Яковлев А.И. Информационно-коммуникационные технологии в дистанционном обучении: Доклад на
390
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ –
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
А.С. Ахметова, А.К. Ахметова
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі. Тараз қаласы.
Ahmetova0111@.mail.ru, Azhar.akhmet@list.ru
Білім саласына жаңа инновациялық технологиялардың енуі елімізде беріліп жатқан білім
сапасының артуына өз септігін тигізді. Президент Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында
білім беру жүйесінің ең жоғарғы сапаға көтерілуі керектігін, ол үшін мемлекет осы саланы
өз қамқорлығына алып, сауатты да саналы азаматтарды тәрбиелеуге тиіс екендігін айтады.
«Білімге салынатын капиталды адам ресурсына салынатын ең пайдалы салым» дегенді
де Елбасы жиі еске салады[1]. Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бүгін бұрынғы
стандарттарды кейінге шегерді. Қазір кез келген оқу орны тек оқу бағдарламасы шеңберінде
ғана емес, одан бөлек, студенттің сыни ойлау қабілетін арттыруға, оның өз бетімен іздену
дағдыларын дамытуға, IT-білімін, қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға, тұлғалық жеке
сипатқа ие болуына жәрдемдесуге, ұлтжанды азамат тәрбиелеуге назар аудара бастады.
«Жаңа инновациялар кәсіби мамандарды даярлайтын оқу орындарына қандай жаңалығымен
енуде?» - деген сауалға жауап іздеген тұста біз әрине, ең алдымен, сол білім ордаларының
нарық талабы мен жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес оқу бағдарламаларын жаңарта
бастағанын тілге тиек етеміз. Оқу бағдарламалары құрылымын ғана өзгертіп қойған жоқ, олар
бүгінгі таңда студенттердің жалпы заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу, топтық
жұмыстар жасау, өзіндік тұлғалық қасиеттерін арттыру секілді бағыттарына басымдық бере
бастады. Бүгінгі жаһанданудың талап-тілегі де осы адам капиталының сапасын көтеру, еңбек
құндылығын арттыру. Яғни, ғалам үшін адамның миы, қабілет-қарымы, жаңа технологияларды
меңгеруде оның алдыңғы шептен табылуы маңызды бола бастады. Бүкіл әлемнің білікті маманға,
жас маманға деген мұндай сұранысы кез келген елдегі білім жүйелерінің қайта құрылымдалуы,
қайта жүйеленуі қажеттігін көрсетті.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Рухани жаңғыру» секілді
(бұған дейінгі де Жолдауларын) бағдарламаларын негізге ала отырып, заман талабына сай
білім жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді, жаңа бағдарламалар ұсынды. «Білім беру жүйесіндегі
алдымызға қойып отырған міндеттерді шешу үшін біз негізгі үш жолды қарастырып отырмыз,
ол озық технологиялар трансфері, технологиялық құзіреттілікті арттыру және инновацияларға
деген сұранысты ынталандыру» -деген министр аз уақыттың ішінде қазақстандық білім беру
жүйесіне көптеген жаңа эксперименттерді енгізді [2]. Білім және ғылым саласын дамыту, білім са-
пасын көтеру мақсатында қабылданған 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
білім беру жүйесіндегі инфрақұрылым, үштілділік, 12 жылдық білім беру, оқу орындарының
өзін-өзі қаржыландыруы, білім беру ордаларындағы ашықтық саясаты, жаңа инновацияларді
енгізу, теориядан практикаға көшу жұмыстарының бәрі «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам»
бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Инновациялық білім беруді біз жаңашыл әдіс, ақпараттық технологияларды білімнің,
ғылымның игілігіне пайдалану дейміз.
Бүгінгі студентке осы тұрғыда, шет тілін меңгеру, оның ішінде ағылшын тілін озық білу қажеттігі
туындайды. Оған себеп, қазіргі таңда әлемдік деңгейде ашылып жатқан ғылыми жетістіктер.
Ағылшын тіліндегі ақпаратты еркін меңгерген жағдайда ғана студент тарапынан елімізге қажетті,
деңгейі жоғары, әлемді таңдандыратын жаңа зерттеулер мен ізденістер туады. Осы тұрғыда, кез
келген оқу орнына ең алдыңғы кезекте пәндерді жоғары деңгейде оқытатын сауатты педагогтық
құрам керек. Инновациялық білім беру жүйесін түсініп, сезіне алатын педагог қана студентке жаңа
көкжиектерді нұсқай алады. Соның бір мысалы, ақпараттық технологиялар, жаңа инновациялар,
жасанды интеллект жетістіктері. Студенттерге әлемдік стандарттарға сай білім беру қажеттігі
жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде республикалық, облыстық білім беру мекемелеріне
бүгінгі қоғам талабын, әлеумет қажет етіп отырған мамандықтарды даярлаудың дұрыс әрі тиімді
жолдарын таңдау міндетін қойды. Білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияны енгізу,
инновациялық жаңашылдық бастамаларына ұйытқы болу педагогикалық іскерлікті талап етті.
Өз қызметіне жауапкершілігі зор кез келген оқытушы бүгінгі таңда осы бетбұрыстар жолын-
391
да үлкен ізденісті бастады. Студентті сол пәнге қатысты ғана мағұлматтармен тәлімдеу бүгінгі
талап үдесіне аздық ете бастады. Ұстаздар қауымы қазір оқытудың жаңа сапаға икемделген
дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, дәстүрлі оқыту, кейс стади, коуч, лайфхак, тренинг, цифрлық
білім беру формаларына көшті. Білім беру жүйесіне тегін білім беру бағдарламасының енгізілуі,
оның халықаралық стандарттар мен бәсекелестік талаптарына сәйкестендірілуі қарапайым
халық, оқуға ниетті жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты[3].
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы маңызды мақсаттардың бірі – білім сапасын көтеру,
сонымен қатар оны халықаралық стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптарына
сәйкестендіру. Сапалы білім міндетін алға шығарған министрлік жалпы білім жүйесімен сәйкес,
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне де жаңашыл реформалар енгізді. «Баршаға
арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасы аясында білім беру бүгінде 160
мамандық бойынша жүзеге асады. Республика көлемінде жүзеге асып жатқан бұл бағдарлама
студенттерді тегін біліммен қатар стипендия, жолақы, тегін ас, әртүрлі әлеуметтік қолдаулар іс-
шарасын қамтиды. Білім сапасын арттыру ісіндегі инновациялық жаңалық кәсіби мамандарды
даярлаудағы колледждердің материалдық-техникалық базасын жабдықтау, қаржылық
мүмкіндіктерін қарастыру, заман талап етіп отырған мамандықтарға бейімдеу секілді мәртебелі
іс білім жүйесінің көп салалы міндеткерлігіне енген[4].
Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде
де елдегі білім сапасын арттыру үшін әлемдік жаһандану қажет етіп отырған жаңа мамандықтарға
бет бұруымыз керектігі айтылады. «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып,
студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» делінетін үшінші бастамасында
Президент: «Біздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономика бүгінде зор
сұранысқа ие сан мыңдаған жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді.Инженерлер, ақпараттық
технология, робототехнология, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып
отыр.Бұл жастарға деген мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.Бұл – жалпы әлемдік тренд.
Сонымен бірге, адам ресурстарына салынатын үлкен салым» - дейді. Яғни, бүгінгі Қазақстан
жағдайында адам ресурстарына салынатын капитал артты. Қазіргі нарықтық экономикада
болашақта кейбір мамандықтардың сұранысқа ие болмай қалу мүмкіндігінің жоғарылығы
байқала бастады. Оған себеп, көптеген өндіріс орындарының автоматтандыру жүйесіне өзгеруі
себепті адамның қол еңбегін қажет етпейтін жұмыс орындарының саны артты. Сондықтан да,
білім жүйесіндегі жаңа инновациялық оқыту әдісі дәстүрлі классикалық мамандықтар аясында
бүгінгі әлем талап етіп отырған сапалы мамандарды даярлаудың да қажеттігін көрсетті. Және
оларды эксперименттік білім беру бағдарламалары шеңберіне тоғыстыру мәселесі алға шықты.
Инновациялық білім беру оқытушының іскерлік ізденістері. Білім беру жүйесі бұл тұрғыда, әрбір
ұстазға еркіндік берген. Эксперименттік тәсілдерге сүйенуге, студенттің қабілет-қарымын ашуға,
танымдық, шығармашылық мүмкіндігін көрсетуге жаңа инновациялық тәсілдер үлкен мүмкіндік
алаңы[5].
Білікті сарапшылар Қазақстанды дамыған елдердің көшбасшысына айналдыру үшін екі
бағытты негізге алу керектігін айтады. Оның бірі ақпараттық технологиялар индустриясы болса,
екіншісі білім беру саласы дейді. Елдегі кейбір жоғары оқу орындары осы екі бағытты өндірістік
эксперименттік бағыт ретінде жүзеге асыра бастады. Қолданысқа бүгінде сапалы білім беру
индустриясы деген түсінік енді. Бұл дегеніңіз, білім беру формасының экспорттық әлеуетін
көтеру. Әлемнің озық елдерінің бәрі қолданатын бұл тәсілге көршілес Ресейдің де білім жүйесі
көше бастады. Яғни, біздегі білім беру жүйесін сапалы, бәсекеге қабілетті жүйеге жеткізудің бір
тәсілі әлемнің өзге елдерінің білім беру жүйелерімен тәжірибе алмасу, оқытушылық құрамды
халықаралық конференциялар мен халықаралық тренингтерге қатыстыру, екі елдің студенттерін
белгілі бір мерзім аралығында алмастырып оқыту тәсілін жандандыру [6].
Сапалы білім дегеніміз теорияны айтып, студенттің оны жаттап алуы емес, сапалы білім
креативті ойлау, теорияны практикаға айналдыру, өз бетінше анализ жасау, талдау, ұсыныс
айту, ізденісін көрсету. Біздегі базалық білімге көз ілеспес жылдамдықты қажет ететін жаһандық
үрдістер легіне ілесу шарт. Базалық білімнің де бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы орны
ерекше. Физика, химия, математика болсын негізі мықты қаланса ол іргетасын мәңгілікке
сақтайды. Осы ретте, сапалы білімнің негізін қалайтын оқытушының еңбегі зор. Ол студентке жол
нұсқаушы, бағыт беруші. Студенттің ізденісі оның одан ары қарайғы ерік-жігеріне байланысты.
Студент үшін әлемнің кілті, инновацияның есігі – тілде. Осы жауапкершілікті сезінген біздегі
Білім және ғылым министрлігі «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде 100 оқулық бастамасын
392
қолға алынып, Ұлттық аударма бюросының жетекшілігімен оқулықтардың барлығын ағылшын
тілінен тікелей аудара бастады. Елдегі білім жүйесінің сапалы, бәсекеге қабілетті бағытқа
қарай бет бұруы жастарға жаңа мүмкіндіктер ашты. Бүгінгі талап адамның білімділігімен ғана
өлшенбейді. Оның білімі, қабілет-қарымы сол алған білімін өмірде толыққанды қолдана білуінде.
Ендеше, бәсекеге қабілетті, білімді, жан-жақты маманды дайындап шығару оқу орындарының
жауапкершілігіндегі абыройлы міндет.
Достарыңызбен бөлісу: