Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика Кулажанова К. С. Редакционная коллегия


РАЗРАБОТКА ЦЕЛЛЮЛОЗНЫХ МАТЕРИАЛОВ С АНТИМИКРОБНЫМИ



Pdf көрінісі
бет41/60
Дата03.03.2017
өлшемі7,74 Mb.
#6838
түріСборник
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60

 

РАЗРАБОТКА ЦЕЛЛЮЛОЗНЫХ МАТЕРИАЛОВ С АНТИМИКРОБНЫМИ  

СВОЙСТВАМИ НА ОСНОВЕ НАНОЧАСТИЦ МЕДИ 

 

Шаихова Ж.Е., рук, ст.преподаватель, Жалимбетова Г.Б., студент  

Алматинский технологический университет, г. Алматы, Республика Казахстан 

Е-mail: zhalimbetova.gulnara@mail.ru 

 

Наночастицы  в  последние  два  десятилетия  привлекают  особое  внимание  исследователей 



благодаря  своим  уникальным  физическим  и  химическим  свойствам,  связанным  со  значительной 

величиной  отношения  площади  их  поверхности  к  объему,  и  другим  размерным  эффектам [1]. Раз-

витие современной техники невозможно без создания материалов нового поколения с заранее задан-

ными свойствами. Одним из путей решения этой задачи является получение материалов, содержащих 

наночастицы  (НЧ)  меди.  Одно  из  них - это  выраженная  биологическая  антимикробная  активность, 

благодаря которому наночастицы меди могут применяться в экологических и медицинских целях. 

НЧ меди нашли разнообразное применение в виде перевязочных материалов для ран, покрытие 

для медицинских приборов, для обработки текстильных тканей[2,3]. Применение НЧ меди постоянно 

расширяется за счет их высоких бактерицидных свойств в сочетании с их низкой токсичностью. 

Методика  синтеза  заключается  в  восстановлении  соли  меди  сахарозой  в  водной  или  водно-

органической  среде.  В  ходе  исследования  была  поставлена  задача  получить  наночастицы  меди, 


 

286 

 

придающие устойчивые бактерицидные свойства. Целью настоящего исследования является создание 



наночастиц  меди  для  придания  целлюлозным  материалам  антибактериальных  свойств.  Для  этого 

необходимо получить золи меди с узким и воспроизводимым распределением по размерам частиц в 

нанодиапазоне, что подразумевает оптимизацию условий синтеза и концентраций реагентов. 

В данной методике синтеза к раствору сульфата меди определенной концентрации (0,0001 М – 

0,005  М)  добавляли  такой  же  объем  раствора  восстановителя (0,001 М – 0,05 М)  и  доводили  рН  до 

заданного значения с помощью раствора гидроксида натрия. В качестве восстановителей применяли 

сахарозу.  Полученные  растворы  обрабатывали  в  микроволновой  печи  в  течение 10 минут  при 

мощности 700 Вт. Микроволновое излучение обеспечивает быстрое и равномерное нагревание всего 

объема  реакционного  раствора,  что  приводит  к  однородности  в  условиях  нуклеации  и  роста 

зародышей  и,  в  конечном  итоге,  к  получению  наночастиц  наименьшего  размера  и  одинаковой 

формы[4]. Для синтеза использовали дистиллированную воду и реактивы квалификации «хч».  

Оптические спектры поглощения Сu гидрозолей регистрировали при комнатной температуре в 

области 300-700 нм на спектрофотометре Analiticjena в кварцевой кювете, длина оптического слоя – 1 

см.  Концентрацию,  размеры,  агрегативное  состояние  наночастиц  в  растворах  определяли  по 

положению  и  интенсивности  полос  поверхностного  плазмонного  резонанса.  Седиментационную 

устойчивость золей оценивали также визуально. 

При  использовании  сахарозы  (С(CuSO

4

)=0,001  М;  С(C



12

H

22



O

11

)=0,01  М)  образовывались 



довольно  устойчивые  коллоидные  растворы  голубого  цвета,  содержащие,  судя  по  наличию  и 

положению  максимума  λ= 410 - 420 нм  в  оптических  спектрах  поглощения,  наночастицы  меди 

сферической формы. 

При  изучении  влияния  концентрации  исходного  раствора CuSO

4

  в  интервале 0,0001÷0,005 М 



установили (С(C

12

H



22

O

11



) = 0,01 М), что с её ростом происходит увеличение максимума поглощения 

при 420 нм  (рис.1).  Окраска  раствора  при  этом  изменяется  от  бледно-синего  до  голубого.  Такие 

изменения,  вероятно,  связаны  с  увеличением  количества  образующихся  наночастиц.  С  ростом 

концентрации  соли  меди  также  наблюдается  увеличение  поглощения  при  длинах  волн  больше 500 

нм,  в  некоторых  случаях  на  спектрах  видно  плечо  в  интервале 500-550 нм.  Такие  изменения  в 

спектрах свидетельствуют о вероятном образовании сфероидальных частиц в результате агрегации.  

 

 

Рис.1 



Рис.2 

 

Рисунок-1. Влияние начальной концентрации сульфата меди на оптические спектры поглощения образующихся 

золей меди: 1 – 0,0001 моль/л; 2 – 0,0005 моль/л; 3 – С(CuSO

4

) = 0,001 моль/л; 4 – С(CuSO



4

) = 0,005моль/л . 

 

Рисунок.-2. Влияние концентрации сахарозы на оптические спектры поглощения образующихся золей меди: 1 – 



0,001 моль/л; 2 – 0,005 моль/л; 3 – 0,01 моль/л; 4 – 0,05 моль/л. 

 

Прирост интенсивности в максимуме полосы поглощения (рис.2) наблюдался и при увеличении 



концентрации  сахарозы  в  интервале 0,001÷0,050 М  (типичная  концентрация  меди  в  опытах  равна 

0,005  М).  Усиление  плазменного  резонанса  объясняется,  по-видимому,  повышением  скорости 

восстановления  меди  и  образования  наночастиц.  Кроме  того,  можно  отметить,  что  с  увеличением 

количества  восстановителя  происходит  небольшое  (на 20 нм)  смещение  положения  максимума 

плазменного  поглощения  в  коротковолновую  область,  т.е.  высокие  концентрации  сахарозы 

благоприятствуют образованию более мелких частиц.   

 


 

287 

 

 

Рисунок- 3. Влияние рН на оптические спектры поглощения образующихся золей меди: 1 – 8,34; 2 - 7,15; 3 – 

5,16. С(CuSO

4

) = 0,0001 М; С(C



12

H

22



O

11

) = 0,001 М. 



При исследовании влияния рН в интервале 5-12 (С(CuSO

4

) = 0,0001 М; С(C



12

H

22



O

11

) = 0,001 М) 



установлено,  что  растворы  с  рН  больше 9 являются  неустойчивыми:  в  осадок  выпадало 

металлическое  меди.  Окраска  полученных  растворов  с  увеличением  значения  рН  изменялась  от 

бледно-синий  до темно-голубого. Таким образом, увеличение рН приводит, вероятно, к возрастанию 

количества  и размера образующихся НЧ меди (рис. 3), а также сопровождается их агрегированием. 

Оптимальное, на наш взгляд, значение рН равно 8-8,5. 

Разработаны оптимальные условия обработки целлюлозных материалов наночастицами меди.  

Установлено,  что  аппретирование  подобранным  составом  придает  антимикробные  свойства 

обработанной ткани, улучшает прочностные характеристики. 

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 



1. Романов Н. А. Механизмы образования композитных наночастиц (полые наночастицы) [Текст] / Н. А. 

Романов, С. В. Калашников, А. В. Номоев // Молодой ученый.  2012.  №8.  С. 11-13. 

2.  Бабушкина  И.В.,  Бородулин  В.Б.,  Коршунов  Г.В.,  Пучиньян  Д.М.  Изучение  антибактериального 

действия  наночастиц  меди  и  железа  на  клинические  штаммы Staphylococcus aureus // Саратовский  научно-

медицинский журнал. 2010. Том 6. №1. С.11-14. 

3.  Кричевский  Г.Е.  Нано-,  био-,  химические  технологии  в  производстве  нового  поколения  волокон, 

текстиля и одежды. Издание первое.  М.: 2011. 528 с. 

4.  Инновационный  патент  № 20162 РК.  Способ  антимикробной  отделки  целлюлозного  текстильного 

материала/ Таусарова Б.Р., Кутжанова А.Ж., Буркитбай А., Маметеков Т.К. опубл. 15.10.2008, бюл. №10 

 

 



 

ƏОЖ 547.992 

 

КЕНДІРЛІК КЕН ОРЫН ҚОҢЫР КӨМІРІНЕН АЛЫНҒАН ГУМИН ҚЫШҚЫЛЫНАН 

БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ ЗАТТАР АЛУ МҮМКІНДІГІ 

 

Чилибаева Д.Қ., п.ғ.к. химия доценті Тантыбаева Б.С. 

Сəрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ., Өскемен қ. 

 

Қазіргі таңда біздің елімізде тас жəне қоңыр көмірдің мол қорлары бар, барлығы 200 - ге жуық 



кен  орыны  барланған.  Ірі  кен  орындары  –Шұбаркөл,  Борлы,  Самара,  сондай-ақ,  Теңіз-Қоржын  көл 

көмір  алабы.  Біздің  облысымызда  Юбилейное  (қоры 1,5 млрд.  тонна),  Кендірлік (1,6 млрд.  тонна, 

барланғаны 250 млн. тонна) кен орындары белгілі. Кендірлік тақта тас кен орнында көмірден басқа 

жанғыш  тақтатастар  бар.  Оның  жалпы  қоры 4 млрд.  тонна,  барланғаны 20,3 млн.  тонна.  Кендірлік 

тақта тас, көмір-жанғыш кен орны, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында, Зайсан қаласынан 

оңтүсктік-шығысқа қарай 50 – 65 км жерде орналасқан. Кен орны 1874 ж. ашылып, 1920 ж. барлау 

жұмыстары жүргізілді [1]. Қазір кен орныңда қоңыр көмір мөлшері өте көп. Бұл көмір отын ретінде 

қолданылмайтындықтан,  бос  жатыр.Барлық  заттарды  қажеттілікке  жарату  мақсатында  қоңыр 

көмірдің құрамы зерттелді. Оның құрамында гуминдік заттар бар екені анықталған. 

Гуминдік  заттар  табиғатта  барлық  жерде  кездеседі.  Ол  топырақтың,  судың,  сонымен  қатар 

қатты  жанғыш  кендердің  басты  органикалық  құрағыш  заты.  Гумин  қышқылы  қоңыр  көмір, 

сапрофель жəне торфта кездеседі. Ең көп мөлшері қоңыр көмірде – 86%, бұл дегеніміз қоңыр көмір 

өндірудің  басты  қалдығы  көптеген  экологиялық  мəселелердің  шешімі  болатын – гуминдік  заттар. 


 

288 

 

Қазіргі заманғы зерттеулерді қорыта келе: гуминдік препараттар адамдар мен жануарларға зияны жоқ 



екені  анықталды.  Олар  аллергендік,  анафилактогендік,  тератогендік,  эмбриотоксиндік  жəне 

концерогендік қасиеттер көрсетпейді. 

 

Кесте-1. Кендірлік кең орнынан шыққан қоңыр көмірдің техникалық анализі 



 

Тəжірибе түрі 

Қоңыр көмір 

Аналитикалық үлгінің ылғалдылығы (W

А

, %) 


7,97±0,98 

Құрғақ күйдің күлділігі (А

d

, %) 


38,77±1,12 

Ұшқыш заттар (V

daf

, %) 


33,3±1,24 

Битумның мөлшері, массада% 0,60±0,02 

Құрғақ күйдегі көміртек (С

daf


, %) 

64,6 


Құрғақ күйдегі сутегі (Н

daf


, %) 

39,0 


Құрғақ күйдегі күкірт (S

daf


, %) 

0,2 


Н/С атомдық қатынасы 3,3 

 

Кесте-2.Кендірлік  кең  орнынын  алынған  қоңыр  көмірдің  құрамындағы  минералдардың  жəне  микроэлемент-



тердің мөлшері  

 

Элементтер 



Мөлшері 

Pb, мг/кг 23 

Zn, мг/кг 63 

Cu, мг/кг 38 

Ni, мг/кг 35 

Co, мг/кг 8 

Fe

2

O



3

, мг/кг 2,097 

MnO, мг/кг 204 

Cr, мг/кг 83 

V, мг/кг 103 

TiO


3

, масада% 0,4438 

As, мг/кг 10 

 

Осыдан  шығатын  қорытынды:  Кендірлік  тақта  тас  кен  орны  қоңыр  көмірінің  құрамында 



битумның  мөлшері  аз,  ылғалдылығы  төмен,  яғни  гумин  қышқылдарын  алуға  жарамды. 

Лабораториялық  тəжірибелер  арқасында  гумин  қышқылының  агрохимияда  тыңыйтқыш  ретінде, 

сорбциялық  қасиеті  бойынша  сарқын  суларды  тазартуда,  рафинацияланбаған  күнбағыс  майын 

тазартуда  қолдануға  болатыны  дəлелденді.  Гумин  қышқылының  ең  тиімді  жəне  перспективалы 

қолданысы–гумин  қышқылы  туындылары  негізінде  құстарға,  төрт  түлікке,  балықтарға,  үй 

жануарларына  экологиялық  таза  жемдік  қоспалар  мен  ветеринарлық  препараттар,  адамдарға 

косметикалық  жəне  дəрілік  препараттар.  Біздің  зерттеу  жұмысымызда  гумин  қышқылын 

ветеринарияда  (құс  жеміне  қосымша  зат  ретінде)  қолданылуын  қарастырамыз.  Ашық  мекендерде, 

ауыл шаруашылық қожалықтарында өсірілетін құстар шыны, тас сияқты қатты заттарды жеммен қоса  

қолданатыны белгілі. Ол құс бөтегесіне түсіп бүтін бидай дəнінің тез қорытылуына септігін тигізеді. 

Ал  фабрикада  өсірілетін  құстарға  бидайды  қорыту  қиындық  туғызады,  сол  себепті  оларға  жемді 

қорытуға асқазан ішек жүмысын белсендіретін заттар қажет. Осыған орай гуминдік заттар негізінде 

алынған биологиялық белсенді заттарды қолданған  тиімді.  

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, гумин қышқылының тұзы натрий 

гуматын  жемдік  қоспа  ретінде  қолдану  гемопоэз  гармонының  жұмыс  істеуін  жақсартып,  жалпы  

ақуыз  жəне  қайта  қалпына  келтіретін  глутатион  мөлшерін  көбейтіп,  қан  сары  суының  бактерияға 

қарсы  қасиеттерін  белсендірді.  Гумин  қышқылының  туындылары  қосылған  жемді  қолданған 

жануарларда  иммундық  көрсеткіштері  жақсарғаны  туралы  айта  кету  керек.  Қан  сары  суының 

бактерияға қарсы жəне лизоцимді қасиеттері 23,9 %-ға, яғни  1,2 есе артық болатыны анықталған. Ет 

массасының  өсуі,  сүт  майлылығының  артуы,  ауруларға  аз  шалдығуы  байқалған.  Бұл  басқа  қымбат 

препараттарды  бергеннен  гөрі,  экономикалық  жағынан  арзан  бағасымен,  жəне  жемнің  аз  жұмсалуы 

жағынан тиімді.  

Тауық  еті,  жұмыртқасы  халық  арасында  кең  қолданыста.  Сол  себепті  құс  өсірушілердің  бір 

өзекті  мəселесі  жем  ретінде  қолданылатын  тағамдық  заттардың  сапасы  болып  табылады.  Көп 



 

289 

 

фабрикаларда бройлер балапандарының массасының жылдам артуына жəне құнарлы заттарды сіңіру 



үшін  биологиялық  активті  заттар  ферменттер,  карбон  қышқылдары  (янтарь,  малон)  қолданылады. 

Олардың кемшілігі бағасының қымбаттығында, дəлірек айтқанда «баға», «нəтиже» қатынасының тең 

болмауында. Осы мəселенің шешімі жемдік қоспа ретінде экологиялық жəне экономикалық жағынан 

тиімді  гумин  қышқылының  туындыларын  қолдану  болып  табылады.  Анкара  университетінің 

ветеринария  факультетінде  жасалған  зерттеу  жұмысының  қорытындысы  бойынша    гуминдік 

заттарды  жемдік  қоспа  ретінде  пайдалану  пайдалы  заттардың  жақсы  сіңірілуімен  қатар,  жұмыртқа 

массасы мен саның көбейтеді деп көрсетілген.  

Жасалған жұмыстың нəтижесінде, төмендегідей қорытындылар  жасауға болады: 

1. Кендірлік кен орны қоңыр көмірдің құрамында битумның мөлшері аз, ылғалдылығы төмен, 

яғни гумин қышқылдарын алуға жарамды. 

2.  Гумин  қышқылының  шығымы  кинетикалық  параметрлерге  жəне  үлгі  мөлшеріне  тəуелді 

екені анықталды.  

3.  Қоңыр  көмірді  азот  қышқылымен    тотықтандырудың  тиімді  шарттары:  температурасы    –  

60ºС, тотығу уақыты – 60 минут, азот қышқылының шоғыры – 40%;  

4.  Гуматты  экстракциялау  үрдісінің  тиімді  шарттары:  экстрагент  сілтінің  шоғыры – 5,5%, 

уақыты – 120 мин, температурасы – 60 ºС; 

5. Гумин қышқылының туындыларын (натрий гуматы) жемдік қоспа ретінде қолдану, бройлер 

балапандары массасын 1,2 есеге дейін арттырады.  

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1.  Жапаров  Б.,  Құт  қонған  Зайсан: [кітап  тəуелсіздіктің 20 жыл  ішіндегі  ауданның  тыныс  тіршілігіне 

арналған]. Өскемен: рекламның дайджест, 2011. – 201 б. 

2.  Орлов  Д.С.  Гуминовые  вещества  в  биосфере // Статьи  Соровского.  Образовательного  журнала  в 

текстовом формате. Химия.–МГУ им. М.В. Ломоносова, 1997 // Интернет – сайт http :/ / w w w. Pereplet .ru/ ob-

razovanie/stsoros/ 260.html. 

3. Горовая А.И., Орлов Д.С., Щербенко О.В. Гуминовые вещества. – Киев: Наукова думка. 1995. – 304 с.  

4. Humic substances and their role in the environment. Rep. of Dahlem workshop, Berlin, 1987. John Wiley & 

Sons Limited. S. Bernhard. Dahlem Konferenzen. 1988. P.133–148.  

 

 

 



ƏОЖ 551.588.7(574) 

 

АРША АҒАШЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 



ҚҰНДЫЛЫҒЫ 

 

Дəуметова С.Т., жет. аға оқытушы, Байұзақ Ұ.Б., студент 



Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан, 

Е-mail: daumetova83@mail.ru 

 

Арша кипарис тұқымына жататын мəңгі жасыл қылқан жапырақты ағаш немесе бұта. Аршаны 

теңіз деңгейінен 4000м биіктегі тау беткейлеріненде кездестіреміз. Арша баяу өседі, 800, 1000, 2000, 

жылға дейін тіршілігін жоймайды.  

Жалпы  Қазақстанда  кездесетін  аршаның  түрлерінің  қысқаша  сипаттамасы 1- кестеде 

көрсетілген [1,2].  

 

Кесте-1. Қазақстанда кездесетін арша түрлерінің сипаттамасы 



 

Арша түрлері 

Таралу аймағы 

Биіктігі 

Тіршілік ету  

ұзақтығы 

Жалпы ерекшелігі 

Зеравшан 

аршасы 

Батыс  Тянь-Шань, 



Оңтүстік  Қазақстан, 

Жамбыл облысы 

10-12 метр 

Шамамен  

8-10 жыл 

Ағаштың 


басы 

қалың, 


пішіні  шар  тəрізді,  діні-нің 

қабығы қызғылт, жа-пырағы 

өткір  ине  тəрізді.  Екі-үш 

үйлі өсімдік 



 

290 

 

Сібір аршасы 



Алтай 

жəне 


Іле 

Алатауы 


1  метрге  дей-

ін жететін тө-

селгіш бұта 

Жапырақтары  қысқа  ине 



тəрізді, бүршіктері ұсақ 

Түркістан 

аршасы 

Орта Азия, Оңтүстік 



Қазақстан 

 

Ең 



ұзақ 

жас-


айтын арша шама 

мен 1000 жыл 

Жемісі  ағашта  көктемге 

дейін сақталады 

Сауыр аршасы 

Сауыр-Тарбағатай, 

Жоңғар 

Алатауы, 



Зайсан шұңқыры 

Шамамен 10 

метрге  дейін 

жетеді 


Шамамен 20-30 

жыл 


Қылқанында  болатын  эфир 

майы  өткір  жағым-сыз  иіс 

беріп  басқа  арашлар  мен 

шатастырмайды 

 

Аршаның  барлық  түрі  ашық  күнді  қажет  етеді.  Кез-келген  топырақта  өсе  береді.  Бұтағының 



ұшын  қырқып-пішіндеп  өсірген  дұрыс.  Қылқанының  түсі  қанық  болуы  үшін  жылына  бір  рет 

көктемде  толық  минералды  тыңайтқыштармен  қоректендірген  жөн.  Қалемшелеу  жəне  тұқымы 

арқылы  көбейтіледі.  Қалемшелеп  көбейткен  жөн.  Тұқымы  арқылы  көбейту  жұмыстары  арнайы 

жылыжайларда  жүргізіледі.  Аршаның  жеміс  бүрі  жидек  пішіндес  немесе    шар  тəріздес, 4-6 

жапырақша  бірігіп  өскен,  əрбір  жапырақша  түбінде  бір  дəн  бар.  Ішіндегі  дəні  қыркүйек  айында 

піседі.  Жеміс  бүрі  əдепкіде  көкшілдеу  болады.  Тұқым  піскен  кезде  жапырақшалар  қоңыр  түсті 

болады  да,  жапырақшалар  ашылып,  дəндер (4-5 тұқым)  жерге  түсіп  шашылады.  Сосын  оны  жинап 

алу өте қиын, өйткені дəндердің түсі топырақ тəріздес əрі майда[3]. (1-сурет). 

                                                                                                                      Сурет-1 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сондықтан  жеміс  бүрі  жапырақшалары  ашылмай  тұрғанда,  шамалы  қоңырқар  түсті  болғанда, 

қыркүйек,  қазан  айларында  жинайды.  Жиналған  тұқым  жетіліп  піскенше 10 күн  «жатып  сақталуы» 

керек, сосын егуге болады.   

Тұқымды егу жəне күтіп баптау үшін бір мезгілдік стакандар алынып, біреуінің түбін шприцтік 

инемен  немесе  бізбен  теседі.  Ал  екіншісі  тесілмейді.  Тесілген  стаканды  тесілмеген  стакан  ішіне 

кигізеді,  сосын  кəдімгі  топырақпен  толтырып  шамалы  нығыздайды.  Əрбір  стаканға  аршаның 3-

5тұқымы  себіледі  де,  беті  топырақпен  жабылады,  бірақ  түқым  тереңге  түспеуі  керек ( беті  жабылса 

болды, тереңдігі 0,8-1 см.) , сосынжаймен су құйылады. Топырақ тұрақты түрде ылғылды болу керек [4].  

Ол үшін 2-3 күн өтіп, 3 немесе 4- күні əрбір стакандар суарылады, бірақ су көп құйылмау керек. 

Осылайша  егілген  стакандарда  тұрақты  ылғал  сақталады.  Егілген  арша  тұқымдары 40-45 күнде  екі 

ұрық жапырақ болып шығады, содан біраз күннен кейін нағыз қылқан жапырақтар шыға бастайды (2- 

сурет).

 

 

Өскіндерді күтіп-баптау 



                                                                                                                

 

 



 

 

 

 

 

 

 

                           Сурет-2



 

 

291 

 

Əрбір  стаканға  егілген  аршаның 3-5 тұқымы  түгел  шыға  бермейді.  Өйтені  аталған  тұқымдар 



табиғи  жағдайдағы  физиологиялық  қасиеті,  шығымдылығы  əртүрлі.  Сондықтан  тұқым  себілген 

стакандардың  кейбіреулерінде  бір  өскіннен  көпшілігінде  екеуден,  аз  бөлігінде 3-5-тен  шыққан . 

Өскіндер  шыққан  стакандар  терезеге  жақын,  күн  сəулесі  түсетін  жерде  столға  орналастырып,  қыс 

бойы бапталады. 

Күтіп-баптау  шаралары – негізінен  суару.  Үш  күн  өтіп,  төртінші  күні  стакандағы  өскіндер 

аздап  суарылады.  Егер  стакандарға  су  көбірек  құйылса  арша  тамырларына  ауа  жетіспегендіктен 

əлсіреп, ауруға шалдығады, сосын өледі.  

Қазақстанда  оның   10-ға  жуық  түрі  кездеседі.  Алатаумен  Қаратау  аралығында  өте  ерте  кезде 

аршаның 6 түрі өскен. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда,кейбір 300 жыл ішінде олардың 3 

түрі мүлдем жойылып кеткен. Ал, қалған 3 түрі - қара арша, балғын арша, жəне сауыр аршасы қазіргі 

кезде  Талас  Алатауында  өсіп,  кезінде  халқымыздың  біртуар  азаматы  Тұрар  Рысқұловтың  тікелей 

ұйтқы  болуымен 1926 жылы  ұйымдастырылған  Ақсу-Жабағылы  мемлекеттік  табиғи  қорығында 

қорғауға алынған. 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.

 

 «Қазақстанның» Ұлттық энциклопедиясы / Бас ред. Ə. Нысанбаев. Алматы: « Қазақ энциклопедиясы » 



Бас редакциясы, 1998.- 463-464бет. 

2.

 



Жайлыбай.К.Н. Арша мен Емен өсіру атмосфераны тазартудың ең арзан əдістемесі // Атамекен.- 2012.- 

23ақпан. №4, 2-бет. 

3.

 

Сыпабекқызы  Г.,  Жайлыбай  К.Н.,  Қоңырова  Ж.,  Ережетова  Ұ.  Қазақстан  экологиясын  жақсарту 



проблемалары жəне арша, емен, акация өсірудің ең арзан əдістемесі // Қазақстанның білім жəне ғылым əлемі. -

2012.- №4, 2-5бет. 

 

 

ƏОЖ 591.16 (470.47) 



 

ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНДА АҚБӨКЕНДЕРДІ ӨСІРУ ТƏСІЛДЕРІ 

 

Дəуметова С.Т., жет. аға оқытушы, Əбдібай С.Ə., студент 



Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы 

E-mail: daumetova83@mail.ru 

 

Жабайы  тұяқтылардың  ішінде  ақбөкен  еркіндіксіз  өмір  сүруде  яғни  хайуанаттар  бағында 



өсіруде  көптеген  қиындықтар  туғызады.  Мұны  дүниежүзілік  тəжірибесі  мол  хайуанаттар  бағының  

өзі  растаған.  Ең  алғаш  ақбөкендерді  қола  өсіру 1864 жылы  Москвада,  одан  кейін  ХІХ  ғасырдың 

соңына  қарай  1972 жылы  Берлинде,  т.б  елдерде, 1955 жылы  АҚШ-тың  үш  қаласында  Сент-Луиса, 

Вашингтон,  Нью-Йорк хайуанаттар бағында  өсірілген. Мамандар  Батыс 1993 жылдар аралығында 

АҚШ-тың  бірқатар  қалаларының,  Берлиннің,  Амстердамның,  Праганың,  Чеджудың  (Қытай) 

хайуанаттар бағында 356 ешкі,167 теке, 187 лақ (жыныстары белгісіз) тіркелген [1].  

 

Кесте-1. Хайуанаттар бағында ақбөкендердің өмір сүру уақыты (Studbook, 1993) 



 

Өмір сүру жасы 

Текелер саны 

Ешкілер саны 

Бір жылға дейін 

1 жыл 


2 жыл 

3 жыл 


4 жыл 

5 жыл 


6 жыл 

7 жыл 


8 жыл 

9 жыл 


10 жыл 

11 жыл 


12 жыл 

67 


19 

17 


11 







49 

19 


27 

24 


14 

14 






 


 

292 

 

Хайуанаттар  бағына  келіп  түскен  кез-келген  аңның  қоректенуінде  қиындықтар  туындайды. 



Өйткені  олар  түзде  жүргенде  минералдық,  қоректік,  энергетикалық,  витаминдік  құндылықтары  мол 

табиғи шөптермен қоректенеді. Сондықтанда хайуанаттар бағында құрамында түрлі ингредиенттері 

бар  тұяқты  жанурларға  арналған  жемдер  қолданылады.  Жемнің  құрамындағы  ингредиенттер 

ақбөкенді сол жемге тез бейімделуге көмектеседі.  

Еліміздегі  жəне  шет  елдердегі  хайуанаттар  бағында  тұяқты  жануарларды  қоректендіретін 

жемдердің  құрамында  уатылған  жүгері - 25,4%, бидай -15%, бидай  дəнінін  ұлпасы – 12%, сұлы 

жармасы -10%, бидайық  жармасы - 5%, ұнтақталған  жоңышқа – 5%, тазартылған  қара  бидай – 5%,  

соя  ұны – 2%,  1% тұз  жəне  минералды  тұздар,  витаминдер  қосылады.  Бұл  аталған  жемдердің 

құрамында - май 4%, протейндер – 16%, белоктар -8% кездесді.  Тағамдық  құндылығы  жоғары 

өнімдер [2]. 

Негізі хайуанаттар бағында ақбөкендерді екі рет тамақтандырады. Таңертен жемнің құрамына 

1:1  сəбіз,  қызылша,  алма  араластырып    тамақтандырса,  кешке  қарай  жасыл  шөптермен, 

жапырақтармен  қоректендіреді.  Шабындық  пішен,  иодталған  тұз,  су  вольердің  ішінде    барлық 

уақытта міндетті түрде тұруы қажет. 

Хайуанаттар  бағында  жемнің  құрамына  үнемі  минералды  тұздар  мен  витаминдер  тұрақты 

түрде  қосылып  отырады.  Мысалы    бір  ақбөкенге 500г  сұлыға 350г  аралас  жем, 200г  нан  ұнтағын 

қосып  немесе 450г жемге 450г жемістер мен көкөністер араластырып береді. Сондай –ақ, жарты кіші 

қасықпен  минералды  тұздар, 5 ағаш-көмір  таблекткасы,  кальций  препараты,  витамин  В,  витамин  С 

глюкозамен  қосылуы  керек.  Концентрациялы  жемдердің  құрамында 1,5% кальций  карбонаты, 1,3% 

кальций фосфаты, 1,0% тұз, витаминдер – 075 А 60000ед, 70025 Е 227 000ед, 015 Д / премикс 20, 5 

түрлі микроэлементтер болады [3].   

Хайуанаттар  бағында  ақбөкен  лақтарын  қолдан  қоректендіру  жиі  кездеседі.  Ақбөкен  ешкісі 

ауру  болған  жағдайда,  ешкі  лағынан  бас  тартқан  жадайда  немесе  лақ  əлсіз  туылғанда  қолдан 

қоректендіру əдісі қолданылады. Ең алғаш рет ақбөкен лағын қолдан қоректендіру «Хайлен» жабайы 

жануарлар бағында іске асырылған. Бұл жерде 1974 жылы 17 мамырда екі ақбөкен бір уақытта туып, 

оның  біреуі  егіз,  екіншісі  бір  лақ  туған.  Егіз  екі  лақ 2 сағаттан  соң  енесін  еме  бастаған,  ал  екінші 

ақбөкен  лағын  маңына  жуытпаған.  Мамандар  содан  бір  лақты  жасанды  қоректендіру  жолын  сынап 

көрген.  Ол  үшін  джерси  пародалы  сиырдың  сүті  алынған.  Өйткені  оның  сүті  басқа  пародалардың 

сүтімен  салытырғанда   құндылығы  жоғары болған. Бірінші қоректендіру кезінде 60 мл сүтті алып, 

лақтың дене тампературасымен бірдей етіп қыздырып берген.  

Лақты тамақтандырудың бірнші кездері қиындықтар туғызған, өйткені ақбөкен де , оның лағы 

да тез үріккіш, қорқақ келеді. Бірақ 4 күн өткен соң лақ қоладан тамақтануға бейімделген. Алғашқы 

күндері лақтың іші қоңыр түсті сұйық болып өткен, 3 күн өткен соң құмалақтанып, ашық сұр түске 

айналған.  Жасанды  қорекке  лақтың  ішкі  құрлысы 3-4 күнде  қалыпттасады,  содан  соң  сүттің 

мөлшерін  көбейтіп 80 мл  жеткізген.  Лақты  əрбір 4 сағат  сайын 8 ден 24 сағат  аралығында 

тамақтандырып  отырған. 7 күн  ішінде    сүттің  мөлшерін 250мл  –ге  жеткізіп,  құрамына  витамин  С 

глюкоза қосып берілген. 8-ші күні сүттің құрамын 0,5 кіші қасық астық ұны қосылған жəне күніне бір 

рет  шымшым  тұз  салынып  отырған.  Бірақ  сүттің  құрамын 350 мл-ге  көбейткен  кезде,  бұл  мөлшер 

лаққа артықтық еткен. Сондықтан 2 аптаға дейін 250 мл сүтке - астық ұнын 1 кіші қасыққа жеткізіп 

берілген. 3-айдан  соң  сүтті  қоректі  біртіндеп  азайтып,  көкөністер  мен  жемістерге,  жемге  біртіндеп 

үйретіледі. Ақбөкен сүтінің салыстырмалы құрамы 2- кестеде көрсетілген [4,5].    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет