«Жемқорлықпен күрес жалпы ұлттық міндет»



Дата31.01.2023
өлшемі18,71 Kb.
#64093
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлыққа


«Жемқорлықпен күрес – жалпы ұлттық міндет»
Жемқорлық деген не? Ресми тілмен айтқанда - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.
Бірақ жемқорлыққа қолында ешқандай билігі жоқ қарапайым тұрғындардың да қатысы бар. Себебі қысылғанда дәрігерге қалтамыздан төлейміз, тыныш құтылу үшін полицейдің ұртын майлаймыз немесе сабағымызды тез жабу үшін оқытушылардың қалтасын қампайтамыз. Ал солардың барлығы өздерінің заңды айлығын алып отырған адамдар.
Жемқорлықпен күресу деген сөз құллаққа жаттанды болғанымен нәтиже шығып жатырғаны шамалы. Осындайда ауыз толтырып айтатын күресіміз қағаз жүзінде ғана ма деген ойға келесің. Меніңше мәселенің шешімі табылмайтындығының негізігі себептерінің бірі – бізде жемқорлықпен жемқорлардың күресетінінде. Қазақтың «балық басынан шіриді», «алдыңғы арба қайда жүрсе соңғы арба солай жүреді» деген мақалдары осы жерге дәл айтылғандай. Біздегі басшылар жемқорлықты флэшмоб арқылы жеңе алмайтынын түсінсе игі еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Біріншіден, бізде жемқорлыққа қарсы күресте қару бола алатын мықты мемлекеттік институттар бар. Мемлекеттік аппарат жұмыс істеу тәсілін өзгертіп, жемқорлықтың жолын кесуі керек. Екіншіден, жемқорлықпен күрес халықтың табанды сұранысына ие. Әкімшілік сауалнама жүргізеді, өзім де ел аралап жүремін. Сонда байқағаным, біздің қоғам жемқорлықпен ымырасыз күресуге дайын. Үшіншіден, біздің елді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымыз жемқорлықты түбегейлі жойған жағдайда ғана жүзеге аспақ», - деген еді. Бұл сәл де болса сең қозғалғанның белгісіндей.
Биылғы қаңтар айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң күшейтілуі пара алушымен қатар, пара берушіні де жауапқа тартуға мүмкіндік берді. Парақорларға компенсация төлеп қатаң жазадан құтылып кетудің мүмкіндігі азайды.
Біздің елге парақорлыққа қарсы түбегейлі реформалар керек. Үлгі ретінде Грузиядағы Михаил Саакашвилдің немесе Сингапурдағы Ли Куан Юдың реформларын айтуға болады. 2003 жылы «Раушандар төңкерісі» орын алып билік басына Михаил Саакашвили келген кезде Грузияны барлық посткеңестік елдер секілді жемқорлық жайлап тұрған. Жаңа президенттің әсіресе құқық қорғау саласындағы реформалары ел есінде. Онда ол полицейлердің барлығын дерлік қысқартуға жіберіп, орындарына органға мүлде қатысы жоқ адамдарды алған еді. Сонымен қатар олардың айлығын көтеріп, парамен ұсталып қалғандардың жазасын ауырлатты. Нәтижесінде қызметкерлерді елге қызмет етуге деген стимул пайда болды және ұсталған жағдайда түрмеден құтыла алмайтындықтарын ұғынды. Ең басты жаңашылдықтың бірі барлық полицей ғимарттарының сыртынан қарағанда іші көрінетіндей болуы. Яғни, бұл ашықтықтың белгісі еді. Қазіргі таңда Саакашвили елден және биліктен кеткеніне біраз жыл болса да Грузия бұрынғы кезбен салыстырғанда орын алған жемқорлықтың аздығының рейтингі бойынша едәуір сатыға ілгері жылжыған.
1959-1990 жылдары аралығында жаңадан тәуелсіздік алған Сингапур премьер-министрі Ли Куан Юдың айтуынша оның алдында екі таңдау тұрды. Біріншісі ел қазынасын жымқырып отбасы және достарымен Forbes журналының тізімінде еніп, елін кедей күйінде қалдыру, екіншісі адал болып, елін әлемдегі ең бай 10 мемлекеттің қатарына кіргізу. Ол екінші жолды таңдағанның арқасында тарихта жақсы атпен қалды. «Жемқорлықпен күресемін десең үш досыңды абақтыға қамауға дайын бол. Не үшін екенін сен де білесің, олар да біледі», - дегені бар сингапур халқының әкесінің. Дегенмен Сингапурда Қытайдағыдай жаппай қаталдық орын алған жоқ.
Оның жемқорлықпен күресу тәсілі негізгі 4 элементтен тұрды:

  1. Жемқорлықпен күресетін тәуелсіз әрі мықты ұйымның болуы;

  2. Шенеуніктердің артықшылықтарының болмауы;

  3. Мемлекеттік қызметшілердің айлығының өсуі;

  4. Тәуелсіз, объективті бұқаралық ақпарат құралдарын ұстау.

Біздегі барлық әкім-қара жиылып бір Ли Куан Ю тындырған істі тындыра алмай жүр. Ойшылдар «әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» деп бекер айтпаған. Алдымызда қиындық кездесе қалса одан аттап өтудің оңай жолын іздеп пара беруге ұрынамыз. Еліміздегі бюрокартия кейде бостан бос бара бергенше, пара беруге итермелейді. Қоғамда әлі бұл тұрғыдан нөлдік төзімділік қағидасы қалыптаспаған. Біз жолымыз жөнделмесе, медицинамыз дамымаса, елде Арыс және Байзақтағыдай төтенше жағдай орын алса, осылардың барлығына тікелей не жанама түрде жемқорлықтың қатысы бар екендігін ұғынуымыз керек.
Қорыта айтқанда, әр елдің жемқорлықпен күресу жолында өз үлгілері бар. Ол әр ұлттың өзіндік менталитетіне де байланысты. Біздің міндет жезөкшелік секілді көнеден келе жатырған осы бір жаман әдетпен жаппй күресу. Себебі жемқорлыққа қарсы вакцина ойлап табыла қойған жоқ

Мақат аудандық мәдениет үйі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет