Түйін сөздер: Рухани жаңғыру, функционалдық сауаттылық, 100 жаңа оқулық.
Ключевые слова: Духовная модернизация, функциональная грамотность, 100 новых
учебников.
Key words: Spiritual modernization, functional literacy, 100 new textbooks.
104
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
М.С. Бердибекова
Абай атындағы мектеп-балабақша кешені
Шар қаласы, Жарма ауданы, berdibekova_64mail.ru
Білімді ұрпақ – ел болашағы»
Жастардың терең білімі –жарқын болашақтың кепілі.
Н.Ә. Назарбаев
Адам баласының ой-санасы мен ақыл-парасаты әбден шырқау биігіне жетіп, ғылым мен
техниканың көкжиегінде оның алмаған қамалы кемде-кем. Қазақ елінің жарқын болашағының
іргетасын қалап, алпауыт елдермен иық тірестіріп тұруына қызмет ететін ертеңгі азамат - бүгінгі
мектеп оқушылары. Бүгінгі таңда бүкіл әлемдік жаhандану үрдісін отандық білім ошақтары
мойындап болды. Жаңарған Қазақстанның білім ордаларында материалдық-техникалық база
жыл сайын талапқа сай жабдықталып келеді.
Әлем мемлекеттерінің біршамасы білім жүйесіне түбегейлі реформалар жүргізуінің себебі
неде, ол неге байланысты – деген сұраққа жауап іздесем, былай деп жауап берер едім. Уақыт
пен талғам талабына сай, адам баласының өсіп-өркендеуіне орай кез келген салада өзгеріс
туындауы әбден мүмкін. Адамзат баласын оқытып, тәрбиелеу аса шеберлікпен шыдамдылықты
қажет ететін күрделі процесс және үнемі жаңашылдықты керек етеді. Адам санасының
өсуімен қатар оны қоршаған ортаның тылсым құпияларының қозғалысы да таусылмайды.
Ендеше, дүниетаным қажеттілігі адам-табиғат арасындағы өзара үздіксіз байланыста болмақ.
Осы байланысты, оның қасиеттерін, айналымдары мен құпияларын зерттеп, білу мақсаты
жаңашылдық тұрғысынан қаралуы тиіс. Сондықтан да, жаңалықтар мен өзгерулер қажеттілігі
келіп шығады.
Ел экономикасының ерекшелігіне байланысты, білім жүйесі де толығып, жетіле түседі. Осы
мақсатта жас ұрпақ тәрбиесі және оларға сапалы білім беру мәселесі үлкен жолға қойылып,
үкімет тарапынан зор көңіл бөлінуде.
Жалпы білім беру жүйесінде өзгерістер енгізу бойынша Сингапур елі көшбасшы екен.
Ал, дамыған елдердің ішіндеЖапония мен Франция елінің білім беру жүйесі уақыт өткен
сайын өзгеріп, толығып отыратын, әлемдегі озық жүйе болып табылады.
Бақылап, салыстырып қарап отырсақ, әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, әрқайсы, өзінше
тиімді. Болғанмен де, барлық елдерде білім жүйесі білім стандарттарына сәйкес.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесін әлемдік
стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Басқа елдің ең озық жетістіктерін қабылдай білу- табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты
көрсеткіштерінің бірі.
Қазақстан дамыған елдердің қатарына еніп, солармен терезесі тең болу мақсатында соңғы
жылдары өзінің білім жүйесіне көптеген өзгерістер енгізуде. Басқа да елдер сияқты, біздің елімізде
де ұрпаққа білім беру саласында түбегейлі бетбұрыстар бар. Атап айтқанда - әлемдік білім
беру кеңістігіне өту мақсатындағы алғашқы қадамдар. Қай заман болсын, қандай өзгерістерде
болсын білім беру, адамның жеке тұлғасын қалыптастыру басты назарда тұрады. Сондықтан да,
білім саласында, әсіресе жас ұрпақты жаңа өмірге сай оқытып, тәрбиелеу жолында, көптеген
өзгерістер енгізіп, басқа елдердің тиімді іс-тәжірибелерін үйрену-атамыз қазақтың «Жақсыдан
үйрен» деген нақыл сөзінің растығын дәлелдеп отыр. Себебі, қазіргі таңдағы ақпараттанған
заман мен тың өзгерістердің өзі бізді осыған жетелейді.Сол үшін де ұрпағымызға жан-жақты
білім мен тәрбие беру мақсатындағы түбегейлі өзгерістер бізге өте қажет.
Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып интеллектуалдық сайыстардың биігіне
көтерілді. Мәселен, «Дарын» бағдарламасы еліміздегі дарынды балаларды біріктіріп, жүйелі
жұмыс атқаруда, ал бастауыш сыныптардағы математика пәнінің көрсеткіштері алғашқы
ондықтың құрамына енгендігі бәрімізге мәлім.
Біздің еліміз білім саласында белсенділікпен алға басып, көптеген жаңартулар енгізуде.
Оның дәлелі ретінде, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алып, халықаралық
дәрежеде еңбек етіп, туған еліне қызмет көрсетіп жүрген өзіміздің ұлдарымыз бен қыздарымызды
айтуға болады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ
105
балалары туралы ауыз толтырып айтуға болады.
Е
ліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі – білім саласындағы үлкен бір серпіліс болды.
Мұндай білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесін өзгерте отырып, заманымызға
сай мектеп құру. Мектеп-баланың өсіп жетілуінде, дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың
жеке тұлға ретінде жан-жақты жетілуі, көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп
табалдырығын аттағаннан қалыптасып, күннен күнге өрбиді.
Жаңа заманның талабы бойынша, ұрпақ тәрбиесін әлемдік деңгейге жеткізу бірден-бір үлкен
мәселе болып отыр.Ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, әлем елдерінің тәжірибелеріне
сүйеніп, білім саласына өзгерістер енгізу аса қажет. Еліміздің болашағы қазіргі мектеп
оқушылары [1]. Мұғалімдер оларды қалай тәрбиелесе, еліміз сол деңгейде болады. Сондықтан
да, білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін
мұғалімге тікелей байланысты.
Мұғалім-мектептің жүрегі. Қазіргі таңдағы мұғалімнің статусы ХХ-ғасырдың ортасындағы
мұғалім статусымен салыстыруға мүлде келмейді. Әр мұғалім өзінің іс-тәжірибесінде тығырықтан
шығудың амал-тәсілдерін іздейді.
Мектеп оқушысының бүгінгі ой-талғамына, білімпаздығына, білуге құштарлығына қазіргі
мұғалім немен қаруланып, қалай жауап бере алады? ХХІ ғасыр оқушысы – күнделікті жаңа
ақпараттармен қаруланған зерделі оқушы. Ойы озық мұндай оқушыға білім беретін мұғалім
қандай әдістеме түрімен қарулануы керек? Әрбір сабаққа, мінез-құлқы, санасы түбегейлі
бетбұрысқа ие болған оқушыға қалай білім беріп, тәрбиелейтініміз жөніндегі сансыз шешуі
шым-шытырық сауалдар жалғаса береді. Ендігі кезекте бүкіл оқыту әдістемесі мен оқу үрдісін
түбегейлі өзгертіп, жаңғыртудың сәті жеткен сияқты, осы ретте білімді басқарудың ұйымдары
тағы да әлемдік білім беру іс-тәжірибесіне жүгініп отыр. Қазақстандық білім саласы Кембридж
бағдарламасынан біздің өзекті мәселелердің шешімін тапқан сияқты.
Бүгінгі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің түбегейлі өзгеруі туралы
мәселе қойып отыр. Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері сарапталып, жаңашыл педагогтардың
іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Кембридж Университеті әлемдегі ең ірі білім
ошақтарының бірі болғандықтан, біздің еліміз аталған университеттің білім берушілерімен
тікелей байланыс жасап, жан жақты іс-тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына
негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.
Топтық жұмыстар орындау барысында сыныптағы көрінбей «тасада қалған» оқушыларға
дейін тапсырмаларды орындап, топтық тапсырмаларды орындауға өз үлестерін қосады. Ал,
мұғалімнің іс-әрекетіне келетін болсақ, бұрынғыдай біржақты үрдіс диалогтық немесе топтық
жұмыстармен, жаңарулармен алмасқандықтан оқушылармен шығармашылық, ғылыми-ізденіс
жұмыстарына бағыт айқындалады.
Жаңа әдістер мен тәсілдерді қолданудың ерекшеліктері - оқушылар бойына білімге деген
құштарлықты дарыту, дәстүрлі бір-сарынды үрдістерден арылу, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар
мен жаңалықтарды үйреніп, қолдану арқылы оқушыларға жан-жақты білім беру. Сабақ
барысында ойын элементтері мен сергіту сәттерін көбірек қолдану, кіші және орта буын
оқушылары үшін тиімді екені бәрімізге белгілі. Оқушының ой-санасын селт еткізетін «тосын»
әрекеттер, яғни сергіту сәттерін өткізу баланы жалығып, шаршаудан аулақ етеді.Сондықтан да
олар жаттығуларды ерекше құлшыныспен орындайды және келесі тапсырманы ерекше көңіл-
күймен, әрі қызығушылықпен қабылдайды.
Бүгінде білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім
дағдылары мен амал, көзқарастарына зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында
ғана жүзеге асырылуда. Әр сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсене
араласып, өз болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына
мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды. Бірлескен топтық жұмыстардың нәтижесінде
өзара ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік және өмір бойы білім алу сияқты құндылықтар
дамып, көшбасшылық қабілет көзге түсуде. Мұның бәрі күнделікті іс-тәжірибемізде бой көрсетіп,
нәтижесін беруде. Білім сапасының артуы да соның дәлелі.
Қарыштап дамыған жаңа заманда табысты болу үшін оқушыларға білім мен тәрбие
беруде химия пәні оқушылардың дүниетанымын дамытуда, әлемнің тұтас ғылыми бейнесін
қалыптастыруда маңызды орын алады. Химия пәні оқушылардың сыни және сындарлы
ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып,
106
проблеманы шешуде шығармашылық тәсілдерді қолдануды қолдайды. Сын тұрғысынан ойлап,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың
түрлі тәсілдерін қолдану, жұппен, топпен жұмыс жасау, мәселені шешу және шешім қабылдау
дағдыларын дамытатынын дәлелдеуде. Осындай кең ауқымды дағдылар оқушының жан-жақты
білім алуының, нәтижесінде білімді азамат болып қалыптасуының кепілі деп ойлаймын.
Әр ұлт, өз кезегінде дамудың түрлі формацияларынан өтіп, өз тарихын жасады. Енді біздің
заманымыз бен тұспа-тұс келіп отырған білім беру жүйесі мен адам баласының санасының
жетілуі шарықтау шегіне келіп отырған іспетті. Яғни, қазақ ұлты әлемдік деңгейде ғылыми
жаңалықтардың озық үлгілерінен қалыспай дамып келеді. Осы орайда, қазақ баласы сол
сәт сайын, сағат сайын ашылып жатқан ғылым мен техниканың жаңалығынан тыс қалмауы
тиіс. Оларды мемлекеттің игілігіне, халық пайдасына асыруы және қажет. Білім саласындағы
қайта жаңғыртуларды өмір ағысы өздігінен алға тартып отыр. Білім алушы мен білім берушінің
арасындағы және басқару жүйесіндегі өзгерістерде жаңаша көзқарастар қалыптасып, белгілі
бір ғылым негізін меңгерудің озық әдіс-тәсілдері енгізілуі тиіс. Оқушы санасы мен білімді
қабылдауына сай келетін әдіс-тәсілдер, атап айтқанда, оқытудың жеті модулы ықпалдастырылған
сабақтар өткізу арқылы оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, оларды өз бетімен білім
алуға, яғни, ізденімпаздыққа бейімдеу.
Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс
[2]. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаhандық
экономикаға ойдағыдай кіру тілі деген Елбасының үндеуінен бастау алып, еліміз бен жерімізге
ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс деген бастаманы қолдаймыз. Себебі, сол
тілдерді меңгере отырып, өзімізді өзгелерге таныта білуіміз керек.
Ағылшын тілі-әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу –
әрбір Қазақстан азаматының борышы. Бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл
деңгейіне дамып жеткен ұлы қазақ тілі – әлем тілдерінен кем түстейтіні кімге болсын мәлім [3],
[4].
Қазіргі заманғы технологиялық ортаның, жаңа ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің
ерекшеліктеріне байланысты латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі туындап отыр. Ал жас ұрпақ
үшін бұл көп қиындық туғызбайтыны сөзсіз. Себебі мектеп бағдарламасы бойынша қазырдың
өзінде олар ағылшын тілін де, латын әріптерін де оқып-үйренуде. Күнделікті өмірде де
қолданыста.
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның,
коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім үрдісінің ерекшеліктеріне
байланысты деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы.
Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім.
Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін
растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім жүйесін жетілдіру туралы идеяларымен
байланысты болып тұр. Латынға көшкенде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: біріншіден, тіл
тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол
арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтап қалуға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін
оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарады. Үшіншіден, латын
әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Төртіншіден, түбі
бір түркі дүниесі, негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми,
экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Тұғырлы мемлекетіміздің мәртебесін көтеретін сапалы білім. Бүгінгі жас ұрпақ – халқымыздың
болашағы, еліміздің ертеңі. [5]. Сондықтан да, жан-жақты білім алып, көшбасшы болу және ұлт
мүддесін қорғау – мына сіз бен біздердің қолымызда!
Достарыңызбен бөлісу: |