Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет634/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   630   631   632   633   634   635   636   637   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ 

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

А.Мукушева., А.Басығараева 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қ. 

Mukusheva.alma@mail.ru

Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  ерекшелігі  білім  алушының  қандайда  бір  іс-әрекетке 

құзыреттілігін дамыту болып табылады. Заман талабына сай, білім бәсекесіне лайықты педагог-

маман қашанда білім алушылардың жетістігін дұрыс, әділ бағалау арқылы ғана олардың пәнге 

деген қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырып, келешекке нық сеніммен қадам жасай 

алатын білімді ұрпақ тәрбиелей алады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінде  көптеген  түбегейлі  өзгерістер  болып 

жатқандықтан,  2018-2019  оқу  жылы  еліміздің  педагогтерінің  алдына  жаңа  міндеттер  қойғаны 

анық. Бұл дегеніміз, мұғалімдер мен оқушылар үшін терең ізденіс пен қарқынды еңбекті талап 

етері хақ.

 Білім берудегі бұл оң өзгерістердің ішінде бағалаудың жаңа жолдары да көрсетілген. 

Сан  жылдар  бойы  білім  алушының  жетістігі  басқа  білім  алушылармен  салыстырмалы  түрде 

бағаланып келген бағалау жүйесі, критериалды бағалау жүйесіне өтіп отыр.

 

Әрине,  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  –  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  әрі 



маңызды мәселелердің бірі болғандықтан, бұл мәселе үнемі назарда болады. Жаңа критери-

алды бағалау жүйесі ең алдымен балаларды оқытуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі 

олқылықтарды анықтауға және олардың әрі қарай дамуын көрнекті етіп көрсетуге бағытталуы тиіс 

[1]. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің 

нақты жиынтығымен өлшенеді.

Жаңа  критериалды  бағалау  жүйесі  білім  алушылардың  оқуға  деген  қызығушылығын 

арттыруға, ынталандыруға, ой-өрісін дамытуға бағытталған. 

Критериалды бағалау сабақ барысында әр білім алушының дайындық деңгейін анықтауға, 

білім алудағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға, әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз 

бағасының әділдігіне көзін жеткізуге, оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға, оқу процесі 

мен білімнің меңгерілуі туралы білім алушы, мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты 

қамтамасыз етуге сәйкес келуі тиіс. Сондықтан бүгінгі талаптарға сай, мектептерге жаңартылған 

білім мазмұны аясындағы негізгі және оның ерекше элементі болып табылатын критериалды 

бағалау жүйесі енгізілуде

Критериалды бағалау технологиясы білім алушының бойындағы үрейленуді басып, өзін-өзі 



бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Критериалды 

бағалау білім алушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды, бір-біріне тәуелді етпейді, 

сонымен қатар әр білім алушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады. 

Критериалды  бағалаудың  практикалық  маңыздылығы  білім  алушылардың  оқу  жетістігін 

алдын ала белгілі критерийлер бойынша бағалау, оқыту мақсаттарының нақты көрінісі ретінде 

бағалау критерийлерінің болуы, білім алушылардың табыстылық деңгейін анықтайтын бағаны 

шығару  алгоритмі  және  білім  алушылардың  өзін-өзі  бағалау  мен  оқудағы  мотивациясын 

арттырумен анықталады.

Ұсынылып  отырған  критериалды  бағалаудан  білім  алушыларды  объективті  бағалау, 

олардың жеке траекториясын анықтау, ынталандыру, әрбір баланың білім  сапасын арттыру, 

кері байланыс жүйесін дамыту сияқты нәтижелер күтіліп отыр

[2].


 

Критериалды бағалау: пәндік құзыреттілікті бағалауды, тұлғаны қалыптастыруда іс-әрекеттік 

қызмет етуді және субъекті қалыптасуының аксиологиялық аспектілерін қамтиды.

Критериалды бағалау білім беру процесіне қатысушы мұғалімдерге: сапалы нәтижелер алуға 

ықпал ететін критерийлер әзірлеуге, өз қызметін талдау және жоспарлау үшін жедел ақпаратпен 

қамтамасыз етуге, білім сапасын жақсартуға, әрбір білім алушыға өзінің жеке қабілеттері мен 

ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жеке траекториясын жасауға, әртүрлі тәсілдер мен 

бағалау құралдарын қолдануға, оқу процесін, критериалды бағалауды ұйымдастыру мен өткізу 

деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. 

Ал білім алушыларға: әртүрлі оқыту стильдерін, ойлау қызметінің типтерін және өз түсінігін 

білдіру қабілетін пайдалану, өзіндік білім алу нәтижесін болжау мен жетістігін сезіну үшін бағалау 

критерийлерін білу және түсіну, өзін және өзінің қатарластарын бағалауда рефлексияға қатысу, 




876

нақты  мәселелерді  шешуге,  әртүрлі  көзқарастарды  білуге,  сыни  тұрғыдан  ойлауда  білімді 

қолдану үшін қажет. 

Сондай-ақ ата-аналарға: өз баласының білім деңгейі туралы объективті дәлел алуға, баланы 

тәрбиелеудегі жетістіктерін бақылауға, оқу процесінде балаға қолдау көрсетуге, мұғалімдермен 

және  мектеп  әкімшілігімен  кері  байланыс  орнатуға,  сыныпта  және  мектепте  балаға  қолайлы 

жағдай жасалғандығына сенімді болуға жағдай туғызады.

Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін 

жақсарту  мүмкіндіктерін  анықтауға  бағытталған,  жиынтық  бағалау  мақсатты  баға  қою  және 

оқытудың ілгерілеуін тіркеуде оқыту қорытындысын шығару үшін қажет [3].

1-сызбада  жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  критериалды  бағалаудың  ерекшеліктері 

көрсетілген. 

1-сызба – Критериалды бағалаудың ерекшеліктері




877

Еліміздің жарқын болашағы жастардың еншісінде екенін ескерер болсақ,   білімді әрі бәсекеге 

қабілетті ұрпақ тәрбиелеу әр ұстаздың басты міндеттерінің бірі болып табылады. «Адам баласы 

адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» - деп хакім Абай атамыз 

айтқандай, болашақта ел тізгінін ұстайтын жастар өздерінің адамгершілік қасиеттері мен сапалы 

білімдерін орынды пайдаланып, елге қалтқысыз қызмет ете білсе ғана мемлекетіміз бәсекеге 

қабілеттілігі артып, өркениет көшінен қалмасы анық.

Қорыта айтар болсақ, Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды 

оқуға  ынталандыруға,  қызығушылықтарын  арттыруға,  дамытуға  бағытталғандықтан,  жас 

ұрпақты  жаңаша  көзқараста,  жаңартылған  білім  беру  жүйесінде  тәрбиелеп  оқыту  бәсекеге 

қабілетті дамыған елдердің қатарына қосылуға бір қадам болса да өз үлесін қоспақ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   630   631   632   633   634   635   636   637   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет