Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет559/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   674
Ключевые слова: проект «Табысты басшы», стратегическое планирование, разделенное 

лидерство,  инновационная  деятельность,  руководство  школой,  школьная  культура,  общие 

ценности.

Key words: аct, strategic plans, divided leadership, innovative activity, school manages, school 

culture, general value. 




792

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ

Б.С. Еңсегенова 

Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі (РО) Жамбыл облысы 

Т. Рысқұлов ауданы Қазақ ауылы bakytkamal64@mail.ru

Қазіргі  қоғамда  болып  жатқан  саяси  және  экономикалық  өзгерістер  кез-келген  қызмет 

саласындағы  жаңартуды  қажет  етеді.  Қоғамда  туындап  отырған  жаңа  экономикалық 

қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды. Білім мазмұнын жаңарту – 

білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен 

тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.

Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен 

көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема-әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру 

тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге 

асыра  алатын  мұғалімдерді  даярлау.Олай  болатыны,  қоғамның  әлеуметтік–экономикалық 

міндеттері  заманына  сай  өзгерістерге  ұшырап,  өскелең  ұрпақты  соған  лайықтап  өмірге 

бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.   

Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған 

негізгі міндеттердің бірі. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту 

мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, 

психологиялық-педагогикалық  диагностиканы  қабылдай  алатын,  педагогикалық  жұмысы 

қалыптасқан,  шығармашыл  педагог-зерттеуші,  ойшыл  мұғалім  болуын  қажет  етеді.  Қазіргі 

әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық 

тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі тұлғаның түйінді 

құзыреттіліктері болып отыр. Барлық білім беру жүйесіндегі сияқты пәндерді  оқытудың мақсаты 

мен міндеттері заман талабына қарай өзгеріп отырғаны белгілі. Мектептің білім беру жүйесінде 

жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, 

тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін 

сезінуге білім беру мәселесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар 

қойылуда. Сондықтан мұғалімдерінің алдында тұрған міндеттердің бірі табысты және әрекетке 

дайын, қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру болып отыр [1]

Осыған орай, қазіргі білім берудің мақсаты-білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана 

емес, солардың негізінде дербес жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, 

жұмыс  істей  алатын,  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке,  яғни  ақпаратты  өзі  іздеп  тауып, 

ұтымды пайдалана  алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз  ісіне  және өзгенің  ісіне  әділ  баға 

бере  алатын,  Отанның  әлеуметтік  қоғамның-экономикалық  жағынан  зор  үлес  қоса  алатын 

жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл орайда білім беру жүйесін одан ары жетілдіру, мемлекеттік 

білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу Қазақстан 

мектебінің ұлттық моделін қалыптастыру тәрізді келелі мәселелер жүзеге асып жатыр. Бірінші 

кезектегі көкейкесті мәселе – жас ұрпақты ертеңгі өмірге әзірленуде бүгінгі берілетін білімнің 

көлемін,  сипатын,  оның  мақсатын  айқындау,  әлемдік  стандарт  бағытындағы  жағдайда  білім 

берудің  кейбір  жетістіктеріне,  жетіспейтін  жақтарына  түсінік  беру,  бүгінгі  қандай  бағыттарды 

батыл  дамыту  керектігімізді  білу.  Бұл  жерде  ұстанымдар  кәсіби  педагог  кадрларын  даярлау 

жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз. Кәсіби даярлық – дегеніміз, бұл қызметкерге 

жедел-қызметтік міндеттерді нәтижелі де сапалы орындауға мүмкіндік беретін іскерліктің жоғары 

қалыптасу деңгейі.

Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын  талаптар:  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру 

сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды 

жинақтай келіп, заманауи мұғалім- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған 

әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, 

ақпараттық  және  тағы  басқа  құдыреттіліктердің  жоғары  деңгейімен  сипатталатын  рухани- 

адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл  тұлға.    Нәтижеге 

бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы  аясында  жекелеген  ұғымдар 

мен  нормаларды  және  тиімді  педагогикалық  технологияларды  меңгеру  үшін  педагогтардың 

кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру 

жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде 



793

өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты 

қалыптасады.

Сабақ – біртұтас жүйе және педагогикалық шығарма, сондықтан да ол бір тұтастығымен, 

бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен, мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай 

логикасымен  ерешеленуі  керек.  Педагогикалық  тәжірибені  бүгінгі  даму  деңгейінде  белгілі 

болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға 

орай  ең  тиімді  әдісін  таңдап  алу,  олардың  жиынтығын  түрлендіре  отырып  пайдалану,  әрі 

шығармашылықпен  өзіндік  білімді  жетілдіре  отыру  негізінде  ғана  жүзеге  асатын  іс.    Әрине, 

ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, 

шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік 

береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін мектебіміздің  әрбір 

мүшесі  үнемі  шығармашылық  ізденісте,  жаңа  педагогикалық  технологиялардың  жетістіктерін 

пайдалана  отырып,  өздерінің  кәсіби  шеберлігін  дамытуды  кезек  күттірмес  мақсатым  деп 

есептеуі керек.

Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы 

өз  жолын  адаспай  табады,  азамат  болып  қалыптасады.  Бұл  ұстаз  үшін  абыройдың  үлкені, 

әрбір  мұғалім  осыған  ұмтылса  ұрпақ алдындағы  қарыздың  өтелгені.  Болашақтың  бәсекесіне 

қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. 

Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-

жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның 

мықты  да  білікті,  жоғарғы  мәдениетті,  жан-жақты  дамыған,  шығармашылығы  жоғары  жеке 

тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтініміз айқын болмақ. Осыған байланысты оқытудың әдіс-

тәсілдерін үнемі жаңартып  және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндетімде 

тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман 

талабына  сай  келешек  ұрпақтың  сұранысын  қанағаттандыратын  тың  бағдарлама.  Қай  елдін 

болсын  өсіп-өркендеуі,  ғаламдық  дүниеде  өзіндік  орын  алуы  оның  ұлттық  білім  жүйесінің 

деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты.  «Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр 

болмайды»  дегендей,  жас  ұрпаққа  сапалы,  мән-мағыналы,  өнегелі  тәрбие  мен  білім  беру-

бүгінгі күннің басты талабы. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие 

беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді 

өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. 

Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды 

факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, 

дидактикалық,  әдістемелік,  психологияпедагогикалық  білім  мен  дағды  ғана  емес,  педогогтің 

жеке  тұлғалық  потенциалы,  кәсіби  құндылықтары  да  жатады.  «Мұғалім  көп  әдісті  білуге 

тырысуы  керек.  Оны  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс  нәрсе  есебінде  қолдануы  керек»,-деп  Ахмет 

Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне 

сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, 

терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, 

әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген 

әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра 

отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну 

өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта 

әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру 

ең басты мәселе. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен 

қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын 

қолданудың  тиімділігін  арттыруды  талап  етеді.  Бастауыш  сынып  пәндеріне  арналған  оқу 

бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан проблемаларды анықтап зерттей білуді 

талап  етеді.  Негізінен  жаңартылған  білім  жүйесі  құзыреттілікке  және  сапаға  бағытталған 

бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы 

білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе 

жасау,  АҚТ  –ны  қолдану,  коммуникативті  қарым-қатынасқа  түсу,  жеке,  жұппен,  топта  жұмыс 

жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана 

білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, 

модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. [1] Жаңартылған білім 

беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. [2]



794

      Қорыта  айтқанда,  жаңа  бағдарламаның  мәні,  баланың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. 

Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен 

жауапкершілік  міндеттелді.  Оқушылардың  бойына  ХХІ  ғасырда  өмірдің  барлық  салаларында 

табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. 

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін 

ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз 

де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы 

өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы 

бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. 

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет