Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУДЫҢ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет112/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128
Байланысты:
Sbornik

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУДЫҢ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ 
ЛАСТАНУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Өней Перизат Уатханқызы 
студенты 4 курса специальности «Экология» 
 университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау 
Научный руководитель - Аятхан Магаш Аятханұлы  
Доктор биологических наук,  
Профессор кафедры «Экологии, безопасность жизнедеятельности  
и защита окружающей среды»,  
университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау 
 
Қазақстан  Республикасы  өзен  су  ресурстарын  басқару  дағдарысы  су 
ресурстарын  қолдану  шегінің  табиғи  мөлшерінің  азаюы  кезеңінде  анық 
байқалады. Оның себебі табиғи - ресурстық потенциалдың азаюында емес, оны 
тиімсіз  басқару  және  пайдалануда  болып  отыр.  Су  ресурстарының 
тапшылығынан елдегі бар ауыл шаруашылығы өндірісінің потенциалын жүзеге 
асыруға, өнеркәсіп салаларының даму мүмкіндіктерін арттыруға, коммуналды - 
тұрмыстық  секторды  қажетті  мөлшерде  сумен  қамсыздандыруға  мүмкіндік 
болмай, 
халық 
шаруашылығын 
басқарудың 
қалыптасқан 
жүйесінің 
кемшіліктерін  көрсетеді.  Бұл  кемшілік,  әсіресе  Қазақстандағы  вегетациялық 
кезеңде қатты байқалады. 
Шекаралас мемлекеттер территориясынан келетін су ресурстары көлеміне 
Қазақстанның  тәуелділігі  артқан  сайын,  трансшекаралық  үдеріс  жағдайында 
өзен  су  ресурстарын  пайдалануды  зерттеудің  өзектілігі  арта  түсуде.  Су 
тапшылығы жағдайын ірі өзендердің Республиканың шет аумағынан ағуы және 
ішкі  өзен  бассейіндерінің  су  аздығы  қиындатады,  нәтижесінде  өз 
территориямыздың  аумағында  су  қоры  жеткіліксіз  қалыптасып,  тең  мөлшерде 
бөлінбеуіне  әкеп  соғуда.  Қазіргі  кезде  Қазақстанның  кең  көлемде  су 
ресурстарын  қолдану  және  қоршаған  ортаға  жаңа  проблемалар  туындатпай 
шаруашылық  айналымға  қосу  мүмкіндігі  азайған.  Сондықтан,  су  ресурстарын 
рационалды  пайдалану  және  қорғау  Қазақстан  Республикасының  және 
трансшекаралық  бассейіндері  ортақ  мемлекеттерінің  басты  міндеті  болып 
табылады.  Қазақстанның  шекаралас  мемлекеттермен  проблемаларды  бейбіт 
жолмен шешуді ұстанатын ел екенін атап өту керек. 
Шекаралас  мемлекеттердің  экономикалық  және  экологиялық  даму 
балансын  сақтау,  шаруашылықты  қауіпсіздікті  және  экологиялық  жағдайды 
ескере  отырып  жүргізу,  яғни  қоғам  мен  табиғаттың  гармониялық  даму 
талаптарына  сәйкес  болу  -  трансшекаралық  өзен  су  ресурстарын  басқару 
механизміне жаңаша қараудың қажеттілігінен туындады. 
Сонымен,  Қазақстан  Республикасының  трансшекаралық  өзен  су 
ресурстарын  басқаруды  жетілдіруді  қажет  ететін  қалыптасқан  проблеманы 
шешімі  халықаралық  деңгейде,  үкіметтік  және  азаматтық  қоғамның  бірігуі 
арқылы,  трансшекаралық  бассейіндердегі  мемлекет  аралық  байланысты 
күшейтудің жаңа механизмдерін талап етеді [1]. 
 


220 
Табиғи  ресурстық  потенциалға  кері  әсерін  азайту  және  ортақ 
қолданыстағы  су  ресурстарын,  оның  ішінде  интеграциялық  үдеріс  және  су 
жөніндегі  серіктестік,  өндірісті  кооперациялау,  тәжірибе  алмасу,  келіссөздер 
мен  ұзақ  мерзімді  келісім  -  шартқа  отыруда  компромисске  келу,  т.бшаралар 
барысында  трансшекаралық  үдерістердің  басымды  және  перспективалы 
бағыттарын  одан  әріғылыми  зерттеулердің  қажеттілігі  туындайды  және 
өзектілігінің артады.  
Халықаралық  тәжiрибенi  есепке  ала  отырып  ұлттық  және  аймақтық 
деңгейлерде  су  қорларын  бiрлесіп  пайдалану  бойынша  ғылыми  зерттеулер 
жүргізу 
Орталық 
Азияның 
су 
қорларының 
пайдаланудағы 
көп 
қайшылықтардың шешуiнiң негiзi болып табылады.  
Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп 
реттелуі  едәуiр  дәрежеде  олардың  тиiмдi  пайдалануына  әсер  етеді.  Тап  осы 
негізде  су  қорларының  қолайлы,  ұқыпты  және  тиiмдi  қолдануына  қамтамасыз 
етуге  жағдай  жасау  керек.  Мемлекеттер  арасында  трансшекаралық  өзендердің 
суын  пайдаланудың  шарттарын  қамтамасыз  етуде,  басты  мiндет,  су  қорларын 
басқарудағы  үйлесiмдi  саясатты  талап  ететiн  жолдарды  іздестіру.  Сондықтан 
қойылған  мақсаттың  табысты  болуы,  су  қорларын  басқарудың  төңiрегiдегi 
халықаралық  заңдарға  сүйене  отырып,  ұлттық  заңдардың  бір  -  бірімен 
жақындасуына  тәуелдi  болады.  Бұл  салада  мұндай  заңды  базаның  жасалуы, 
халықаралық  тәжiрибеге  сүйене  отырып,  сөз  жоқ  аймақтық  жағдайлар  есепке 
алынуы  тиiстi.  Шекарааралық  өзендердi  басқаруда,  халықаралық  тәжiрибенiң 
негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек. 
Трансшекаралық сулар - бұл бірнеше елдің шекараларын қосатын немесе 
сол елдер арасында шекара бола алатын кез - келген жер астындағы және жер 
бетіндегі  сулар.  Хельсинки  ережесі  бойынша  келіскен  жақтар  шекаралық 
қатынастарды  бақылап,  суды  жүйелі  түрде  пайдалану  қажет.  Қазіргі  әлемдік 
жағдайды  ескерсек,  яғни  бүкіл  әлемде  тұщы  судың  жетіспеуі  әсерінен 
шекаралық сулар жиі пікір - талас орталығы болып, келісімге отырған жақтар 
судың  қолдануын  қадағаламай,  оның  дамуына  кедергі  келтіреді.  Мысалыға 
алатын болсақ, яғни шекаралық судың ластануына екі ел - Ресей мен Қытадың 
шекарасында  орналасқан  Амур  өзенін  алуға  болады.  Амур  өзені  -  Солтүстік  - 
Шығыс Азияда орналасқан ірі су қоймаларының бірі. Ауданы жөнінен Ресейде 
төртінші  орын  алатын  болса,  ал  әлемде  тоғызыншы  орынға  жайғасқан.  Бұл 
оның әлемдік тұщы су саласында орны ерекше екенін көрсетеді. Сонымен қатар 
Амур өзені ихтиофаунаға өте бай, онда балықтың әр түрлі 138 түрі өмір сүреді. 
Ресейде  бұл  өзен  балық  шаруашылығы  саласында  ең  маңызды  рөлдің  бірін 
атқарады.  Өңірде  экономикалық  дамудың,  өнеркәсіптік  өндіріс  пен  жүк 
айналымының  өсуі  әсерінен  Амурдың  экожүйесіне  ауыртпашылық  та  артты. 
Қытай  тигізген  жағымды  емес  әсерлер  де  өзеннің  ластануына  себепші  болды. 
Өзен  аумағындағы  экологиялық  жағдай  шиеленіскен  ретінде  бағалануда. 
Амурдың жағдайы жыл артқан сайын кризисті жағдайға айналып бара жатыр. 
Трансшекаралық 
өзен 
бассейндерінде 
бірлесіп 
су 
пайдалану 
проблемаларын  шешу  бүкіл  трансшекаралық  бассейндер  шегінде  су 
ресурстарын  бірігіп  басқаруға  үйлесімді  көшу  мақсатында  Қазақстанның 
шектес  елдермен  ынтымақтастығын  кеңейтуді  талап  етеді.  Қазақстан  қол 


221 
қойған  халықаралық  шарттарға  сәйкес  барлық  трансшекаралық  өзен 
бассейндерінде  суды  пайдалану  және  су  ресурстарын  қорғау  мәселелерін 
бірлесіп  шешу  үшін  екіжақты  комиссиялар  мен  жұмыс  топтары  құрылған. 
Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерін 
орындау тетіктерін жақсартқан жөн болар еді [2]. 
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және трансшекаралық суларды 
басқаруды жетілдіру мынадай іс - шараларды көздейді: 
-  бірінші  кезеңде  (2009  -  2011  жылдар):  сулар  сапасының  бірлескен 
мониторингі жөніндегі ережелерді қамти отырып, Қазақстан Республикасының 
халықаралық шарттарын жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Республикасының 
көпжақты  халықаралық  шарттарының  өңірлік  шарттық  -  құқықтық  базасын 
кеңейту; 
-  трансшекаралық  су  арналары  мен  халықаралық  көлдерді  қорғау  және 
пайдалану  жөніндегі  конвенция  (1992  жыл)  шеңберінде  Су  және  санитария 
мәселелері жөніндегі хаттамаға қол қою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 
-  Қазақстанның  Халықаралық  су  ағындарын  пайдаланудың  кеме 
жүзбейтін  түрлерінің  құқығы  туралы  конвенцияға  (1997  жыл)  қосылуы 
бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 
-  Қазақстан  мен  шектес  мемлекеттердің  су  заңнамасына  салыстырмалы  - 
құқықтық  талдау  жүргізу  және  трансшекаралық  өзендерді  басқару  саласын 
жетілдіру үшін ұсынымдар дайындау; 
- трансшекаралық өзендер бассейндерінде су ресурстарын кешенді игеру 
мен  ұтымды  пайдаланудың  жалпы  принциптерін  шектес  мемлекеттермен 
бірігіп айқындау; 
-  тараптардың  конвенциялар  мен  келісімдер  бойынша  міндеттемелерін 
ескеретін,  өзен  бассейндерін  басқарудың  бірыңғай  халықаралық  жоспарларын 
дайындаудың ресімдері мен әдістемесін әзірлеу; 
-  мемлекетаралық  бассейндік  су  шаруашылығы  ұйымдарының  әлеуетін 
арттыру. 
Екінші және келесі кезеңдерде (2012 - 2025 жылдар): 

еліміздің  нормативтік  құжаттары  мен  заңнамалық  актілерін 
халықаралық су құқығы нормаларымен сәйкес келтіру; 
- су ресурстарының сапасын сақтау үшін қажетті, келісілген ұлттық және 
халықаралық құқықтық құжаттарды әзірлеу; 
-  трансшекаралық  өзен  бассейндерінде  экожүйелік  қызметтер  үшін  ақы 
төлеу жүйесін енгізу; 
-  тараптардың  міндеттемелерді  орындауын  және  сақтауын  қамтамасыз 
ететін тетіктерді енгізу; 
-  су  ресурстары  жөніндегі  ұлттық  дерекқормен  алмасу  және  су 
тасқындары мен экожүйелердің ластануының салдарларын бәсеңдету бойынша 
шешімдер қабылдау жөніндегі өңірлік ақпараттық желі құру [3]. 
Өзеннің  трансшекаралық  ластануы  1996  жылдың  қыс  мерзімінде 
басталған.  Балық  аулайтын  кемемен  бес  тоннаға  жуықтағамға  жарамсыз, 
химиялық  иісі  бар  балықтарұсталған.  Оның  65  -  75%  -  ы  жағымсыз  иісі  мен 
дәмі бар балықтар.Бұл фенолдыластану - адам өмірі мен денсаулығына зиянын 
тигізіп,  өзеннің  экологиялық  жүйесін  бұзады.  Бұл  ластанудың  қайдан  келгені 


222 
белгісіз  болғанымен,  күнделікті  қолданыстағы  су  мен  өзен  балықтарының 
фенолмен  ластануыжергілікті  тұрғындардың  өміріне  едәуір  әсерін  тигізгені 
нақты  анықталған.  Адамдар  мен  жануарлардың  уланған  жағдайлары  болған. 
Бірақ,  балықтардың  құрамындағы  ұшқыш  органикалық  қосылыстар,  мысалы, 
этанол,  метанол,  сірке  альдегиді,  қышқылдардың  эфир  майлары  және  т.б. 
заттардың  кездесуі  басты  мәселе  болып  табылған.  Жорамалдың  шынына 
келсек, бұл ластанудың аймақаралық тасымалдануы Қытай территориясындағы 
Амурдың жоғарыдан ағатын ағыстарында болып тұр. Амур тармақтарының бірі 
Сунгарида  мұнай,  мұнайды  қайта  өңдеу,  химиялық,  машина  құрылысы, 
сонымен  қатар  тауқазба  зауыттары,  пластмасса,  қағаз,  тыңайтқыш,  жасанды 
талшықтар 
т.б. 
өндіріледі. 
Амур 
өзені 
суының 
сапасының 
нашарлауынаөндірістің  осы  түрлері  өте  үлкен  әсерін  тигізді.  Бұл  ластанған 
жерде  ғана  емес,  сонымен  қатар  300  шақырым  қашықтықта  да  байқалған. 
Амурдағы  Сунгаридан  200  шақырым  қашықтықта  жасалған  зерттеулерге 
қарағанда, азотты қосылыстардың 80% - ыменфосфор қосылыстарының 70% - 
ы және ауыр металдардың иондары (марганец, қалайы, темір т.б.) «сунгарлық» 
болып  табылды.  Осы  химиялық  қалдықтармен  уланған  балықтар  аз  мөлшерде 
болғанымен,  балық  қорының  азаюына  айтарлықтай  себебін  тигізген. 
Организмге түскен улы заттар буын еттерін тартып және зат алмасу құбылысын 
бұзады.  Амур  өзенінің  проблемасы  Хабаров  аймағының  негізгі  экологиялық 
проблемасына айналып отыр.  
Трансшекаралық  мәселелер  туралы  айтқанда,  ғаламдық  ахуалға  қарай 
ойысып  кеттік.  Меніңше,  су  мәселесінде  алдымен  ішкі  мәселелерді  шешіп 
алған  дұрыс.  Мәселен,  Сырдарияның  суын  бөліске  салу  туралы  келісім  бар. 
Керісінше,  ішкі  мәселелерге  байланысты  түйткілдер  көп.  Қытайлар  Ертіс  пен 
Іленің  бойындағы  жердің  70  пайызын  игеріп,  су  қоймаларын  салып  барып, 
бізбен  келісімге  келуге  мүдделілік  танытты.  Яғни,  ішкі  мәселелерін 20  жылда 
шешіп алды [4]. 
Біз  –  судың  тұтынушысымыз.  Өзіміздегі  судың  қоры  аз  екені  анық. 
Әлемнің 
ғалымдары, 
тарихшылары, 
саясаттанушы 
мен 
геосаясаттанушыларының  айтуынша,  ХХІ  ғасырдың  соғыстары  жер,  темір, 
мұнай  үшін  емес,  су  үшін  болуы  ықтимал.  Көптеген  басталып  келе  жатқан 
немесе осыдан 50 - 100 жыл бұрын басталған геосаяси қақтығыстардың көбісі 
айналып  келгенде  судың  әңгімесінен  тарайды.  Үндістан  мен  Пәкістан,  Иран 
мен  Израильды  алайық.  Мұнайдың  да  қадірі  кетіп  барады.  Ғалымдар  айтады, 
егер  дәл  бүгінгі  жағдай  жалғаса  беретін  болса,  бір  дерек  бойынша  Балқаш 
көлінің үштен бірі, ал екінші дерек бойынша бестен бірі ғана қалады. Сондай - 
ақ Орал өзені мүлдем суалып, ал Жайықтың үстінде тұрған Ресей қалаларының 
белсенді жұмыс істеп, оған күл - қоқысын төгуі өзеннің шайылып, бізге жетпеуі 
түбі  Каспий  проблемасына  және  басқа  да  мәселелерге  алып  келуі  ықтимал 
жеген жорамалдар айтылады. 
Су  –  экономика.  Кез  келген  мемлекеттің  қозғаушы  күші.  Экономика 
жағынан алғанда, өркениетті елдер пайдаланған суды қайтадан тазалайды. Бұл 
қымбат  процесс.  Біз  төрт  мемлекетпен  жұмыс  жасаймыз.  Сондықтан  әр 
мемлекет  суды  пайдаланған  соң  суды  көршілерге  жібере  салады.  Ол  –  арзан. 
Лас су бір мемлекеттен екіншісіне ауысады. Бұл халықаралық тұрғыдан шектеу 


223 
қойылған нәрсе. Әр мемлекет өз күшіне қарай жүзеге асырады. Су – экология 
емес, экономика. Судың тазалығы, жеткілікті болуы маңызды [5]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет