Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»


ұлттық  деп жазу керек,  қазақ тілінің мәр-



Pdf көрінісі
бет17/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

 ұлттық 
деп жазу керек,
 қазақ тілінің мәр-
тебесін 
біржола айқындау

Жер халықтікі, бірақ
 титулды ұлтқа 
тиеселі екендігі көрсетілмеген,
 
41-баптағы шетелден келген қазақтардың 
Президент болуға құқығын шектейтін бапты 
өзгерту,
 
ПостНазарбаевтық жүйеден бас тарта отырып,
 авторитарлық 
жүйеге кетпеу керек. 
Ірі 
қала мен облыс әкімдерін Президент тағайындайды 
дегенді өзгерту керек.
 Астананың атын 
қайтару, 
«Нұр-Сұлтанды» ауыстыру, тіпті
«Станды» алып «Қазақ Республикасы» немесе 
«Қазақ елі», тіпті «Қазақия» 
деп өзгерту керек деген сияқты сан қилы ұсыныстар да бар.
Ата Заңымызға өзгеріс енгізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғаны белгілі. Солар-
дың бас болуымен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы әзір- 
ленуде. 33 бап, жалпылай айтқанда, Ата Заңның үштен бірі өзгереді. Бұл Конституциямыздың 
түбегейлі жаңаратынын білдіреді. 
Енді осы өзгерістер мен толықтырулардың маған ұнаған тұстарын атап өтсем.


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
15 
Біріншіден, Конституцияға түзетулер жобасында Конституциялық кеңестің орнына
 
аза-
маттардың құқықтарын қорғауға бағытталған Конституциялық сот құрылады. Бұл қазіргідей 
кезеңде өте өзекті болып тұр.
 
Ол дегеніміз, Конституциялық сот Президентке қатысты үкім 
шығара алады дегенді білдіреді
.
Бұл Президенттің өзі Заңға бағынуы керек дегенді білдіреді.
 
Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және оны Конституцияда жекелеп бекіту 
қажет етпейді. 
Екіншіден, Президент партияда болмайды. Президенттің өкілеттігін жүзеге асыру кезеңін-
де, саяси партияларда болуына, оның жақын туыстарына квазимемлекеттік секторда, саяси 
немесе басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. Бұл маңызды қадам деп есептеймін. 
Себебі мемлекеттің басшысы белгілі бір партияның мүддесін емес, халықтың қамын ойлауға 
тиіс. Сондай-ақ оның туыстары лауазымды қызмет атқарса, непотизмге жол ашылады. Бұл 
суперПрезиденттік жүйеден кетуді білдіреді. 
Үшіншіден, Конституцияға енгізілетін өзгерістер Парламенттің жұмысы мен оның сайлау 
жүйесіне қатысты болғандықтан Мәжіліс, маслихат күшейеді. Түзетулер «суперпрезиденттік» 
басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік респуб-
ликаға түбегейлі көшуді көздейді. Мәслихаттардың ықпалы артпақ. Мәжіліс пен облыстық 
мәслихаттардың депутаттары аралас мажоритарлы-пропорционалды түрде сайланады.
Консти-
туциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді. Үйлесімді және теңгерімді 
жүйені нығайтады. Мәслихаттардың ықпалын арттырады. 
Мажоритарлық жүйе іске қосылып, аудан, ауыл әкімін сайлауға жалпы халық ықпал ете 
алады. Ең бастысы Жер халыққа тиеселі екендігі көрсетілген. Өмір – аса қымбат құндылық, 
сондықтан өлім жазасына тыйым салынады. 
Әділеттіліктің орнауы арқылы сайлауда билік күштерінің саясилануына жол берілмейді. 
Президенттік билікті шектей отырып, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет жалпы 
айтқанда Құлақ асатын немес еститін билік болмақ.
 
Мемлекет басшысы сөз жүзінде емес, іс 
жүзінде өзінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарына берік ұстанымын тағы да 
растады». 
Елде саяси плюрализмге мүмкіндік туып, партиялар арасында бәсекелестік артады. Нәти-
жесінде жаңа саяси жүйе қалыптасуына мүмкіндіктер туады деп күтілуде. 
Қазақстандықтар референдумда Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдап дауыс берді, 
атап айтқанда, конституцияға келесі тармақтарды енгізу ұсынылады. 
1.
Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурс-
тар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын жүзеге асырады мемлекет. Жер, сондай-ақ 
негіздерде, шарттарда жеке меншікте де болуы мүмкін және заңмен белгіленген шектерде. 
2.
Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға құқығы жоқ. Өлім жазасы тыйым салынады. 
3.
Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағалары мен 
судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, жоғары аудиторлық Палатаның төрағалары және 
мүшелері әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, құқық қорғау 
органдары саяси партияларда, кәсіптік партияларда болмауға тиіс одақтар, кез-келген саяси 
партияны қолдау. 
4.
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет түрін еркін таңдауына және мамандықтар. 
Мәжбүрлі еңбекке сот актісі негізінде ғана жол беріледі қылмыстық немесе әкімшілік құқық 
бұзушылық жасауға кінәлі деп тану не төтенше немесе соғыс жағдайында. 
5.
Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде ҚР Президенті тұруға тиіс емес саяси партияда. 
6.
ҚР Президентінің жақын туыстарының қызмет атқаруға құқығы жоқ мемлекеттік саяси 
қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының секторлар. 
Елімізде референдум өткеннен кейінгі кезеңде мемлекеттік реформаларды тереңдете түсу 
мақсатында 1-қырқүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасады [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет