 

сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі жəне шетел валюталарының қымбаттауы 

ретінде  көрінеді.  Дағдарыс  кезінде  өткезілмеген  өнім  саны  тез  ұлғайып,  жұмысшылар  босатылады, 

жұмыссыздық  ұлғайып,  несие-ақша  байланыстары  бұзылып,  құлдырау  толқыны  ұлғайды  жəне 

кəсіпорындар  құлдырап,  жойыла  бастайды.  Инфляция  өнім  өндірудің  қарқындылығымен 

сипатталады  жəне  ол  дағдарыс  алдындағы  деңгейден  жоғары,  жұмыссыздық  тартылады,  қарыз 

капиталы ұсынымы ұлғаяды жəне банк пайызының нормасы төмендейді [1]. 

Дүниежүзінде  ХХғ.  екінші  жартысында  инфляция  болмаған  елдер  тіпті  жоқ. Егер 30-шы 

жылдары  негізгі  проблема  жұмыссыздық  болса,  одан  кейін  негізгі  проблема  инфляция  болды

Инфляцияның жылдық темпілері əлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші 

жылдары өсті. 

Инфляция – бұл  күрделі  де,  көпфакторлы  құбылыс;  ал  қағаз  ақша  айналымына  негізделген 

экономикаға  тəн  жəне  ұдайы  өндіріс  процесінің  бұзылуымен  сипатталады.  Инфляция  ең  алдымен 

тауар  бағаларының  өсуі  жəне  шетел  валюталарының  қымбаттауы  ретінде  көрінеді.  Алтын  немесе 

күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі 

емес  нақты  құндылықтың  өзі  болған:  қажетті  ақша  көлемі  алтын – күміс  қорымен  реттелген.  Қағаз 

ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана [2]. 

Антиинфляциялық  саясаттың  мақсаты  инфляцияны  басқарушылық  етіп,  ал  оның  деңгейін 

едəуір  бірқалыпты  етіп  жасау.  Ол  үшін  ақшалай – несиелік,  бюджеттік,  салықтық  əдістері,  кірістер 

саласындағы  іс-шаралар,  сондай-ақ  тұрақтандырудың  əртүрлі  бағдарламалары  қолданылады. 

Инфляциямен күресудің əдістері тура жəне жанама болуы мүмкін. 

1)  жанама  əдістер:  а)  оларды  орталық  банктың  басқаруы  арқылы  ақшаның  жалпы  салмағын 

реттеу;  ə)  оларды  орталық  банктердің  басқаруы  арқылы  коммерциялық  банктердің  несиелік  жəне 

есептілік  пайыздарын  реттеу;  б)  коммерциялық  банктердің  міндетті  қорлары,  орталық  банктердің 

ашық базарда құнды қағаздармен операциялары. 

2)  Тура  əдістер:  а)  мемлекеттің  несиелерді  жəне  сонымен  бірге  ақшалай  салмақты  тура  жəне 

тікелей реттеуі; ə) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны мемлекеттік (кəсіподақтармен келісу 

бойынша) реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды əкелу мен əкету жəне валюта бағамын мемлекеттік 

реттеу. 


Құнсызданудың  (инфляцияның)  жағымсыз  əлеуметтік  жəне  экономикалық  салдары  көптеген 

елдер  үкіметтерін  белгілі  экономикалық  саясат  жүргізуге  мəжбүр  етеді.  Бұл  жерде  экономистер  ең 

алдымен  мына  сұрақтың  жауабын  табуға  ұмтылады:  күрделі  де  тегеурінді  іс-шаралар  арқылы 

инфляцияны  жою  керек  пе,  əлде  инфляция  жағдайына  икемделген  дұрыс  па?  Бүл  екі  ұшты  мəселе 

əртүрлі  елдерде  ерекше  жағдайларға  байланысты  шешіледі  екен.  Мысалы,  АҚШ-та  жəне  Англияда 

инфляциямен  күресу  мəселесі  мемлекет  деңгейіне  көтеріліп  қойылады.  Басқа  бірталай  елдерде 



 

233 

 

инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды 



индексациялау жəне т.б.) [3]. 

Инфляцияға  қарсы  саясаттық  байланысты  инфляциямен  күресу  шығындары  туралы  мəселе 

туындайды.  Инфляцияға  қарсы  күрес  жұмыссыздықты  арттырып,  өндіріс  көлемін  қысқартуы  мүмкін. 

Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 

2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен 

калыптасады. 

2013 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды, деп 

хабарлады  брифингте  ҚР  статистика  агенттігінің  басшысы  Əлихан  Смайылов. «2013 жылдың 

қортындысы  бойынша  инфляция  деңгейі 2012 жылдың  желтоқсанынан 2013 жылдың  желтоқсанына 

дейін 4,8% құрады. Инфляцияның бұл деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш», - деді Агенттік 

басшысы.  Оның  айтуынша,  инфляцияны  ауыздықтау  əлеуметтік  маңызды  азық-түлік  тауарларының 

бағасын  ұстап  тұру,  сондай-ақ  коммуналдық  қызметтерге  реттемелі  тарифтың  өсуін  тежеу  есебінен 

мүмкін болды. 

2014  жылғы  қаңтарда  Қазақстандағы  инфляция 0,6 пайызды  құрады.  ҚазАқпарат - 2014 жылғы 

қаңтарда  Қазақстан  Республикасындағы  инфляция 0,6 пайызды  құрады.  Бұл  туралы  ҚР  Статистика 

агенттігінен  хабарланды. «Баға  азық-түлік  тауарларына  өткен  айда 0,5%, азық-түлік  емес  тауарларына 

0,3%, ақылы қызметтерге - 1%-ға өсті. 

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің мəлімдемесі: 2015 жылы инфляция деңгейі 6-8 % дəлізде болады. 

ҚазАқпарат - 2015 жылы салық-бюджет саясаты мен инфляция деңгейін жоспарланған 6-8 % дəлізде ұстап 

тұру көзделуде, делінген ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің бірлескен мəлімдемесінде. Макроэкономикалық 

тұрақтылық үйлестірілген ақша-несие жəне салық-бюджет саясаты мен инфляция деңгейін жоспарланған 6-

8 % дəлізде  ұстап  тұру  есебінен  қамтамасыз  етіледі. Ақша-несие  саясатында  орта  мерзімді  кезеңде 

инфляциялық таргеттеуге көшу үшін негіз қалыптастырылатын болады. Инфляциялық таргеттеу теңгедегі 

жинақтардың нақты кірістілігін арттыруға жəне күтілетін инфляцияны төмендетуге мүмкіндік береді.Ақша 

массасын  реттеу  инфляциямен  арақатынастылықта  жүзеге  асырылады. Валюталық  саясат  казақстандық 

экономиканың  ішкі  жəне  сыртқы  бəсекеге  қабілеттілігі  арасындағы  тепе-теңдікті  қамтамасыз  етуге 

бағытталады. Сонымен бірге, теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуларына жол берілмейді. Валюта 

нарығында алыпсатарлықты шектеу бойынша шаралар қабылданады. 2015 жылы Ұлттық Банк Үкіметпен 

бірлесіп,  қолма-қол  шетелдік  валюта  нарығында  айырбас  пункттерінің  қызметіне  қойылатын  талаптарды 

арттыру бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізеді[4].

 

Инфляция  осы  күнгі  нарықтық  экономиканың  табиғатына  сай  келеді,  инфляция  жағдайларын 



(бюджет  тапшылығы,  монополия,  қағаз  ақша,  т.б.)  толық  жою  мүкін  емес.  Осыған  байланысты 

инфляцияны  толық  жою  мүмкін  еместігі  өзінен-өзі  жəне  алдын  ала  белгілі.  Сондықтан  да  көп  елдерде 

инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған [5]. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. Крымова В. «Экономикалық теория» — Алматы, 2003ж. 

2. Дуламбаева Р.Т. Кəсіпорын экономикасы. – Алматы: 2009 – 188 б 

3. Сейтқасымов Ғ. С. – Ақша, несие, банктер/оқулық Алматы: экономика, 2001ж 

 

 



 

ƏОЖ 330.322 (574 

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЭКОНОМИКАҒА ЖҰМЫЛДЫРУ МЕХАНИЗМІ ЖƏНЕ ОНЫ 

МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 

 

Кирбетова Ж.С., ғыл жет, экономика магистрі, Атжанова С.Д., 4 курс студент 



Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

Е-mail: janar_1973.05.19k@mail.ru, Http.s@inbox.ru 

 

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезеңінде экономиканы инвестициялау үрдісін реттеуде 

басты  рөл  мемлекетке  беріледі,  ол  өзінің  мақсатты  бағытталған  саясатымен  сол  үрдісті 

ынталандырады.  Меншіктік  қатынастардың  өзгеруімен,  экономиканы  нарықтық  реформалау 

бойынша  шараларды  іске  асырумен  мемлекет  рөлі  жеткілікті  деңгейде  белсенді  болып  қалып,  жай 


 

234 

 

заңдылық  кепілі  мен  тəртібі  қызметтерімен  шектелмеуі  тиіс.  Сонымен  бірге  динамикалық 



өзгерістердің талаптарына жауап беретін мемлекеттік реттеу қоғамдық сынақ негізі мен біруақытылы 

оның катализаторы бола отырып, өзгеріп жатқан жағдайларды ескеруі тиіс. 

Инвестициялық  қызметті  реттеу  барысында  мемлекеттік  реттеу  бір  уақытта  бірнеше  қызмет 

орындауы тиіс [1, 74-б.], нақтырақ айтқанда: 

  ссудалық  пайыз,  ақша,  салық  жəне  амортизациялық  саясат  арқылы  іске  асатын  дамыған 

нарықтық  экономикада  инвестициялық  үрд-істі  басқару  бойынша  басты  макроэкономикалық  қызмет 

ретінде жеке меншік бизнестің капитал салымының жалпы көлемін реттеу (ынталандыру немесе шектеу); 

  несиелік  жəне  салық  жеңілдіктері  арқылы  белгілі  кəсіпорындарға,  салаларға  жəне  қызмет 

салаларына капитал салымын таңдаулы ынталандыру, мысалы, инвестициялық несие көмегімен; 

 ірі корпорациялардың жоспарлары мен əрекеттерін ұйғару жолымен белгілі өндірістік қуатты 

енгізу жəне шығару мақсатымен инвестициялық үрдіске тікелей əкімшілік араласу. 

Мемлекеттік инвестициялық реттеу деп макроэкономикалық тұрақтану жəне экономикалық өсу 

мақсатында  инвестициялық  нарық  қатысушыларына  тікелей  жəне  жанама  ықпал  ету  түрлері  мен 

əдістерін мемлекетпен мақсатты жəне бірізді қолдану үрдісін түсіну қажет. 

Экономиканың  нақты  секторының  қайта  қалпына  келуі  мен  дамуы  ұзақ  мерзімді 

инвестицияларсыз  мүмкін  емес,  соңғылары  бір  жағынан  инвесторлар  мен  мемлекеттік  органдар 

арасындағы,  екінші  жағынан  экономикалық  қатынас  қатысушылары  мен  шаруашылық  субъектілері 

арасындағы қатынастары реттеуші ұстанымдар жəне механизм мен инвестициялық қызметтің ұлттық 

құқықтық режимін анықтайтын заңнамасыз іске аспайды. 

Инвестициялық қызметті реттеу саласында құқықтық база үшін қазақстандық нарықта отандық 

жəне  шетелдік  инвесторлар  үшін  қызмет  етудің  біртұтас  режимі  сипатты  болып  келеді. 

Қазақстандағы  инвестициялық  қызметті  реттейтін  базалық  нормативтік  акт 2003ж.  Қазақстан 

Республикасының  «Инвестициялар туралы» Заңы болып табылады. 

Инвестициялық  қызметті  реттеу  бойынша  шаралар  жүйесінде  мемлекеттік  инвестициялық 

стратегияны жасап шығару мен оны іске асыру үшін барлық мемлекеттік реттеу жүйесін бағдарлау 

аса маңызды болып келеді. 

Нақты  ұзақ  мерзімді  инвестициялық  даму  стратегиясыз  мемлекет  тек  ағымдағы  мəселелерді 

шешіп, ұзақ мерзімді міндеттерді қысқа мерзімділерге ауыстырып отырады. 

Əлеуметтік-экономикалық  дамудың  ұзақ  мерзімді  мақсаттары  қысқа  мерзімді  мақсаттармен 

үнемі  сəйкес  келе  бермейді.  Мемлекеттің  əлеуметтік-экономикалық  дамуындағы  түбегейлі 

өзгерістерге  жету  үшін  инвестициялардың  өсуін  ғана  емес,  ең  алдымен,  экономиканың  нақты 

секторындағы  іскерлік  белсенділікті  ынталандыруды,  ол  үшін  əлеуметтік  өлшемдерді  қатаң  сақтай 

отырып  бюджеттік-салықтық,  ақша-несиелік  тетіктерді  белсенді  пайдалануды  қарастыратын  ұзақ 

мерзімді  инвестициялық  стратегия  жүргізу  қажет.  Мұның  барлығы  мемлекеттің  реттеушілік 

қызметінің күшеюімен ғана мүмкін болмақ. 

Орта  жəне  ұзақ  мерзімді  инвестициялық  стратегия  Қазақстанның  ұлттық  экономикалық 

мүдделерін  іске  асыруға  бағытталуы  тиіс,  тұрақты  экономикалық  өсу  жəне  мемлекет 

экономикасының  бəсекеге  қабілеттілігінің  өсуінің  негізінде  тұрғылықты  халықтың  өмір  сүру 

деңгейінің  көтерілуін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Сонымен  қатар,  ол  қолдағы  бар  барлық  ұлттық 

инвестициялық ресурстарды мобилизациялауға, шетел капиталын тартуға жəне оларды орынды бөлу 

мен  пайдалануға  бағытталған  шаралар  кешенін  жүргізуі  тиіс.  Бұл  шаралардың  іске  асырылуына 

мемлекеттің бюджеттік, салықтық, несиелік, валюталық, ақша саясатының барлық құралдары бағыт-

талуы тиіс. Қазақстан экономикасының ресурсты үнемдеуден əлі алшақ екенін есте сақтай отырып, 

инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі бұл мақсатта жетуге бағытталуы тиіс. 

Мемлекеттік  инвестициялар  өндірістік  жəне  əлеуметтік  инфрақұрылымның  нақты  салаларын, 

қажетті  құрылымдық  өзгерістерді  дамыту  мен  қолдауын  қамтамасыз  ететін  экономиканы  реттеуші 

маңызды фактор болып табылады. Қазіргі кезде  олардың маңызы  төмендеп кетті, дегенмен де олар 

инвестициялау  үшін,  ең  алдымен,  мемлекеттік  сектор  кəсіпорындары  үшін  ресурстардың  маңызды 

көзі болып отыр. Мемлекеттік инвестициялардың мақсаты дамудың ішкі факторларына кумулятивті 

үрдісті шақыруға мүмкіндік беру. 

Нақты  сектордағы  инвестициялық  белсенділікті  ынталандыру  мақсатында  мемлекет 

экономикадағы  мемлекеттік  меншікті  басқару  мен  қызмет  ету  тиімділігін  көтеру,  сонымен  қатар, 

экономиканың қайта құрылымдану үрдісінің пəрменденуін қарастыратын «қатаң» өнеркəсіптік саясат 

жүргізуі  тиіс.  Экономикалық  реформа  жылдары  ішінде  Қазақстанның  өнеркəсіп  құрылымы 

айтарлықтай өзгерді. Мұнай, газ, қара жəне түрлі түсті металлургия өнімдерін өндіру жəне өңдеумен 


 

235 

 

байланысты  салалардың  ара  салмағы  өсті.  Макроэкономикалық  тұрақтылықты  жеткендіктен, 



стратегиялық  акцент  экономикалық  өсуді  қамтамасыз  етуге  ауыстырылады.  Бұл  экономикалық 

реформалардың экономиканың нақты секторына ауысуын қарастырады. Онда маңызды түйін рөлінде 

ЖІӨ 20,7%-н  жəне  халықтың  жұмысбастылығының 22,2%-н  шоғырландырған  өнеркəсіп  танылады. 

Қазақстанның  өнеркəсібіндегі  құрылымдық  өзгерістер  жаңа  мемлекеттік  өнеркəсіп  саясатын 

жүргізуді, оны қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттары мен өндірілген ұлттық өнімді өткізу нарығын 

іздестіруді талап етеді. 

Инвестициялық  ресурстарды  реттеу  үшін  ойластырылған  салық  саясатына  үлкен  көңіл 

бөлінеді.  Салық  реформасы,  ең  алдымен,  кəсіпорындар  үшін  өзекті  болып  келеді,  ол  таза 

фискалдыдан  инвестициялық  белсендлікті  ынталандыру  элементіне  айналуы  тиіс.  Экономиканың 

нақты  секторына  инвестицияларды  өсірумен  байланысты  іске  асырылатын  салық  реформасының 

негізгі ұстанымдары келесілер болуы тиіс [2]: 

 салық салатын объектілер санының өсуімен қатар жүретін салық салу деңгейін төмендету; 

 салалық жəне уақытша сипаттағы салықтар бойынша негізсіз жеңілдіктер санын азайту; 

 шетел инвесторлары үшін жеңілдетілген тұрақты салық салу режимін орнату. 

Сонымен,  инвестициялық  белсенділікті  жандандыру  үшін  мемлекеттік  реттеу  шараларының 

жүйесі қажет, ол келесілерді қамтуы тиіс: 

  мемлекеттік  жəне  жеке  меншік  инвестицияларды  орынды  пайдалану,  мемлекеттік 

инвестициялық бағдарламаларды құру механизмін жетілдіру; 

 экономикадағы ұдайы өндірістік үрдістерді қалпына келтіру жəне отандық өнімнің бəсекеге 

қабілеттілігін көтеру мақсатында инвестициялық қызметтің нақты бағыттарын анықтау; 

 

құнды 


қағаздар 

нарығының 

дамуына 

жəне 


жиналымдардың 

инвестицияға 

трансформацияланудың тиімді жүйесін құруға мемлекет тарапынан əрекет жасау; 

  банктердің  экономиканың  нақты  секторына  инвестициялық  бағытын  күшейту  мақсатында 

банк жүйесін қайта ұйымдастыру; 

  өндіріс  саласына  бағытталып  жатқан  инвестицияларды  кепілдеудің  тиімді  жүйесін  құру 

бойынша жұмысты жалғастыру; 

  инвестициялық  салымдарға  кəсіпорынның  жеке  қаражаттарын  көбейту  үшін  инновациялық 

саясатты жетілдіру. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1.  Е.  Жатканбаев,  К.  Мухтарова,  Е.  Утембаев.  Государственное  регулирование  структурных 

преобразований в промышленности Республики Казахстан // АльПари, №2 2008. 74-бет. 

2.  Нурланова  Н.К.  Формирование  и  использование  инвестиций  в  экономике  Казахстана:  стратегии  и 

механизм. 

Алматы: Гылым, 2005. 192-бет . 

 

 



 

УДК 339.1 

 

ИНДУСТРИАЛЬНО- ИННОВАЦИОННЫЕ ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ ЭКОНОМИКИ 

КАЗАХСТАНА 

 

Болатханова З.А., к.э.н., доцент, научный руководитель, Баймухамедов Б.К., студент 



Алматинский технологический университет, г. Алматы, Республика Казахстан 

 

Стратегической целью развития Казахстана является построение "экономики знаний" на основе 



развития  образования,  науки  и  технологий,  в  новых  направлениях  и  коммерциализации  их 

результатов, создания благоприятной среды, поддерживающей экономический рост через инновации. 

Формирование  национальной  инновационной  системы  и  развитие  информационно  коммуни-

кационных технологий во всех секторах экономики создает условия для достижения этих целей. 

В  "экономике  знаний"  будут  востребованы  высокий  уровень  образования,  масштабность 

применения  новых  знаний,  качество  инноваций,  технологии  и  организации  производства

информатизация  всех  сфер  экономики,  включая  государственное  управление,  образование, 

производство,  услуги  и  другие.  Важная  роль  принадлежит  правительству,  которое  определяет 



 

236 

 

позиционирование страны на глобальных и региональных рынках, решения которого по вовлечению 



бизнеса в формирование "экономики знаний", должны иметь стратегический характер. 

Долговременный  и  устойчивый  экономический  рост,  как  показывает  мировой  опыт, 

достигается  при  выборе  стратегии  индустриально-  инновационного  развития  в  направлениях, 

соответствующих  мировым  технологическим  тенденциям  на  основе  достижений  мировой  и 

отечественной науки. В постиндустриальных странах значительная доля ВВП формируется в секторе 

услуг,  в  сфере  высоких  технологий,  образования,  связи  и  информационно-  коммуникационных 

технологий. 

Со  времени  обретения  независимости  и  в  течение  периода  рыночных  реформ  основными 

факторами  развития  экономики  Казахстана  служили  эксплуатация  и  первичная  переработка 

сырьевых  ресурсов,интенсивное  развитие  получили  нефтегазовая,  горнодобывающая  и 

металлургическая отрасли, тогда как предприятия обрабатывающей промышленности в большинстве 

своем оставались в состоянии стагнации, за исключением пищевой отрасли. 

Государственная  программа  форсированного  индустриально-инновационного  развития  РК  на 

2015- 2019гг.  направлена  на    стимулирование  диверсификации  экономики  и  повышение 

конкурентоспособности обрабатывающей промышленности. Задачи программы: 

1) опережающее развитие обрабатывающей промышленности; 

2) повышение эффективности и увеличение добавленной стоимости в приоритетных секторах; 

3) расширение рынков для реализации несырьевых товаров; 

4) увеличение продуктивной занятости; 

5)  придание  нового  уровня  технологичности  приоритетным  секторам  обрабатывающей 

промышленности  и  создание  основы  для  развития  секторов  будущего  через  формирование 

инновационных кластеров; 

6) стимулирование предпринимательства и развитие малого и среднего бизнеса. 

Программа 

является 

логическим 

продолжением 

Государственной 

программы 

по 


форсированному  индустриально-инновационному  развитию  Республики  Казахстан  на 2010 – 2014 

годы    и  учитывает  опыт  ее  реализации.  Программа  является  частью  промышленной  политики 

Казахстана и сфокусирована на развитии обрабатывающей промышленности с концентрацией усилий 

и  ресурсов  на  ограниченном  числе  секторов,  региональной  специализации  с  применением 

кластерного  подхода  и  эффективном  отраслевом  регулировании.  Программа  разработана  на 

основных  принципах  и  подходах  Концепции  индустриально-инновационного  развития  Республики 

Казахстан  на 2015 – 2019 годы,  с  учетом  принципов  и  положений  Концепции  инновационного 

развития  Республики  Казахстан  до 2020 года,  Концепции  формирования  перспективных 

национальных  кластеров  Республики  Казахстан  до 2020 года  и  других  программных  документов  в 

сфере индустриализации, а также руководствуясь нормами международных соглашений, участником 

которых является Казахстан/1/. 

Реализация  стратегии  технологического  прорыва  на  основе  международного  трансферта 

передовых технологий и приоритетных направлений может создать основу для вхождения страны в 

число 50-ти  наиболее  конкурентоспособных  стран  мира.  Необходимым  условием  также  является 

обеспечение взаимосвязи и внутреннего единства принимаемых стратегий и мер их воплощения, что 

было подтверждено Президентом страны Назарбаевым Н.А. в его лекции "К экономике знаний через 

инновации и образование" в Евразийском национальном университете имени JI.H. Гумилева. Нации 

конкурируют не только товарами и услугами - они конкурируют системами общественных ценностей 

и  системой  образования,  развитием  человеческого  капитала,уровнем    инновационного  развития, 

трансферта  технологий,  развития  информационных  и  коммуникационных  технологий,  объемов 

инвестирования  на  научные  исследования  и  разработки,  сотрудничества  бизнеса  и  университетов  в 

этой области./2/ 

Прежде  чем  стать  одной  из  ведущих  стран  мира  с  «экономикой  построенной  на  знаниях», 

например,Япония  прошла  путь  послевоенного  восстановления  и  развития  производства - от  стратегии 

заимствования  и  копирования  иностранной  технологии,  позволившей  ей  быстро  догнать  Запад, - до 

реализации Стратегии технологического прорыва и лидерства с созданием технополисов и НИС. 

Это позволило Японии последовательно увеличивать объемы производства на основе научно-

технического  и  промышленного  потенциала,  что  обеспечило  полный  инновационный  цикл  от 

разработки, создания нового продукта и технологии до их реализации. /3/. 

В  книге  Тацуно  Ш. "Стратегия - технополисы"  под  стратегией  заимствования  понимается 

стратегия,  основанная  на  широком  применении  технологического  трансферта,  в  связи  с  чем  более 


 

237 

 

корректным  представляется  использование  термина  в  данном  контексте.  Объектом  для  применения 



стратегии  переноса  в  Казахстане  могут  быть  предприятия  обрабатывающей  промышленности  и 

нового для страны сектора наукоемких предприятий. 

Японская модель также предполагает создание технологического приоритета, но при этом упор 

делается на конкретные технологии. 

Текущая  программа  ГПИИР  РК  на  2015-2019г.г.,  в  отличие  от  ГПФИИР 2010-2014, 

сконцентрирована  на  обрабатывающей  промышленности,  и 80% всех  ресурсов  должны  были  быть 

направлены 

на 14 приоритетных 

секторов 

в 

обрабатывающей 



промышленности.  

 В  настоящее  время  Правительство  РК  вносит  некоторые  изменения  в  связи  с  экономическим 

кризисом,  так  как  при  написании  программы  использовался  сценарный  подход.  На  тот  момент  в 

Концепции  ИИР 2015-2019 г.г.  базовый  сценарий  предусматривал  высокие  цены  на  сырьевые 

товарыи  высокий  уровень  интеграции  в  макрорегионе,  тогда  это  был  в  основном  проект  ЕвразЭС. 

Сейчас  реально  сценарий  изменился,  резкое  падение  цен  на  сырье  и  появление  нового, 

дополнительного  интеграционного  проекта  «Экономический  пояс  Нового  Шелкового  Пути», 

усиливающего  интеграционные  процессы  в  макрорегионе,  сильно  меняют  контекст,  в  котором 

реализуется  программа.  Вероятность  такого  сценария  предусматривалась  в  Концепции.  В  рамках 

этого  сценария  рост  экономики  и  промышленности  будет  медленным,  и  основные  возможности  в 

основном  будут  связаны  с  изменением  бизнес-моделей,   развитием  технологий  и  человеческого 

капитала.  Также  реализуемые  институциональные  реформы  и  программа  «Сто  шагов»  требуют 

изменений в Программе. 

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 



1.  Государственная  программа  форсированного  индустриально-инновационного  развития  РК  на 2015- 

2019гг. Указ Президента Республики Казахстан от 1 августа 2014 года №874. 

2.  Лекция  Президента  Республики  Казахстан  Н.А.Назарбаева  в  Евразийском  Национальном  Университете 

имени Л.Н.Гумилева «К экономике знаний через инновации и образование» (Астана, 26 мая 2006 года). 

3. Научно-инновационная деятельность за рубежом: новые тенденции. - М.: ИНИО РАН, 2013. - 256 с. 

 

 



 

УДК 23.012.23 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет