Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет26/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Ключевые слова.
Казахский язык, официальное письмо, Абулхаир-хан, чагатайский язык, рукописные 
тексты.
Abstract. 
In the period following the formation of the Kazakh people as a state, official writing holds a special 
place in the study of writing. We learn about the social situation of Kazakh society during the Khanate period, internal 


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
27 
and external political orientation, language and culture from these official letters. Many domestic and foreign scientists' 
studies provide basic data and information about the study, nature, and internal content of official letters. One of them 
consists of official letters written to the Russian tsarina and their representatives by Abulkhair Khan, who ruled in the 
18th century. The article discusses the study and nature of Abulkhair Khan's official letters to Russian queens and 
ambassadors, as well as the linguistic features of the 18th century official letters, which have a place in the history of 
the development of the Kazakh language. 
Key words.
Kazakh language, official letter, Abulkhair Khan, Chagatai language, handwritten texts. 
 
Қазақ халқының қалыптасу тарихындағы хандық дәуірдегі қазақ қоғамының әлеуметтік 
жағдайын, ішкі және сыртқы саяси дамуы мен бағытын, тілі, әдебиеті мен мәдениетінің бір 
қырын ресми хаттар арқылы танимыз. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде 
ресми хаттардың зерттелуі, сипаты мен ішкі мазмұнына байланысты көптеген ғылыми деректер 
берілген. XVIII – ғасырдың бірінші жартысынан XIX -ғасырдың орталарына дейінгі кезеңде 
жазылған ресми хаттар, алғаш XX-ғасырдың екінші жартысында зерттеле бастады. Солардың 
бірі, «Қазақ ССР тарихы бойынша материалдар» атты еңбектің 3 томына жинақталып баспаға 
дайындаған М.П.Вяткиннің материалдарынан құжаттардың тарихи маңызыдығымен қатар, 
жазу стилі мен тілдік ерекшеліктері туралы мәліметтер алуға болады [1]. Құрылымы жағынан 
өзіндік ерекшелігі жан-жақты зерттеуді қажет ететін ресми хаттар арқылы, елдің мұң-мұқтажын, 
өмір сүру салтын, мемлекеттің саяси және әлеуметтік мәселелерін, көршілес жатқан елдермен 
қарым-қатынас дәрежесін аңғарамыз. Сондықтан ресми құжаттардың түпнұсқа негізінде 
зерттелуі ұлттық құндылықтарды қайта жандандырып, осы уақытқа дейін қол жеткізілген 
зерттеу жұмыстарын одан әрі толықтырып, дамытуға үлкен үлес қосады. 
1732 жылдан бастап Қазақ хандарымен сұлтандары тарапынан көршілес мемлекет 
басшыларына, губернаторларға жолданған хаттардың түпнұсқасының басым көпшілігі 
Қазақстан мен Ресейдің қолжазба қорларында сақталған. Солардың бірі XVIII-ғасырда билік 
құрған Әбілқайыр ханның орыс патшайымы мен олардың өкілдеріне жазған ресми хаттары. 
Әбілқайырдың тұсындағы хандық билік қазақ жерінің орыс патшалығының құрамына кіруінің 
бастапқы кезеңі болуымен ерекшеленеді. Себебі, қазақ халқының орыс патшалығының қол 
астына кіруі Әбілқайыр ханның тұсында айқын көрініс тауып, бұдан кейінгі жылдарда қазақ 
даласында бірте-бірте орыс патшалығының үстемдігі орнай бастады.
Әбілқайырдың орыс патшайымдары мен елшілеріне жазған ресми хаттарының түпнұсқасы 
ұлттық қолжазба қорларында және көршілес елдердің мұрағаттарында сақталған. Сонымен 
қатар, баспа түрінде 2014 жылы жарық көрген И.В. Ерофееваның «Эпистолярное наследие 
казахской правящей элиты 1675-1821 годов» атты еңбегінің 1-томында Әбілқайыр ханның 
отызға жуық ресми хаттарының түпнұсқасы берілген [2].
Отандық ғалымдардан І.Кеңесбаев, Б.Әбілқасымов, Р.Сыздықова, Н.Уәли және 
Г.Мамырбекова, Д.Әбділәшімұлының ресми құжаттардың зерттелуі мен тілдік ерекшеліктеріне 
байланысты пікірлерін қолжазба негізіне сүйене отырып дәлелдегендігін аталған ғалымдардың 
еңбектерінен көре аламыз.
Ислам дінінің Орта Азияға тарауы жазба тілге де ықпалын тигізген және ортағасыр жазба 
ескерткіштері мен кейінгі дәуірге дейінгі жалғасын тапқан әдеби мұралар араб графикасы 
негізінде жазылған. Араб графикасына сүйенген Әбілқайыр хан тұсында жазылған ресми 
хаттардың құрылымында шағатай дәуіріндегі түркі тілінің элементтерінің басымдығы 
байқалады. Әрине, қыпшақ тіліне тән кейбір фонетикалық ерекшеліктер кездеседі. Алайда, бұл 
хаттардың тілдік және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты М.П.Вяткин, құжаттардың 
хандар мен сұлтандардың өз қолымен емес, татар молдалары тарапынан жазғандығын тілге тиек 
ете келіп, мұндай жағдайдың хаттың жазылу үлгісіне және тіліне тікелей әсер еткендігін атап 
көрсеткен [3]. Тағы бір еңбекте С.К. Кеңесбаев «татар тілі элементтері басым, ал қазақ тіліне 
тән элементтер әлдеқайда аз... Бұл қазақ халқының көпшілік бұқарасына мүлде түсініксіз 
болды» [4] дей отырып, хаттарда шағатай, татар, араб және парсы элементтерінің басымдылығы 
туралы айтқан. Осыған қарамастан, хандық дәуірде жазылған ресми хаттардан қазақ әдеби 
тілінің өзіне тән ерекшеліктерін молынан кездестіруге болады. Сол кезеңдегі кеңсе қағаздары 
орта азиялық әдеби тіл дәстүрі негізінде тұрақты қалыптасқан бір үлгіде жазылды. Бұл үлгі, 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
28 
кеңсе жазбалар тілінің лексика-фразеологиялық, морфологиялық тәсілдері мен синтаксистік 
құрылымдарынан анық байқалады [5, 139б.].
Хаттарды зерттеу барысында анықталған ерекшеліктердің бірі орфографиялық қателік-
тердің басымдылығы. Мұндай қателіктер әсіресе, араб, парсы және орыс тілдерінен енген сөз-
дерде жиі кездеседі. Мысалы: 
ﻞﻮﺪﻋ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет