Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет113/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Ключевые слова: библиотека, книга, чтение, информационно-компьютерные технологии, 

казахстанский патриотизм, новые формы работы.



Key words: library, book, reading, information and computer technologies, Kazakhstan patrio-

tism, new forms of work.




154

БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ БАЛАБАҚШАДАҒЫ 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

Г.К. Ермаганбетова 

Ғ.Қайырбеков атындағы  №9 орта мектеп, Қостанай қ., g.ermaganbetova@list.ru 

Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  алға  қойған  мақсаты  –  оқу  бағдарламасының 

құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұны және мақсаттарымен 

танысып,  педагогикалық  тәсілдерді  түсіне  отырып  қолдану,  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізуде 

критериалды  бағалау  жүйесін  тиімді  пайдалану  арқылы  оқушылардың  тілдік  дағдыларын 

қалыптастыру. 

Бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесіндегі жаңғырту мен инновациялық үдерістердің 

жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі – мұғалімнің кәсіби шеберлігі. «Педагогтік 

шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған 

дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес[1]. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. 

Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл 

мұғалімнің  терең  дүниетанымы  мен  үлкен  жүрегінен  келіп  шығады».  Демек,  білім  мазмұнын 

жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім 

көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», 

– деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам 

мүддесіне сай болуы керек. Бұл жолда өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.

Білімнің  бастауы,  қайнар  көзі  –  мектеп  болса,  келешек  ұрпақтың  алғашқы  баспалдағы  – 

бастауыш  білім  беру  саласы  екені  баршамызға  аян.  Осы  тұста  Мұхтар  Шаханов  ағамыздың 

мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң 

ғана  ашылады.  Мұғалімнің  қолында  үнемі  сол  кілт  жүруі  керек»  дегендей,  бастауыш  сынып 

мұғалімі үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім 

жүйесіне  ұмтылуда.  Өйткені  қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  экономикасының 

дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне 

байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс. [2]

Қай  кезде,  қай  қоғамда  болсын  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  ұстаздан  басталады.  Білім 

саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңартылған оқу 

бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын 

арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, 

айтылым,  оқылым,  жазылымды  жетілдіруге  бағытталған.  Бұл  сөйлеу  әрекетінің  түрлері 

бойынша  түйінді  дағдылар  оқу  жоспарында  «спиральді»  тәсілмен  берілген.  Қарапайымнан 

күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары 

оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, 

алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, 

жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш 

сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.

Бастауыш  сынып  пәндеріне  арналған  оқу  бағдарламаларындағы  оқу  мақсаттары 

оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім 

берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып 

сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  тәжірибе  жасау,  АҚТ-ны  қолдану,  жеке, 

жұппен,  топта  жұмыс  жасай  білу,  функционалды  сауаттылықты,  шығармашылықты  қолдана 

білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, 

модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім 

беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі.

Жаңа  оқулықтарда  берілген  тапсырмалар  мәтінді  оқу,  оның  мазмұнын  айтумен  ғана 

шектелмей,  мәтінге  қатысты  өзі  сұрақтар  құрастыруына,  себебін  анықтауына,  болжам  жасау 

мен өзіндік бағалауына, сұраққа жауап болатын ақпаратты дереккөздерден табу ретін білуіне, 

жаман  мен  жақсыны  айыра  білуіне  жетелейді.  Ертегіні  сахналау  барысында  кейіпкерлердің 

көңіл-күйін анықтау, рөлге бөліп оқу оқушылардың қызығушылығын тудырды. [3] Таңқаларлығы, 

коммуникативтік тәсілдеме негізінде 1-сынып оқушыларының тіл ғылымына деген қызығушылығы 

артып,  сөйлеу  туралы,  сөйлемнің  сөзден,  сөздің  буыннан,  буынның  дыбыстан  құралатынын, 

сөзге дыбыстық-буындық талдау жасауды жеңіл игеріп алуы.



155

Бағалау  жүйесі  де  түбегейлі  өзгеріске  ұшырап,  критериалдық  бағалау  жүйесіне  өтеді. 

Критериалды  бағалау  кезінде  оқушылардың  үлгерімі  алдын  ала  белгіленген  критерийлердің 

нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: 

қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау.  [4]    Бұл  бағалау  жүйесінің  артықшылығы 

–  баланың  ойлау  қабілетін  дамытып,  ғылыммен  айналысуына  ықыласын  туғызады. 

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады 

және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, 

оқушылар  мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты  қамтамасыз  етеді  және  балл  не  баға 

қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының 

бөлімдерін  (ортақ  тақырыптарын  және  белгілі  бір  оқу  кезеңін  (тоқсан,  оқу  жылы,  орта  білім 

деңгейі)  аяқтаған  оқушының  үлгерімі  туралы  ақпарат  алу  мақсатында  балл  және  баға  қою 

арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша 

қолданылады.

Қорыта  айтқанда,  аталмыш  бағдарламаның  мәні,  баланың  функционалды  сауаттылығын 

қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі 

керек.  [5]  Сол  үшін  де  бұл  бағдарламаның  негізі  «Өмірмен  байланыс»  ұғымына  құрылған. 

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық 

салаларында  табысты  болу  үшін,  қажетті  дағдыларды  дарыту  үшін,  мұғалімдер  тынымсыз 

еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз 

сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей 

алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты 

білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Ол оқу бағдарламалары 

спиральді  білім  беру  бағдарламасы  (Джером  Брунер)  моделіне  негізделген.  Оның  негізінде 

оқушылар  келесі  сыныпқа  ауысқанда  зерделенген  материалдар  мен  білім  қайталанып 

отырады деген тұжырым жатыр.Спиральді білім берудің негізгі ерекшелігі : әрбір қайталанып 

оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен 

тығыз  байланысты  және  бұған  дейін  алынған  ақпарат  тұрғысынан  қарастырылады;  оқушы 

пәнді  қайталап  оқыған  сайын  ақпарат  толықтырылып  бекітіліп  отырады;  спиральді  білім 

беру бағдарламасы жеңіл идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік 

береді; оқушыларды соңғы оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға 

жетелеу ұсынылады. Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы өзгерістер: кең ауқымды 

дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы 

білім беру ортасын құру болып табылады. Коммуникативті оқыту ұстанымы: тілдік дағдыларды 

дамыту. Төрт дағдыны ескере отырып Ж. Аймауытовтың «..бала әуелі тәжірибеге талпынып , 

нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге 

үйренсін» деген сөзін еріксіз еске түсіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет