Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет69/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   674
Ключевые  слова:  обновлённое  содержание  оброзования,  дошкольное  воспитание  и 

образование, духовно-моральный, национальная идея «Мәңгілік ел».



Key words: updated content of education, pre-school upbringing and education, spiritual moral, 

national idea «Mangilik el». 




83

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

А.Е. Баисеева, А.И. Бутагарина

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі»



 мемлекеттік мекемесі

ra.aiko_88@mail.ru

Жазу  –  адамзат  ақыл-ойының  үлкен  жетістігі.  Кез  келген  халықтың  тарихы  жазба  тілмен 

тікелей байланысты қалыптасып, барлық рухани және материалдық құндылықтар деңгейі жаз-

ба  мәдениетінен  көрінетіндіктен  жазу  тарихы  жалпы  адамзат  тарихының  бір  саласы  ретінде 

қарастырылады.Әлемдегі  бүкіл  халықтар  секілді  қазақ  халқы  да  өзінің  тарихи  өрлеуі  бары-

сында саяси, қоғамдық әлеуметтік жағдайларға байланысты әр түрлі жазу үлгілерін қолданды.

Еліміздің  латын  әліпбиіне  көшу  ұлтымыз  үшін  жасалған  маңызды  қадамдардың  бірі  болып 

табылады. Ұлы дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлығы-жер, екіншісі-тіл, 

үшіншщісі – мемлекет және оның құнды тарихы [1].

Қазақ  мәдениеті  тарихында  алфавит,  емле  мәселесінің  өз  орны  бар.  Өйткені  жазу  – 

мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі.  Жалпы жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму 

деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс, адамның рухани байлығының үлкен жетісітігі. 

Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Оның адамзат өміріндегі маңызын 

көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.

ХХ  ғасыр  басында  тікелей  оқу-ағарту  ісімен  немесе  әдебиетпен  айналысқандарды  ғана 

емес, бүкіл қазақ қоғамын алаңдатқан үлкен проблема болды. Қазақ халқы өзге түркі халықтары 

сияқты  4-5  ғасыр  бойы  араб  жазуын  пайдаланды.  Көпшілікке  мәлім,  қазақ  жазуын  (араб 

графикасы негізіндегі) басқа графикаға көшіру мәселесі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап 

көтерілген  болатын.  Сол  уақыттағы  баспасөз  беттерінде  араб  жазуының  кемшілік  жақтарын, 

оның түркі тілдеріне жарамсыздығын айтып сынаған мақалалар көптеп кездеседі. Кей мақаланың 

авторлары араб  жазуының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтындығын, бас 

әріптердің, тыныс белгілерінің жоқтығы оқуда қиындық туғызатынын көрсете келіп, қазақ жазуын 

жетілдіру керек не басқа алфавит алу керек деген пікір айтады. Қазақ оқығандары, оның ішінде 

Ы.Алтынсарин  тәрізді  ағартушылар,  қазақтың  ұлттық  жазба  әдеби  тілін  қалыптастыру  үшін 

оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды



, не осы жазуды біраз 

жетілдіруді күн тәртібіне  қоя  бастады. Міне, осы пікір ағымын өз мақсаттарына шеберлікпен 

пайдаланған  Н.И.Ильминский  бастаған  миссионерлер  араб  жазуының  кемшіліктерін  сынай 

отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын қызу уағыздады [2].

ХХ ғасыр басында туған шытырман заманның түрлі қоғамдық-саяси оқиғаларына қазақтың 

көзі ашық ұлтжанды зиялы тобының өкілдері бейтарап қарап отыра алмады. Олар қоғамдық 

дамудың алғы шарттарының бірі – халыққа білім беру деп танып, қалың бұқараның сауатын 

тез  ашу  үшін  оқыту  жүйесіне  реформа  жасаудан  бастау  керектігін  қазақ  зиялылары  жақсы 

түсінді.  Мектептер  мен  медреселерде  діни  сабақтармен  қоса  әр  түрлі  ғылым  салаларынан 

алғашқы  мәліметтер  берілетін  болды.  Жаңа  әдіспен  оқытудың  пайдалы  екендігін  түсінген 

Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов,  Исен Бейсенбаласы т.б. халықты  ана  тілінде  тез  

сауаттандыру үшін төте жазумен жазылған жаңа оқу құралдарын құрастырып,  жаңа әдіспен 

оқытуға арналған әліппе, емле ережелерін құрастырумен айналысты [3].

Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  даласында  жәдид  бастамасын  батыл  қолдай  отырып,  қазақ 

алфавитін түрленген жаңа жүйеге келтіруге, ежелеусіз оқу мен төте оқуды қалыптастыруға жол 

салды. Бұрынғы әліппе бойынша, ескі араб әрпімен (хадимше) түсініксіз сөздерді жаттаудың 

орнына,  тура  өз  тілімізде  оқып-жазатын  жаңа  әдіс  ұлт  мәдениетінің  тарихында  орасан  зор 

маңызды  оқиға  болды.Ахмет  Байтұрсынұлы  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  араб  әліппесін  қазақ 

тілінің  дыбыстық  жүйесіне  сәйкестендіріп  өзгерістер  енгізді.  Ол  қазақ  әліппесін  жүйелеп,  оқу 

құралдарын жасады, фонетика,  грамматика саласын зерттеп, қазақ мәдениеті мен әдебиеті 

туралы зерттеулер жазды.

Кеңес  үкіметінің  жүргізген  саясатына  байланысты  1930  жылдардың  ортасы  мен  соңына 

қарай ұлттық республикаларда орыс тілі ортақ қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірдің 

барлық  салаларында  қолданыла  бастады.  1940  жылы  орыс  графикасына  негізделген  жаңа 

қазақ әліпбиі қабылданды [4].

1990  жылдары  қазақ  жазуын  латын  графикасы  негізіндегі  алфавитке  ауыстыру  мәселесі 

көтерілді.  Біраз  түркі  тілдес  республикаларда  (Әзірбайжан,  Түркменстан,  Өзбекстан)  қайта 



84

құру кезеңі басталғанда латын графикасына ауысты. Сол республикалардың оң тәжірибелерін 

зерттеп,  бізде  де  латын  графикасына  көшу  мәселесін  қарастырып  жатқан  ғалымдардың 

еңбектерін зерделеу қазіргі күн тәртібінің өзекті мәселелерінің біріне жатады [5]. 

Латын әліпбиі заман талабы

.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы өткен Қазақстан 

халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта 

оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қарпі коммуникациялық 

кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне 

көшуі кездейсоқтық емес. «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды

бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз 

уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты 

бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне 

көшірудің  нақты  кестесін  жасауы  керек»,  —  деген  Елбасының  сөздері  латын  әліпбиіне  көшу 

туралы дау-дамайға нүкте қойғандай болды.Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес 

елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес 

мемлекеттердің жазуы да бірізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі 

мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара 

интеграцияға алып келер еді.Өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты 

дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың 

біріне айналар еді. Өйткені, бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, 

мәселен, Ресейде, Моңғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, 

Пәкістанда  тұратын  бауырларымыз  –  төте  жазуды  (араб  жазуын),  ал  Түркия  мен  Еуропа 

мемлекеттерін  мекендейтін  Алаш  перзенті  –  латиницаны  қолданады.  Бұл,  әрине,  өзара  хат-

хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шетелдің жоғары оқу 

орындарыаралық келісім-шарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас 

студенттерімізді  оқыту  барысында  көріп  жүрміз.  Яғни,  латын  әліпбиі  –  әлем  қазақтарының 

рухани бірлігінің негізі. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік 

ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. 

Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын 

графикасы.Білім,  ғылым,  өндіріс  саласына  еніп  жатқан  жаңа  технологияларға  латын  әліпбиі 

арқылы қол жеткіземіз. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке 

шығу жеңілдейді, яғни, ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір 

бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін 

үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу бүгінгі 

жас ұрпаққа көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі 

осы графикамен жазылуда [6]. 

Қорытындылай келе қатын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір 

жолы. Латын әліпбиін қолдану түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың 

қайта жаңғыруына жол ашады. Ұрпақ болашағы мен ұлт тұтастығы үшін мұндай шешім қабылдау 

өте маңызды, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін 

жетік  игеруіне,  ең  бастысы  –  қазақ  тілін  жаңғыртуға,  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  арттыруға 

ықпалы зор [7].  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет