Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет260/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   674
Ключевые  слова:  обновление  содержания  образования  ,  критериальное  оценивание, 

профессиональное мастерство.



Key words: updating the content of education, criteria assessment, professional skills


382

ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ: БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ ҚҰРАЛЫ

О.Т. Асымханова 

«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесіАлматы облысы, Жамбыл ауданы,

asymhanova69@mail.ru

Қазақстан  Республикасының  27  шілде  2007  жылғы  «Білім  туралы»  Заңында  білім  беру 

мазмұны ұғымында (4-тарау,13 бап) білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-

жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша 

білімдер жүйесі делінген. Осыдан осы Заңдағы білім беру жүйесінің міндеттерінде (11-бап, 1 

бөлім) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде 

жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім 

алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көрсеткен. 

2018  жылдың  10  қаңтарында  жарияланған  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Төртінші 

өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Адами 

капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бөліміндегі «Білім берудің жаңа сапасы» бөлімшесінде 

білім беру бағдарламаларының негізгі өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру 

қабілетін дамыту болуға тиіс деп айтылған. 

Қазіргі  заман  оқушыларының  білім  сапасын  әлем  терезесіне  теңестіруде  атқарылатын 

жұмыстар жаңашылдықпен бірге қадам басуға жетелейді. Әр оқушының білім алуындағы білім, 

білік, дағдысын жетілдіруде оның қажеттіліктерін, ерекшеліктерін ескеріп, табысты білім беру 

- мұғалімнің шеберлігін шыңдауын қажет етеді. Қазіргі кезде мұғалім оқушының алған білімін 

өмірде тиімді пайдалана білуіне себеп болу керек. Мектеп оқушылардың сапалы білім алуында 

табысты оқытудың биік шыңына жету үшін білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті 

енгізу  арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытып,  рухани-адамгершілік 

тәрбие беруді алдыға міндет етіп қою керек.

Осы міндетті орындауға ықпал ететін үрдістердің бірі - іс-әрекеттегі зерттеу. 

Іс-әрекеттегі зерттеу кезінде мұғалім алдына жұмыс барысында анықталған өзекті мәселені 

шешуге көмектеседі. 

Іс-әрекеттегі  зерттеу-  тәжірибені  жетілдіру,  терең  түсіну  мақсатында  немесе  қабылданған 

шешім  туралы  хабарлау  үшін  сыныптағы  жұмысты,  тәжірибені    жүйелі  зерттеу.  Іс-әрекеттегі 

зерттеуде Кеммис пен Мак Таггарттың циклдік диаграммасы (1988) пайдаланылады. Ол жоспар, 

әрекет, қадағалау, талдау, бағалау деген тізбектелген ауқымды сатылы жұмыстардан тұрады. 

Іс-әрекеттегі зерттеу - жеке мұғалімдерге өздерінің қандай мұғалім екенін  білуге және оқыту 

мен оқу үдерісі туралы сын тұрғысынан ойлануына көмек беретін тәсіл. [«Іс-әрекеттегі зерттеу 

жолдары» нұсқаулық. 15-тарау. Элейн Уилсон 3-бет]. Бұл зерттеу мұғалім, оқушы және сыншы 

достың тығыз байланыстағы қарым-қатынасының нығаюында айрықша рөл атқарады. 

Іс-әрекеттегі зерттеу: зерттеу саласын анықтау, зерттеу жүргізу, тәжірибені жетілдіру болып 

табылады. Зерттеуді жүргізудегі алғашқы қадам сыныптағы мұғалімді толғантып жүрген мәселе 

мен өзі өзгерткісі келген жағдайды анықтап алу болып табылады.

Жоспар  құруда  оқушылардан  сұхбат  алу,  тапсырмаларды  әзірлеу,  әрекет,  қадағалау, 

талдау,  бағалау  кезеңдерінен  тұратын  зерттеу  үдерісінде  ұстаз  сынып  оқушыларын  немесе 

стратегияларды нысан ретінде алуға болады.

  (Tsafos,  2009)Іс-әрекеттегі  зерттеудеүлгерімі  төмен  оқушылары  бар  көп  сыныптар,  білім 

сапасын арттыруға көмектесетін белсенді әдіс-тәсілдермен, АВС топтағы оқушылармен жұмыс 

жүргізілуі керек.

 Оқушылармен зерттеу үдерісінің басында және соңында зерттеу жүргізуші мұғалім немесе 

сыншы дос сұхбат жүргізеді. 

Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудегі бірінші қадам сыныпта өзіңізді толғантып жүрген мәселе 

мен өзіңіз өзгерткіңіз келген жағдайды анықтап алу болып табылады. (15-тарау. Іс-әрекеттегі 

зерттеу  жолдары.  Элейн  Уилсон  1-  бет).  Алғашқы  қадам  сыныпта  не  болып  жатқандығы 

туралы  сұрақ  қоюдан  басталады.  Ары  қарай  жұмыс  жүргізу  үшін  оқушылардың  ойы  бағалы. 

Олардың  сабақ  барысында  тақырыпты  меңгеруде  қолданылған  әдіс-тәсілдер  туралы  ойың, 

«нені жақсартуды ұсынар едің?», «сені бағалаудың нақтылығы туралы не айтар едің?» деген 

сұрақтары  бар  сауалнамалар  алуға  болады.  Осы  сауалнамалар  қорытындысы  мұғалімге 



383

сабаққа жоспар құруға көмекші құрал болып табылды.

Келесі қадам жалпы сыныптың жағдайын бақылау . 

Сыншы дос сабақты қадағалау және 

бақылауда  кемшіліктер  мен  жетістіктерді  тіркеп,  талқылау  барысында  керекті  мәліметтерді 

беріп отырды.

Мысалы, оқушылардың басым бөлігі дайын білімге үйреніп, өздігінен білім алу 

деңгейінің әлсіздігі, диалогке түсу барысында өз ойларын жеткізе алмауы, топтық жұмыс жасау 

барысында оқушылардың белсенділігінің төмендігі айқындалды. 

Кері байланыс кезеңіндегі сабақта бағалаудың нақты жүргізілмеуі, қалыптастырушы бағалау 

тапсырмалардың  оқу  мақсаттарына,  ойлау  дағдыларының  деңгейіне  сай  болмауы,  белсенді 

әдіс-тәсілдерді орынсыз қолдануы, топтық, жұптық жұмысты мақсатқа жетуге сай ұйымдастыра 

алмауы сияқты кемшіліктер анықталды. Оқытудың белсенді тәсілдерін шеберлікпен қолдану, 

дескриптор  бойынша  бағалау  деңгейінің  жеткіліксіздігі  мұғалімдердің  шеберлігін  шыңдау 

керектігі анық болды. 

Осы дағдыларын қалыптастыруда ең бірінші мұғалімдерге сабаққа қолжетімді смарт мақсат 

қойып, сабақтың әр кезеңіне әр түрлі тәсілдерді сауаттылықпен жоспарлауды үйренуі шарт. 

Алынған сауалнамалар және бақылау барысындағы кемшіліктер, кедергілер ескеріліп, 

іс-

әрекеттегі зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 



Кері байланыстың қандай түрлері тілдік емес сабақтарда оқушылардың сөйлеу дағдыларын 

дамытады,  география  сабағында  оқушыларды  қалай  өзара  бағалауды  үйретуге  болады,  би-

ология  сабағында  топтық  жұмыс  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын  қалай  арттыруға, 

математика сабақтарында топтық жұмыстар арқылы тез есептеу дағдысын қалай арттыруға, 

оқушылардың түртіп алу стратегиялары арқылы тарих сабағында тарихи маңызды мәліметтерді 

есте сақтауға қалай дағдыландыруға, химия пәнінде белсенді жаттығулар арқылы оқушылардың 

математикалық  сауаттылықтарын  қалай  арттыруға  болады  деген  зерттеу  тақырыптарын 

белгілеуге болады. 

Алынған өзекті мәселемен жұмыс жүргізу мерзімі нәтижеге байланысты. Өзекті мәселемен 

жұмыс бір апта, бір ай, бір жыл немесе үш жылға дейін созылуы мүмкін. Мұғалімнің зерттеуі 

маңызды нәтиже берсе, ары қарай басқа өзекті мәселемен жұмыс жүргізуге мүмкіндігі бар. 

Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты 

оқытудың  ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады.  Демек,  неге  және  қалай  оқытады,  білім 

алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге 

жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу (негізгі және жалпы орта мектеп 

мұғалімдерінеарналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық 8-бет). 

Мысалы, мектепте 6-сыныпта география сабағында оқушыларды қалай өзара бағалатуға 

үйретуге  болады  тақырыбында  зерттеу  жүргізілді.  Кері  байланыс  жасау  кезеңінде  оқушылар 

бағалаудың  нақтылығына  келіспеді.  География  пәні  мұғалімі  бағалау  критерийлерін 

оқушылармен  бірлесе  дайындады.  Оқушылар  өздері  қызығушылық  танытып,  әр  тапсырмаға 

дескрипторлар құрастырды. Дескриптор құру алдында оқушылар тақырыпты меңгеру керектігін 

түсінді.  Тақырыпты  меңгеруде  оқушылар  дескриптор  талаптарына  қарай  өзара  бағалау 

жүргізеді.  Өздеріне  сыни  көзбен  қарап,  білімдерінің  деңгейіне  баға  беріп  үйренді.  Нені  біліп, 

нені білмейтіні туралы, қай бағытта білімдерін толықтыруы туралы мәлімет алды. 

8-сыныпта  биология  пәнінде  топтық  жұмыс  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын  қалай 

арттыруға болады деген өзекті мәселені шешуде зерттеу жұмысы жүргізілді.

Мерсер  сыныпта  талдау  кезінде  өз  сөзін  дәйектеудің  үш  түрін  атап  көрсеткен.  Олар: 

пікірталастық әңгіме, кумулятивтік әңгіме және зерттеушілік әңгіме. [«Тәжірибедегі рефлексия» 

жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы 39-б].

Топтық  жұмыстағы  тапсырмаларда  оқушылардың  қажеттіліктері  ескеріліп,  сараланған 

тапсырмалар берілді. Диалогтық білім алуда, оқушы өз бетімен ізденіс жұмысын жүргізе бастады. 

Әр түрлі деңгейдегі оқушылар топ жұмысына үлестерін қоса отырып, бірін-бірі оқыту арқылы 

білімдері толықтырылып отырылды. Яғни, білім сапасының көтерілді. Тағы осы оқушылардың 

өзіне-өзі сенімділігі, өз оқуына деген жауапкершіліктері артты. 

9-сыныптарда  математика  сабақтарында  тез  есептеу  дағдысын  арттыру  үшін  «Детектив» 

әдісін тақырыпты меңгеру кезеңінде қолдану тиімді болды. Оқушылар жұптық жұмыс кезінде 

есептердің қатесін тауып, топқа түсіндіріп, бірін-бірі оқыту арқылы кері байланыс жасау арқылы 

өздігінен  білім  алды.  Сауатты  ұйымдастырылған  топтық  жұмыста  жауапкершіліктері  артып, 

қарым-қатынасы  нығайып,  бірін-бірі  оқыту  дағдысы  қалыптасты.  «Алгоритм»  әдісі  арқылы 

оқушылар  әр  есептің  шығарылу  жолын  бірлесе  талқылады.  Есептің  шығарылуының  әрбір 




384

қадамын оқушылар түсінуге ықпалын тигізді. 

«Синквейн» әдісі арқылы оқушылар қатені түзетуде бағалы ақпарат беріп отыруды, дұрыс, 

сауатты тілек айтуды үйренді. Яғни, белсенді әдіс-тәсілдерң оқушының ақыл-ой белсенділігін 

арттыратын құнды құрал болды. 

Тіл сабақтарында оқу сауаттылығын дамытуда мәтін бойынша өздеріне тест құратқызып, 

шешкізу білім сапасының көтерілуіне себебін тигізді. АКТ арқылы, мәтін бойынша тыңдалымға 

аудио  жазбалар  жазғызып,  жазылым,  айтылым  дағдыларын  дамыту  үшін  тапсырмалар 

дайындау  өте  құнды  жұмыс  болды.  Оқушылар  оқу  сауаттылық  тапсырмаларын  дайындай 

отырып, өздігінен білім алып отырады. Оқу сауаттылығын дайындап, орындаған оқушыларға 

жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды орындау жеңіл болды. 

Іс-әрекеттегі  зерттеудетоптық,  жұптық  жұмысты  ұйымдастыруда  нақты  смарт  мақсатқа 

жеткізетін сараланған тапсырмаларды орнымен сауатты жоспарлау ең маңызды әрекет болды. 

Іс-әрекеттегі  зерттеулер  нәтижесі  әдістемелік  кеңесте  талқыланды.  Мұғалім  зерттеу 

жұмыстарына  постер  дайындап,  рефлексивті  есеп  жазды,  жинақ  шығарды.  Жағымдысы  - 

зерттеулер қорытындысы басқа педагогтерге өзекті мәселемен ары қарай жүргізетін жұмысына 

көмекші  құрал  болып  табылды.  Сабақтың  қай  кезеңінде  қандай  белсенді  оқытудың  әдіс-

тәсілдерін  қолдануға  болатыны,  АВС  топтағы  оқушылардың  ерекшіліктері  туралы  мәлімет 

алды.  Яғни  мұғалімдер  әдістемелік  көмек  алмасуда  шеберліктері  шыңдалды,  мұғалімдердің 

қарым-қатынасы нығайып, тәлімгерлік жұмыстардың да кедергілері жойылды. 

Іс-әрекеттегі  зерттеуде  АВС  топтарындағы  оқушылармен  жүргізілетін  жұмыс  жүйеленді. 

Зерттеу  нәтижесі  бойынша  пән  мұғалімдері  АВС  оқушылармен  қандай  бағытта  жұмыс 

жүргізу керектігі туралы толық мәлімет алды. Мысалы, А деңгейдегі 7 сынып оқушыларының 

математикаға  бейімділігі  айқындалып,  химия,  физика,  биология  пәндерінде  де  білім  сапасы 

көтерілді.  Қанағаттанарлық бағаланып  жүрген  оқушылар  математикалық сабақтардан  екпінді 

деңгейіне жетті. 

Тілдік  дағдыларды  дамытуда  үндемей,  өз  ойын  білдіре  алмай  отыратын  оқушылар  тест 

құрып, тапсырма дайындау кезінде шеберліктері байқалды. Оқушылардың бойында байқалмаған 

дағдылар анықталып, ары қарай дамытуға мұғалімдерге ұсыныс берілді. 

10-сыныптарда тapих пәнiнде оқушылapдың ойын жеткізіп сөйлету, ой белсенділігін жетiл-

дipу, сыни пiкip қaлыптaстыpу өзекті мәселесін шешу тақырыбында зерттеу жүргізілді. «Менің 

жетістігім» және «Оқушы жетістігі » дегенкері байланыс жасалып отырылды. Әр сабақтың жетістігі 

мен кедергілері талқыланып, болашақта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылды. 

Нәтижесінде  оқушылардың  жеке  даму  аймағы  анықталып,  сабақ  беру  тәсілі,  қолданылатын 

әдіс-тәсілдер  толығымен  түрлендірілді.    Тарих  сабағында  мұғалімнің  түсіндірмесінен  гөрі,  өз 

маңызды мәліметтерді түртіп алу арқылы тез түсінді.

Мысалы, А деңгейдегі оқушы қойылған сұрақтарға қате болса да, жауабын айтып, қателескен 

сұрақтарын, үй тапсырмасын орындағанда білмегенін өзіне тіркеп, мұғалімнен жауабын алуға 

талпынды. Оқушы өзінің білім алуына жауапкершілікпен қарай бастады. 

Барлық  пәндер  бойынша  оқушыны  қалыптастырушы  бағалау,  оған  әрі  қарай  дамуына 

кең  ықпалын  тигізді.  Ә

дебиет,  биология,  химия,  география  пәндері  бойынша  оқушылардың

 

тақырыптан тыс қосымша ізденіс жұмыстарын жүргізуге ықпалын тигізді. 



Әр мұғалім «Жинақтау парақшасы индексі» қалыптастырушы бағалау парағын қолданғаны 

тиімді болды. Оқушылар әр тапсырма орындаған сайын бірінші бетіне негізгі идеяларды, екін-

ші  бетінде  нені  түсінбей  отырғанын  тіркейді.    Бұл  парақ  әр  мұғалімге  оқушылардың  сабақ 

барысындағы жетістігі туралы мәлімет берсе, келесі сабаққа жоспар құруғакөмегін тигізді. 

  Мектепте  жүргізілген  ауқымды  іс-әрекеттегі  зерттеу  сыныптармен  ары  қарай  жұмыс 

жасауға көмектесетін деректер жинағы құрастырылды. Мұғалімдердің өзекті мәселені шешуде 

қолданылатын белсенді тәсілдерді орнымен қолдану шеберлігі артты. Зерттеу кезінде оқушының 

ерекшеліктері ескеріліп, тиімді әдіс-тәсілдер іріктелді

.

Дескрипторлар,  бағалау  критерийлерін  құру  оқушының  cыни  тұрғыдан  ойлауы,  өз-өзіне 



нақты баға бере алуының дамуына көмектеcті, өз бетімен жұмыc іcтеуі мен жауапкершілігі арта 

бастады, сыныптастарымен тығыз қарым-қатынаста әрекеттесуге үйренді. 

Зерттеуші  мұғалім  сынып  жұмысына  өзгеріс  енгізгеннен  кейін  және  сыншы  доспен, 

оқушылармен өзгерістерді талқылайды. Жүргізілген зерттеу журналы мен жұмыс жазбаларын, 

өзгеріс енгізу үдерісіне қатысты кейбір таңдаулы жазбаларды жинақтап, келесі қадамға жұмысты 

жоспарлайды. [«Іс-әрекеттегі зерттеу жолдары» нұсқаулық. 15-тарау. Элейн Уилсон 5-бет]




385

Қорытындысында, іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы бойынша тұлғалық сапа, функционалдық 

сауаттылығы  деңгейіне  сараптама  жүргізілді.  Мысалы,  оқушылардың  өздігінен  білім  алуы, 

өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу, сыни тұрғыдан талдау дағдылары, шығармашылықпен жұмыс 

жүргізу деңгейі көтерілді.

Тұлғалық сапа деңгейі

Қарапайым  тапсырманы  сәтті  орындауы,  игерген  білімі  мен  дағдыларын  қарапайым 

оқудан тыс жағдайларда қолдануы, меңгерген білімі мен машықтарын жаңа ақпарат алу үшін 

қолдануының артуы оқушылардың функционалдық сауаттылығының артуына көмектесті. 

Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімнің педагогикалық стратегияларды қолданып, олар бағытталған 

мақсаттарға қол жеткізетін, содан кейін олардың әрқайсысын ойластыру арқылы түрлендіретін 

өзіндік  рефлексиялық  үдеріс.  Педагогикалық  үрдісте  жүйелі  жұмыс  жүргізу,  өзгерістерге  тез 

төселетін,  жаңаша  ойлау  жүйесін  меңгере  алатын,  оқушылармен  орта  тіл  табыса  алатын 

шеберлік деңгейі артты. Мұғалімдердің өз жұмысына сараптама жасап, зерттеу жұмыстарын 

жүргізу дағдылары қалыптасты. 

Мектеп мұғалімдері тапсырмаларады бағалап үйренді, оқушының сабаққа қызығушылығын 

артты,  оқушылардың  диалогқа  түсе  отырып,  өзіне  сенімділігі  артты,  өзіне  баға  беріп,  өзінің 

жетістігіне кері байланыс жүргізді. Әр тақырыпқа сай сараланған тапсырмаларды құрастыруда 

мұғалімдердің теориялық білімдері шыңдалды. 

Жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша шиыршықты оқытудың мазмұны, әр сабаққа 

қысқа мерзімді жоспар құрастыру, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) 

оқып  үйренген  арнайы  аудандық  әдістемелік  кабинеттердің  тарапынан  ұйымдастырылатын 

курстардың көмегі де осы іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізуге ықпалы мол. 

Қорыта  келгенде,  әр  баланың  алдындағы  жауапкершілікті  терең  сезініп,  кәсіби  білігі  мен 

теориялық білімін үздіксіз жетілдіру - мектеп мұғалімдерінің алдындағы маңызды міндеті болып 

табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет