Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет108/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128
ӘДЕБИЕТ 
1. Жаданов Т.Н., Құдайбергенов А.С. Еңбек қорғау. - Астана: Фолиант баспасы, 
2010. - 25 б. 
2. Жандаулетова Ф.Р.,  Торғаев Ә.Ә., Приходько Н.Г. Өрт қауіпсіздігі. - Алматы: 
Мектеп, 2013. - 33 б. 
3. Торғаев  Ә.Ә.,  Приходько  Н.Г.  Өрт  қауіпсіздігі  негіздері.  -  Алматы:  Ғылым, 
2013. - 40 б. 
4. Теребнев  В.В.,  Теребнев  А.Б.Управление  силами  и  средствами  на  пожаре.  - 
М.: Стойиздат, 2003. - 421 с. 
 


214 
ӨНЕР КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА 
ӨҢДЕУ, ЗАЛАСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ УТИЛИЗАЦИЯЛАУ 
 
Омербеков Тлектес Бекболатович,  
студент 4 курса специальности 
«Безопасность жизнедеятельности 
 и защита окружающей среды» 
 университета им. А. Мырзахметова, г.Кокшетау 
Научный руководитель - Капбасова Гульжанат Аскербаевна,  
магистр естетсвенных наук,  
преподаватель кафедры «Экологии, безопасность жизнедеятельности  
и защита окружающей среды»,  
университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау 
 
Бүгінгі таңда Жер қыртысынан шамамен 100 млрд т кен, отын, құрылыс 
материалдары алынады. Егіс алқаптарына 92 млрд т минералды тыңайтқыштар 
және  2  млн  т  улы  химикаттар  тарайды.  Жыл  сайын  6,07  млн  га  жердің 
топырағы жарамсыз болып қалады. 
Атмосфераға  200  млн  т  көп  көмірсутек,  146  млн  т  күкірт  диоксиді,  53 
млн.т  азот  оксиді,  250  млн  т  шаң  -  тозаң  бөлінеді.  Әлемдік  мұхит  кеңістігіне 
жыл сайын 3млн.т тазартылмаған су ағызндылары келіп түседі. 
Өнеркәсіптің  әртүрлі  салаларының,  солардың  ішінде  металлургиялық, 
целлюлоза  -  қағаздық,  энергетика  және  басқа  өндіріс  салаларының  бірден 
ұлғаюы  қалдықтар  мөлшерінің  бірден  көбеюіне  әкеледі.  Ағызынды  сулардың, 
термальды  қалдықтардың,  атмосфераға  шығарылған  газдар  мен  қатты 
қалдықтар  мөлшерінің  көп  болуы  -  қолданып  отырған  немесе  жобаланып 
отырған технологиялық сызбаның жетілмегендігін көрсетеді. 
Қоршаған  орта  ластануының  алдын  алу  мәселесі  адамзат  қоғамын 
қалыпты дамытуда  динамикалық  шешімді  талап етеді.  Басқа  жағынан алғанда 
бүгінгі  таңда  химиялық  өнеркәсіпсіз  халықты  тамақтық  өнімдермен 
қамтамасыз ете алмайды. Себебі, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер және 
пестицидтер,  азықтық  қоспалар  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  өнімділігін 
арттырады.  Химиялық  өнеркәсіп  табиғатқа  кері  әсерін  тигізетін  сала 
болғанымен,  бүгінгі  таңда  оның  өнімінсіз  табиғатты  қорғау  іс  -  шараларын 
өткізу  мүмкін  емес.  Жекелеп  айтсақ,  тек  химиялық  өнеркәсіп  қана  ағызынды 
сулар  мен  ауыз  суларын  тазартатын  реагенттерді,  коагулянттарды, 
флокулянттарды,  сорбенттерді,  ион  алмастырғыш  шайырлар  мен  басқа 
материалдарды  өндіреді.  Газдармен  тазарту  үшін  сіңіргіштік  қабілеті  бар 
барлық  мүмкін  болатын  ерітінділерді,  активтелген  көмірді  және  басқа 
сорбенттерді, сонымен қатар катализаторларды қолданады [1]. 
Химиялық өнеркәсіптің алдында автокөліктерден және басқа да қатынас 
көліктерінен  бөлінетін  газдарды  сіңіру  және  бейтараптауға  арналған 
катализаторлар  мен  сорбенттердің  көп  мөлшерін  шығару  жайында  өте  үлкен 
мәселе тұр. 
Табиғи  заттарды  химиялық  өнеркәсіп  өнімдерімен  алмастыру 
биосфераны  қорғаудың  жаңа  мәселелерін  туындатады,  себебі  химиялық 


215 
қосылыстар  табиғи  қосылыстармен  салыстырғанда  тұрақты  болады.  Мысалы, 
синтетикалық  пластмассалар  мен  жуғыш  заттарды  алуға  болады.  Оларсыз 
қазіргі кезде ешнәрсе істеуге болмайды, бірақ оларды тазарту мен қайта өңдеу 
үшін  арнайы  әдістер  қажет.  Сонымен  қатар  химиялық  өнеркәсіп 
қалдықтарының  қарқынды  өсуіне  байланысты  тұрмыс  қалдықтарының  да 
айтарлықтай көп мөлшері пайда бола бастады. Олар пластмасса, синтетикалық 
шайырлар,  үлдірлер,  химиялық  талшықтардан  жасалған  заттар.  Бұл  заттар 
белгілі  бір  қолдану  мерзімінен  кейін  өзінің  құндылығын  жойып,  оларды 
қалдыққа  тастауға  тура  келеді.  Сондықтан  химия  өнеркәсіптерінің  одан  ары 
дамуы,  қайта  қалпына  келмейтін  табиғи  ресурстарды  қолдануды  қысқарту 
мақсатында,  қалдықтардың  барлық  түрін  қайта  өңдеу  мен  жоюда  ондағы 
белгілі әдістерді дамытып және жаңа әдістерді жасауға тәуелді болады [2]. 
Қалдықсыз өнеркәсіптің даму талдауын бір ғана салаға шоғырландыруға 
болмайды,  керісінше  саудалық  өнім  өнеркәсібінің  бүкіл  цикліне  бағдарлау 
керек. Мысалы, тағамдық өнімдер өнеркәсібінің жүйесін қарастырайық. 
Тағамдық  өнімдер  өнеркәсібінің  дамуы  тыңайтқыш  және  өсімдіктерді 
қорғайтын химиялық заттарды пайдаланумен тығыз байланысты. 
Бірақ,  химиялық  заттар  өнеркәсібі  қалдықтың  өте  көп  мөлшерін  бөле 
жүреді,  яғни  өз  кезегінде  ол  топыраққа  ене  отырып,  ауылшаруашылық 
өнімдерінің өнімділігін төмендетеді. 
Тағамдық өнімдердің өнеркәсібі де басқа өнеркәсіптік қалдықтар сияқты 
ағызынды судың айтарлықтай мөлшерін бөледі. 
Қант  зауыттарындағы  суды  қолданудың  орташа  мөлшері  өңделетін 
қызылша  массасына  байланысты  80%  -  ға  дейін  жетеді,  немесе  өндірілетін  1 
тонна қантқа 60 м
3
 су кетеді. 
1  тонна  ашытқы  өндіруге  жұмсалатын  судың  мөлшері  100  м
3
  құраса,  1 
тонна  картопты  спиртке  айналдыру  үшін  25  м
3
  -  тан  көп  су  жұмсалады.Тіпті 
консервілеу  өнеркәсібіндегі  шыны  ыдыстарды  жууға  жұмсалатын  жуғыш 
ерітінділердің  мөлшері  1  л  сыйымдылыққа  1,25  литрден  көп  болады.  БПК 
мөлшері  осындай  көп  суларды  табиғи  су  қорларына  жіберу  қоршаған  ортаға 
экологиялық  қауіп  тудырады.  Дегенмен  ағызынды  суларды  толық  тазартып 
және  тұнбаларын  органо  -  минералды  тыңайтқыштарға  айналдыру  қауіпті 
эффектіні азайтады немесе толығымен бейтараптайды. 
Өнеркәсіпті қалыпты функционерлеу үшін, құрал - жабдықтар мен электр 
энергиясы қажет. Құрал - жабдықтар жасау өнеркәсібі металлургия сатысынан 
өтеді. Ал металлургия өнеркәсібі қалдықтың айтарлықтай көп мөлшерін бөледі. 
Ол қалдықтардың көпшілігі жер ресурстарына әсер етеді. Мысалы, алюминийді 
бокситтен  алу  өнеркәсібінде  глиноземнің  әр  тоннасынан  1  -  2,5  тоннаға  дейін 
қож алынады, ал сол қожды сақтау орындары үлкен аудан көлемін алып жатыр. 
Электр  энергиясының  көп  мөлшерін  минералды  отындарды  жағатын  ЖЭО 
өндіреді.  Қуаты  1000  МВт  болатын  құрамында  2,5%  күкірті  бар  көмірмен 
жанатын  бір  жылу  электр  станциясы  ауа  бассейніне  жылдына  400  мың  тонна 
күкіртті ангидридті бөледі [3]. 
Минералды  тыңайтқыштар,  кальцинирленген  және  каустикалық  сода, 
күкірт  қышқылы,  фосфор  өнеркәсіптерінен  қалдықтың  өте  көп  мөлшері 
бөлінеді.  Шикізатты  кешенді  түрде  қолдану  дәрежесін  жоғарылату  тек 


216 
химиялық  өнеркәсіпте  ғана  емес  басқа  салаларда  да  маңызды,  атап  айтқанда 
қара және түсті металлургияда, құрылыс материалдары өнеркәсібінде және т.б. 
салаларда маңызды өнімдер алуға мүмкіндік береді. 
Мысалы,  апатитті  -  нефелинді  кеннен  фосфат  шикізатымен  қатар 
портландцемент,  титандиоксидін,  глинозем,  сода,  фторлы  қосылыстар  және 
сирек - жер элементтердің қосылыстарын алуға болады. 
Пиритті  күйелердің  мөлшерінің  азаюы  олардан  сирек  және  түсті 
металдардың  қосылыстарының  бөлінуіне  және  қара  металлургия  үшін  темір 
окатыштерін  алуға  байланысты  болса,  фосфогипс  көлемін  қысқарту  -  одан 
цемент,  күкірт  қышқылын  және  байланыстырғыш  материалдар  алуға 
байланысты болады. 
Осылайша  химия  зауыттары  біртіндеп  тек  бір  ғана  салданы  емес,  бүкіл 
химиялық  өнеркәсіпті  толығымен  қанағаттандыруға  негізделген  құрылысты 
жетілдіруді  талап  ететін  кешендік  кәсіпорындарға  айналады.  Барлық  елдерде 
табиғи  ресурстарды  қолдануды  қысқартуға,  екіншілік  материалдық  және 
энергетикалық  ресурстарды  қолдануға  ұмтылуы  өнеркәсіптік  өндірістердің 
құрылымын едәуір өзгертеді.  
Қалдықтардың  классификациясы.  Химиялық  өнеркәсіптердің  құрамына 
30  -  дан  астам  кәсіпорын  салалары  кіреді.  Атап  айтқанда:  азот,  хлор,  сода, 
фосфор, калий, йод - бромды және химиялық - фотографиялық сала, минералды 
тыңайтқыштар  өнеркәсібі,  органикалық  бояғыштар  және  күрделі  органикалық 
синтез  өнімдері,  талшық,  пластмасса,  тұрмыстық  химия  тауарлары  және  т.б. 
Жоғарыда атап өткен салалардың көпшілігі жылына миллиондаған тонна өнім 
шығарады.  Көптеген  өнеркәсіп  орындарының  технологиясы  өте  күрделі 
болады.  Өндіріс  барысында  олар  әртүрлі  қалдықтар  шығарады.  Ол 
қалдықтардың біраз бөлігі қолданылады немесе бір жерге жинақталады, немесе 
бөлінген  газдармен,  ағызынды  сулармен  немесе  қатты  қалдықтармен  бірге 
кетеді.  Химиялық  өнеркәсіп  орындарынан  шығатын  қалдықтардың  жалпы 
алғанда 1200 - ден астам атаулары бар, олардың тек 30% - ға ғана толығымен 
немесе жекелей қолданылады. 
1 - кестеде химиялық өнеркәсіптің кейбір кәсіпорындары жиі шығаратын 
бейорганикалық қосылыстардың өнеркәсіптік қалдықтары көрсетілген. 
Химиялық  өнеркәсіптердің  шексіз  көбеюі  түзілген  қалдықтар  көлемінің 
көбеюіне және оларды бір жерде жинақтап сақтау, концентрлеу, утилизациялау, 
және залалсыздандырудың шығындарына алып келеді. Түзілген қалдықтардың 
бағалы  компоненттері  бар  үлкен  көлемінің  айтарлықтай  бөлігі  өнеркәсіп 
аймағына қайтадан қайтарылады. Қалдықтарды кешендік қолдану мақсатының 
жоспарын жасағанда, сол қалдықтың көлемі мен оның болашағы туралы дұрыс 
бағыт  жасау  керек.  Бұл  қалдықты  утилизациялау  мен  оған  жұмсалатын 
капиталдық шығынды анықтауға мүмкіндік береді. 
Әдеби  мәліметтер  бойынша  қалдықтарды  классификациялау  оларды 
өнеркәсіп  салалары  бойынша  қайта  өңдеу  мүмкіндігіне,  агрегаттық  күйіне, 
улылығына  және  т.б.  қасиеттеріне  байланысты  жүйелеуге  негізделген.Әрбір 
қажетті  жағдайда  қолданылатын  классификацияның  сипаттамасы  қарастырып 
отырған  аспектіге  сәйкес  келеді:  қоймада  сақтау,  тазхарту,  қайта  өңдеу, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет