141
ДЕНІ САУ ОҚУШЫ ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ
А.Т. Дауренбекова
Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі, Қостанай қ., aigul_d1985@mail.ru
Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып, адамның салауатты өмір салтын
қалыптастыру, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың
да сауығуына септігін тигізуі жатады. Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында денсаулығынан
ақауы бар балалар саны күндеп өсуде. Бұған болар себептер заман ағымынадағы әлеуметтік,
экологиялық, ақпараттық факторларды атауға болады. Сонымен қатар білім жүйесінде оқытудың
мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жоғары деңгейлі болуы және жүктеме сабақтардың
көбейуі немесе оқушылардың санитарлық нормасының сақталмауы денсаулыққа кері әсерін
тигізуі.
Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын құру саясаты Қазақстан 2030
концептуалды дамуының басым бағыты болып табылады. Жастар арасында салауатты өмір
салтын алдын алу, нашақорлықтың, шылым шегу, олармен күресті белсенді жүргізу, жастар
арасында насихаттауды ұйымдастыру, спорт түрлерінің дамуына көңіл бөлу. Кең көлемді
реформаның жүзеге асуы процесінде негізгі ролді мемлекеттік пен үкіметтік емес мекемелердің
біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп
жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті мәселерін шешудің бір механизімі
ретінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері тұр[1].
Біздің заманауи мектептің өз міндеттері бар, оларды орындай отырып, денсаулық сақтау
және нығайту жөнінде ұмытпаған дұрыс. Меніңше, әр мұғалім бала денсаулығына зиянды
әсерін тигізетін мектеп және оқушы өміріндегі факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы
үшін жағдаяттың сәтті болу жолын қарастырып, өзгертіп отыруы керек. Дені сау, өнегелі адам
оқуға, ізденуге құштар. Оқып ізденудің арқасында ақыл-ой дамитыны сөзсіз. Бүкіл адамзаттың
дамуы – дамыта оқытуға тікелей байланысты болып отыр[2]. Осыған орай оқытуға үлкен көп
мән беріп, мектеп денсаулық, өнегелілік, ақыл-ой секілді үш күшті қатар гармоникалық түрде
дамытса, болашақта эстафетаны интеллектісі жоғары, парасатты азаматтарға береміз.
Сабақ барысында оқушылардың шаршауын болдырмау мүмкін емес. Әйтсе де, мұғалімнің
міндеті – сабақ барысында оқушыны шаршататын әсерлерді азайту, сабақты ұйымдастыруда
денсаулыққа зияны, әсері тимейтін әдістерді, технологияны қолдану. Мұғалімнің үлгерімі
жақсы оқушылармен қарым –қатынаста олардың есімін атап, сөйлесетін жағдай жиі кездеседі.
Ал керісінше үлгерімі төмен оқушының сыныпта бар –жоғын елемей, назарын аудармауы
да оқушыға жайсыз әсер етеді, білім алуға деген ынтасын төмендетеді. Әр адам баласының
жаратылысы әр түрлі, сол табиғатына қарай қабілеттері де әр түрлі болып жатады. Мұғалім
баланың осы жаратылысына баса назар аударуы тиіс, кейбір бала мұғалімнің өзін елемегендігін
өте ауыр қабылдауы мүмкін, ал керісінше екінші бір оқушы мұғалімнің өзіне назар аудармағанын
пайдаланып, өз ісімен айналысып сабақты бос өткізеді. Сабақ үстінде оқушы бойын жазып,
шаршағанын аздап та басу үшін жаттығу жасау керек. Оны сергіту сәттері деп атайды. Бірақ
үнемі бір сергітуді қайталау адамды жалықтырады. Мен орта буында оқитын сыныптарға сабақ
бергендіктен математика сабағында сергіту сәті ретінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты қозғалысқа бағытталған сергіту сәтін өткіземін, мысалы: физикалық жаттығулар;
физмәдениминуттар мен жылжымалы үзілістер; эмоционалды разрядтар мен «бір минуттық
тыныштық»; гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақ гимнастикасы, сергектік үшін салқын
тиюмен байланысты ауруларға қарсы профилактика үшін тыныс алу гимнастикасы) және т.б;
кейде оқушылардың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер, шағын ребустар мен кроссвордттар
беремін; кейбір кезде оқушылар сыныптастары қойған қызықты сұрақтар мен жұмбақтарға жауап
іздейді[3]. Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырма берілсе, оқушылар шаршамайды,
себебі жұмыс түрлерін өздері таңдайды. Әр мұғалім өз сабағын жоспарлағанда міндетті түрде
сергіту сәтіне аса көңіл бөлуі қажет. Оқушылар өмірінде күнделікті сабақ барысындағы жан-
жақты, артық ақпараттар ағыны, оның үдемелі қарқындылығы, шамадан тыс эмоционалды жүйке
жүйесіне салмақ түсу, осының бәрі бала денсаулығына әсер етпей қоймайды. Денсаулықты
сақтау, қалпына келтіру мәселесін бүгінгі білім беру жүйесінде түгелімен шешу мүмкін емес.
Оқушылардың үштен бірінің жұмыс істеу қабілеті әр сабақ сайын төмендейді. Шаршау мен
жалығу сабақтың қиындығына, ұзақтығына, эмоционалдылығына қарай анықталады. Сонымен
142
бірге мұны оқушылардың іс –әрекеті мен білімін, қабілетін қалыптастыру деңгейімен де, сабаққа
белсенді қатысуымен де анықтауға болады. Баланың денсаулығын нығайту, жетілдіру үшін
аянбай еңбек ету керек. Әрқашан жан-жақты ізденісте болып, баланың мінез-құлығына аса
назар аудару қажет.
Жоғарыда аталған құралдарды қолдануда қойылатын ең басты талаптардың бірі
профилактикалық әдістерді; функционалды музыканы; жоғары және төменгі қозғалыс
белсенділігін кезектестіре отырып, сабақта аудиоматериалдарды пайдалану, сауықтыру
шараларын; кең көлемдегі сауықтыру шараларын, спорттық-сауықтыру мерекелері түрінде
өткізу; табиғат аясына, экскурсияға шығу, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында отбасымен
жұмыста, ата-аналар жиналасының ұйымдастырылған теориялық және практикалық жүйесінде,
инновациялық білім беру мекемелерінде педагогикалық ұжымды оқыту түрінде педагогикалық
ұжыммен бірге жұмыста жүйелі әрі кешенді түрде түрде қолдану болып табылады. Және әр
педагог қызметкер бала денсаулығына зиянды әсерін тигізетін мектеп және оқушы өміріндегі
факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы үшін жағдаяттың сәтті болу жолын қарастырып,
өзгертіп отыруы керек.
Денсаулық – бұл біздің тәніміздің табиғи жаратылыс қалыбы. Табиғаттың бар күші осы табиғи
қалыбымызды сақтауға негізделген. Салауаттылық –кең ұғым. «Бірінші байлық –денсаулық»
деп тегін айтылмаған ғой. Адам денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: