Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет286/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Репродуктивтік  әдіс.  Бұл  әдіс  арқылы  мұғалім  оқушының  іскерлігін  және  дағдыларын 

қалыптастырып,  тапсырмалар  беріп,  өзі  меңгерткен  білімді,  үйреткен  іскерлік  дағдыларын 

оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, 

мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық 

қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын 

түсіндіреді,  ал  оқушылар  оларды  тапсырмаларды  орындау  үшін  қолданады.  Білімнің  көлемі 

көп  болғанда  репродуктивтік  әдіс  түсіндірмелі-иллюстративтік  әдіспен  бірге  қолданылады. 

Репродуктивтік  әдіс  арқылы  оқушы  «дайын»  білімдерді  есінде  сақтап,  кейін  қатесіз  айтып 

бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.

1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;

2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар про-

блеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;

3) оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;

4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын 

практикалық әдістер тобы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет