Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істейді? не болды? Сұрақтарына
жауап береді, оқиғаның сатыланып дамуы баяндалады. Әңгімелеу мәтінінің баяедауышы
көбінесе жедел өткен шақта болады. Әңгімелеу мәтінінде оқиға, орын, уақыт, кейіпкерлер
болады.
Сипаттау мәтіні бір затты не құбылысты сипаттайды және қандай? қалай? сұрақтарына
жауап береді. Мұнда пейзаж суреттеледі немесе портретке мінездеме беріледі. Мысалы,
мәтінде таулар мен қыраттар, адамның көзінің көгергені, самайына түскен ақ шашы, биязы
немесе қырсық мінезі, Астананың Бәйтерегі, Алматының алмасы, т.б туралы айтылса, суреттеу
мәтіні екенін оп-оңай тауып алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |