Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата22.12.2016
өлшемі3,14 Mb.
#63
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

Жазба  айтыс.  ХХ  ғасырдың  басында  айтыстың  бҧрын-соңды  болмаған  қағаз  бетіндегі 
кҿрінісі – жазба тҥрі пайда болды. Ақындар бір-бірімен жҧмбақтасып, хат арқылы айтысты. Бҧл 
жаңа  сипаттың  пайда  болуына  жҽне  дамуына  Кете  Жҥсіп,  Қаңлы  Жҥсіп,  Қарасақал  Ерімбет, 
Шораяқтың Омары, Молда Мҧса, Манат қыз секілді кҿптеген шайырлар ҥлес қосты. Сондай-ақ, 
Ҽсет Найманбайҧлы, Ахмет, Дҽуіт, Ақыт, Махмҧд, Сақи, Қҧмар секілді ақындарды атап ҿтуге 
болады.  Бҧлардың  хат  айтыстары  сақталып  қалған.  Мҧнда  ақындар  ҽдеттегідей  қолдарына 
домбырасын  алып,  ел  алдында  айтыспағанымен  олардың  арасындағы  сҿз  сайыстың  жаңа  тҥрі 
қалыптасты. Осылайша, эпистолярлық стилдің поэзиялық ҥлгісі, яғни, хат айтыс тек қана айтыс 
ҿнері емес, қазақ халқының жазба ҽдебиетінің дамуына сҥбелі ҥлес қосқанын кҿреміз. 
 
Айтыстың төртінші сипаты 
Арнайы  ҧйымдастыру  жҽне  сахнадағы  айтыс.  ХХ  ғасырда  айтыс  тағы  да  жаңа 
сипатқа ие болды. Бҧрынғыдай тек жиын тойларда ғана емес, арнайы ҧйымдастыру қолға алына 
бастады.  Яғни,  алға  қадам  басты  деген  сҿз.  Халқымыздың  дҽстҥріне,  дініне,  тіліне,  тіліне 
қиянат  жасала  бастаған  кездің  ҿзінде  қазақ  айтысы  тоқтап  қалған  жоқ.  Керісінше,  дамыды. 
Жаңа  сатыға  кҿтерілді.  Жиі  болмаса  да,  ҿтіп  тҧрды.  Оған  тарих  куҽ.  Солардың  бірнешеуіне 
тоқталсақ: 1922 жылы Семейде болған сҿз сайысы. Бҧл туралы Мҧхтар Ҽуезов былай деп пікір 
білдірді. «1922 жылы Семейдің екі ақыны Байзақов Иса мен Баймұратов Нұрлыбек айтысады. 
Ол  кезде  Нұрлыбек  ауылда,  Иса  Семейде  болады.  Екеуінің  айтысындағы  жаңалық—бұрынғы 
айтыстардай  ру  таласы  жоқ.  Оның  орнына  қала  мен  ауыл  жайларын  бұлар  тың  тақырып 
етіп алысады. Иса қаланы жақтап, ауылды сынай, мінесе, Нұрлыбек ауыл еңбегін бағалаушы 
болып, Семейдің қалың  құмын мінейді» [3]Кейін 1939 жылы қарашаның 10-12 кҥндері халық 
ақындарының республикалық слеті ҿтті. Оған еліміздің барлық ҿңірінен ақындар қатысқан. 
Бҧл  кезеңдегі  айтыс  бҧрынғы  тҧрмыстық,  рулық  деңгейден  кҿтеріліп,  ауыл,  қала, 
партиялық деңгейге жетті. Яғни, ауыл мен қаланы, кеңес ҥкіметінің саяси-ҽлеуметтік мҽселесін 
тілге тиек ете бастады. Оны С. Мҧқановтың мына сҿзінен аңғаруға болады.  «Қазіргі айтыста 
бұрынғыдай  рушылық  таластың,  я  жыныстық  таластың  мотиві  жоқ.  Қазіргі  кездесетін 
айтыстардың  мотиві  –  халықты  коммунизм  рухында  тәрбиелеу,  осы  жӛніндегі  жетістігін 
мадақтап, кемшілігін сынау» [4].  
Одан бері халықтың басына нҽубет тҿнген сонау сҧрапыл соғыстың кезінде де айтыстың 
тынысы  тарылған  емес.  Жамбыл  атамыз  майдандағы  батырларды  арнау  жырымен  рухын 
кҿтеріп,  жігерлендірсе,  басқа  ақындар  айтыс  арқылы  ауылда  қабырғасы  қайысқан  халық  пен 
тылдағы  еңбекшілердің  кҿңілін  серпілтіп,  жеңіске  деген  сенімін  арттырды.  Оған  1943 жылы 
республикалық  кҿлемде Алматыда  мен Қызылордада жҽне 1945 жылы 9 наурызда Семей  мен 
Қызылордада  ҿткен  айтыстар  дҽлел.  Жеңіске  жетіп,  тҿбесі  кҿкке  жеткен  ел  1946  жылы 
Жамбылдың  100  жылдық  мерейтойында  ақындар  айтысын  тамашалады.  Онан  кейін  ақындар 
айтысы  ҽр  аймақта  ҽр  тҥрлі  деңгейде  арнайы  мҽдениет  ҥйлерінде  жиі  ҧйымдастырылды. 
Осылайша,  айтыстың  сахнадағы  ғҧмыры  басталды.  Ақындардың  дауысын  дыбыс  зорайтқыш 

 
102 
техникалық  қҧралдардың  кҿмегімен  жиналған  жҧртшылыққа  тҥгел  жеткізді.  Сахнадағы 
айтыстың  ерекшелігі  бір  мезетте  залға  жиналған  жҥздеген,  мыңдаған  халық  тыңдай  алатын 
мҥмкіндік туды. Қысқасы, бҧл кезеңде айтыс ҧйымдастырылуы мен халыққа таралуында едҽуір 
ілгері басты. 
 
Айтыстың бесінші сипаты 
Экрандағы айтыс. 1966 жылы қазіргі «Қазақстан» ҧлттық арнасының эфирінде ―Айтыс 
–  асыл  қазына‖  деген  хабар  шықты.  Ҽдебиеттанушы  ғалым  Кҿбей  Сейдеханов  жҥргізген 
бағдарламада  Кеңес  ҿкіметі  кезіндегі  20-30  жылдарғы  қазақ  айтыс  ҿнеріне  шолу  жасап, 
талдады. Айтысты бҧрын сахнадан немесе ел аузынан еститін халық енді кҿгілдір экран арқылы 
ҧлттық ҿнерден хабардар болды. Ал, 1982 жылы айтыстың телевизиялық нҧсқасы халыққа жол 
тартты.  Ҽуелгіде  хабарды  ақын  Темірше  Сарыбай  жҥргізсе,  кейін  Жҥрсін  Ерман  қолға  алды. 
Содан  бері  айтысты  тек  залда  отырған  кҿрермендер  ғана  емес,  еліміздің  тҥкпір-тҥкпіріндегі 
жыр  сҥйер  қауымның  кҿруіне  мҥмкіндік  туды.  Бҧл  –  айтыс  ҿнері  уақыт  ҿтіп,  техника  дамып, 
технология жетілген сайын жаңарып, ҿркендеп отыратындығының кҿрінісі. Осы кезеңде айтыс 
облыс  аралығындағы  сайыс  тҥрінде  де  ҿтті.  Атаулы  кҥндерге  арнайы  ҧйымдастырылды.  Бҧл 
жыр  додалары  ҿткізілу  жағынан  облыстық,  республикалық  деңгейде  ҿткенімен  тақырыбы 
жағынан кеңестік идеологиядан аса алмады. Бірақ, ҧлттық мҥдде, тіл, дін тақырыбына шектеу 
қойылды. 
Қазақ  ҥшін  ең  ҧмытылмас  сҽт  тҽуелсіздік  алған  кҥннен  бастап,  айтыстың  мазмҧны 
мҥлдем  басқа  арнаға  ауысты.  Яғни,  ҧлттың  баға  жетпес  қҧндылықтары  мен  ҧрпаққа  қажетті 
рухани  қазыналары  кеңінен  қозғалды.  Баяғы  тҧрмыстық,  рулық,  партиялық  деңгейден 
ҽлдеқайда  биіктеп,  Мемлекеттік,  тіпті,  ҽлемдік  деңгейден  кҿрінді.  Кҿптеген  Халықаралық 
айтыстар болды. Тікелей эфирде жекпе-жек айтыс берілді. Айтыс кҿші Мҽскеу, Париж, Тҥркия, 
Қытай, Монғолия, Қырғызстан жҽне тағы басқа да елдерге барды. Бҧл деген айтыстың ҽлемік 
аренаға шығуы. 
 
Айтыстың алтыншы сипаты 
Ғаламтордағы айтыс. Ғаламтор кеңістігі кеше ғана игеріліп, оны қазақ қоғамы да жаңа-
жаңа меңгеріп жатқанда айтыс та сол жерден ойып тҧрып орын алды. Қазір интернеттен бҧрын 
болған  айтыстардың  аудио,  видео  жҽне  мҽтін  нҧсқалары  кҿптеп  кездестіруге  болады.  Яғни, 
айтыс  мҧрағаты  да  қолжетімді  дҥние  болды.  Оны  ҽлемнің  кез-келген  тҥкпірінде  отырып, 
тыңдауға болады. Қазір ғаламторда айтысты насихаттайтын сайттар да кҿптеп ашылуда. Соның 
дҽлелі ретінде 
www.kazaitys.kz
 сайтын атауға болады. 
2009 жылдың аяғында ең алғашқы интернет айтыс ҿтті. Ҧйымдастыруы жоғары деңгейде 
болмаса да, оған Балғынбек Имашев, Бауыржан Халиолла жҽне Оңғар Қабденов қатысты. Екі 
ақын  сҿз  сайыстырғанда  араға  10-15  минут  салып,  кезектесіп,  шумақтарын  сайт  бетіне 
жариялап отырды. Оған еліміздің тҥкпір-тҥкпірінен интернет қолданушылары пікірін білдірді. 
Ал, биыл 2013 жылдың басынан бері 
www.kazaitys.kz
 сайты хат айтысын бастады. Оған 
алғашқы  жҧп  болып  Астаналық  Жандарбек  Бҧлғақов  пен  Қытайдағы  қандасымыз  Жамиға 
Дҽулетқызы сҿз сайыстырды. Сайт ҽкімшісі енді екінші жариялаймыз деп отыр. 
 
Қорытынды. 
Қазіргі  жаһандану  кезеңінде  де  айтыс  ҿзінің  болмысын  жоғалтпай,  ҧлттық  ҿрнегін 
айшықтап,  бояуын  қалыңдата  тҥсуде.  Ҽр  тҥрлі  сипатта  кҿрініс  берген  сайын  алдыңғылары 
біржола жоғалып кетпей, кейінгілерімен біте қайнасып дамып жатыр. Оған дҽлел кҿп. Жақында 
www.kazaitys.kz
 баяғы тҧрмыс-салт жырларының ізімен «наурыз бен жаңа жылдың», «банк пен 
халықтың», «қазақ тілі мен орыс тілінің» секілді айтыстар жарық кҿрді. Қысқасы, айтыс жиын-
тойларда да, қағаз бетінде де, сахнада да, экранда да, ғаламторда да айтыс болып қала береді. 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
1.Мҧқанов С. Айтыс 3 том. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1966 ж, 7-бет. 

 
103 
2.Сағындықов Е. Қазақтың ҧлттық ойындары. «Рауан» баспасы, 
Алматы
 – 1991 ж, 176-бет. 
3.Ҽуезов М. Айтыс 3 том. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1966 ж, 13-бет. 
4.Мҧқанов С. Айтыс 3 том. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1966 ж, 8-бет. 
 
 
УДК 82-14 
ҼУЕЗОВ ТРАГЕДИЯЛАРЫ (ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫ) 
 
Озат А., 
akniet_shah@mail.ru
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі – О.Ж.Темірбеков 
 
          ХІХ-ғасырдағы    Бальзак  бастаған  француздар,  аталмыш  кезеңдегі  ҿзінің  алтын  дҽуірін 
бастан ҿткерген  орыс ҽдебиеті,  келесі  доминантты рольды алған Ағылшын-Американ, Латын 
жазушыларынан кейін ХХ-ғасырдың екінші ширегінен бастап ҧлттық болмыстан: самурайлық 
дҽстҥр  бастауларын,  тҿл  халқының  эпостары,  ҽфсаналарымен  ҿрнектеген,  сентимиталистік 
реалистік  ағымдарды  керемет  тоғыстырған:  Акутагава,  Миссима,  Кабавата,  Мураками,  Кобо 
Абэ  сынды  жампоздарымен  жапон  ҽдебиеті  ҽлем  ҽдебиетінің  тізгінін  ҿз  қолына  бекем  алды. 
Сол  Акутагава  ҿзінің  «Тозақ  азабы»  атты  шығармасымен  барша  ҽлемге  мҽшһҥр  болып,  тҿл 
ҽдебиетіне  жаңа  серпіліспен  тың  адуын  ҽкелді.  Сҿзсіз,  аталғандардың  бҽрі  бір  кҥнде  бола 
қалған жоқ, ХІ-ғасырдан бастау алған жапон ҽдебиеті замана ҿзегінде ғасырлар бойы тоқтаусыз 
дамып,  ҽр  ғасырдың  озығынан  алып,  тозығынан  ада  болып,  шеберлігі  ҧшталып  дами  тҥсті, 
асылдарын бойына сіңіре  отырып, эволюциялық жолмен қалыптасты. Осындай  сҧрыптаудың 
тезінен  ҿткен  кҥншығыс  елінің  ҽдебиеті  дарынды  жазушыларды  дҥниеге  ҽкелуі:  дҽлел  етуді 
қажет  етпейтін  аксиомадай  заңдылық  еді.  Ал,  біздегі  проза  саласы  ХІХ-ғасырдың  екінші 
жартысының  беласар  тҧсында  алғаш  Ыбырай  ҽңгімелерімен,  Абай    ғақлияларынан  басталды. 
Қазақ  топырағындағы  алғаш  роман  1910  жылы  ғана    жазылды.  Алайда  осы  уақиғадан  он 
жылдан  соң  ҧлтымыздың  бағына,    ҽдебиет  сахнасына  қазақтың  біртуар  перзенті  Мҧхтар 
Омарханҧлы  Ҽуезов  келді.  Ол  жҽне  ғана  аяқтанған  проза  ҿнеріне  жаңа  адуын,  тың  серпіліс 
ҽкеліп, ғасырлар жҥгін қара нарша сҥйреп, тың ҿнердің сҥрлеуін салып берді. 
*** 
Бҽрімізгеде  белгілі  осыған  дейін  жазылған  кҿптеген  туындылар    маркстік-лениндік 
идеологияға  бағындырылды,  қандайда    бір    шығарма  болмасын  социалистік  реализм 
контекстінде  қаралды.  Осы  орайда  қазақ  ҽдебиетіндегі  шығармаларға  қайтадан  жҥйелі  ҽділ 
бағасын беру кезек кҥттірмейтін шаруалардың бірі,  жҽне ол бағаны рухы еркін, санасына тҧсау 
салынбаған азаматтардың бергені абзал деп ойлаймыз. 
 
Негізгі  баяндаманың  мҽйегі  болғалы  отырған    «  Қорғансыздың  кҥні»  ҽңгімесіде  Ақан  мен 
Қалтайларды   қарсы бетке қойып, таптық тартыс ареалында талданды. Біздіңше, бҧл тайғанақ 
анықтама, шығарма ҥддесінен шықпайтын тҧжырым. Біріншіден, бҧл ҽңгіме кҿпқырлы туынды, 
себебі  шығармаға  қай  қырынан  келседе  сарнап  тақырыптық  идея  ашылып  сала  береді.  Яки, 
орыс  отаршылдығының  езгісіндегі    халықтың  жай-кҥйі,  қарапайым  қазақтың  бір  ғана  қоңыр 
ҥйіндегі ҽл-ахуалымен астасып жатыр десекте, сол замандағы қазақ сахарасындағы ҽлеуметтік 
тҧрмыстық  жағдай,  ҿз  елін  аяусыз  қанап,  сҥліктей  сорып,  зорлық  зомбылыққа    ҧшыратып, 
кҥштілердің  алдында  шыбындап  бас  иген,  ҽлсіздің  мҧң-мҧқтажын  қҧлағына  да  ілмеген, 
орыстың  шен-шекпен  жапқанына  масайраған  болыстардың  зымия  ҽрекеттерін  ҽшкерлейтін 
туынды десекте тақиямызға тар келеді. 
 
Ҽңгіме  аса  ҽсерлі  табиғат  сҥретінен  басталады:    «  С.қаласының  оңтҥстігін  жайлаған  елдің 
қалаға  қатынасатын  қара  жолының  ҥстінде  Арқалық  деген  тау  бар.  Даланың  кҿңілсіз  ҧзақ 
жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан дҽмелендіріп тҧрады. Жолдың аузында 
кҿлденең  созылып  жатқан    тҧрқы  он  шақырымдай  болғанмен,  енсіз  кереге  сықылды,  жалғыз 
тау.  Не  бауыр,  не  сыртында  ықтыратын  жер  жоқ.  Арқалық  жадағай  жалғыз  болған  соң,  қыс 
кҥнінде жел терісінен соқса да, оңынан соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын 

 
104 
қар  алып, жҧмыртқадай тегістеп тастайды». Байқасаңыздар, бҧдыры жоқ жалаңаш, кҿруге аса 
кҿңілсіз  табиғат  кҿрінісі  бірден-ақ    оқырманды  оқшау  сезімге  бҿлейді.  Қҧлазыған  қҧла  тҥз, 
жалаңаш  жон,  қаһарлы  қыс,  бҧрқаған  боран.  Бҧл  ҿңірдегі  табиғат  кҿрінісі  емес,  сол  кездегі 
заман  сипаты  ,  адам  тағдыр-тіршілігіндей  аңғарылады.  Сол  заман  шындығы  шығармаға 
нақтылық, нҧсқалық заттық сипат береді. Осындай ҽсерлі табиғат суреті жалғаса келе Кҥшікпай 
батыр    туралы  аңыздан  сыр  шертіледі.  Бҧл  арада  біз  жазушының  телегей  дарынына,  ҧшқыр 
ойына  таңқаламыз.    М.Ҽуезов  аңызды  ҽңгіме  фабуласымен  ҧштастырып,  алда  болар  барлық 
оқиға желісінің болмыс-бітімін, барлық трагедиясын, проблемасын  алдымызға жайып салады. 
Осыны іске асыру барысында кҿркемдеуіш қҧралдарды орын-орнымен,  кҥрделі аллегориялық 
элементтерді шебер тҥрде  ҿте дҽл қолдананына кҿз жеткіземіз. 
 
Аңызда: «Кҥшікпай батыр жиырма бір жасында дҥние салған екен. Ерте кҥннен жортуылға 
аттанып, Уақтың кҿп батырларының арасында бҧғанасы қатпағандығына қарамай, талай қиын-
қыстауда  ақыл  тауып,  қажымай  қайрат,  ерлік  кҿрсеткен.  Осындай  ҿнерінің  арқасында  ерте 
кҥннен батыр атын алған екен. Соңғы жылдарда кҿздеген мақсаты қолбасылық болып, аяғында 
оғанда жетіп, егескен елінен кегін алып, егер қылып жҥргенде шешек шығыпты. Шешек ауыр 
болып,  тҿсекте  қозғала  алмай,  кҿп  уақыт  жатып  қалған.  Сол  кезде  Кҥшікпай  ауырып  жатыр 
дегенді естіп, талайдан ҿшін ала алмай жҥрген Уақтың бір батыры жауының жанын ауыртпақ 
болып,  белдеуде  байлаулы  тҧрған  қызыл  бесті  деген  атын  тал  тҥсте  тартып  алып  кетіпті. 
«Пҽленше  атыңды  алып  кетті»  деген  ағайынның  жетімсіген  сҿзін  естігенде,  жаны  шыдамай, 
ауруымен  алысып,  жылқыдан  ат  алғызып,  жалаңаш  етіне  бір  шекпенді  кие  салып,  жауының 
артынан қуып кетіпті. «Батырды мҧқаттым» деп, ҥйіне келіп, жаңа жайланып, жауы отырғанды 
Кҥшікпай  атын  ойнақтатып,  найзасын  тҥйілтіп,  ҿрт  сҿндіргендей  болып  зҽрін  шашып,  жетіп 
келген. Сол бетімен ауылдағы самсаған сары қолға «соғысамын, қан тҿгемін»- деп ҽлек салған. 
Бірақ  жиылған  елдің  ішіндегі  басты  адамдар:  «  Уақтың  баласын  бірін-бірі  ҿлтіріп 
арандатпасын»-деп,  ат-шапан  айыбымен    Кҥшікпайдың  атын  қайырыпты.  Батыр  еліне  қайта 
қайтқанда,  ауруы  меңдей  бастап,  атқа  ҽрең    жҥріп,  осы  кҥнгі  бейіт  тҧрған  биіктің  басына 
келгенде  мҧршасы  қҧрып,  найзасын  тіреп  аттан  тҥсіпті.  Сонан  соң  басын  оңға  қаратуға  ғана 
шамасы  келіп,  жан-тҽсілім  қылған.    Артынан  ағайын-туғаны  жылап  барса,  шешегінің 
ауыздарын шекпен қажап, қотырының суы шекпеннің сыртына шып-шып  шығып кеткен екен 
дейді. Батырдың кҿп мҧратына жете алмай, жас кҥнінде қуаты қайнап, долданып ҿлгендігінен 
моласы тҧрған биіктің бауырынан боран, ызғар айықпайтын болған екен...».  Ҿз басына тҥскен 
зҧлматты  жауына  да  тілемеген  қазақ,  дҧшпанымен  де  парасатты  қарым  қатынаста  болған. 
Тіптен кҿне тарих парақтарындағы Абылай мен Қалдан-Церен, Ҽмірсана арақатынасынан-ақ біз 
осындай  текті  халықтың  дҥниетанымың  сыңайын  байқаймыз.  Сол  мезеттегі  ҥмітсіз  дерт 
меңдеген    батырдың  осалдығын  пайдаланып  жау  белдеуде  тҧрған  атымен  бірге  баһадҥрдің  
бҥкіл  намысын  абыройын  ала  кетті.  Солайша  санаға  симас  ҥлкен  қиянат,  зорлық  жасады. 
Алайда рухты батыр ар-намысын аяққа таптатпай, ҿлімнің тырнағында жатсада бір ғана ар ҥшін 
қайрат қылып жанын қиып кете барған еді.... 
Осыған  ҧқсас  шығарма  желісінде  Ғазизаның  басынанда  талай  трагедиялар  ҿтті:  ҽкесі 
Жақыптың,  бауыры  Мҧқаштың  ҿлімі,  соқыр  шешесі,  туысқандарының  тізе  батыруы,  сҥліктей 
қадалған    пҧшық  Мҽрден,    тҧрмыс  тауқыметі.  Бірақ  осылардың  ішінде  сағыңды  сындырып, 
санаңды  бордай  езіп,  жаннан  бездіретін  ең  ҥлкен  трагедия  он  екіде  бір  гҥлі  ашылмаған, 
Ҽуезовша  айтсақ:  «Жҥрегінде  ар,  ҧят  та,  жігер,  намыста  бірге  ҿскен.  Кедейшілігінен, 
қорғансыздығынан  басқа  міні  жоқ,  салмақты,  таза,  тҽрбиелі  бала  Ғазизаны  Ақандардың 
абыройын  айрандай  тҿгіп,  қорғансыздығын  пайдаланып,  ыңырантып,  қараңғы  қуыста 
жалынған,  жалбарынғанына  қарамай  зорлауы  еді.  «Жаным-арымның  садақасы»-  деген  қазақ 
ҥшінде осыдан асқан ҥлкен қасіретте жоқ. Неліктен деп  сҧрасаңыздар «Ҧшса қанаты талатын, 
шапса  тҧяғы  тозған  кең  атырапты»    сақтап  қалған  ҧрпақтан-ҧрпаққа  жалғасқан  тектілік 
ҥдерісінен , ҽйел баласының қҧрсақ пҽктігіне аса мҽн бергендігінен деп жауап беретін едік. 
Қара ҿлеңдердегі: 
Қҧрсақты жҧртым пҽктегін, 
Рухы сонда ҧлтыңның 

 
105 
Қайнары сонда қҧтыңның 
Есіңде болсын есіл ер 
Жат сарып кеткен жатырдан 
Жақсы боп тумас тҧқымың 
-неменесе Кҿмекей ҽулие Бҧқардың: 
Алпыс басты ақ орда 
Ардақтаған аяулың 
Кҥнінен біреуге 
Тегінен-тегін олжа болмасқа. 
-деген ҿлең жолдары ойымыздың дҽлелі іспеттес. 
R.S.:  Ҽуезов  осылайша  ҧлттың  ең  ҥлкен  трагедиясын  жазды.  Ол  ҧлтымыздың  мҿлдір 
қайнарынан қанып ішіп, халқымызға тҽн ҥлкен таныммен, асқар тектілікті бойына сіңіріп, сол 
ҧлттың  перзенті  ретінде:  қазақ  болмысын  аша  білуі,  жазушыны    ҿзгелердің  сырттаны  қылды. 
Қорғансыздың кҥні сонымен бізге қҧнды, сол қасиетімен бізге бағалы, баянды болмақ. 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Жиырма томдық шығармалар жинағы.-Алматы, «Жазушы», 1979. 1т. Ҽңгімелер.-456 бет. 
2.
 
Қирабаев  С.  Кҿп  томдық  шығармалар  жинағы.  Т5.  –  464  б.  –  Алматы:  «Қазығҧрт» 
баспасы, 2007. 
3.
 
Нҧрғали Р. Қазақ ҽдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана: «Кҥлтегін» баспасы, 2002.- 
528 б. 
4.
 
Кҽкішев  Т.  Қазақ  ҽдебиеті  сынының  тарихы  (Оқу  қҧралы).  –  Алматы,  «Санат»,  1994.  – 
448 б.  
5. Бес  ғасыр  жырлайды.  Жинақ. І  том.  Алматы, 1991.   
 
 
ДІНИ ЭПОСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН ИДЕЯСЫ 
 
Оспанова Д. Ж.,
 dana.zhanabek@mail.ru
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекші - Л.А.Серғазы                                  
 
 
    Қазақ  ҽдебиетіндегі  кҿп  зерттеле  қоймаған  эпикалық  жанрларға  жататын  жырлардың  бір 
тобы  –  діни  дастандар.  Дін  шарттары  мен  ғибраттарын    тҥсіндіретін,  халық  мҧрасы  болып 
кеткен аңыз, ҽпсаналар, ертегілер, шежірелер, кҿне сҿздер мҥлде жиналмады. Діни кітаптарды 
жинау  былай  тҧрсын,  олардың  кҿзін  жоғалту,  тіпті  ҿртеп  жіберу  ҽдеттегі  іске  айналған  еді. 
Мешіттердің  жойылуымен  бірге  солардағы  сақталған  кітаптар,  тарихи  материалдар  қҧрдымға 
жіберілген.  Жұмыстың  негізгі  мақсаты  –    халқымыздың  асыл  қазынасы  –  діни  эпостарды 
тереңнен зерттеп, жан-жақты саралау болып отыр. 
     "Діни  қиссалар  –  Пайғамбарлар  мен  ҽулие-ҽмбиелер,  періштелер  мен  сахабалар,  т.б.  ҿмірі 
мен олардың дін жолындағы іс-ҽрекетін бейнелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжеті Қҧран 
Кҽрімнен  алынған.  Ҿйткені,  Қҧран  Кҽрім  тек  діни  кітап  қана  емес,  сонымен  бірге,  араб 
классикалық  ҽдебиетінің  де  ғажайып  ҥлгісі.  Солардың  барлығын  идеялық  мазмҧны  жағынан 
топқа  бҿліп  қарастыруға  болады,  яғни  біз  діни  дастандар  мҽнінің  айқындылығы,  тақырыптық 
ерекшелік тҧрғысынан қарағанда ҥш топқа бҿлеміз: 
 
Аллаһ  Тағаланың  Жер  мен  Кҿкті,  адамзатты,  хайуанаттар  мен  тау,  тасты,  бҥкіл  ҽлемді 
жаратқаны туралы хикаялар; 
 
Пайғамбарлар,  ҽуле-ҽмбиелер,  сахабалар,  тағы  басқалардың  ҿмірі  мен  іс-ҽрекеттері 
жайындағы аңыздар; 
 
Хижраның (мҧсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды 
бейне бір шежіре тҥрінде баяндайтын хикаялар болып келеді" [1, 45]. 

 
106 
      Кезінде  қазақ  халқы  арасында  ауызша  да,  жазба  тҥрінде  де  кең  тараған  діни  мазмҧндағы 
қиссалар кҿп болған. Бҧлардың бҽрін тақырыптық жағынан да ҥш топқа бҿліп қарастырған 
жҿн. 
Біріншісі  -  бҧрын  басқа  дінде  болған  адамдарды  Ислам  дініне  енгізу  идеясын  жыр  еткен 
Діни қиссаларлар. Бҧған «Сал-сал» жҽне «Заркүм» қиссаларының сюжеті дҽлел. Бҧл қиссаларда 
Мҧхаммед Пайғамбар (с.а.у.) ҿзінің тҿрт серігімен (Ҽбу Бҽкір, Омар, Осман, Ҽзірет Ҽли) ҽскери 
жорықтарға аттанады да, ҧдайы жауды жеңіп, оларды Ислам дінін қабылдауға мҽжбҥр етеді. 
Екінші  топтағы  қиссалар  –  ҿмір  жолындағы  қиындықтарды  жеңе  білуге,  тҿзімділікке, 
мейірімділікке,  достыққа,  халық  ҥшін  еңбек  етуге,  махаббат  адалдығына  ҥндейді.  Бҧған 
«Әзірет  Әлидің  құлдыққа  сатылғаны»,  «Әзірет  Әлидің  сараң  байды  дұрыс  жолға  салғаны», 
«Жүсіп-Зылиха» қиссалары дҽлел. 
 Үшінші  топтағы  қиссалар  –  бақи  дҥниедегі,  яғни  жҥмақ  пен  тозақтағы  ҿмірді  бейнелеп 
кҿрсетуге  арналған  шығарма  болып  келеді.  Мҧндай  қиссаларда  ҽрбір  пенде  жалған  дҥниеде 
жасаған кҥнҽсі ҥшін Аллаһ алдында жауап беретіні негізгі идея ретінде жырланады. Діни қисса 
имандылыққа, қанағат-ынсапқа, кҥншіл болмауға, біреуге зорлык-зомбылық жасамауға, жетім-
жесірлерге кҿмек кҿрсетуге, қайырымдылыққа, т.б. ізгі қасиеттерге ҥндейді. 
Тӛртінші  топтағы қиссалар – ертегі сарындас діни қиссалар. Бҧл топқа қисса сарынында 
қиял  –  ғажайып,  ертегілік  кейіпкерлердің  кездесуі,  уақыт  пен  кеңістің  сияқты  нысандармен 
суреттелетін діни қиссалар жатады. 
 Діни дастандардың кҿбі ХІХ ғасырдың екінші жартысында жҽне ХХ ғасырдың бас кезінде 
жеке кітап болып басылып, халық арасына қисса-хикая деген атпен тараған, жыршы-жыраулар 
репертуарынан  да  берік  орын  алған.  Діни  дастандарды  кҿпшілік  алдында  мҽнерлеп 
оқып,насихаттау  ҿзгеше  дҽстҥр  болып  қалыптасқан.  Оларды  ежелгі  Тҧран  жерінде  қиссахан 
немесе қиссашы деп атаған. 
Қиссаның  құндылығы–сенім,наным  ақиқаттығын  қорғау  ҥшін  ҧрыстың  тарихи  шындық 
деректеріне  сҽйкес  баян  етілуі,  кҿптеген  қаһармандардың  мінез-қҧлқын  ашатын 
сипаттамалардың берілуі, ҽрі осының биік кҿркемдік деңгейде кҿрінуі.   
Діни  дастандарда  замандар  бойы  ҽсері  кемімей,тартымдылық  қасиетін  жоғалтпай  келуі 
таңғаларлық  қҧбылыс.  Мҧның  себебін  адам  баласының  белгілі  бір  ереже  заңдарға  бағынып, 
ақиқатты  мойындап,  аллаға  қҧлшылық  етіп  отыруының  қажет  болғанынан  іздеу  керек.  Сенім 
жоқ  жерде  имандылық  жоқ.  Ал  қауым  сенімнен  айырылса,  азу  -  тозу,  ҽркім  ҿз  бетінше  лағу 
басталмақ.  Діни  қиссалардың  да  ең  қымбат  жері  адамдарды  сенімге,  имандылыққа 
тҽрбиелейтіндігінде.  Барлық  жҧрттың  мойындайтын,  тоқтайтын,  аттап  ҿтуіне  болмайтын 
шарттарға  кҿну,  асылық  жасамау  ҽр  пенденің  парызы  саналғанда  ғана  ҿмір  орнықты,  дҽстҥр 
тҧрақты  болмақ.      Діни  дастандардың  соңы  дҧшпанның  жеңіліп,  тірі  қалғандарының 
мҧсылмандылыққа  ҿтуімен  аяқталады.  Осылайша  эпос  мҧраты  діни  мҧраттың  ҥстем  болу 
идеясымен қабысып, нақтылы нысананы кҿздейді. 
"Діни  қисса,  дастандардың  қҧрылыстық  жағынан  бір  ерекшелігі  ғаламды  жаратушы  алла 
мен  пайғамбарларды  мадақ  етіп,  таныстырумен,  оларды  ҥлгі  етіп,  ҧсынумен  басталып 
отыратындығы.  Бҧл  қатарда  дҥниеден  тірі  кеткен  тҿрт  пайғамбар:  Исаның,  Мҧсаның,  Қызыр 
Ілиястың,  Имам  Мҽдидің  аттары  аталады,  тақ  Сҥлейменнің  желге  мініп  ҧшқаны,  Даниялдың 
ғылым тауып, суда жҥзгені, Смағҧлдың Намруд жаққан отқа кҥймегені, Дҽуіттің темір соғып, 
дҥкен  қҧрғаны,  т.б  еске  алынады.  Қайталанып  айтылатын  қасиетті  есімдер  сан  қауымның 
санасына  сіңіп,  олардың  кҿңіліне  сенім  мен  ҥміт  ҧялатқан.  Адамдарды  қанағатшылыққа, 
сабырлылыққа, бір алланы хақ деп білуге шақыруы, сенім жолында шейіт болғандықты мҽртебе 
деп  кҿрсетуі,  адалдыққа,  имандылыққа,  қайырымдылыққа  ҥндеуі  ҥлкенді-кішілі  діни 
дастандардың  ортақ  желісі  деуге  болады"  [2,  18].    «Пенделердің  Алла  дидарын  кҿргені», 
«Жҽннат ғадиндегі хорлар баяны» дейтін шығармалардың да айтпағы осы. Бҧл қиссаларда діни 
білімнен хабары жоқ оқушының тҥсінуіне ауыр араб сҿздері мен тіркестері кҿп, ҿлеңдік жағы 
да  аса  шебер  деуге  келмейді.  Сонда  да  болса,  бҧларда  айтылмақ  ойдың  тҥп  қазығын,  асыл 
аңсарын  пайымдауға  болады.  Ҿлеңнің  кейбір  шумақтары  мен  жолдары  ескі  Орта  Азиялық 
тҥркінің  тіл  қҧрамына  жақын  келетін  тҧстары  бар,  мҧндай  аралас  тілді  шығармалар  бҧрын  аз 

 
107 
болмаған.  Қазақ  арасына  ислам  ҧғымдары  мен  дҽстҥрлері  кҿбінесе  осы  тектес  туындылармен 
тарады. Сондықтан діни дастандардың тілін қазақ ҽдеби тілінің ҿзгеше бір саласы деп қараған 
жҿн.  Араб,  парсы  сҿздері  аса  қажет  тҧстарда,  табиғи  қажеттіліктен  енгенін  кҿреміз.  Тіл 
жағдайы бір басқа, ал діни бағыттағы шығармалардың бізге ҥндес, мҧраттас келетін тҧстарын 
бірінші кезекке шығаруымыз керек.  
     Халық ауыз ҽдебиетінде діни эпостардың қайталанбас ҥлгісі болып табылатын тақырыптық, 
мазмҧндық  жағынан  талдауды  қажет  ететін  дастандар  қатары  мол.  Соның  бірі  «Жҥсіп  – 
Зылиха» 
дастанының 
Қҧрандағы Юсуф 
сҥресіндегі Жҥсіп 
пайғамбар қиссасымен 
байланыстылығы. «Жҥсіп  –  Зылиха» дастанының  қазақ  ауыз  ҽдебиетіне  келуі  кҿп  дҽуірлерді 
қамтиды  жҽне  бірнеше  мҽселелер  арқылы  зерттеуді  талап  етеді. Жҥсіп  Зылиха 
дастаны гуманистік идеяға толы, қарапайым кҿркем шығарма. 
     «Жүсіп  –  Зылиха»  дастанын  тек  қазақ  халқы  ғана  емес,  тҥркі  тілдес  халықтар  жырлаған. 
Шығыс 
ақындары 
жырлаған. 
Жҥсіптің 
туылған 
жері 
Канған елі. 
Бҧл 
қазіргі Ирақ, Сирия мемлекеттері  орналасқан  жерлерде.  Дастанның  кіріспесінде,  ҧзын  – 
ырғасында Ислам діні, мҧсылманшгылық, Аллаһ тағала жайында, Жебірейіл періште жайында 
да  бар,  пайғамбарларларды  мадақтайтын  шумақтар  кҿп  кездеседі.  Парсы  ҽсіресе  араб  сҿздері 
кҿптеп  кездеседі.  Дастанның  негізгі  идеясы  діни,  Ислам  дінінің  идеологиясын  негізге  ала 
отырып  адамгершілікті,  гуманизмді  уағыздайды.  Зылиханың  Жҥсіп  пайғамбарға  деген 
махаббаты  жырланады.  Махаббат  деген  ҧлы  ҧғымды  Зылиханың  Жҥсіп  пайғамбарға  деген 
махаббаты арқылы суретеледі. 
   Осыған  байланысты  дастанда  Ислам  тағылымдары,  пайғамбарларды  мадақтау  кҿбірек 
кездеседі.  Жҥсіп  пайғамбар  ағайынды  он  екі  ҧл  болады.  Ҽкесінің  аты  Яғқуб  (алайһис  сҽлҽм) 
(Жақып)  ол  кісіде  пайғамбар  болған.  Арғы  атасы  Исхақ  (алайһис  сҽлҽм)  пайғамбар.  Ибраһим 
(алайһис сҽлҽм) пайғамбардың екі ҧлы болған бірі Исмаил (алайһис сҽлҽм) екіншісі осы Жҥсіп 
пайғамбардың атасы болып келетін Исхақ (алайһис сҽлҽм) пайғамбар. 
   "Жҥсіп  пайғамбар  жайында  жазылған  дастан  қазақ  еліне,  қазақ  тілінде  жетіп  келгенше  біраз 
ҿзгерістерге  тҥскен.  Ҧлттық  Ғылым  Академиясының  кітапханасында  Шейхул  Ислам  ибн 
Юсуфбектің  Қазанда  1915  жылы  шыққан  «Қиссаи  Юсуф  алайһис  сҽлҽм  илҽн  Зулайханың 
мҽсҽлҽси»  деген  кітабы,  жҽне  араб  тілінде  жазылған  «Юсуф  Зулайха  қиссасы»  деген  кітап 
сақтаулы. Бҧл кітап араб тілінде жазылған. Бірақ авторы жҽне шыққан жері жоқ. 2409 папкада 
сақтаулы.  «Жҥсіп  –  Зылиха»  дастаны  лиро  –  эпостық  туындылар  қатарына  жатады"  [3,  25]. 
Сонымен  бірге  мҧсылманшылыққа  тҽн  кейбір  мҽселелер  қозғалған.  Сол  замандағы  Канған 
елінің  жағдайы,  Жҥсіп  пайғамбар  мен  ағаларының  арасындағы  жағдай  кейін  Жҥсіп 
пайғамбардың Мысыр еліне келуі жайында айтылған. 
     1976  жылы  Алматы  «Жазушы»  баспасыннан  шыққан  «Ғашық-наменің»  Ҥ.Субханбердиева 
жазған  алғысҿзінде:  «Жҥсіп  кҿп  жылдардан  кейін  Мысыр  патшасының  ҽйелі  Зылихаға 
қызметші  болады....  Ақыры  Жҥсіп  Мысыр  еліне  патша  болып,  Зылиханы  алады....»,  -  деп 
жазылған. 
     Ал Қасиетті Қҧрандағы аяттарда Жҥсіп пайғамбардың Зылихаға ҥйленгендігі жайында жоқ. 
Бірақ оқиғаның Мысыр жері екендігі айтылған. Зылиха аты аталмаған, тек ҽйел деп жазылған. 
Тафсирлерде  ол  ҽйелді  патша  уҽзірінің  ҽйелі  деп  жазылған.  Итфир  қайтыс  болған  соң  Жҥсіп 
оның орнына отырады, қазыналық істі басқару Жҥсіпке беріледі. Итфир о дҥниелік болған соң, 
Жҥсіп оның ҽйелі Зулайхаға ҥйленеді. Зулайхаға ҥйленген уақытта ол ҽлі еркек кҿрмеген екен. 
Итфир  қарт  болған  ҽрі  Зулайхаға  баруға  шамасы  болмаған  кҿрінеді.  Уҽзір  балалары  жоқ  егде 
тартқан  кісі  еді  Зулайха  Жҥсіптен  екі  бала  тапты.  Мысыр  патшасы  Жҥсіпке  ҥлкен  сенім 
артатын,  ҽрі  оны  сарай  істеріне  араластыратын.  Жҥсіп  саясатқа  араласып  ҽділ  ҥкім  жҥргізді. 
Жҥсіпті жергілікті халық ҿте қатты жақсы кҿретін. 
   Бізге келемін дегенше  «Жҥсіп – Зылиха» дастаны бірнеше ҿзгерістерге тҥскен. Шығыста бір 
ақынның  жырлаған  тақырыбын  жҽне  бір  ақынның  жырлауы,  қайта  ҽңгімелеуі  ол  ертеден 
қалыптасып  келе  жатқан  дҽстҥр.  Бҧл  жайында  М.О.Әуезов  былай  дейді:  «Олар  біреуінің 
тақырыбын  біреуі  алуды  заңды  жол  еткен.  Тек  алдыңғының  ҿлеңін  алмай  жҽне  кҿбінше 

 
108 
алдыңғы  айтқан  оқиғаларды  негізінде  пайдаланса  да  кҿп  жерде  ҿз  еркімен  ҿзгертіп  отырып, 
тыңнан жырлап шығаратын болады....» [4, 47]. 
Адамдарды ысырапшылықтан, нысапшылдықтан, қомағайлықтан ірку ҥшін ойлап табылған 
қиял ҽлемінің ҿзі қандай мағыналы. «Дҥниеден ҿз нҽпсісін тыйған адам, осындай хорды қҧшып, 
ізет  кҿрер»  деген  жолдар  халықты  кҿз  жҧмбай  қызыққҧмарлықтан,  ойсыз  жҥрістен  тиып, 
салдарлы, салихалы, ҿмір жолына тҥсіру қиын емес. 
Демек,  дін  қиссалары  бір  кҥннің  немесе  ҿткінші  бір  кезеңнің  ҧранын  кҿтермейді,  жалған 
қызықтарды  мадақ  етпейді,  адамзаттың  бҥгіні  мен  болашағына  қажет  қҧндылықтарды  жыр 
етеді. Мҧндай рухани байлық адам мінезін тҥземесе, бҧзбайды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет