1
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Западно-Казахстанский государственный университет им.М.Утемисова
Е.А. Ағелеуов және А.З. Петренконы
еске алуға арналған
«ИВАНОВ ОҚУЛАРЫ - 2016»
«Қазақстан экожүйесінің алуантүрлілігінің өзекті мәселелері»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми
мақалалар жинағы
28 қыркүйек 2016 ж.
Сборник научных статей
республиканской научно-практической конференции
«ИВАНОВСКИЕ ЧТЕНИЯ –
2016»
на тему:
«Актуальные проблемы биоразнообразия
экосистем Казахстана»,
посвященной памяти
Е.А.Агелеуова, А.З.Петренко
28 сентября 2016 г.
Орал-Уральск, 2016
2
ӘОЖ 37.026
СӘТТІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСПАЛДАҚТАРЫ
Закиева Г. Ө.
Орал қ.
«Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен
шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ.
Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады»
Цицерон
«Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін оны ойлауға
үйрету керек»
В.А.Сухомлинский
Орыс ғалымы Л.Фридманның айтуынша, бала білім игеру барысында төрт түрлі позицияда
болады екен: 1.Тыңдау арқылы дайын білімді алу. 2.Өздігінен жаңалық ашу. 3.Түрлі әсерді сезіну.
4.Бұйым немесе өнім жасау. Осы позициялардың соңғы үшеуі ғана шын мәнінде өнімді оқуға
жағдай жасайды екен. Сондықтан сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруда оның өнімділігін
арттыратын оқытудың белсенді тәсілдері ретінде Кембридждік оқытудағы жаңа тәсілдердің
маңызы зор.
Кез – келген сабақтағы ұмытуға болмайтын ең басты мәселе- оқушыға оқуға қолайлы орта
қалыптастыру. Бұл орайда сыныпта жағымды ынтымақтастық атмосферасын құру үшін
тренингтердің маңызы ерекше. Бұрын бұған мән бермеген болсам, қазіргі сабақтарым барысында
сабаққа берілген уақыт шектеулі болса да, сабақтарымда түрлі тренингтер өткізуге тырысамын
Нәтижесінде шынында да сыныпта сабақ өткізуге қолайлы орта қалыптасқандығын байқадым.
Бұрын мен сабақтарымда оқушыларыма дайын білім беретін едім, ал оқушыларым мен
берген білімді қабылдай алғанынша алады, ал қабылдай алмағандары сол қалпында қалады. Ал,
оқушы мен беретін дайын білімді өз беттерімен де меңгере алады деген ой мүлдем болған емес.
Қазіргі уақытта сыныпта белсенді диалог жүретін әдістерді пайдаланып, оқушыларға білімді өз
бетімен меңгерулеріне сенім білдіріп, еркіндік бердім, бірін-бірі оқытуға жағдай жасадым.
Жұптық, топтық жұмыстар арқылы сыныпта оқшауланып өзімен-өзі болып отыратын
оқушыларыма қозғау салдым. Өз түсінгендерін басқаларға түсіндіру барысында сыныпта
сөйлемей қалған оқушы болмады, барлығы шамалары жеткенше жұмыстанды. Осылайша
сыныпта тақырып бойынша сөйлемеген оқушы қалмады, бұрын кейбір оқушылар сабаққа мүлдем
қатыспай қалатын, бұл жолы олай болмады. Қабілеті орташа және үлгерімі төмен
оқушыларымның бойында өздеріне деген сенімділік қалыптасты. Сондай-ақ, бұл әдістен ұтқаным
оқушы өзі меңгеріп, түсіне алмаған ақпаратты сыныптасының көмегі арқылы меңгерді. Сабақта
үнемі оқушы мен оқушы арасында диалог болғандықтан коммуникативтік құзіреттіліктері
дамыды, өздерінің оқуына деген жауапкершілік сезімі оянды, белсенділіктері артып, өзіндік
«мені» қалыптасты. Диалогтік оқытуда «Оқушы - оқушы» сұхбаты кезінде оқушылар жаңа
тақырыпты меңгеруде әркімнің қосар үлесі бар екендігін сезініп, жауапкершіліктері оянды.
Бастапқыда бірінің сөзін бірі селсоқтықпен тыңдаса, қазіргі уақытта оқушылардың
сыныптастарын тыңдауы, диалогқа өз үлестерін қосудағы жауапкершіліктері оянып, қалыптасты,
сыныптағы тұйық оқушылардың өздері ашылып, өз ойын еркін айтуға үйреніп келе жатыр.
Сонымен қатар ЖАДА аймағында жұмыс жасағандықтан дарынды, талантты және қабілеті төмен
оқушылардың тақырыпты бірлесе отырып талдауы екіжақты пайдалы болды, қабілеттеріне
қарамастан тең дәрежелі серіктес екендіктерін сезінді.
Сонымен қатар, сұрақ қою да диалогтық оқыту модулінің ажырамас бір бөлігі. Себебі,
сұрақ қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға, төменгі және жоғары дәрежелі сұраққа берген
жауабы немесе сұрақ құрастыра білу қабілеті арқылы қабылдау, түсіну деңгейін бағалауға болады.
Өз сабақтарымда Блум таксономиясына сәйкес жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтарды өзім қоя
бермей, оқушыларды да сұрақ құрастыруға үйреттім. Сұрақ құрастыру арқылы оқушылар өзі
құрастырған сұрақтың жауабын өзі білу жауапкершілігі арқылы білім деңгейлері де көтерілді.
Әрине, бастапқыда оқушылардың құрастырған сұрақтары білу мен түсіну деңгейінде ғана болды,
3
бірақ оларға өзімнің жетілдіру бағытындағы формативті бағамды, нұсқауымды беріп, қазіргі
уақытта жоғары дәрежелі, сыни тұрғыдан ойландыруға жетелейтін сұрақтар да құрастыра алатын
оқушылар бар.
Жаңа сабаққа өтерде оқушының бар білімін пайдалану, еске түсіру үшін түрткі сұрақтарды,
ойын нақтырақ, дәлелді етіп айту үшін сынақтан өткізу сұрақтарын, басқа оқушыларды да сабаққа
тарту үшін қайта бағыттау сұрақтарын пайдаланамын
Біздің әр күнгі сабағымыз баланың ертеңгі күнге дайындығы. Сондықтан оқушыны
ойландыратындай, ықтимал жауаптары брнешеу немесе нақты жауабы жоқтай тапсырмалар мен
сұрақтар беру арқылы оқушының сыни ойлауын жетілдіруіміз керек. Себебі, әр сабақ сайын
балаға проблемалық тапсырмалар беріп отырсақ, сол қиын тапсырманы ол «қалай шешемін?» деп
ойланып, әртүрлі жолдарын қарастырып, солардың арасынан тек тиімдісін ғана саралауға, өзін-өзі
реттеуге, басқалардың ой-пікірін тыңдай отырып, өз ойын да жетілдіруге, өзін және өзгелерді
бағалауға үйреніп мектеп қабырғасынан тыс уақытта да өзі шешім қабылдауға дағдыланады.
Мысалы: «Анропосоциогенез» тақырыбындағы сабағымда оқушыларға «Қалай ойлайсыңдар, адам
эволюциясы аяқталды ма, әлде әлі де жалғасу үстінде ме?» деген сұрақ қойдым. Осы сұрақ
төңірегінде пікірталастық әңгіме жүргіздім. Оқушылардың жауаптары сан алуан болды, бір
оқушуылар «Адам эволюциясы аяқталды деп ойлаймын, себебі эволюция жүруі үшін стрестік
жағдайлар қажет. Ал, қазіргі уақытта адам табиғаттан алшақтанып, өз жағдайын жасап алды.
Питеканроптар, неандерталдықтар сияқты табиғатқа тікелей тәуелді емес» десе, кейбір оқушылар
«Адам эволюциясы әлі де жалғасып жатқан болуы мүмкін. Болашақ адам миының салмағы бұдан
да жоғары, ми қыртысы қазіргіден де көбейген болуы мүмкін. Себебі, қазіргі заманда адамның
қабылдайтын ақпараты көп, көбінесе электронды құралдармен, күрделі бағдарламалармен
жұмыстанатын, ғылыммен айналысатын адамдар көп. Санасы жағынан қазіргіден де асқан саналы
адамдар пайда болуы мүмкін» деп тұжырымдады, тіпті «болашақ адамының» суретін салып
берген де топ болды. Сондай қызықты әңгіме 9 және 11 сыныптардағы «Жерде тіршіліктің
дамуы» тақырыбындағы сабақта да болды. Онда оқушыларға тақырып бойынша бір жоғары
дәрежелі сұрақ құрастыруға тапсырма бергенде, 11 сыныпта бір топ «Жердегі тіршілік
эволюциясы аяқталды ма? Неге? Аяқталмаса болашақтағы тіршілік иелері қандай болуы мүмкін?»
деген сұрақ ұсынды. Сыныптағы бір топқа «Жердегі тіршілік эволюциясы аяқталды», ал келесі
топқа «Эволюция жалғасып жатыр» деген пікірді жақтап, дәлелдеуге тапсырма беріп, дебат –
әңгіме жүргіздім. Мұнда да оқушылардың қиялдарының ұшқырлығына куә болдым. Бірінші топ
«Жердегі тіршілік эволюциясы аяқталды, себебі қазіргі уақытта орасан зор геологиялық-
климаттық өзгерістер болып жатқан жоқ», -десе, екінші топ «Жердегі эволюция жалғасып жатыр,
себебі қазіргі экологиялық жағдайлардың нашарлауынан жерде «парниктік эффект» құбылысы
жүріп жатыр, адамдар табиғатты аяусыз өз пайдаларына жаратуда, сарқылатын табиғат
байлықтарын көп пайдалануда, ауа, су, топырақ барлығы ластануда, Сондықтан үйреншікті
табиғи ортасы бұзылғандықтан, қазіргі тіршілік иелері болашақта нашар экологиялық жағдайларға
төзімділігі жоғары басқа тіршілік иелеріне жол беруі мүмкін» ,- деген тұжырым жасады.
Осылай әр сабақ сайын қиын мәселенің шешуін табуға үйренген бала үлкен өмірде де
алдынан кездескен қиындықтардан тиімді жол тауып, сағы сынбай өмір сынына төтеп бере алады
деп ойлаймын.
Сабақ кезеңдерінде оқушының жұмысын бағалаудың маңызы зор. Себебі, мұғалімнің
бағалау арқылы кері байланысы оқушыға әрі қарай жетілуіне көмектеседі. Бағалаудың өзін-өзі
бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы сияқты түрлерімен қоса, бағалаудағы ең маңызды
құрам бөлік- ол критерий арқылы бағалау. Критерий арқылы бағалауды сабақтың критерийлерін,
тапсырманы орындау критерийлерін құру арқылы жүргізуге болады. Оқушыларға бұрыннан
таныс емес жаңа тақырып бойынша сабақ критерийлерін құруды қалай жүргізсем болады деп
ойлана келе, бастапқыда сабақ критерийлерін өзім құрып, оқушыларға таныстырдым. Біртіндеп,
оқушылар жаңа тақырыппен танысқаннан кейін осы тақырып бойынша нені білулері керектігін
оқушылардың өздерінен сұрау арқылы біріге отырып сабақ критерийлерін құрдық. Ал бұрыннан
таныс тақырып болса, сабақ критерийлерін жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылар өздері
құра алды. Тапсырмаларға критерий құра отырып байқағаным, оқушылар тапсырманы критерийге
сүйене отырып орындайды, нақты жоспарлауды үйренеді. Тапсырмаларға критерий құруға да
оқушыларды тартуға болады.
«Сабақ-ұстаз бен шәкірттің адамгершілік қарым-қатынасы. Мұғалім мен баланың қарым-
қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын »,- деген екен философия ғылымының докторы,
профессор А.Қыраубаева. Әр мұғалім өз сабақтарында оқушыларының пікірімен санасып, сабақ
критерийлерін құруда, бағалау критерийлерін құруда үнемі ақылдасып, бірлесіп шешім
қабылдауды дағдыға айналдырса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
4
Оқытудың Кембридждік тәсілімен өткізген сабақтарымның тағы бір ерекшелігі- сабақ
соңындағы рефлексия. Оқушылардан сабақ соңында сабақ туралы ойларын, көңіл-күйлерін біле
отырып, олармен санасатынымды білдірдім. Оқушыларым өз ойларын, өз сезімдерін өте шынайы
жеткізді. Осы арқылы оқушыларым бойында маған деген сенім орнайды деп ойлаймын.
Оқытудың Кембридждік тәсілдерін қолдана отырып өткізген сабақтарымның негізгі
артықшылықтары:
Оқушылардағы өзгеріс:
сөйлеу шеберліктері, соның ішінде, биологиялық терминдерді қолдана отырып сөйлеу
дағдылары біраз жақсарды;
ЖАДА аймағында жұмыстанғандықтан, жаңа мәліметті игеру жеңілдеу болды;
пәнге қызығушылықтары артып, білім сапасы көтерілді;
қалай оқу керектігін, өздігінен білім алу жолдарын үйренді;
уақыт үнемдеу үшін негізгі, нақты мәліметтерді таңдау арқылы анализ жасау қабілеттері
жетілді;
өз білімі үшін жауапкершілік оянды;
өзін- өзі реттеді;
өзіне деген сенім қалыптасты;
өзара сыйластық, өзгенің ойын құрметтеу,тыңдау, командада жұмыс жасауда өзгелермен
санасу сияқты коммуникативтік құзіреттіліктері жетілді;
сыныпта оқушылар арасында позитивті, достық қатынас орнады;
тұйық оқушылар ашыла бастады
Мұғалім жұмысындағы өзгеріс
сыныпта жұмыстануға қолайлы орта қалыптасты;
сыныпта жаңа сабақты меңгеруде немесе үй тапсырмасын тексеруде қамтылмаған оқушы
болмады;
мұғалім- дайын білімді беруші емес, мұғалім – жетекші, бағыт беруші, қалай оқуды
үйретуші, бақылаушы;
оқушыға сенім білдіру
оқушы пікірімен санасу.
Қай кезде де мұғалім - мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз
бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Өз бетімен білім алу әдістерін
меңгерген, өз білімін өмірде орнымен қолдана алатын, функционалдық сауаттылығы дамыған,
жан-жақты құзіретті, сыни ойлай алатын, болашақта бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін
оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдердің маңызы зор.
5
МАЗМҰНЫ/СОДЕРЖАНИЕ
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС/ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ
РЕКТОРДЫҢ АЛҒЫ СӨЗІ/ПРИВЕТСТВЕННОЕ СЛОВО РЕКТОРА
3
РУСТЕНОВ А.Р.
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ГЕНЕТИЧЕСКОГО УЛУЧШЕНИЯ ПОТЕНЦИАЛА
ЖИВОТНЫХ
МЕТОДАМИ
КРИОКОНСЕРВАЦИИ
ГАМЕТ
ПУТЕМ
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ТЕХНОЛОГИИ ХРАНЕНИЯ
5
КАЙСАГАЛИЕВА Г.С.
АГЕЛЕУОВ ЕСЕНБАЙ АГЕЛЕУОВИЧ - ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН
12
ДАРБАЕВА Т.Е.
АНАТОЛИЮ ЗАХАРОВИЧУ ПЕТРЕНКО- ПАМЯТИ УЧИТЕЛЯ
13
СЕКЦИЯЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕР/СЕКЦИОННЫЕ ЗАСЕДАНИЯ
СЕКЦИЯ 1
ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ЗЕРТТЕУ, ҚОРҒАУ
ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ИЗУЧЕНИЕ, ОХРАНА И РАЦИОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ
РАСТИТЕЛЬНОГО И ЖИВОТНОГО МИРА
Альжанова Б.С., Жаксылыкова Е.Б.
БҚО АЛЫП СОҚЫР ТЫШҚАННЫҢ (Spalax giganteus)ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ
БИОЛОГИЯСЫ
20
Аманбаев К. С.
ДИНАМИКА ИЗМЕНЕНИЯ ПОЙМЕННОЙ РАСТИТЕЛЬНОСТИ РЕКИ ЧАГАН В
ПРЕДЕЛАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
24
Дарбаева Т.Е.,Салимгереева А.Е.
ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫНЫҢ ЖАЙЫЛМА ОРМАНДАРЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
27
Дарбаева Т.Е.,Сарсенова А.Н.
В.В.ИВАНОВ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША СОЛТҮСТІК КАСПИЙ МАҢЫНЫҢ СУ
ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
31
Джангазиева Б.Ж., Дарбеккызы Д.
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЗИЯНКЕСТЕРІ
36
Джангазиева Б.Ж. Кожантаева Ш.
ШЕГІРТКЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ БИОГЕОЦЕНОЗДАҒЫ ОРНЫ
39
Жароева А.Ғ., Мұстажапова Қ.А.
ДУАДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ
44
Жароева А.Г., Нурадилова Г.
ДЕМОДЕКОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ – ДЕМОДЕКС КЕНЕСІНІҢ МОРФО-
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
47
Зинуллин З.А., Махимова Ж.Н.
ARTEMIA
SALINA
ШАЯНШАЛАРЫНЫҢ
ТАБИҒИ
ЖАҒДАЙДА
ӨСУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨСІРУ
50
Кадисова Г.Н.
ИММУНОБИОЛОГИЧЕСКИЕ СВОЙСТВА КРОВИ ГЕРЕФОРДСКОГО
СКОТА ОПЫТНОЙ СТАНЦИИ
54
Кадисова Г.Н.
НАСЛЕДУЕМОСТЬ ЖИВОЙ МАССЫ
57
Койшекенова Ж.А.
59
6
КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫМЕН ДАЛА ТӘЖІРИБЕСІН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мазяркина Т. Н.
ДЕТСКИЙ ЗООПАРК КАК СРЕДСТВО ОБУЧЕНИЯ
И ВОСПИТАНИЯ ШКОЛЬНИКОВ
63
Майданова М.Х., Садыков Р.С., Альжанова Б.С.
ЖАНАМА
АУЫЛЫ
МАҢЫНДАҒЫ
ОРМАН
ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
68
Садыков Р.С.,Орынғалиева Н.С.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА ӨСКЕН ҚАРА ЖӘНЕ
АЩЫ ЖУСАННЫҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТЕУ
71
Сахарнова З.Я.
БИОТОПИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА НАЗЕМНЫХ МОЛЛЮСКОВ ЛЕСНОГО
МАССИВА КАРА-АГАЧ
75
СЕКЦИЯ 2
ЭКОЖҮЙЕНІ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ПРОБЛЕМЫ СОХРАНЕНИЯ ЭКОСИСТЕМ
Абишева Ф.Н., Тауова Н.Р., Мустафина А.
ПРОБЛЕМЫ БИОРАЗНООБРАЗИЯ ВОДНОЙ АКВАТОРИИ КАСПИЙСКОГО
РЕГИОНА
78
Альжанова Б.С., Уразаева Л.М.
КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫНА ДАЛА ӨРТТЕРІНІН ӘСЕРІ
80
Бисембаева Т.Ш.
УТВА ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНЫҢ ФЛОРАСЫН ТАЛДАУ
84
Кайсагалиева Г.С., Габдулов Б.Г.
БУДАРИН МЕМЛЕКЕТТІК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚШАСЫНА СИПАТТАМА
88
Кубашева А. С.
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНДАҒЫ ДУБРАВА ҚОРЫҚШАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
91
Мулдаханов Н.Р.
МОЛОЧНАЯ ПРОДУКТИВНОСТЬ КОБЫЛ В ЗАВИСИМОСТИ ОТ ТИПА ИХ
ТЕЛОСЛОЖЕНИЯ В ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ УСЛОВИЯХ
97
Мустафина А.Ж.,Абишева Ф.Н., Тауова Н.Р.
ЖАЙЫҚ - КАСПИЙ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ГИДРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
99
Тауова Н. Р., Абишева Ф.Н., Мустафина А.Ж.
ЖШС «ҚҰЛСАРЫГАЗ» ӨНДІРІСТІК АЛАҢЫНАН АУАҒА ШЫҒАРЫЛАТЫН
ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ШЕКТІ РАУАЛДЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН АНЫҚТАУ
101
Тулегенова Д.К., ЕрмухановаН.М.
ТАБИҒАТТАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ - ПАРЫЗ
103
Дарбаева Т.Е., Удреева К.С.
ЖАЙЫҚ
ӨЗЕНІНІҢ
ОРТАҢҒЫ
АҒЫСЫНДАҒЫ
ШЕГІРШІН
ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ АНАЛИЗІ
106
Уалиахметова Ж.Н., Нарегеева Г.С.
ШАЛҚАР КӨЛІ АҢҒАРЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Утебалиева Б.Е., Имашев Э.Ж.
ОЦЕНКА
ЗАГРЯЗНЕНИЯ
АТМОСФЕРНОГО
ВОЗДУХА
И
ОХРАНЫ
ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ БАССЕЙНА РЕКИ ЧАГАН
110
113
Чекалин С.Г., Стороженко Н.А.
БИОИНДИКАЦИОННАЯ ОЦЕНКА СОСТОЯНИЯ ВОЗДУШНОЙ СРЕДЫ С
ПОМОЩЬЮ ДРЕВЕСНЫХ РАСТЕНИЙ
118
120
7
Чекалин С.Г., Фартушина М.М., Толстова Ю.
ОСНОВНЫЕ ПУТИ ВОССТАНОВЛЕНИЯ ЭКОЛОГИЧЕСКИХ ФУНКЦИЙ ПОЧВ
ТЕХНОГЕНННО НАРУШЕННЫХ ЗЕМЕЛЬ КНГКМ
Череватова Н.К., Мухаева С.В.
НЕКОТОРЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ ПРИРОДНЫХ ПОДЗЕМНЫХ ВОД ЗАПАДНОГО
КАЗАХСТАНА
124
СЕКЦИЯ 3
ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПРЕПОДАВАНИЯ
Ануарбекова Л. Ғ.
НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЕВА ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
127
Атаева Г.Н.
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДАҒЫ «ЖАНУАРЛАР» БӨЛІМІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
129
Ашимова Р.С.
АҚЫН САТЫБАЛДЫ ДАУМОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТУҒАН ЖЕР ТАҚЫРЫБЫ,
ӨСКЕН ӨЛКЕ ТАБИҒАТ
132
Бергалиева Г. К.
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
136
Бимагамбетова Г.А., Ахметова А.М., Даржигитова А.К.
КӨП ТІЛДІ БІЛІМ – КӨП МӘДЕНИЕТТІ ҰРПАҚ
139
Бимагамбетова Г.А., Базарбаева М., Адилгереева К.Д.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЗАМАН ТАЛАБЫ
143
Бимагамбетова Г.А., Бердіханова У.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
147
Бимагамбетова Г.А., Демекова Б.
КӘСІБИ ДЕҢГЕЙДЕГІ МҰҒАЛІМ – БИОЛОГИЯ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
БАСТЫ ТАЛАБЫ
150
Бимагамбетова Г.А., . Есенова К.Қ.
БАҒАЛАУ – САБАҚ НӘТИЖЕСІНІҢ КӨЗІ
152
Бимагамбетова Г.А., Мукашева Г.А., Құрмекеш Ә.Д.
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС- ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨЗІ
156
Бимагамбетова Г.А.,Мурзашева М.Б., .Адилгереева К.Д
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ
159
Бимагамбетова Г.А., Орынбасар С.М., Ережепова Т.А.
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
162
Газизова Л.Н., Байдулова Л.А., Усиев Е.Т.
ВЕСО-РОСТОВЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ УЧАЩИХСЯ Г.УРАЛЬСКА
166
Гайсина Г.А.
Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» РОМАНЫНДАҒЫ АЛҒЫС СӨЗДЕРДІҢ
ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
168
Ергалиева Г.А. Байырбек С.
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ
ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
170
Ергалиева Г.А. Кайрлиева У.Б.
МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫН
РУХАНИ
АДАМГЕРШІЛІККЕ
ТӘРБИЕЛЕУ
ЖОЛДАРЫ
172
Ергалиева Г.А. Кунарова Б.Б.
ОТБАСЫНДА ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
175
8
Ергалиева Г.А. Мамбеталиева А.З.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ РУХАНИ
ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ
178
Закиева Г. Ө.
СӘТТІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСПАЛДАҚТАРЫ
181
Ихласова Ж.М.
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
184
Қыдыршаев А. С.,Қыдыршаев О. А.,Меңдіғалиева А. С.
ШЕШЕНДІК – КӨШБАСШЫЛЫҚ НЕГІЗІ
187
Ляпина Л.Б.
РАЗВИТИЕ
МУЗЫКАЛЬНЫХ
СПОСОБНОСТЕЙ
У
СТУДЕНТОВ
С
ОГРАНИЧЕННЫМИ
ВОЗМОЖНОСТЯМИ
НА
ПРЕДМЕТЕ
«КОНЦЕРТМЕЙСТЕРСКИЙ КЛАСС»
192
Серікұлы Н.
ТЕРМОДИНАМИКА САЛАСЫНДА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫБІЛІМ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
194
Байдулова Л.А., Булатова К.Б. , Газизова Л.Н.
ОРНИТОФАУНА ПАРКА КУЛЬТУРЫ И ОТДЫХА Г.УРАЛЬСКА
198
Бисенгазиева А.С., Ізмағамбетова А.Б.
БҚО КЕЗДЕСЕТІН ANSERIFOMES ОТРЯДЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ КӘСІПТІК МАҢЫЗЫ
201
Бисенгазиева А.С., Нұржанова Б.А., Нұралиева Ж.М.
ДАЛАЛЫҚ САРАМАН УАҚЫТЫНДА PASSERIFORMES ОТРЯДЫН
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
204
Болатова Қ.Б., Зағыпарова А., Идеятолла А.
СИНАНТРОПТЫ БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР – АДАМ ПАРАЗИТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
207
Елеугалиева Н.Ж., Максутова А.
ФИЗИОЛОГО-БИОХИМИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ КРОВИ РЫБЫ
СИНЦА
(
BALLERUS BALLERUS)
РЕКИ УРАЛА
211
Рустенова Р.М.
БИОРИТМЫ И ФИЗИЧЕСКАЯ РАБОТОСПОСОБНОСТЬ УЧАЩИХСЯ
214
Сергазиев И.М., Хасангалиев Т.С.
СРЕДСТВА И МЕТОДЫ ЗАКАЛИВАНИЯ УЧАЩЕЙСЯ МОЛОДЕЖИ
220
Шайхиева М.А., Бохорова С.Н.
МАҢҒЫСТАУ КЛИМАТЫНА ТӘН ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕМДІК
ҚАСИЕТТЕРІ
224
Рустенов А.Р., Шайтімова А.Қ.
ЖЕМШӨПТІ СҮРЛЕМДЕУ КЕЗІНДЕ BACILLUS SUBTILIS БАКТЕРИЯ ТҮРІН
ҚОЛДАНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
227
Ахмеденов К.М.
РЕКРЕАЦИОННО-БАЛЬНЕОЛОГИЧЕСКИЙ ПОТЕНЦИАЛ
СОЛЯНОКУПОЛЬНЫХ ЛАНДШАФТОВ ЗАПАДНОГО КАЗАХСТАНА
229
Сарсенова Б.Б., Усенов Ж.Т., Шоныраев М.Ж., Сагадатова А.Ж.,
Ахбалина А.А.
ГЕОБОТАНИЧЕСКОЕ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЗАПАДНОГО УЧАСТКА ОКОТА
САЙГАКОВ УРАЛЬСКОЙ ПОПУЛЯЦИИ ЗА 2015 ГОД
233
Сарсенова Б.Б., Усенов Ж.Т., Шоныраев М.Ж.
ИТОГИ СОЦИОЛОГИЧЕСКОГО ОПРОСА ПРОВЕДЕННОГО СРЕДИ МЕСТНОГО
НАСЕЛЕНИЯ НА ТЕРРИТОРИИ ОБИТАНИЯ САЙГАКОВ
УРАЛЬСКОЙ ПОПУЛЯЦИИ
236
Ергалиев А.С., Беккалиева Г.М.
БИОЛОГИЯ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ІЗДЕНІС
ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУ НЕГІЗДЕРІ
240
9
Жигербаева А.У.
СОДЕРЖАНИЕ НЕКОТОРЫХ МИКРОЭЛЕМЕНТОВ В КРОВИ РЫБ В
ВОДОЕМАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
242
Муканова А.Д., Муканаева А.С
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
246
Кажымуратова Ж.С , Естайқызы Б.
ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ ОРТАҢҒЫ АҒЫСЫ ЖАЙЫЛМА ОРМАНДАРЫНДАҒЫ ЕМДІК
ҚАСИЕТІ БАР ӨСІМДІКТЕРДІҢ БИОЛОГИЯСЫ
249
Мулдаханов Н.Р.
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ КОБЫЛЬЕГО МОЛОКА ДЛЯ ДЕТСКОГО ПИТАНИЯ
254
Достарыңызбен бөлісу: |