Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет34/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

«ер бала» концептісі
осылай жетілу, 
шыңдалу үстінде көрініс береді. Ер баланың дүниеге келуі бір қуаныш болса, оның қиындықта 
шыңдалып, ел қорғайтын батыр дәрежесіне дейін көтерілуі үлкен қуаныш. Ананың да, әкенің де 
ендігі қуанышы, мерейі осы баласымен байланысты болады. Түркі жұртында, оның ішінде қазақ 
халқында ер баланың орны осылайша анықталған. Шаңырақ иесі, ел иесі деп танылған. Ұрпақ 
жалғастығы, аталықты санау да ер баланың атымен байланысты есептелген. «Қорқыт ата 
кітабында» ер бала – болашақ ел қорғайтын батыр асқақтатыла жырланған. Қазақ эпостарында 
да ер баланың азамат болып жетіліп, батырлық дәрежеге дейін көтерілуі өз алдына желі болып 
жырланады. Батыр – елдің тірегі, қорғаны. Батыры мықты елді жау алмайды. Осы концепт – 
түркі халықтарының дүниетаным тірегіне, рухани қуатына айналған. 
Қорқыт ата осы хикаяны баяндап, оғызнаманы өлең жолдарымен түйіндейді. 
Олар да бұл дүниеге келді, кетті, 
Бейне керуен қонды, көшті. 
Оларды да ажал алды, жер жұтты, 
Фәни дүние кімге қалды? 
Келімді-кетімді дүние, 
Ең ақыр соңы – өлімді дүние! [2,28] 
Философиялық ой қорытындысы – түркі халқы дүниетанымының көрінісі. Содан бері 
қанша ғасыр өтті. Ақиқат шыншыл ой еш мәнін жойған жоқ. Ұлы ақындардың туындыларында 
жаңғыртылып айтылып келеді. 
Қорқыт ата аңыздарының шығу кезеңі түркі жұртына әлі мұсылмандықтың келе қоймаған 
дәуірімен байланысты екені «Қорқыт ата кітабынан» байқалады. Қорқыт ата бейнесі – 
мұсылмандықтың бүкіл қағидасын, философиясын бойына сіңірген тұлға емес. Оның бойында 
батырлық, ерлікті дәріптеген, күшті мемлекет болуды аңсаған, түркі жұртының бірлігін, 
ынтымағын қалаған халықтық рух, биіктік бар.
Бұл туралы көптеген ғалымдар пікір білдірген. Тарихшы Н. Мыңжани: «Қазақ аңызда-
рындағы Қорқытта шаманизм ұғымы басым, Қорқыттың өлімге қарсы күресіп, мәңгі-бақи 
өлмейтін бақытты өмірді көксеген утопиялық қиялы ислам дінінің өлім тағдырына сөзсіз 
бойсұнуды «иман» қатарына қосқан қағидаларымен отаспайды. Бұл сияқты өлімге қарсы күрес, 
Шумер халқының «Гилкамеш» дастанында да, Сибир түркі халықтары арасына кең таралған 
«Гірлік хан» әңгімесінде де кездеседі. Бұған қарағанда, Қорқыт аңыздарының алғашқы нұсқасы 
ислам дінін қабылдаудан бұрын жарыққа шыққан болса керек. Ал «Дада Қорқыт кітабында» 
кездесетін исламдік ұғымдар түркі тілдес халықтар ислам дінін қабылдағаннан кейін, дастанды 
көшірушілер жағынан жаңғырылған жамау-жасқаулар сияқты» [5], – дейді. 


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
41 
Қорқыт туралы жан-жақты зерттеу жүргізуші ғалым Ш. Ыбыраев бұл жөніндегі түсінікті 
ғылыми тұрғыдан салмақтай түсіп: «Рас, Қорқыт – көреген, қасиетті, болашақты болжайтын 
қарт. Ол не айтса сол болады. Міне, осы тұста Қорқыттың екі жақтама тұлғасы көрінеді 
Анығырақ айтқанда, мұсылман әулиелеріне тән қасиеттер мен ескі шамандық көзқарастардан 
қалған бақсылық, абыздық белгілердің бір-бірімен кірігіп, тұтасып кеткендігі байқалады. Бір 
жағынан көрегендік, болашақты болжау ежелгі абыздарға, бақсыларға тиесілі; ру-тайпалардың 
тағдырын болжау; жол көрсету солардың үлестеріне тиген; ру-тайпа ішіндегі ең беделді адамдар 
да солар. Екіншіден, бұл сияқты қасиеттер – мұсылман әулиелерінің де негізгі белгілері және 
бұлар құдайдың құдыретімен болып отырады. Демек, ескі бақсылар мен абыздарды көрсетілген 
белгілері бойынша мұсылман әулиелеріне қарай икемдеу оншалықты қиынға соқпаған. Бірақ 
олардың қызметіне байыптап қарасақ елеулі қайшылық бар. Абыздар мен бақсылардың қызметі, 
атқаратын бүкіл іс-әрекеті, қажет десеңіз әулиелігі құдайға құлшындыру жолы емес, ру-тайпа 
мақсатына, солардың арасындағы қақтығыстарды реттеуге бағытталады» [6,24], – дейді.
Қорыта айтқанда, біз қарастырған «Қорқыт ата кітабындағы» 
бата, ер бала концептілері
көне түркі дүниетанымында маңызды орын иеленгені байқалады. Қорқыт ата батасы – елді 
ұйыстырушы қуатты идеология. Оның батасы отбасылық батадан биік. Қорқыт атаның 
данагөйлік бейнесі де осы бата тұсында айшықтала көрінеді. Ер баланың орны түркі жұртында 
әрдайым жоғары болған. Ол – елдің ұстыны. Ақылдылық пен білімдарлық, қайрат-жігер мен 
өршіл рух оның жан серігі болуы тиісті. «Қорқыт ата кітабынан» танылатын идеялық түйін 
қазіргі уақыт үшін де маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет