Алматы қ.
Астана қ.
514
12
Қызылорда
290
179
13
Манғыстау
96
89
14
Павлодар
234
189
15
СҚО
267
204
16
ОҚО
794
268
Барлығы
4815
2571 (53,4%)
2-кесте – Онлайн-сауалнаманың респонденттер саны туралы мәлімет
Білім
алушылар
Педагогтар Ата-аналар
Барлығы
128800
23207
91091
243098
Мониторинг көрсеткендей, респонденттердің арасында 10 жылдан астам тәжірибесі
бар тәжірибелі ұстаздар басым, олардың жартысынан көбісі жоғарғы және бірінші біліктілік
санаттарына ие. Мұнадан көрінгені - сұрақтарға білікті мамандардың жауап бергені.
Мониторинг деректері бойынша ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің шамамен 13% -ы өздерінің
пәнін ағылшын тілінде оқытуды бастаған. Егер респонденттердің санына пилоттық мектеп
мұғалімдерінің (527 мектеп) кірмегенін ескеретін болсақ, онда біз «100 нақты қадам – Ұлт
жоспары» 79-шы қадамын іске асырудың жақсы үрдісі басталғаны ашық айта аламыз. Сонымен
қатар, ауыл мектептерінің мұғалімдері де белсенді жұмыс істейтінін атап өту керек.
Жалпы, 2017-2018 оқу жылында барлық төрт пән ағылшын тілінде вариативті компонент
(факультативтер, үйірмелер, секциялар және т.б.) және жаратылыстану-математикалық цикл
пәндері бойынша сабақтан тыс іс-шаралар шеңберінде оқытылды және Үлгілік оқу жоспарының
инвариантты құрамдас бөлігі шеңберінде де жүргізілді. Инвариантты құрамдас бөлігін ағылшын
тілінің қажетті деңгейіне (B1-C1) ие және дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектептерде, «Білім-инновация» мектептерінде жұмыс жасайтын мұғалімдер оқытты. Ағылшын
тілінде төрт пәнді оқыту көбінесе 7-сыныптарда және ішінара енгізу режимінде жүргізілді.
Табысты бастауға сенімділік ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілінде біліктілік деңгейінің
көрсеткіштері есебінен де артты. Мұнда келесі көрініс қалыптасқан: респонденттердің 19%
-ы ағылшын тілін A1-A2 деңгейінде меңгерген және B1 деңгейінде 12%, мұғалімдердің жарты
үлесі (жауап берушілердің үштен бірі) тиісті сертификаттарға ие.
Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары
туралы сөз қозғасақ, онда жаратылыстану-математикалық цикл пәндері мұғалімдерінің тіл
курстары (шамамен 30%) және жаңартылған білім мазмұны бойынша (50%) оқыту курстарынан
өткен және бұл курстар жүйелі және жоспарлы сипатта болған.
Мониторинг барысында жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде оқыту
жөнінде ата-аналардың көзқарасын білдік. Олардың көбісі жаратылыстану-математикалық
цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту идеясын қолдайды. Сонымен қатар, оқыту қазақ тіліндегі
мектептердің ата-аналарының (61%) көзқарастары жағымды болды. Ата-аналардың басым
көпшілігі балаларының ағылшын тілін үйренгісі келетінін білдірді. Сондай-ақ, ата-аналардың
көпшілігі өз балаларының мектепте ағылшын тілін үйренуіне қанағаттанатындарын көрсетті.
Ата-аналардың көпшілігі олардың балалары 10-сыныпта ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқуға
дайын болатынына сенімді. Бұл дегеніміз - үш тілде оқытудың оң үрдісінің көрінісі.
Білім алушылардың арасындағы сауалнама қорытындысы:
- ағылшын тілін үйрену мотивациясының жоғары деңгейі қалыптасқан;
- респонденттер көпшілігінің арасында ағылшын тілінде бір немесе бірнеше пәндерді оқуға
деген ұмтылысы, сонымен қатар, оқыту қазақ тіліндегі мектеп балаларының уәждемесі өте
жоғары болды (60,1%).
Жалпы, мұғалімдер, білім алушылар мен ата-аналар арасындағы онлайн-сауалнама
ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің оқыту мақсаттарын алға
жылжытудың оң көрсеткіштері: ата-аналардың басым көпшілігі жақсы көзқараста, мұғалімдер
мен білім алушылардың мотивациясы өте жоғары.
Жүргізілген мониторинг деректері бойынша білім беру саласындағы жасалған іс-әрекеттер
дұрыс бағытта екенін көрсетті, сондай-ақ, күнделікті мәселелерге негізделген шешімдерді
қабылдау, жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытуға нәтижелі
515
стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бірақ, осы жерде айта кету керек ол – қоғамды, көпшілікті мазалайтын мәселе – үш тілде
оқыту дегеніміз не? Менің ойымша, бұл орынды сауал. Сондықтан осы мәселені бірлесе
қарастырайық. Негізінен, үш тілде білім берудің мақсаты – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тіл саясатынан бастау алып, төмендегілерге негізделген:
−
мектеп бітірушілердің 100%-на қазақ тілін меңгерту;
−
Қазақстандағы объективті тарихи себептерге негізделген орыс тілін меңгерудегі
жетістіктерді жоғалтпай және оларды молайта түсу;
−
табиғи қалыптасқан қазақ-орыс қос тілділігіне әлемдік қауымдастықтағы бірігу тілі
ретінде үшінші тіл – ағылшын тілін білуді қосу.
Үш тілде білім берудің негізгі мақсаты – қазақстандықтардың бір уақытта үш мақсатты тілді
халықаралық стандартқа сай меңгеруіне қажетті жағдайлар жасау.
Үш тілде білім беру моделіне сәйкес Қазақстанда мақсатты тілдерге қазақ (Т2), орыс (Я2)
және ағылшын (L3) тілдері жатады:
−
қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде азаматтарды табысты біріктіруге мүмкіндік береді;
−
орыс тілі қазақ тілімен қатар ресми тіл ретінде қолданылады;
−
ағылшын тілі әлемдік экономикаға кірігу құралы.
Мақсатты тілдерді таңдау үшбірлік идеясына негізделе, келесі формуламен айқындалады:
мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Бұл үшбұрыштың шыңы қазақ тілі болып саналады, өйткені ол – Қазақстанда тұратын
халықтарды шоғырландырудың басты факторы. Мемлекеттік тіл ретінде ол бірлік жолында
азаматтық бірігуді қалыптастыру үшін маңызды. Қазақ тілін білу – әр заманауи қазақстандықтың
өзіндік ерекшелігінің кепілі.
Білім беру үрдісінде Т2 – бұл оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі қазақ тілі, Т2 – оқыту
орыс тілінде емес мектептердегі орыс тілі, Т3 – шет тілі ретінде ағылшын тілі [4].
Қазақстанда оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілі бірінші сыныптан бастап
оқытылады, 2013 жылдан бастап бірінші сыныптан - ағылшын тілі.
2016 жылдан бері жаңартылған
бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.
Қазіргі таңда үш тіл де(қазақ, орыс, ағылшын) бірінші сыныптан бастап оқытылады. Үш
мақсатты тілдерді оқыту тілдерді үйретудің деңгейлік моделіне сәйкес жалпы білім беру
жүйесінің барлық сатыларының бірлігін, сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз ететін CEFR
типі («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» – «Шетел
тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттері: үйрену,оқыту, баға») бойынша құрылады.
Қазіргі таңда әр мектеп бітіруші мектеп қабырғасында үш тілді меңгеріп шығады, өйткені тіл
білу – бәсекеге қабілетті болу. Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі - ұлт табыстылығының факторы.
Сондықтан әрбір қазақстандық жаңа жаһандық сын-тегеуріндерге, заманауи технологияларға,
еңбек нарығы сұранысының талаптарына және жаңа мамандықтарға табысты бейімделу
үшін қажетті құзыреттіліктерге ие болуы керек. Оның ішінде тілдік және коммуникативтік
құзыреттіліктерге. Өйткені тілді білу – табысты болу – жарқын болашаққа қадам жасау.
2018-2019 оқу жылында ағылшын тілінде пәндерді оқыту пилоты жалғасып жатыр.
«Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына толықтырулар енгізу ту-
ралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 03 қыркүйегіндегі
№440 бұйрығына
сәйкес биылғы оқу жылында пилоттық 3378 мектеп жұмыс жасап жатыр. Бұл
көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда биылғы оқу жылында пилоттық мектептердің саны 6 есе
артқанын көрсетіп тұр. Пилоттық мектептердің жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін
ағылшын тілінде оқытуға жоспарлы, жүйелі түрде ауысып жатқанының нышаны. Өйткені,
егерде жарытылыстану-математикалық цикл пәндерінің мұғалімдері 2016 жылы ағылшын тілі
курсынан өтіп, В1,В2,С1 деңгейлердегі сертификатқа 188 мұғалім ие болса, 2017 жылы -2837,
ал 2018 жылы – 4810 мұғалім. Пилоттық мектептер кадр мәселесіне үлкен мән беріп отыр.
Өйткені білім берудің орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін
ағылшын тілінде оқытатын және бұл пәндер бойынша білім сапасын арттыратын мұғалім.
«2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін
оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз
елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде
үш тілді
меңгеретін болады. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады» [5].