Interactive method, updated program, communication with life, group work, pair work,
715
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ - ЖАҢАША БІЛІМ ТАЛАБЫ
О.Т. Турсынова
«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Сәтбаев қаласы Қарағанды облысы
Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе
ештеңе қоспаған күнді немесе сағатты бақытсыз сана.
Я.А. Коменский
Қазіргі кезде республикамызда білім беру ісін жаңартудың талабы бойынша оқытудың
басты мақсаты — өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін,
әрине, бұған дейінгі білім мен ғылым бойынша атқарылған іс шараларды, жеткен жетістіктерді
жүйелі дамытып, ұлттық мектептің оқыту жүйесіндегі үлгілі үрдіс, озат та озық тәжірибелерді
қалың көпке кеңінен насихаттап, осы бағыттағы түйінді де келелі мәселелерді дұрыс жолға қою
– басты талаптардың бірі екенін білеміз. Мұның өзі қоғамдық өмірдегі өскелең өзгерістерді
жіті таразылап, қазіргі кезеңдегі оқу жүйесіне, тәлім-тәрбие ісіне жаңаша көзқараспен қарауды
қажет етеді. Бұл талапқа жету жолы – білім берудің тиімді жолдарын және әдістерін таңдай білу.
Сондай жолдардың бірі оқу мен оқытудағы критериалды бағалау.
Бағалау оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін
басқарудың түйінді кілті деуге де болады. Оқушының тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін
анықтап, жою, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Егер бағалау мақсаты
баға қою немесе оқытудың алға жылжытуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса,
онда өзінің функциясы бойынша бағалауды жиынтық деп атайды
Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе
бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң
қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар әдетте, стандартқа, балл немесе деңгей түрде
келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. [МАН 6, б-56]
Осы бағалаудың артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар
мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік,
сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты
құндылықтар жататынын Александер [«Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным», 56-бет] айтқан бола-
тын.
Осы талаптарды негізге ала отырып заман талабына сай, критериалды бағалау жүйесі
енгізіліп, мектептер критериалды бағалауды қолдануда.
Критериалды бағалау арқылы не бағаланады? Критериалды бағалау – бұл білім берудің
мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда
алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалаудың мақсаты:
•
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату;
•
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
•
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы;
•
Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласының дайындалуы;
•
Бағаның анық, әділ, айқындылығы;
•
Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі;
•
Байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуіне мүмкіндіктің берілуі;
•
Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
•
Критериалды бағалаудың әрбір баланың оқу үлгерімінің жоғарлауына, көңіл күйінің
жақсы болуына көмектесуі;
•
Бағалаудың негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері
байланысты қамтамасыз етуі;
•
Оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің күнделікті қадағалап
отыруы.
Критерий арқылы бағалағанда оқушының оқу жетістіктері пән бойынша деңгейлі белгіленеді.
Әрбір критерий бойынша дескриптор дайындалып, баллмен бағаланады. [1,б-54]
716
Көрсетілген крийтерийлерге тапсырма түріне байланысты дескрипторлар ауысып
отыратыны, дескриптор бойынша оқушының білімі пайыздық көрсеткішпен анықталады.
Өз сабағымда оқушыларды білім алуға ынталандыру мақсатында көбінесе төмендегідей
бағалауды қолданамын. Мысалы:
а) Топты бағалауда
топтың міндеттері
топтың ережесі
топтың берілген тапсырманы орындауы
басқа топтың тапсырмасын бағалауы, пікір айтуы
топтың өз тапсырмасын бағалауы бойынша ұпай қойылады.
ә) топтағы оқушыларды жеке-жеке бағалауда
оқушының аты-жөні
топ мүшесіне жүктелген міндеттерді атқаруы, идеясы
топтық жұмысқа белсенді қатысуы
тапсырманы нақты орындауы немесе сұрақтарға нақты жауап беруі бойынша ұпай қойылады.
Әр тапсырмалар бойынша оқушылар жеке бағаланады, содан соң оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Өзін-өзі бағалау өзін-өзі реттеуге жетелейді.
Критериалды бағалауды тек мұғалімнің өзі ғана емес, оқушылармен ақылдасып жасауы
тиімді. Себебі бағалау үрдісіне барлық оқушылардың қамтылуын және белсенді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді. Сол кезде оқушылардың білімдерінің қай жерден «ақсаңдап» тұрғанын
мұғалім аңғара алады.
Қорыта айтқанда критериалды бағалау нәтижесі мұғалімге
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту
траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің
типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және
түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге,
сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдер мен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты
фактордан тұратындығын көрсетті:
1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін
мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға
болатындығын түсіну қажеттілігі.
Бағалау жүйесінің негізгі мақсатының өзі - білім сапасын арттыру болып табылады.
Белгілі ғалым А. Байтұрсынұлы айтқандай «Шеберліктің белгісі - әртүрлі әдісті біліп, сабақта
орынды қолдана білу». Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану