Сборник материалов V международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет529/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   674
Пайымдау  мәтінібелгілі  бір  пікірді  түсіндіреді,дәлелдейді  және  не  үшін?  Неге?  Не 

себепті?  деген  сұрақтарға  жауап  береді.  Мұнда  ой  тезисі,  дәлелі,  қорытындысы  жасалады. 

Пайымдау мәтінінде сондықтан, өйткені, себебі деген себеп –салдар мәнді жалғаулық шылаулар 

жиі қолданады .

Кейінгі әңгімелеу де, сипаттау да, пайымдау да бір мәтінде кездесуі мүмкін. Қайсысы басым 

екенін мәтіннің негізгі мақсатына  қарай табуға болады. Мысалы:



Жиырма жасар жігіт шатырдың алдында жанымен жатқызылған есеке арбаның үстінде 

домбыра  шертіп  отыр  еді.  Майшамның  жарығы  маңдайына  шағылысып,  шыпшып  шыққан 

терімен айқасып жатқандай еді. Домбыраның мойны ары-бері жүгріп өткен саусақтарынығ 

астында  тіріліп  кеткендей  еді.  Жас  жігітің  қолы  домбыраның  шегіне  жақындаған  айын 

екеуінің  арасында құпияға толы әңгіме жүріп жатқандай еді.

Берілген мәтінде жас жігіттің не істегені туралы айтылған. Алайда оқырманның көз алдына 

оның сипаты, әрекеттері, жан-жағы, отырған орны суреттеліп отыр. Сол себепті бұны суреттеу 

мәтініне жатқызамыз. Әңгімелеу мәтінінде оқиға басым болады. 



«Әдемі күмбездітіреп тұрған- кірпіштер, бір емес бірнеше...Адам да жалғыз өзі болмысының 

тірегі бола алмайды» Мәтінді құрастыруға негіз болатын « тірек сөздер» деп аталады. Мәтін не 

туралы?деген сұраққа жауап беретін сөздер мәтіннің тірек сөздері болып табылады. Мәтіннің 

тірек сөздерін « кілт сөздер» деп те атауға болады [4].

Әдетте,  мәтін  құрастырар  алдында  оқушыға  тірек  сөздер  беріледі.  Оқушы  берілген  тірек 

сөздерді  пайдаланып,  мәтін  құрастырады.  Тірек  сөздер  арқылы  шағын  әңгіме,  ертегі,  өлең 

немесе кез келген мәтін түрін жазуға болады. Жазылған мәтін жүйелі шығу үшін тірек сөздердің 

бәрін біріктіретін тақырып тауып алу керек. Мәтін не туралы болса , тақырыбы да сол болады. 

Мәтінге ат қойғанда оның тақырыбының қысқаша нұсқасын пайдаланады.

Кейде  берілген  тірек  сөздерге  қарап,  бұрын  оқыған  шығарманы  еске  түсіруге  болады. 

Мысалы, « дос, аю, ағаш» деген тірек сөздер берілсе, осы үш сөздің арасында байланысы бар 

мәтінді ой елегінен өткізе бастаймыз. Бұл тірек сөздерден орманда келе жатып, алдынан аю 

шыққанда екі достың мықтысы әлсізін жалғыз тастап кеткен әңгіме есімізге түседі.

Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыруға болатын болса, мәтіннен тірек сөздерді де 

дәл  солай  табуға  болады.  Тест  тапсырмаларында  көбінесе,  дайын  мәтіннен  тірек  сөздерді 

талап етеді. Ол үшін мәтінді мұқият оқып, шығып, мәтіннің не туралы екенін анықтап алу қажет. 

Ең  бастысы,  табылған  тірек  сөздер  мәтіннің  мазмұнын  ойша  елестете  алатындай  дәрежеде 

таңдалынып алу қажет.

Мәтіннің тірек сөздері ғаламтор желісінде өте жиі пайдаланылады. Дұрыс жазылған тірек 

сөздер  оқырманға  қажетті  мақаланы  ет  табуға  көмектеседі.  Мақаланың  көбірек  оқылуы  үшін 

тірек сөздердің дұрыс теріліп жазылуы өте маңызды.

Мәтіннің  негізгі  ойы  оқырманға  одан  да  жасы  жеткізілуі  үшін  жазушы  әр  түрлі  тәсілдерді 

пайдаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет