Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет553/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   674
Ключевые  слова.  Обновление  содержания  образования,  образовательный  процесс, 

инновационный подход, сотрудничества, достижения, методическая помощ, поддержка, под-

ход. 

Key words. Updating the content of education, the educational process, innovative approach, 

cooperation, achievements, methodological assistance, support, approach. 




786

АЙТЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ МАҚСАТТАРЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

У.С. Букарбекова 

«Павлодар қаласы № 24 ЖОББМ» ММ, ms.umut10.84@mail.ru

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың:  «Қазақстанның  болашағы  қазақ  тілінде».  «Тілді  дамыту 

-  Қазақстан  Республикасы  мемлекеті  саясатының  аса  өзекті  бағыттарының  бірі»  -  деп 

тұжырымдаған [1]. Менің басты тақырыбымда қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім 

деңгейі,  ой  өрісі  дамыған,  тіл  арқылы  өз  ойын  еркін  жеткізе  алатын,  туындаған  мәселелерді 

шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым, жазылым, 

тыңдалым,  айтылым  дағдыларын  қалыптастыра  отырып,  еркін  қарым-қатынас  жасауға,  сын 

тұрғысынан  көзқарасын  білдіруге,  өз  ойын  жеткізіп,  шешім  қабылдауға  дағдыланады.Қазақ 

тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала 

алады.Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады.Тілді кіріктірілген 

бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты меңгерте білу.Тілдік қатысым әрекетінің бір түрі-

айтылым. Айтылым әрекеті арқылы сөйлеуші бір хабарды, ақпаратты ауызша баяндап, екінші 

біреуге түсінікті етіп жеткізеді.Оқушының қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе білуге үйрету үшін 

ең алдымен, өмірде оны екінші адаммен түсінісе біліп, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған 

жауап ала біліп, ұғынысып, тілдік қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету керек [2]. 

Сондықтан, сіздерге өзімнің тәжірибемдегі маман ретінде қазақ тілі сабағында оқушылардың 

сөйлеу  мәдениетін  айтылым,  жазылым  мақсаттары  арқылы  қалыптастыруды  ортаға  салуды 

жөн көрдім. 

  Жұмыс  барысым  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  арқылы  жүреді.  Өз  тәжірибемде 

«Топтау», «Түртіп алу»,  «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Бес жолды 

өлең»,  «Венн  диаграммасы»,  «Еркін  жазу»,  «Семантикалық  карта»,  «Т  кестесі»,    «INSERT», 

«Домино», «Эссе» , «Автор орындығы», «6 қалпақ», «Өрмекші», «Ақпараттық парақ», «Қиын 

және жеңіл сұрақтар», «Кідіріспен оқу» стратегияларын қолданамын. Әр стратегия сабақтың 

кезеңі  мен  күтілетін  нәтижеге  байланысты  қолданылады.  Бұл  стартегияларды  қазақ  тілі 

сабағында сөйлесім әрекетіне қарай топтастыруға болады. Мен өз сабағымда сыни тұрғыдан 

ойлау әдістерін төмендегі әрекеттер бойынша қолданамын [3]. 

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдістерін сөйлесім әрекеттеріне қарай жіктелуі.

Сөйлесім 

әрекеттері

Технологияның әдісі

Баладан күтілетін нәтиже

Тыңдалым

«Кідіріспен оқу», «Қиын 

және жеңіл сұрақтар»

Нақты  айтылған  ойды,  әдеби  нормаға  сай 

сөйлемдерді,  сөйлеушілердің  ойын  толық  түсіне 

алады.


Оқылым

«Ақпараттықпарақ», 

«INSERT»,     

«Т кестесі», 

«Түртіп алу»

Мәтіндерді  оқып  түсінеді,  мәтіндерден  тура, 

ауыспалы  мағыналы  сөздерді,  мақал-мәтелдерді 

таба алады, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу 

тілінде орынды қолданады.

Айтылым 


«Автор орындығы», «Венн 

диаграммасы», «Кезбе 

тілші стартегиясы»

Өз  ойын  жеткізу  барысында  түрлі  оқиғалар,  өз 

арман  –үміті,  жоспарлары  жайлы  айта  алады, 

өз  көзқарастары  мен  ұсыныстары  туралы  пікір 

білдіре алады.

Жазылым


«Домино», «Фишбоун», 

«Эссе»


Өзіне  қызықты  әрі  қажетті  мағлұматтарды 

қамтитын  қысқа  мәтіндерді  жаза  алады,  берілген 

мәтінді  түріне  қарай  ажыратып,негізгі  ойды  тілдік 

қатынаста  басқаға  жеткізеді,  өзінің  жеке  басына 

қатысты хат жаза біледі.

Тілдесім


«6 қалпақ», «Жұпты 

талқылау», «Қиын және 

жеңіл сұрақтар»

Әртүрлі  жағдаяттарға  байланысты  сұхбаттаса 

алады,  күнделікті  қарым-қатынаста  диалог, 

монологті  берілген  тақырыпқа  сай  етіп  құрайды, 

тосын  сұхбаттарға  (отбасы,хобби,  жұмыс,  саяхат, 

т.б.)қатыса алады.




787

Мысалы:  «Кезбе  тілші  стартегиясы»  белгілі  бір  білімді  ойлау  арқылы  жинақтап  жүйеге 

келтіру.

 

Бұдан шығатын нәтиже осы стратегия арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетіне ықпал 



етуге болады,үлгерімі төмен оқушылар да белсенділік танытады, сыни көзқарас қалыптасады, 

өзінің болашақ мамандығы туралы ойланады, өзін еркін ұстайды, жоғары деңгейлі сұрақтарды 

қоюға дағдыланады.

«Кезбе тілші стартегиясы» 

Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топқа ситуациялық тапсырмалар беріледі. 

1-топқа:  Телефон  соғылып  жатқанға  ұқсатып,  тәулік  бойы  орын  алған  оқиғалар  туралы 

хабарлауы қажет (мысалы:Су тасқынының деңгейі)

2-топқа: Телестудиядағы диктор, жиынтық ақпарат береді.

3-топқа: Тілші сұхбат алатын куәгер.

4-топқа: Тілші, оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

Осындай әдіс арқылы қазақ тіліндегі мәтіндерді толық түсініп талдауға мүмкіндік бар. Яғни 

баланың қазақша ойлауы және сөйлеу тілі дамиды.

Ал егер жазылым әрекетін алсақ, сабағымда сөйлемдерді құрастыру, сөздерді бір-бірімен 

байланыстыруға  көп  көңіл  бөлемін.Ол  үшін  «Инфографика»  әдісі  өте  тиімді.Инфографика  – 

хабарды, ақпаратты, білімді графикалық тәсілдер арқылы ұсыну.Инфографика деп қандай да 

бір оқиғаны сипаттау немесе деректерді жеткізу мақсатында кез-келген мәтін мен графиканың 

үйлестіріліп  берілуі.Инфографика  –  бұл  ақпаратты  визуалды  түрде  ұсыну.Көбінесе  қиын 

ақпаратты тез, оңай және анық жеткізу қажет болғанда қолданылады.

«Инфографика» әдісі арқылы кең көлемді мәтінді беріп, суретке немесе графикаға, «хикая 

картасы» әдісіне түсіру. рисунок 1 

рисунок 1

Қазақ тілі сабақтары қызықты, тартымды және нәтижелі болу үшін сабақтың құрылымдылық 

бірізділігі болғаны дұрыс.Егер сабағыңыз нәтижелі болсын десеңіз, бала сабағыңызға не үшін 

келгенін  өзі  түсінуі  керек.  Ол  үшін  оның  қызығушылығын  оятып,  оқушы  сабақтың  мазмұнын 

түсініп, өз бетінше қорытынды жасай алатындай жағдай жасау керек. Сабақтың әр кезеңіне де 

сыни тұрығдан ойлау технологиясының әдістерін таңдап қолдануға болады. Сабақ қарастырғалы 




788

тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұл әдісті 

әр  түрлі  формада  іске  асырамын.  Себебі  оқушылардың  қабылдау  жадысы  қысқа  мерзімді 

бейнероликтер  арқылы  тез  қабылдайды.  Осындай  жағдайда  олар  тақырыпқа  назарларын 

аударып, сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижелерін өздері анықтайды. Одан кейін тақырыпты 

меңгертудің жолдарын іздестіреді.

Қорыта  айтқанда сыни тұрғыдан ойлау технологиясы оқушылардың қазақ тілін меңгертуде 

ең тиімді құралдардың бірі. Бұл технологияны қолдануда мұғалім оқушылар арасында диалогтік 

оқытуға жағдай жасайды.

Выготскийдің  пікірі  бойынша  «оқушылар  нақты  мақсаттарды  көздеген  көбірек  білетін 

қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын 

дамытады»- дейді. [4] Сондықтан  оқушыға өз жұмысына баға беріп, қателерін анықтап, өзін 

түзету үшін жоспар құруға мүмкіндік беріу қажет. Яғни, бала әр сабақта білімін жалғастырып, 

өзінің  білімін  жетілдіріп,  өзінің  ойлау  процестерін  басшылыққа  алады.  Өзін  басқара  алатын, 

өзінің ойлауы туралы ойланатын-бұл біздің жұмысымыздың нәтижесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет