712
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Т.А. Турсынбаева
«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған
мектеп-лицей-интернаты»КММ Өскемен қаласы
tolkyna68@mail.ru
Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік
құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.Сол себепті
жаңартылған оқу бағдарламасының ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына
сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін
көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру
ортасын тудыруда үлесі зор.
Жаңартылған бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын дамыту.
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол
үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Дәстүрлі оқытуда
оқушылар үйге берілген сабақты қайталап айтып беретін,басқа оқушылар айтып болғанша
әркім өз кезегін тосып,іштей сол тақырыпты қайталап отыратын.Мұғалім әр оқушының жаттап
алған тапсырмасын тыңдап және оқушылардан осы тапсырмаларды оқып есте сақтайды деп
күтетін.Оқушылар алған білімін не үшін қажет екенін түсінбей, өмірмен ұштастыра алмай тек
құр жаттанды тәсілмен оқитын. Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау
мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал
қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу,
алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда
қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі.
Жаңартылған оқу бағдарламасы барысында мұғалімдердің осы талапқа сай болу үшін
әртүрлі курстар өткізіп,білім-білік дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді.Мен 2014 оқу жылында
Кембридж бағдарламасы бойынша 3 деңгейлік курсын бітірген соң, алған білімімді сабақтарымда
қолдана бастадым. Сонымен қатар Облыстық «Шығыс» орталығының ұйымдастыруымен
ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби шеберлігін шыңдауға, біліктілігін арттыруға бағытталған
ТКТ курсын оқып,тілдік шеберлік пен оқыту методикасын дамыттым. Топпен және жұппен жұмыс
барысында оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау жұмыстарын нақты және әділ түрде
өткізеді.
Оқушыларды бағалауда марапаттау арқылы оқыту үшін бағалауға көп көңіл бөлдім.
Үнемі үндемей отыратын оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысып, өз пікірлерін ортаға
салып отыруы мен үшін жетістік болды және олардың әрбір жетістігін ескеріп оқушылармен бірге
марапаттап отырдым. Сондай ақ әр сабақта оқушыларға бағалау критерийі мен өзара бағалау
әдістерін, соңғы сабақтарымда кубизм әдісі арқылы және де «табыс ағашы» арқылы бағалау
әдісін түрлендіріп отырдым. Питер Клайнның мына сөздері « Балаға өз бетімен зерттеуге
мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге
мүмкіндік беру керек екенін көрсетеді.[1] Оқу жылының басында осы бағдарлама бойынша
жұмыс істеу жоспары жасалынған болатын.Әріптестерімнің өткізген коучинг сабақтарына
қатысып өзіме қажетті түрлі мағлұмат алдым. Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім», Шульман
«үш көмекші», «Ізденіс» шығармашылық тобының мүшелері өткізетін «оқу үшін бағалау және
оқуды бағалау оқушылардың білім сапасын арттырудың құралы, «Оқытудағы кедергілер мен
оны жою жолдары», Сабақтың мақсатын қалай анықтайды?» «АКТ-ны оқу үдерісіне қолдану»
атты І және ІІ деңгей мұғалімдері өткізген коучингтерге қатысып,курста алған білімдерді қайта
жаңғыртып отырдым.Интер белсенді әдіс тәсілдерді қолдана отырып, бірнеше ашық сабақ
өткіздім.
Диалогтік әдіс ағылшын тілі сабағында өте қолайлы әдіс, себебі бізге балалардың ағылшынша
сөйлегені керек. Диалогтік оқыту дегеніміз менің түсінігімде мұғалім мен оқушы, оқушы
мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы болып табылады.
[2] Сабақты диалогтік оқытуды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана
қоймай, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатыны сөзсіз. Соның ішінде ағылшын тілі
сабағында диалог әр сабақта кездесіп отырады. Ағылшын тілі сабағымда да оқушылар постермен
жұмыстарға дағдылануда. Оның тиімді жағы оқушы қиялын ұштастыра түседі, идеясын оқулық
мәтінімен біріктіре отырып қорғайды. Презентация барысында басқа топ мүшелерінен сұрақтар
713
қойылады, пікірлері білдіріледі. Топтық жұмыс ішіндегі тығыз қарым-қатынас оқушыларды
бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара, тығыз байланыста жұмыстануға жеткізді.[3] Сабақ
барысында оқушылардың достығы нығайып, сабаққа деген жаңа көзқарастары қалыптасып,
жаңа, тың идеялармен танысып, білімдерін жетілдіріп, жан-жақты дамуына мүмкіндік алды. ХХІ
ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын
ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім.
АКТ - ол мұғалімнің көмекші құралы. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді
және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. АКТ оқытуда ақпаратты
алу,бағалау,сақтау,өндіру, ұсыну,алмасу үшін қолдануға және интернет желісінде бірлескен
жұмысқа пайдалануға тиімді.[4]
Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда АКТ-ны қолданатынмын,тек
презентация ,ашық сабақтар өткізген кезде қолданатынмын.Енді әр сабағымда АКТ-ны көбірек
пайдалану әдетіме айналды. Себебі АКТ арқылы сабақ барысында уақытты үнемдеймін,
бұрын оқушыларға өзім айтып, жазып, тапсырманы түсіндірсем, қазір соған кететін уақытты
мен қызықты тапсырмаларға, оқушыларға жаңа ақпарат беруге, қала берді тренинг өткізуге
арнаймын. Сондай-ақ, оқушы орындайтын тапсырманы өзі интербелсенді тақтадан өзі оқиды,
не істеу керегін ойластырады, соған сәйкес іс-әрекетті орындайды. Яғни, бұрынғыдай өзім
тапсырманың жартысын түсіндіру барысында айтып бермеймін, толығымен оқушылардың
өздерінің орындауына бағыттаймын
.
Сабақ барысында топтық жұмыс ретінде «Skills Circuit» атты әдісті қолдандым.Бұл әдіс өтілген
тақырыптар бойынша қорытынды сабақ кезінде оқушылардың білімін тексеруге негізделген.Әр
топ сабақ барысында белгілі уақыт ішінде әр партадағы берілген 5 тапсырманы орындайды.
Тапсырмалар тыңдалымға, оқылымға ,грамматика мен лексиканы және жазылымға арналып
жасалынған.Әр тапсырма соңынан дұрыс жауаптары Whiteboard та көрсетіліп отырды.Әр топ
берілген тапсырманы толығымен орындады. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасады.
Қай тапсырмаларда қателік жасағандарын,қай тапсырмаларды оңай орындағандары туралы
пікірлерін айтты. Сабақ барысында мультимедиалық технологиялар қолданылып, интернет
желісіндегі kahoot.it, google.docs сынды порталдар мен мультимедиалық бағдарламалар
арқылы оқыту жолдарын тиімді пайдаланып жүрмін. Оқушыларға жаңа –әдістерді тиімді
қолдана отырып, сабақ беруде білім сапасы айтарлықтай артатынын, нәтижеге қол жеткізуге
болатынын байқадым.
Оқытудың әдіс-тәсілдері мен сыныптағы әріптестік: «Ой қозғау», «Ыстық микрофон»,
ДЖИГСО-1, СТО, «Балық қаңқасы» әдісі.[6] Бұл әдістер оқушылардың ауызша сөйлеу
дағдыларын, өздігінен, топпен жұмыс жасау әрекеттерін дамытуға, шығармашылық
белсенділіктерін дамытуға, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамытуға өте тиімді
деп есептеймін.10 «Б» сыныбында өткен «Appearance and Characters» атты ашық сабақта тек
жұптық жұмыс істелінді. Негізгі мақсатым: тақырыптың мән-мағынасын ашу. Ағылшын тіліндегі
сөздік қоры артып, күнделікті сөйлеу жүйесінде қолдандыра білуге үйрету.
Сабақ барысында оқушылардың жұптық жұмысын ұйымдастыру мақсатымен «Time clock
friend» атты әдіс-тәсілді таңдап алдым.Бұл тәсіл бойынша сабақтың басында оқушылар белгілі
бір сағатқа бір оқушымен кезігу үшін жұбын таңдайды. Жұбымен бірге берілген уақытта берілген
тапсырманы бірігіп ,талқылап орындайды.10 Б сыныбында өткен «Be honest» атты сабақта
оқушылар қылмыс тақырыбына байланысты топпен жұмыс істеді.Insert әдісі, сәйкестендіру
әдісі,постер құру және зерттеу әдісі қолданылды.
Әдістердің нәтижелілігі: Оқушылар топта, жұпта ынтымақтаса жұмыс істей білді, дағдылары
қалыптасқан. Қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі жоғары болды. Шығармашылық және
сыни тұрғыдан ойланту мақсатында берілген тапсырмалардың барлығын ойдағыдай орындады,
сәтті шықты. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды әділ бағалай білді.Жеке тұлғаның тек
білімді болуы бүгінде жеткіліксіз. Білім беру, білім алу жүйесінің басты мақсаты- рефлекциялық
қасиеттері бар тұлға қалыптасуға мейілінше тиімді жағдайлар жасау: өзіне –өзі есеп беріп, ойы
мен іс-әрекеттерін талдай алуы,өзін-өзі бағалай алуы, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін
жүзеге асырып, өркендей білетін, өз өмірі мен іс-әрекеттерімен ешкімге жүгінбей өздігінен
жоспарлай алатын, жауапкершілігі жоғары.Осындай рефлексиялық қасиеттерді бойында
қалыптастырған тұлға жаңа әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне нәтижелі
еңбегімен қызмет жасайды. Сондықтан бүгінгі күні маманға қойылатын талаптар біліммен
жұмыс жасау бағытына ауысқан. Дамыған елдердің экономикасы нақты емес жағдайда жұмыс
жасай алатын, проблеманы айқындай біліп, оны шешу жолдарын белгілеп, стратегиялық
714
бағыттарды айқындап білетін мамандарды көптеп қажет етуде. [7] Яғни, Қазақстан экономикасы
да білімді де, білікті, білімді нақты жұмысқа айналдыра білетін мамандарды қажет етеді.
Қазақстан Респбуликасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемелекеттік
бағдарламасы ауқымында білім алушылардың оқуды аяқтағанда қандай құзіреттіліктерді
меңгеруі қажет екендігін атап өтсек болады. Ол:танымдық әрекетерге өзіндік тұрғыда дайын
болу, проблемаларды шешуге дайын болуы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
тиімді қолдану деңгейі, әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайын болуы, өзін-өзі дамытуға,
өркендетуге, жүзеге асыруға дайындығы, отан алдындағы жауапкершілік сезімі
Міне бүгінгі заманның осындай ерекшеліктері үйрену және үйрету ісінде интербелсенді
әдістеменің қажеттілігін дәлелдейтін тәрізді. Барлық деңгейлерде оқу процесі шәкірттердің
өздігімен атқаратын белсенді әрекеттерден құралуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: