Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет113/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   128
ӘДЕБИЕТ 
1. Қазақстан Республикасы су кодексі 1993 // СПС «Параграф».  
2. Мин  У.  Интенсификация  работы  биологических  прудов  доочистки  сточных 
вод. - М.: Мысль, 1999. - 56 с. 
3. Баешов  А.Б.,  Сарбаева  Г.Т.  Электрохимиялық  анализ  әдістері.  -  Шымкент: 
Капитал - плюс, 2003 - 45 б. 
4. Гляденов С.Н. Очистка сточных вод // Традиции и новации. - М.: АСТ, 2001. - 
№2. - С. 15 - 17.  
5. Яковлев С.В., Демидов О.В. Современные решения по очистке природных и 
сточных вод. - М.: Мысль, 1999. - 124 с. 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН 
ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР 
 
Санаков Дамир Ержанович,  
студент 4 курса специальности «Экология» 
 университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау 
Научный руководитель - Аятхан Магаш Аятханұлы  
Доктор биологических наук,  
Ст. преподаватель кафедры «Экологии, безопасность 
жизнедеятельности и защита окружающей среды»,  
университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау 
 
«Бурабай»Мемлекеттік ұлттық  табиғи саябақ  ҚР  Үкіметімен 2000  жылы 
12  тамыздағы  №1246  қаулысымен  Ақмола  облысының  Щучье  және 
Еңбекшілдер әкімдігінің аумағында құрылды. 
Ұлттық  парктің  жалпы  көлемі  83150  гектарды  құрайды.  Ұлттық  парк 
республикалық  дәрежедегі  ерекше  қорғалатын  табиғат  аймақтар  жүйесіне 
жататын  табиғат  қорғау  мемлекеттік  мекемесі  болып  табылады  және  ҚР 
Президентінің қарауына жатады. 
Ұлттық  парк  заңды  тұлға  болып  есептеледі,  өз  балансы  және  банкте 
бюджеттік, ағымдық есеп шоттары, мемлекеттік тілде атауы мөрі және штампы, 
бекітілген  үлгідегі  бланкысы  бар.  Сондай  -  ақ  белгіленген  тәртіпте  бекітілген 
символикасы бар. 
Бурабай  Ұлттық  паркінің  негізгі  міндеттері:  экологиялық  жүйелерінің 
бүтіндігін,  эталондар  және  бірегей  табиғат  комплексті  объектілермен,  тарихи, 
мәдени ескерткіштерді, тарихи мұраның басқа объектілерді сақтау, сондай - ақ 
оларды  зерттеу,  бұзылған  табиғи  және  тарихи  -  мәдени  комплекстер  мен 
объектілерді қалпына келтіру [1]. 
Мемлекетттік  ұлттық  табиғи  парктің  жағдайларды,  орман  ресурстарды, 
орман  масссивті  -  эстетикалық,  емдеу  –  сауықтыру  құндылығы  және  туристік 
рекреациялықмүмкіндігі  жайында  толық  білу  үшін,  оның  қысқаша 


224 
сипаттамасына тоқталу қажет.  
1989  жылы  Көкшетау  облыстық  атқару  комитеті  Бурабай  ұлттық  паркін 
құру  туралы  ынта  білдірді.  Ақпараттық  экология  орталығының  табиғат 
кооперативі,  Қазақ  ССР  -  ң  мемлекеттік  экология  комитеті,  Бурабай 
мемлекеттік  ұлттық  паркінің  сызбасының  ғылыми  негізі  жасалынды.  Шучье  - 
Бурабай  курорт  аймағы  шеңберінде  табиғи  жағдайлары  мен  антропогендік 
кешендердің 
бұзылуы 
зерттелді. 
Климаты, 
геологиялық 
және 
геоморфологиялық  құрылысы  мен  жер  асты  сулары,  топырақ  жамылғысы, 
омыртқалы  жануарлар  дүниесі,  көлдердің,  гидробиология,  ихтифунистикалық 
сипаттамасы енгізілген аймақтың толық физикалық, географиялық сипаттамасы 
жасалынды.  Ауа  және  су  бассейндерінің  ластануы  анықталып,  геологиялық 
орта  мен  топырақ  жамылғысының  бұзылуы  және  антропогендік  қызметтің 
жануарлар дүниесіне әсері анықталып, іс жүзіне асырылды [2]. 
Қарастырылып  отырған  аймақ  орманды  дала  және  далалық  климатқа 
жатады.  Климат  шұғыл  -  континентальды,  жазы  ыстық,  қысы  суық,  қыстан 
жазға ауысу өте жылдам өтеді.  
Жаз  уақытында  ауаның  температурасы  айтардықтай  жоғары  екені 
байқалады  (шілдеде  –  орташа  19º  -  20º).  Ауа  температурасы  абсолюттік 
жоғарылылығы  39º  -  40º  жылдың  жылы  уақытында  атмосферада  және 
топырақта  құрғақшылық  байқалады.  Бұл  Арктикалық  -  Сібірдің  құрғақ  ауа 
массалары  жиі  соғумен  байланысты.  Жыл  бойы  ауа  температурасы  үздіксіз 
жүрісі  байқалады.  Жыл  маусымдарының  ауысуы  негізінен  қыста,  көктемде 
және күзде байқалады.  
Жауын - шашынның жылдық орташа мөлщері 295 мм., оның көп мөлшері 
жаз айларына келеді, орташа мөлшері 50 - 70 мм. шамасында. Желдің соғуының 
басты  бағыты  оңтүстік  –  батыс  (орташа  32%).  Желдің  жылдамдығының 
жылдық орташа көрсеткіші 3,5 - 4,5 м/с. шамасында. Желдің жылдамдығының 
ең жоғарғы көрсеткішісекундына 8,3 м/с., ал ең баяуы секундына 2 м/с. Ерекше 
көзге  түсетін  маусымдық  сипат  байқалмайды,  жазғы  жауындар,  найзағайлар 
ойнаған нөсер түрінде өтеді, қар жамылғысы біркелкі емес, алғашқы қар қазан 
айының соңғы тоқсанында жауады, қардың қалыңдығы шамамен 25 - 35мм.  
Бурабайдың геологиясын П.А. Драверт (1929, 1930, 1940) зерттеді. Оның 
айтуынша  Бурабай  орналасқан  қазақтың  бұл  қатпарлы  жерінде  палеозой 
дәуірінде  аралдар  мен  түбектері  шығып  тұрған  теңіз  болған.  Тау  түзелу 
процестері нәтижесінде бірте - бірте теңіз жойылып, оның орнында көлдер мен 
лагундар  пайда  болып,  оларды  көмір  түзілу  процесі  жүріп  жатты.  Палеозой 
эрасының  аяғында  мүмкін  пер  кезеңінде,  Бурабай  маңында  түзілген 
породалардың  қуатты  қабаттары  жарылып,  массивті  гранитпен  алмасып,  бұл 
процестер  нәтижесінде  гранит  қабаты  құрылым  түріне  гранит  гнейстерге 
айналды.  Үлкен  қысым  мен  жоғарғы  температурада  түзілген  тпородалар  мен 
граниттік  интрузиясын  өзгерістерге  түсірді  де  оларды  гнейстерге,  слюдалық, 
хлоридтік,  жалғанмүйіз  слоництер,  мүйізшілер  түріне  айналды.  Кей  жерлерде 
известняктар кристаллтүгіне енді [3].  
Бурабайдың  көптеген  жоталары  мен  жартастарының  шындары  алып 
жастықтарды  елестетін,  шеті  дөңгілене  біткен  дәу  плиталардың  қалап 
қойғандай әсер береді. Геологияда мұны гранит массивы деп атайды. Граниттің 


225 
жел  мен  мүжілуі,  тәуліктік  және  жылдық  температура  кенет  өзгеруінің  бұзу 
әрекеті,  судың  химиялық  және  техникалық  әрекеті  олшындарда  көптеген 
апандардың, тесіктердің пайда болуына әкеліп соғады. 
Осының  нәтижесінде  таулар  да,  шыңдар  да,  ғажайып  фантастикалық 
түрге енеді, Бурабайды ерекше тартымды да көрікті етті. Бурабай граниттерінде 
алюминий,  темір,  магний,  хром,  марганец,  никель,  ванадий,  мыс  және  радио 
активті элементтер бар [4]. 
Аймақтың  геологиялық  және  тектоникалық  құрылымы  оның  қазіргі  жер 
бедерінен  көрініс  тапты.  Мұнда  оның  үш  түрі  кездеседі:  аласа  таулы,  ұсақ 
таулы  және  жазық.  Көкше  тауларыбатысқа  қарай  ұзындығы  35  шақырымға 
созылып жатқан шағым тау тізбегін құрайды. Оның оңтүстік қанаты Щучинск 
қаласына  таяу  келіп,  солтүстігіне  Айнакөл  көліне  тіреліп,  Бөлектау  тауымен 
бітеді.  Тізбек  оңтүстік  және  солтүстік  жотадан  тұрады,  орта  тұсында 
Ақылбайасуындааласарып  екіге  бөлінеді.  Тізбектің  ең  биік  нүктесі  –  Көкше 
шыңы  солтүстік  жотада  орналасқан.  Оның  теңіз  деңгейінен  биіктігі  887м., 
оңтүстік  жотасының  ең  биік  нүктесі.  Көкше  шыңынан  Бурабай  аңғарының 
ғажайып  тұтас  көрінісі  ашылды.  Одан  солтүстікке  қарай  Жекебатыр  тауы 
жатыр.  Тау  беткейлері  өте  тік  45  -  60º,  тік  жартастар  жиі  кездеседі.  Көкше 
шынының  оңтүстік  беткейінің  кішігірім  Иманай  бұлағы  шығады  да  Аулие 
көліне  құяды.  Орман  жапқан  таулар,  аймақта  жайлы  климат  қалыптастырып 
жазда  ауа  температурасын  реттеп,  жауын  -  шашынды  көбейтіп,  дала 
желдерінен  қорғайды.  Ұсақ  таулы  бедер,  Щучье  мен  Бурабай  аралығында 
Көкше  тауларын  солтүстік  –  батыста  қоршап  тұр.  Бұл  бедерге  жоталар, 
созыңқы  жалдар  тән.  Олардың  биіктігі  5  және  20  метр.  Жоталар  мен  таулар 
күмбез тәрізді. 
Жазықтар  жалпақ  рельефті  болып  келеді,  кез  келген  жерлерде  көне 
магматикалық  породалар  байқалады.  Арнайы  әдебиеттер  мұндай  рельефті 
пенеплан  деп  атайды,  аудармалы  жазық,  ол  бір  кездерде  биік  таулардың 
бұзылуының нәтижесінде пайда болған. Мұндай рельеф солтүстікте, аймақтың 
батыс  шетінде  кездеседі.  Жазық  Сарыбұлақ,  Қарабұлақ  өзендері  таяз 
аңғарлармен,  көл  апандарымен  жыраланған.  Мұнда  ұсақ  түрлі  бедерлер  де 
кездеседі [5]. 
Қарастырылып  отырған  аймақ  өзінің  көлдері  көптігімен,  өзендер 
жүйесінің аздығымен сипатталады. 
Өзендер.  Қар  судың  негізгі  қоры  болып  табылады.  Көктем  қар  суының 
тасуы сәуір айының екінші тоқсанында басталып, 5 - 15 күнге дейін созылады. 
Кіші  су  жолдарымен  қар  суы  бір  рет  өтеді.  Су  тасқынынан  кейін  суы  тапшы 
ұзақ  мерзім  басталады.  Су  тек  Сарыбұлақ  өзенінде  ғана  сақталады.  Қыста 
кішігірім  су  жолдарын  қар  басады.  Аймақтың  көтеріңкі  бөлігінде  өзендер  аз. 
Кішігірім  өзендер  мен  уақытша  су  жолдары  80%  қар  суымен,  15%  жаңбыр 
суымен және тек 5% ғана жер асты суымен қоректенеді. 
Аумақтың  гидрологиялық  жағдайы  оның  геология  және  морфологиялық 
құрылымының нәтижесі. «Көкшетау гидрогелогия» АҚ материалдары бойынша 
Бурабай  гранитті  массивінде  бес  сулы  көкжиек  бар.  Сулы  көкжиек  ширекті 
шөгінділерге  жатады.шөгінділер  солтүстік  -  шығыста  және  Әулиекөл, 
Шортанды көлдерінің жағасында таралған. Су көздері құмды грави және ұсақ 


226 
тасты  қабаттарында  орналасқан.  Гранит  барлық  жерде  таралған  15  -  20  метр 
тереңдікке  дейін  граниттің  көп  бөлігі  мүжілген.  Сонымен  бірге  олар 
тектоникалық жарықшақтармен ерекшеленеді. Жер асты сулардың тереңдігі 0, 
2  -  12,4  метрге  дейін  жетеді.  Судың  қабаты  30  -  60  метрге  дейін.  Бурабай 
граниттік кеніштерінің дебиті 0,2 - 10 л/сек. Гранит сулары аңғарларында бұлақ 
түрінде  ағып  шығады.  Жер  асты  сулардың  минералдануы  0,03  -  0,5  г/л.  Жер 
суының  сапасын  ескере  отырып,  олардың  санаториялар  мен  демалыс  үйлер 
үшін ішімдік ретінде ұсынуға болады. «Көкшетау гидрология»АҚ мәліметтері 
бойынша  пайдаланатын  жер  асты  суларының  қоры  мен  табиғи  ресурстары 
берілген [5]. 
Бурабай көлінің су жинау алаңының көлемі 164 шаршы км., фильтрация 
коэффициентінің  орташа  көрсеткіші  0,18,  жауын  -  шашын  көлемі  –  110  мм. 
Қазіргі  уақытта  жер  асты  сулармен  Шортандыкөл,  Әулиекөл  маңайындағы 
санаторилер, демалыс үйлер, лагерьлерқамтамасыз етіледі [5]. 
Өсімдіктер дүниесі. Бурабай өлкесі қазақстанның орманды дала аймағына 
жатады.  Ландшафтың  ерекшелігіне  (Көкшетау  жотасы)  орай  өсімдіктердің 
орманды,  дала,  батпақ  түрлері  тараған.  Ұлттық  парктің  өсімдіктер  дүниесі 
алуан түрлі, қарағай, қайын ормандарының кезектесуімен ерекшеленеді. 
Саябақтың  өсімдіктер  дүниесі  Көкшетау  жотасының  ландшафтымен 
тығыз  байланысты.  Оның  көтеріңкі  орналасуы  және  қатты  қиғаштығы,  басқа 
аймақтарға  қарағанда  жауын  -  шашынның  көптігі  (300  –  500  мм.),  ылғалдың 
көптігі дала зонасында шалғын ландшафтының өмір сүруіне жағдай жасайды. 
Саябақ  айлағында  орманды  батпақтар  кездеседі.  Гранит  массивы 
аумағындағы  тұщы  көлдердің  жоғалуының  салдарынан,  қайың  -  қарағай 
орманды  батпақтанған  бөлігі.  Онда  жас  қайыңдардың  қаулап  өскен  және 
шіріген ағаштардың құлап жатқандықтан, аяқ алып жүруге өте қиын. 
«Бурабай»  Мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағының  аумағы  -  шексіз 
орман,  олай  болса,  ол  жерді  саңырауқұлақ  патшалығы  деп  те  айтуға  болады. 
Саңырауқұлақтардың  орындарын  қарағай,  қайың  ормандарда  кездестіруге 
болады. Ал оның кейбір түрлері ашық алаңқайларда, жол жиегінде де өздерін 
керемет сезінеді [5]. 
Бурабай  ормандары  бұрынғы  кезде  қазіргідей  болмаған.  Мұздық 
дәуірінен  мұнда  қарағай  емес,  емен  мен  үйеңкі  өскен.  А.В.  Жарковтың  1929 
жылғыҚарасым  көлінде  бұрғылау  жұмыстары  өткізілгеннен  кейін  ашылды. 
Бурабайда  бұл  ағаштардың  қалдықтарының  табылуы,  баяғы  заманда  бұл 
жерлерде  жылы  да  ылғалды  климат  қажет  ететін  жапырақты  ормандар  өскен. 
Мұздық дәуірінен кейін бұл ормандар қарағай ормандарға ауысқан.  
Гидрография  және  гидрологиялық  жағдайлар.  Саябақ  аумағындағы  су 
ресрстары  негізінен  көлдерден  және  шағын  бұлақтардан  тұрады.Көкшетау 
маңындағы көлдер тектоникалық түрге жатады. Олар көлемді, терең және суы 
тұщы  болып  келеді.  Ең  ірі  көлдерге  Үлкен  және  Кіші  Чебачье,  Шортанды, 
Бурабай жатады. 
Әрбір  ірі  су  қоймалардың  жанында  демалыс  аймақтары  және  елді 
мекендер  орналасқан.  Көтем  -  жазғы  кездерінде  бұл  су  қоймалардың 
жағалауына демалушылар көптеп келеді. 
 


227 
Таулы  -  орманды  массивінде  орналасқан  кішігірім  көлдер  сол  жерде 
мекендейтін жануарлар үшін аса маңызды. Оған Горное, Лебяжье, Үлкен және 
Кіші Карасье, Светлое көлдері жатады. 
Кішігірім  дала  көлдері  ұлттық  саябақтың  шет  жақтарында  орналасқан, 
олар қар суымен толығып отырады. Олардың суы тұзды және ащы, таяз және 
тұйық. Суағындары бұлақтармен және кішігірім өзендермен берілген. 
Ең ірі өзен Бурабай көліне құятын, ұзындығы - 24 км. – Сарыбулак.  
Бұл  жерлердің  ең  көрікті  жерлері  Кокшетау  тауы,  Абылайхан  алаңы, 
Абылайхан  тағы,  Бурабай  тауы,  Жекебатыр  тауы,  Жұмбақтас,  Ақылбай  асуы, 
Болектау, махаббат үңгірі, Ыбырай соқпағы, Кенесаря Касымұлы үңгірі. 
Көкшетау  таулары  батыс  бағытта  дөңестеніп,  35  шақырымға  созылып 
жатқан  кішігірім  тау  тізбегінен  тұрады.  Ол  оңтүстік  қанатпен  Щучинск 
қаласына жақындап, солтүстігінде айнакөлге тіресіп Бөлектаумен бітеді. Тізбек 
Оңтүстік  және  Солтүстік  жоталардан  тұрады,  олар  орта  тұсында 
Ақылбайасуымен  аласарып  бөлінеді.  Бүкіл  жотаның  ең  биік  нүктесі  –  Көкше 
шыңы  –  Солтүстік  жотада  жатыр.  Оның  теңіз  деңгейінен  биіктігі  –  947  м. 
Айнакөл  көлінен  салыстырмалы  биіктігі  –  640  м.  Көкше  шыңы  тасты,  мұнда 
алып тастар орын алған. 
Абылай  алаңының  ауданы  Әулиекөл  жағасынан  250*500  м.  Солтүстік  - 
шығыста  және  солтүстік  -  шығысында  –  Көкшенің  тау  ұштары.  Қазіргі  кезде 
мұнда  автокөлік  тұрағы  орналасқан,  осы  жерден  экспедиция  жүргізіледі. 
Бурабай шатқалының көрікті жерлерінен таныстыруды бастайды [5]. 
1991  жылы  бұл  алаңда  Абылайдың  280  жылдығына  байланысты  стела 
орнатылған.  Көкше  тауының  оңтүстік  жотасының  ең  биік  нүтесі  –  Бурабай. 
Көкше  тау  тізбегінің  орталық  бөлігінде  орналасқан.  Бурабай  тауынан 
солтүстікке  қарай  –  Жекебатыр  тауы  тұр.  Абылайхан  алаңынан  Ақылбайасуы 
аялдамасы  тұсынан  жақсы  көрінеді.  Шынында  да  алыстан  қарағанда,  жасыл 
орман  көрпесі  үстінде,  мәңгі  ұйықтап  жатқан  дұлығасы  шешілмеген  алып 
батыр бейнесі көз алдына келеді. 
Ұлы  Оқжетпес  Абылай  хан  алаңынан  300  м.  жерде  орналасқан. 
Әулиекөлден  солтүстік  -  батысында  орналасқан  Оқжетпес  қыры.  Теңіз 
деңгейінен биіктігі – 300 м.  
Әулиекөл  көлінің  солтүстік  бөлігінде  Көкше  мен  Теміртау  тау 
ұштарының  аралығында  терең  жағаға  шығанақ  ішке  кіріп  тұрады.  Ортасында 
жегі  үгіткен  қабатта  тіктес  гранит  қабаты  таңқаларлық  пішінді  құрастырады. 
Ежелден Жұмбақтас аталатын ғажайыптас мүсіндері. Көпшілік оның осы атын 
суреттеп «Сфинкс» деп атайды. 
Атап  өткеніміздей,  Көкше  тауының  орта  тұсында  бедерлігі  аласарып, 
Ақылбай асуымен Оңтүстік және Солтүстікжоталарға бөлінеді. Диаметрі 5 - 6 
м. тас, тас өзенді елестетеді.Бұл қызықтыгеолого - геоморфологиялық құбылыс 
толық зерттеуді талап етеді. 
Айнакөл  мен  Әулиекөл  аралығындағы  тар  мойнақ  Көкше  тауының 
жалғасы  болып  табылады.  Әулиекөл  деңгейінен  Теміртау  –  175  метрге, 
Бөлектау  –  146  метрге  көтеріледі.  Бөлектау  етегінде  ҚР  Қарулы  күштер 
министрлігінің демалыс орны орналасқан [3]. 
 


228 
Әулиекөл көлінің тереңдігі әркелкі: ең тереңі солтүстік бетінде, оңтүстік - 
батыс  және  батыс  бөлігі  таяз,  қамыс  және  басқа  өсімдіктер  басып  кеткен. 
Әулиекөлініңсолтүстік жағалауы – тасты, шығысы – құмды, түбі – тегіс, құмды, 
таза, жағажай құрғақ қарағайлы орманмен ұласады [5]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет