Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет278/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   674
Ключевые  слова:  содержание  образования,  компетенция,  компетентностный  подход, 

критическое мышление. 



Key words: content of education, competence, competence approach, critical thinking. 


409

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН 

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

А.А. Бекжанова

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 

шағын жинақты мектепті дамыту орталығының аға ғылыми қызметкері

Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінің  маңызды  міндеті  қазақстандық  қоғамның 

перспективалық  дамуына  және  заманауи  талаптарға  сай  келетін  білімге  халықтың 

түрлі  топтарының  бірдей  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасында ауылдық мектептердің проблемасына ерекше көңіл бөлінген [1]. 

Заманауи  кезеңде  ШЖМ-да  білім  беруді  жүзеге  асырудың  жаңа  тәсілі  қоғам  дамуының 

заманауи  жаһандық  тенденцияларына  негізделген.  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

жүйесі ауылдық мектептерді қоса алғанда, қазіргі уақытта жаңару процесіне ұшырауда. 

Біздің республикамыздың білім беру жүйесінің ерекшелігі - бұл Қазақстанның барлық шағын 

жинақты мектептерінің 3036 ШЖМ 42,7% -ын құрайтын көптеген шағын мектептердің болуы. 

Оның ішінен: бастауыш ШЖМ - 671, негізгі орта ШЖМ - 828, жалпы орта ШЖМ - 1537. ШЖМ 

контингенті  -  195  мың.  білім  алушы,  52,7  мың.  мұғалімдер  сабақ  береді,  7760  біріктірілген 

сыныпқа 18888 бала қабылданады. ШЖМ басты ерекшелігі - бұл аралас сыныптағы әртүрлі 

жастағы білім алушылар. 

Әртүрлі жастағы және қатарлас сыныптарды біріктіруде өзіндік күрделіліктері бар: педагог 

әртүрлі  жастағы  біріктірілген  сыныптың  білім  алушылары,  бір  сабақтың  ішінде  оқылатын 

тақырып бойынша толыққанды білім алып шығатындай етіп оқу процесін құруы қажет.

Бұл үшін сабаққа екі есе (үш есе) дайындық, сондай-ақ оқу процесі кезінде  барлық білім 

алушыларды  толығымен  жұмысқа  жұмылдыра  отырып  екі  (үш)  сабақ  жоспарларын  кіріктіру 

қажет. Мәселен, білім беру қызметін ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу және пайдалану, білім 

алушылардың  жеке  қасиеттерін  ескере  отырып,  дербес  жұмыстың  оңтайлы  ауысуы  арқылы 

сабақты жоспарлау, ШЖМ мұғалімдерінің алдында қатаң тұрған мәселе. 

Жалпы  білім  беру  ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім)  түрлері 

бойынша  қызметінің  типтік  ережелеріне  сәйкес,  бірінші  және  бітіруші  сыныптарды  басқа 

сыныптармен біріктіруге жол берілмейді. 

Демек, ШЖМ 1-ші сыныптарының жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары бойынша 

оқытуға көшуі кезінде қосымша сұрақтар туған жоқ.

2017-2018 оқу жылында білім берудің жаңартылған мазмұнына республиканың жалпы білім 

беретін мектептерінің 2, 5 және 7-ші сыныптары, соның ішінде ШЖМ біріктірілген сыныптары 

көшірілді.

2018-2019 оқу жылында білім берудің жаңартылған мазмұнына республиканың жалпы білім 

беретін мектептерінің 3, 6, 8 және 10 сыныптары көшті. 

Осыған  байланысты,  қолданыстағы  және  жаңартылған  оқу  бағдарламалары  бойынша 

ШЖМ  біріккен  сыныптарында  оқу  процесін  ұйымдастыру  механизмін  әзірлеу  қажет  болды. 

Жаңартылған  оқу  бағдарламасының  «спиральдық»  қағидасы  және  қолданыстағы  оқу 

бағдарламаларының  тақырыптары  бойынша  оқыту  мазмұнындағы  айырмашылықты  және 

оларды бейімдеу қажеттілігін анықтайды. 

Оқу бағдарламасы мұғалімдерге оқыту мақсатын сабақтың/сабақтардың бірнеше мақсаттары 

етіп қайта жасауға мүмкіндік береді, оларды орындау тұтастай алғанда оқу бағдарламасының 

оқыту мақсатына қол жеткізуге алып келеді. Мұғалім оқыту тақырыбын/мақсатты оқуға бөлінетін 

сағат  санын  өз  бетінше  анықтауға  құқы  бар.  Мұғалім  оқыту  бөлімінің  және  тиісті  тоқсан 

аясындағы оқыту мақсаттарын немесе бөлімшелерді зерделеу тәртібін өз бетінше анықтауға 

құқылы. Мұғалімнің бірден кем емес оқыту мақсатына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар 

әзірлеуге құқығы бар. Бұл шешім мұғалімдердің оқу-әдістемелік бірлестіктерімен алқалы түрде 

қабылдануы  мүмкін.  Жоспарлау  кезінде  мұғалімдер  оқу  материалын  бекіту  және  қайталауға 

арналған сабақтарды ескерулері керек [3]. 

Сыныптарды  бір  пәнге  біріктіру  кезінде  бір  тақырыпты  сабақтар  атап  көрсетіліп,  бақылау 

жұмыстары, сынақтардың, мүмкіндігіне қарай зертханалық жұмыстар өткізу мерзімі ара қатынасы 

белгіленеді  [2].  Бағдарлама  бойынша  оқу  материалының  мазмұны  саралау  негізінде  бірік-




410

тірілген сыныптар үшін модульдерге бөлінеді. Тақырыптар сәйкес келмеген жағдайда біріктіру 

бір пәндік болып қалдырылады және оқу процесін ұйымдастыру кезінде бірнеше сыныптармен 

бір мезгілде жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тиісті белсенді педагогикалық тәсілдерді 

таңдау қажет. Қолға тиген бейімделген материалдар, сондай-ақ тақырыптарды салыстыру мен 

саралау арқылы оқыту мақсаттары анықталады және жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 

біріктірілген сыныптар үшін ұзақ мерзімді жоспар жасалынады. Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес 

орта мерзімді жоспар әзірленеді. 

ШЖМ-ның  заманауи  мұғаліміне  білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  жұмыс  істеу  үшін 

маңызды бірқатар қосымша кәсіби құзыреттілікке ие болуы қажет: 

• біріктірілген сынып-комплектісі жағдайында оқу материалының оқу мақсаты мен мазмұнын 

талдау, іріктеу, бейімдеу;

•  біріктірілген  сынып-комплектісі  жағдайында  оңтайлы  оқыту  әдістерін  бейімдеу  және 

құрастыру; 

•  бір  пәндік  және  бір  тақырыптық  сабақтар  өткізу  кезінде  сынып-комплектісі  білім 

алушыларының іс-әрекеттерін басқару; 

• білім алушыларды дамытудың жеке білім беру траекториясын жобалау;

•  білім  алушылардың  жеке  ілгерілеушілігіне  бақылау  жүргізу  (мониторинг)  үшін  бақылау-

бағалау рәсімдерінің пакетін әзірлеу;

•  жергілікті  қоғамдастықтың  әлеуметтік-мәдени,  экономикалық  процестеріне  білім 

алушыларды тарту. 

Мектептердің жаңартылған бағдарламаға көшу процесінде келесі мәселелер өткір тұр:

•  Біріктірілген  сабақтарды  ескере  отырып  білім  берудің  жаңа  мазмұны  аясында  білім 

алушылардың сапалы дайындығын қалай жүзеге асыруға болады?

•  Пәндік  және  лексикалық  тақырыптарды  (білім  алушылар  әлемнің  тұтас  бейнесін 

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  ортақ  тақырыптар)  ескере  отырып  оқу  процесін  қалай 

ұйымдастыруға болады?

Қазіргі таңда мектеп бағдарламасын бейімдеудің тиімді түрін, сондай-ақ білім алушылардың 

білім  сапасын  көтеру  және  кез  келген  типтегі  мектепте  шығармашылық  атмосфера  жасау 

үшін пәндік (кейбір жағдайларда лексикалық болуы да мүмкін) тақырыптар бойынша әртүрлі 

сыныптардың оқу бағдарламаларын үйлестіруге мүмкіндік беретін оқу процесін ұйымдастыру 

жүйесін  табу  өте  маңызды.  Қоғамда  және  білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  процестер 

ауылдық мектептердің әлеуметтік мәртебесін төмендету үрдісінің артуын растайтыны ешімге 

де құпия емес. Қазіргі білім беру жүйесі өзара байланысты бірқатар кемшіліктер мен қарама-

қайшылықтардың болуымен сипатталады. ШЖМ-дегі білім беру жүйесін талдау, қайта құруды 

осы сөздің барлық ұғымында қажет ететіндігін көрсетіп отыр.  

Мектептегі  педагогикалық  процестің  өзгеруі  бүкіл  әлемде  орын  алып  жатқан  жаһандық 

үрдістерге, сондай-ақ біздің елдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайға байланысты. 

Заманауи  педагогикалық  процестер  жобаланатын  танымдық-әрекеттік  кеңістік,  Интернеттің 

ғаламдық ақпараттық кеңістігін пайдалану арқылы, ең бай ақпараттық ресурстарға ашық қол 

жетімділік және еркін тұлғааралық қарым-қатынас мүмкіндіктері кезінде ғана жасалуы мүмкін.

Шағын жинақты мектептің өзіндік өзгешелігіне байланысты жалпы білім беретін мектептерге 

қарағанда бірқатар артықшылығы бар:

•  мұғалімдердің  әрбір  білім  алушылардың  жеке  басы  ерекшеліктері  мен  өмір  сүру 

жағдайларын терең білуі

• отбасымен бірлесіп жұмыс істеуге үлкен мүмкіндіктердің болуы;

• сыныптарында бес, үш немесе бір білім алушыны жеке оқыту.

Алайда, бұл артықшылықтар әдетте жүзеге асырылмайды. Көп жағдайда шағын жинақты 

мектептерде  оқу  іс-әрекеттері  мен  сабақ  беруге  тұйық  социум,  білім  алушылардың  қарым-

қатынасы тапшылығы, мәдениет мекемелерінің болмауы, халықтың төмен білім деңгейі және 

басқалар  келеңсіз  әсерін  тигізеді.  Шағын  жинақты  мектептерде  параллель  сыныптардың 

болмауы  мектепті  пән-мұғалімдерімен  жасақтауға  мүмкіндік  бермейді.  Толымдылығы  төмен 

сыныптарда  жалпы  оқыту  әдіснамасын  қолдану  білім  алушылар  мен  мұғалімдердің  шектен 

тыс эмоционалдық күш салуына, сондай-ақ оқу- тәрбиелік әдістердің төмен тиімділігіне алып 

келеді.  Белгілі  кемшіліктері  мен  шағын  жинақты  мектептерді  ұстап  тұруға  арналған  жоғары 

экономикалық шығындарға қарамастан, олардың білім беру жүйесінде болуы міндетті болып 

саналады, өйткені олар маңызды әлеуметтік фактор болып табылады.



411

Осылайша  ауылдық  жерлердегі  білім  беру  процесінің  бүгінгі  таңдағы  жай-күйі  мынадай, 

шағын жинақты мектеп мұғалімінің екі, үш сыныпқа сабаққа қатар дайындала отырып әртүрлі 

жастағыларды біріктіруден бөлек, бір мамандық иесі бола тұра, көбіне бірнеше пәннен сабақ 

беруіне тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет