Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет28/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

«жоғарғы 
мәртебелі», «құрметті», «мейірімді»
сияқты қаратпа сөздер арқылы басталатындығы және бұл 
сөздердің басым көпшілігінің қазақ тіліне тән емес, орта азиялық әдеби тіл мен татар тілдерінен 
алынған деп тұжырымдамасы бар [8]. Осы тұжырымдамаға мысал ретінде хаттарда шағатай 
дәуіріндегі түркі тілінің элементтерімен қоса, араб және парсы тілдерінен алынған сөздер және 
Алла тағалаға айтылған мадақ сөздерді де кездестіруге болады. Мысалы: 
«şevketlü ve ķudretlü ve 
barçaġa merĥametlü pādişāhımız imperaŧoritse-i a‘žam ĥażretleri»; «ol uluġ bik şevketlü ve ķudretlü 


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
29 
ve barçaġa merĥametlü pādişāhımız imperaŧor-ı a‘žam»; «hüve’llāhu sübħānu, ol uluġ bik merĥametlü 
imperaŧor pādişāh-ı a‘žam ĥażretlerine»; «ĥażret-i haķķ cell ve ‘alā ĥażretleriniŋ lāŧįf ihsānı ile ‘avn 
‘ināyetli el-kerem» 
т.б. [6]. 
Ескі қазақ жазба үлгілерінің лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктерін 
зерттеген Е.Өмірбаев, ресми стильмен эпистолярлық стильдің мазмұны мен жазылу түріне 
байланысты бірнеше өзгешіліктерді атап көрсетеді [9, 65б.]. Солардың ішінде, хаттардың белгілі 
қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілмен жазылуы, жоғарыда көрсетілген стильдік ерекшеліктерді 
сақтаған. Яғни, кіріспе сөздерден кейін, хатты жолдаудағы негізгі мәселені баяндай келе хаттың 
жазылу мерзімі мен кімнен жіберілгендігі туралы толық ақпарат беріп отырған. Мысалы: 
«şevketlü ve ķudretlü ol uluġ bik raĥmlı pādişāhımız imperaŧoriye yeliśavet peŧrowna ĥażretleriniŋ öz 
milketinde barça rusiyeniŋ istiķlāl-i küll ĥukumdārı her iħŧiyār-ı maślaĥat ve cemį‘ yurutlarnı özi 
bilegüçi ħalleda‘llāhu mülkehü ebeden ve biz ķırġız ķazaķınıŋ tābi‘ ve muŧī‘ bolġan ebü’l-ħayr ħān 
merĥametlü raĥmlı pādişāh-ı a‘žam ĥażretlerine ötünip ‘arż ķılamız».
Хаттардың кейбір жерлерінде 
«...bizniñ tabķan pādişāhdan ne ziyān kördüñler aŧa boldı 
bizlerge ana boldı...»; «...iħlāśımız birle atķan tañları çıķġan kündey ma‘źūriyyet birle irte ve kiç 
raĥmıñızga ķarap duā‘ ķılıp tururmız bu āħiri zamānday zamānda tabışķan...» 
тб.
 
тұрақты сөз 
тіркестері арқылы эмоционалдық бейнелеу құбылысы орын алған [6].
Жалпы хаттың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік ерекшелігі 
жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Себебі, хат мәтінін жан-жақты 
талдау сол кезеңдегі ресми хаттардың табиғатын тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл 
хаттар қазіргі қазақ тілінің тарихи түркі тілдерімен сабақтастығын көрсетумен қатар, тарихи 
дәуірлерде қалыптасқан тілдегі фонетикалық, морфологиялық және лексикалық өзгерістерді 
зерттеуде басты жазба деректердің бірі болып табылады. 
Әбілқайырдың хаттарындағы тағы бір ерекшелік ретінде шағатай дәуіріндегі түркі тілінің 
элементтерінің көптеп кездесуі және кірме сөздердің (араб, парсы және орыс тілдерінен енген) 
жиі қолданылуын көрсетуге болады. М. Вяткин бұл құбылысты хатты жазушы адамдармен 
байланыстыра келе: «Орта Азия тілдеріне тән архизмдер мен арабизмдер араласқан татар тілі 
хандар канцеляриясы практикасында ұзақ уақыт берік сақталып, ресми хат хабарлардың 
барлығында қолданылады. Бұл тіл қазақ халқының көпшілік бұқарасына мүлде түсініксіз 
болды» дейді [1]. 
Солардың бірі, орыс елшілерінің лауазым және әскери шен атаулары, орыс патшайымына 
жазылған хаттарда негізі латын тілінен алынған 
«императрица»
немесе 
«император»
сөздерінің қолданылуы жиі орын алған. Мысалы: 
podpolkovnik, polkovnik, polkownik, kapitan, 
сияқты әскери шен атаулары қазіргі орыс тілінде қолданысқа ие. Тіпті, қазіргі қазақ тілінде де 
әскери шен атауы ретінде қалыптасқан. Орыс тілінде XVII-XVIII ғасырларда жиі қолданылған 
поручик (paruşçik), кавалер (kawalir
) сияқты терминдер бір-екі жерде орын алған. Лауазым және 
шен атауларынан тыс, кейбір 
diwni
(diwni ķal‘a)

ķıŧatdısķa (ķıŧatdısķa ķızıl burlatlar) 
т.б. [6] сын 
есімдердің де орыс тілінде жазылғандығын көреміз. 
Жазба мәдениетіміздің аса маңызды және құнды салалардан бірі болып есептелінетін 
эпистолярлық жанрда жазылған әлі де жан-жақты зерттеуді қажет ететін ауқымды материалдар 
өте көп. Солардың арасында еліміздің әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайына байланысты 
ел басына қиын қыстау заман туғанда халықты біріктіріп билік құрған хандар мен сұлтандардан 
қалған қолжазба мәтіндері. Бұл қолжазбалар әсіресе көршілес елдермен болған қарым-
қатынастардың айқын көрінісін береді. Солардың бірі, 1710-1748 жылдары билік құрған кіші 
жүз ханы Әбілқайыр ханның орыс патшайымы мен елшілеріне жазған ресми хаттары [10,612 б]. 
Тақырыпқа негіз болған осы хаттарда орфографиялық қателіктердің орын алуын, кірме 
сөздердің, әсіресе, араб және парсы тілінен еніп, дыбыстық заңдылықтарды сақтай отырып, күні 
бүгінге дейін қолданысқа ие болған сөздердің тарихи қалыптасуын көреміз. Тарихи қыпшық 
және шағатай тілдерінің басты фонетикалық сипатын көрсететін ерекшеліктер негізінде, хат 
тілінің тек қана қыпшақ элементтерінен емес, сонымен қатар, басым бөлігінің шағатай элемент-
терінен құралғандығы байқалады. Алайда, жазба тілде қолданылған ортақ түркі тілі күнделікті 
халық арасында қолданысқа ие болған жоқ. Хаттарда бір сөздің түрлі фонетикалық вариантта 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
30 
кездесуі осының айқын көрінісі. Сонымен қатар, хаттардың өзіндік стильдік ерекшелігі ретінде 
кіріспе бөлімде тұрақты эпитеттердің қолданылуы мен негізгі бөлімде ойын бүкпесіз, ашық, әрі 
нақты жеткізу мақсатында фразеологиялық тіркестердің жиі қолданылуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет