МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДЕ
«ТАБЫСТЫ БАСШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Э.Т. Досаева
Алматы облыстық әдістемелік кабинеті, Талдықорған қ.
Elvira_Dosaeva@mail.ru
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес, сонымен
қатар білім беру ұйымдары басшыларының да үздіксіз кәсіби дамуы қажеттігін айқындап отыр.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бағдарламаларды іске асыру үшін мұғалімдерді
біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету және олардың пікірлерін өзгертуге ықпал ету жеткілікті
емес екендігін көріп отырмыз. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға
сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу
бағдарламалары [1].
Мектепке өзгеріс енгізіп, оны басқаруда инновациялық қадам жасау үшін жаңа мәдениет
құру қажеттігі туындады. Осы орайда, мектеп басшысына да қойылатын талаптар күшейіп отыр.
Атап айтсам, өзгерістерді басқарып, жетекшілік ету үшін директорға қойылатын негізгі үш талап:
1. Өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру;
2. Мектеп көшбасшылығы мен оны басқару туралы мықты білім мен түсінік қалыптастыру;
3. Тиісті жеке қасиеттердің, әлеуметтік дағдылардың болуы және адамдармен қарым-
қатынас жасау өнерін игеру [2].
Заманауи мектеп басшысы жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ынтымақтастық ортада
бірлескен жұмыс істейтін, мектеп дамуын басқарумен қатар эвалюация жасай алатын табысты
көшбасшы болу керек. Табысты көшбасшылық болашақ туралы ортақ көзқарас қалыптастыра
отырып, маңызды, қысқа мерзімді мақсатқа қатысты бір тоқтамға келуге көмектесе және
қызметкерлердің жұмысына үлкен үміт артылатынын көрсете отырып, ұйымды бір мақсатқа
жұмылдыруға ұмтылады [2]
. Табысты басшы инновациялық басқарудың нәтижесінде бірлескен
ұжыммен болашақтың тізгінін ұстайтын бәсекеге қабілетті шәкірттер тәрбиелей отырып,
табысты мектепке қол жеткізеді.
Облыста мектеп басшыларының қоғамдастық аясын жетілдіру мақсатында 2013 жылдан
бері директорлар Кеңесі құрылған. Жұмыс жоспарына сай Кеңес тоқсанына бір рет отырыс
өткізіп, білім саласындағы өзгерістерді үнемі талқылап отырады. Кеңес мүшелері әріптестерінің
үнін ескере отырып, 2018-2020 жылдарға арналған «Табысты басшы» жобасын әзірледі.
Жоба заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесін енгізуде жалпы білім
беру ұйымдары басшыларына кәсіби қолдау көрсетуге негізделген. Жаңартылған білім беру
мазмұны жағдайында мектепті басқару бойынша білім беру ұйымдары басшыларының
қажеттіліктерін ескере отырып, көшбасшылық пен басқару, стратегиялық жоспарлау бойынша
кәсіби құзыреттіліктерін және үш тілде білім беруді кезең-кезеңмен жүзеге асыруда мектептің
инновациялық қызметін жетілдіру, мектепті инновациялық басқаруда озық педагогикалық
идеялар мен тәжірибелерді тарату міндеттері айқындалды. Сонымен қатар мемлекеттік орта
білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларына өзгеріс енгеннен
кейін мектеп директорларының резервтерін әдістемелік сүйемелдеуге үлкен мән берілуде.
Себебі, кандидат конкурс кезінде мектепті дамытудың перспективалық жоспарын ұсынып,
белгіленген тақырыптық бағыттар бойынша әңгімелесуден өтеді. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан
жұмыстар болашақ мектеп басшылары үшін оң нәтижесін берері анық.
Жобаны іске асыру үшін үш кезең белгіленді:
1-кезең
Достарыңызбен бөлісу: |