Дәйексөз келтіру. Автор өз ойын дәлелдеку үшін танымал тұлғалардың сөздерін дәйескөз
ретінде келтіреді.
Байланыс құру. Бір-бірімен тікелей байланысы жоқ ұғымдарды, заттарды асқан шеберлікпен
байланыстырып мәтіннің негізгі ойын түсіндіріп беру үшін қолданады.
Мәтінді оқырманға әсерлі ету үшін көріктеуіш құралдарды пайдаланады.
Теңеу- құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы: Ержан
басын бүркеңкіреп алып, іргеге қарап, тышқан аңдыған мысықтай тынып жатқалы бірқауым
уақыт өтті.
Эпитет- заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз.
Мысалы: Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып
қалған.
Метафора- суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас
затқа не құбылысқа балау. Мысалы: Абай әлгі сөзді тыңдап бола бере, әуелі бір қысқа ғана
мысқыл айтты: - Ауыз – дарбаза, сөз-самал,-деп қойды да,- есесің де бөсесің ғой , Тобықтының
сотқары!-деді.
Инверсия- сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Мысалы: Осы сен не
боп барасың күннен – күнге? Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шөп шықпайды. Ұялмайсың ба
бір мезгіл ел- жұрттан? Қу, жалғыз-ау, айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой
мына сорлы анаңды!
Кейіптеу- табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейіпінде суреттеу. Мысалы: Ай
жарық. Аспанның тұп- тұнық көк жібек шатыры бар жиһазын тағынып мөлдіреп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |