Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының ав-
торы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін
бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық
деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами
мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу [2].
Таксономия - белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу,
топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан
гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына
және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой
қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп
өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды
қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-
әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада
белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені
жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және
орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз
кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
Достарыңызбен бөлісу: |