Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет252/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   674
Байланысты:
1542083209345 (2)

Түйін сөздер: рухани жаңғыру, жаңа педагогикалық технологиялар, прогрессивті идеялар, 

жаңартылған білім мазмұны. 



Ключевые  слова:    модернизация  сознания,  совремменные  педагогические  технологии, 

прогрессивные идеи, содержание обновлённого образования. 



Key  words:  modernization  of  mind,  modern  pedagogical  technologies,  progressive  ideas,  re-

newal educational content. 




369

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН МЕҢГЕРУДІ

ГИМНАЗИЯДА ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А.М. Алтаева

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия, Алматы қаласы, asel_8110@mail.ru 

Қазіргі таңда елімізде ғылым мен білім саласына барынша жағдай жасалып, білім берудің 

мазмұны түбегейлі жаңартылу үстінде. Бұл процестің басы- қасында жүрген бірден-бір тұлға – 

ұстаз. 

Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаев  ұстаз  ұғымы    мен    оның  тұлғалық,    кәсіби  біліктілігіне  баға 

бере отырып: «Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай 

білетін  осы  заманғы  мұғалімдерсіз  инновациялық  экономика  құра  алмаймыз»,-  деп  үлкен 

жауапкершілікті  міндеттеп  отыр.  Оқушылардың  бойында  ХХІ  ғасыр  құзырлықтарын  дарыту 

қажеттігіне баса назар аударылып отыр. 

Біздің гимназия ұжымы жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеру негізінде – «Мектепте 

нені оқытады?» деп сұраққа жауап бере отырып, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігін, психологтың 

әр оқушымен, пән мұғалімімен, ата-анамен жұмыс жасауы қадағалап отырады. 

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді  

зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  және  мектеп  түлектері  қазақ,  орыс  және 

ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс,  оларды  оқыту  нәтижесі  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен 

ақпаратты  терең  талдау  машығын  игеру  қажет»,  -  деп  нақтылап  айтып  берді.  Осы  бағытта 

табысқа  жету  үшін,  сын  тұрғысынан  ойлауға,  проблеманы  шешуге,  қарым-қатынас  жасауға,  

бірлесіп  әрекет  етуге  бейімдеу  тәжірибе  алмасып,  үйрену  мақсатында  Алматы  қаласының 

химия  биология  бағыттындағы  және  физика  математика  бағытындағы  Назарбаев  зияткерлік 

мектептерімен  бірталай  бірлескен  іс-шаралар  өткізілді.  Гимназия  әкімшілігі  ең  алдымен  оқу 

процесін, соның ішінде, пән мұғалімдерінің жаңартылған білім мазмұнының талабына сәйкес 

сапалы,  заманауи,  бүгінгі  оқушының  қажеттілігін  қанағаттандыратын  оқу  процессін  және 

өткізу  мәселесіне  көп  көңіл  бөледі.  Оқу  процесі  ұзақ,  орта  және  қысқа  мерзімді  жоспарлар 

негізінде  жүргізіліп отырады. Назарбаев зияткерлік мектептерімен тәжірибе алмасудың барлық 

кезеңдерінде  гимназияда    дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып,  талдап,  кері  байланыс  жасап,  

нәтижесін мұғалімдер өз сабақтарына енгізе бастады. 

Біздің гимназия Назарбаев зияткерлік мектептері сияқты ҚР Білім және ғылым министрінің 

2014  жылғы  6  қарашадағы    №455  бұйрығына  түзету  енгізу  туралы  №440  бұйрығына  сәйкес 

«жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  пилоттық  енгізу»  тізіміндегі  мектептер  қатарындамыз.  

Назарбаев  зияткерлік  мектептері  мұғалімдерінің  апталық  жүктемесі  18  сағат,  бала  саны 

15,  күніне  мұғалім  3  сабағына  дайындалуға  уақыты  жеткілікті.  Ал  бізде  мұғалімдер  27,  36 

сағатпен жұмыс жасайды. Яғни, бүгін 6 сабақ беріп шыққан мұғалім ертеңгі 6 сабағына сапалы 

дайындалуына мүмкіндігі шектеулі.  Бұл, әрине, мектептердің ортақ қиындығы болып отыр. Бұл 

қиындық жаңартылған білім беруді жоғары деңгейде  жүзеге асыруда кері әсер ететіні анық.

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы негізгі мәселелердің бірі - оқушы білімін бағалау. 

Біздің гимназия осыдан 5 жыл бұрын мектепішілік эксперимент жүзінде  Блум таксономиясы 

негізінде жасалған 12 балдық бағалау жүйесін енгізді. Осыған байланысты біздің мұғалімдер 

жаңартылған  білім  беру  мазмұнындағы  оқушы  білімін  қалыптастырушы  және  жинақтау 

бағалауды жеңіл меңгеріп кетті деуге болады. 

«Жаңартылған  білім  беру  оқушының  білім  сапасын  көтеруге  ықпалын  тигізді  ме?»  деген 

сұраққа жауап беру үшін өткен оқу жылының І тоқсанынан бастап  барлық негізгі пәндерден 

білім сапасын жыл бойы бақылап,  мониторинг жасап отырдық. Оқу жылының соңындағы білім 

сапасымен салыстырғанда  5- сыныптарда 15,5%, 7- сыныптарда 14,5% көтерілді:

Гимназиямызда әр мұғалім өзіне жүктелген үлкен жауапкершілікті біледі. Сондықтан да олар 

әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның бойына оқып үйренсем, білсем деген ізденімпаздық 

қасиет дарытуда.

Білім  сапасының  орташа  мәнінің    15  пайызға  артуы,  оқушылар  мен  ата-аналардың 

жаңартылған  бағдарламаға  көзқарастарының  басынан  дұрыс  қалыптасуында,  мұғалімдердің 

өз сабақтарына сыни көзбен қарап, сапасын жақсартып жатқаны жаңа бағдарламаның тиімді 

екеніне  және  жаңартылған  білім  беру  мазмұнының  қыр-сырына  үлкен  ізденіспен  үңілуінде.   

Мұғалімдеріміз  критериалды  бағалаудың  маңызын,  саралаудың  әдіс-тәсілдерін,  сыни 




370

тұрғысынан ойлау дағдыларын, Smart мақсат қоюды толық меңгерді. 

Бүгінгі таңда гимназиямыздың Назарбаев зияткерлік мектептерінің деңгейлік курстарынан  

29  мұғалім  өтті.  Атап  айтсам,    17  мұғалім  –  І  деңгей,    7  мұғалім  –    ІІ  деңгей,  5  мұғалім  –  ІІІ 

деңгейден өтті. 2017-2018 оқу жылы барысында Алматы қаласының Педагогикалық шеберлік 

орталығының,  «Өрлеу»  Біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығының»  ұйымдастыруымен  өткен 

мұғалімдердің    жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  біліктілік  курстарынан    104  мұғалімнің  

81-і біліктілігін арттырды. Аталмыш көрсеткіштерді тізбектей отырып, гимназия педагогикалық 

кадрларына тоқтала кетсем. Шығармашылығы мол жоғары санатты – 44, бірінші және екінші 

санатты – 27 мұғалім гимназияда білім алушылардың білім деңгейін арттыруда үздіксіз қызмет 

етуде. Білім саласында енгізілген жаңа  форматты аттестаттаудан 22 мұғалім өтті. Соның ішінде 

педагог модератор – 8, педагог сарапшы – 5, педагог зерттеуші – 9.  

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. 

Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті жаңа білім беру – жаңа тұлғаның 

жан-жақты дамуының бірден-бір дара жолы.

Ұстаздардың шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеті, біліктілігі, физологиялық және 

психологиялық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліміне сәйкестенеді. Бұл педагогикалық бағытта 

оқытушы мен оқушының өзара даму ынтымақтастығы сапалы білімнің жоғары деңгейіне жетуіне 

ықпалы зор. 

Бала білімін таным арқылы дамытуды ұсынған М.Жұмабаевтың «Педагогика»  кітабындағы   

келтірілген дәйектемелер күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Бала танымын байыта отырып, 

үйрету ғалым пікірінше: «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп 

қана қойма, алып келіп балаға көрсет, көрсетіп қана қойма, сол заттың суретін салдыр, суретпен 

ғана  қанағаттанба,  балаға  балшықтан  сол  затты  жасат.  Әсердің  күшті  болып,  іскерлікті  көп 

тартуының бір шарты осы»,−дейді. /Осы жазбадан байқағанымыз баланың сыртқы сезімдерімен 

қабылдауын арттыруымыз арқылы, көру, иіскеу, ұстау, тыңдау арқылы әрбір баланың қабылдау 

ерекшелігіне сай іс-әрекеттерді жүзеге асыруымыз қажет екендігі айтылады.  

Тұжырымдамаға сәйкес біздің «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиямыз Қазақстан Республикасының 

білім  беру  жүйесіндегі  біршама  пилоттық  жобаларды  жүзеге  асыруда  өзіндік  қолтаңбасын 

қалдырып келеді. 

Атап  айтсам,  «Жаңа  Ғасыр»  №175  гимназия  Алматы  қаласының  Білім  басқармасының 

14.04.2017ж. №574 хаты негізінде, академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру 

қоры  мен  Қазақстандық  шахмат  федерациясының  қолдауымен  2017-2018  оқу  жылының  оқу-

тәрбие үдерісінде 2-сынып оқушыларымен «Мектептегі шахмат» жобасының тұжырымдамасына 

сәйкес  шахмат  бастауыш  білім  беру  деңгейінде  енгізілді.  Сондықтан  бастауыш  мектепте 

оқушының тұлғасы мен оқытудың тұрақты алгоритмдері қалыптасады, мектепте одан әрі оқуда 

табысты болуға арналған негіздер орнатылады. 

Гимназиямыздың  оқушылары    қала  деңгейінде  өткізіліп  жүрген  шахмат  турнирлерінде 

жеңімпаз атанып жүр. Атап айтар болсам, мамыр айында академик Шахмардан Есенов атындағы 

ғылыми-білім беру қоры мен Қазақстандық шахмат федерациясының ұйымдастуымен Алматы 

қаласы  бойынша  «Мектептердегі  шахмат»  пилоттық  жобасы  негізінде  білім  алып  отырған 

бес  мектеп  арасында  шахмат  турнирі  болып  өтті.  Турнир  барысында  «Жаңа  Ғасыр»  №175 

гиназиямыз жүлделі І орынды иемденді. 

Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім 

департаменті  «Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  пилоттық  енгізу  туралы»  ҚР  Білім  және 

ғылым  министрінің    2014  жылғы  6  қарашадағы    №455  бұйрығына  толықтырулар  енгізу  ту-

ралы»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің    2017  жылғы  31  қазандағы  №556  бұйрығы  негізін-

де  жаратылыстану «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндерін ағылшын 

тілінде  жүргізудің  «Үштілділік»  пилоттық  жоба,  «Робототехника»  сияқты  пилоттық  жобалар 

республикалық тәжірибиелік алаңға айналып отыр. 

4 мұғалім арнайы ағылшын тілі курстарынан өтіп, С1 деңгейін-1, В1 дейгейін-3 мұғалім ием-

денді. Физика пәнінің мұғалімі А.У. Анарбекова Ақтау қаласында өткен Республикалық «Қоғамдық 

сананы жаңғырту жағдайында жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру сапасын арттыру: 

үздік  тәжірибелер  мен  инновациялар»  атты  конференциясына  қатысып,  өз  іс-тәжірбиесімен 

бөлісті. Информатика пәнінің мұғалімі Г.Р. Дүйсенбиева Республика деңгейінде информатика 

пәнін ағылшын тілінде оқытудың онлайн сабағын өткізді. 

Техниканың  дамуы-ғылым  дамуының  алғашқы  көрсеткіштерінің  бірі  «Робототехника» 



371

негізінде  әлемдік  сандық  технология  дамуына  өз  үлестерін  қосуға  асыққан  білімге  жаны 

құштар,  жас  өнер  тапқыштар  легі  біздің  білім  ордамыздың  қабырғасында  өсіп,  жетіліп 

келеді.  «Жаңа  Ғасыр»  №175  гимназиясында  Робототехника  бағыты  бойынша  оқушылардың 

қызығушылықтарын  арттырып,    қазіргі  таңдағы  сандық  технологияны  меңгеруіне  ықпал  ету 

мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.  2017-2018 оқу жылында Алматы қаласында өткен 

«Әкім Кубогы» атты робототехника жарысында гимназиямыздың оқушылары II орын,  «Ғылыми 

жоба байқауының» аудандық робоботехника бағытындағы жарыстан I орын, қалалық жарыстан 

II  орын  алды.  Мұның  бәрі  жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  бала  жанын  ұғына  отырып, 

басты бағыт – білім беру ұстанымының жемісі. Үстіміздегі 2018-2019 оқу жылында робототехника 

бағыты бойынша жаңа белестерден көрінетінімізге сенеміз. 

Нәтижеге бағыттай отырып білім беру - басты қағида. «Ұстаздың абыройы мен мақтанышы 

шәкіртінің жемісі мен жеңісінен құралады» деген сөздің астарында ұтымды ұғым мен салмақты ой 

жатыр. 2017-2018 оқу жылында жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқу жылы соңында 

оқушылардың білім сапасы 78% жетіп отыр. Мектепті 54 оқушы  аяқтаса, ҰБТ қорытындысы 

бойынша  орташа  балл:  119,7  ұпай.  Оқу  жылы  көлемінде  әртүрлі  олимпиада,  ғылыми  жоба 

қорғау  т.б.  конкурс,  жарыстарда  жеңімпаз  оқушылардың  62%  құрайды.  Оның  нәтижесі  оқу 

жылының аяғында «Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты  жыл сайын дәстүрге айналған ғылыми-

практикалық конферециясында дарынды оқушыларымыз құрметпен марапатталады.

2018  жылы  наурыз  айында  өткен  республикалық  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша 

республикалық олимпиадада 10 «Г» сынып оқушысы Кенжеғұл Мөлдір І орын иеленді. 2018ж 

наурыз айында Астана қаласында өткен «Астана – болашақ қаласы» «Астана геометриясы» 

зертханалар байқауында 9 «А» сынып оқушысы Молдабаева Саяжан «Үздік футуристік идея» 

номинациясында І орынға ие болды. «English forever» атты олимпиада жарысында 7 «Ғ» сынып 

оқушысы Қонысбек Ернұр І орын жеңімпазы атанды. 

Көптеген  оқушыларымыз  түрлі  қалалық  олимпиадалар  мен  ғылыми  жоба  байқауының 

жүлдегерлері аттанып жүр. Бұдан шығатын қорытынды, білім бар жерде нәтиже де болатынына 

көз  жеткіздік.  Ұлт  ұстазы  А.  Байтұрсынұлының  «Мұғалім  қандай  болса,  мектеп  һәм    солай 

болмақшы,  яғни,  ұстаз  білімді  болса,  ол  мектептен  балалар  көбірек  білім  алып  шығады. 

Солай болған соң, ең алдымен мектепке керегі–білімді, өз кәсібін жетік меңгерген, педогика, 

методикадан хабары бар, жақсы оқыта білетін ұстаз», -  деген ойымен ұштасып жатқандай.

Қорытындылай келе, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың келесі сөзімен ойымды түйіндегім келеді: 

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды 

жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал 

жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет