Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет381/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   674
Алынатын  

нәтиже 

Өз ойын тұжырымдап, 

қорытынды шығарады 

Өзін-өзі бағалайды 

Білім сапасы артады 

Құзырлылығы 

қалыптасады 

Оқушыларға терең білім берумен қатар білім сапасын арттыру үшін жаңа технологияларды 

қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:

мұғалім  пәнді  өзі  жетік  терең  біліп,  оны  балаларға  жай,  қарапайым  тілмен,  өмірмен 



байланыстыра отырып беруі қажет;

мұғалім  оқушылардың  жеке  басының  психологиясын  (жан  дүниесін)  жете  біліп,  әр 



оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет;

мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек;



мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі;

мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі;



балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен 

жеке тірек белгілері бойынша беру;

сабақта  балалардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  үшін  әртүрлі  қызықты 



элементтерді пайдалану;

әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет. [3,5].



Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. 

Шығармашылыққа  үйрететін  сабақтар  –  жаңа  технологияларды  қолдану  болып  табылады. 

Мұндай  сабақтарда  оқушыға  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасында  ынтымақтастық 

қатынас  қалыптасады.  Мұғалім  бұл  жағдайда  білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бақылаушы  емес, 

бағалаушы  емес,  танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыратын  ұжымдық  шығармашылық  істердің 

ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана білім сапасын арттырады деп ойлаймын.

Оқытудың әдістері мен тәсілдерін нақты мақсатқа байланысты сатылы қатынаста немесе 

жүйелі  тұтастыққа  пайдалану  шын  шебердің  қолынан  ғана  келеді.Егерде  сабақ  нәтижесінде 

оқушы өзінің білім қорын, рухани әлемін байытып, адамгершілік негізін нығайтатын болса,белгілі 

практикалық мәселені шешуге машықтанып,шығармашылық тұрғыдан ойлап, ой қорыта алады. 

«Оқытып  жүріп,өзіміз  де  үйренеміз»  қағидасын  ұстанған  ұстаз  үшін  өзінің  әрбір  сабағы 

бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Әрбір сабақта инновациялық технологияларды пайдаланып 

өткізу әрине жақсы нәтиже береді. Сондықтан, білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, 

ойлау  қабілетіне  сай  деңгейлеп  оқыту,  ғылыми-ізденіс  қабілеттерін  қалыптастырып,  бізге 

ой  өрісі  жоғары  дамыған,  зерделі,  жан-жақты  парасатты  ұрпақ  керек  екенін  бір  сәтте  естен 

шығармағанымыз жөн.

Осы тұрғыдан келгенде, әр мұғалімнің алдыңдағы мұраты, ең қасиетті міндеті- рухани бай, 

жан  –  жақты  дамыған  жеке,  дарынды  тұлға  қалыптастыру  және  өз  пәнінен  білім  беріп  қана 

қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу,оны шығармашылық тұлға болуға жетелеу.



556



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет