Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


САҚ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ



Pdf көрінісі
бет35/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128
Байланысты:
Sbornik

САҚ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ 
ТУРАЛЫ ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕР 
 
Ис2ЖО - тобының студенті Оспанов Ж.Н. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Бекишев К.О. 
 
Б.з.б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны 
және Қазақстанды қамтитын кең - байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп 
аталатын  көптеген  көшпелі  тайпалар  мекендеген.  Б.з.б.  V  ғасырда  батыс 
тарихының  атасы  Геродот  және  басқа  антик  тарихшылары  оларды  Азия 
скифтері деп атаған.  
Сақ  тайпалары  Солтүстік  Қара  теңіз өңірі  мен  Днепр  бойын  мекендеген 
скифтердің  және  төменгі  Еділ  бойы  мен  Оңтүстік  Орал  өңіріндегі 
савроматтардың, парсылардың Кир мен I Дарий патшалардың және Александр 
Македонский  дәуіріндегі  гректердің  замандастары  болған.  Олар  ежелгі 
парсылармен  тығыз  қарым  -  қатынастар  жасап  отырған,  тіпті  б.з.б.  VI  -  V 
ғасырларда  сақтардың  бір  бөлігі  Ахеменидтер  империясының  құрамына  да 
кірген.  
Ежелгі  жазбаша  деректемелердің  сақтардың  тайпалық  одақтарына 
қатысты мәліметтерін екі топқа: 1) антик деректемелерінің деректері: Геродот 
(б.з.б. V ғ.), Ксенофонт (б.з.б. VI - V ғғ.), Птолемей (б.з.б. II ғ.); 2) ежелгі парсы 
(ахменидтік) сына жазбалары топтарына бөлуге болады. 
Көне  парсы,  элам  және  аккад  тілдерінде  құрастырылған  Дарий  мен 
Ксеркс  патшалардың  жазбалары,  сондай  -  ақ  көне  ирандықтардың 
зороастриялық діни кітаптарының жинағы - «Авеста» маңызды деректемелерге 
жатады.  I  Дарийдің  Бехистун  жазбасының  бесінші  бағанының,  Накши  - 
Рустемдегі  «а»  жазуының,  Персепольдегі  «е»  мәтінінің  және  Сузыдегі 
жазбалардың ерекше маңызы бар. Бұл мәтіндерде Ахменид империясы бірнеше 
дүркін  қақтығысқан  солтүстік  -  шығыс  елдерінің  тарихи  фактілері  мен 
тайпалардың  аттары  бар.  Дарий  мен  Ксеркстің  уақыты  дәл  көрсетілген 


51 
жазбаларына  қарағанда,  «Авестаны»  зерттеудегі  ең  басты  қиындық  сол,  онда 
мейлінше  әр  түрлі  дәуірлерге  қатысты  мәліметтер  жинақталып,  араласып 
кеткен.  
Көне  грек  деректемелері  де  құнды.  Олардың  арасында  Геродоттың 
«Тарихы»  оқшау  тұрады  [1].  Цицеронның  Геродотты  тауып  атағанындай, 
«тарих  атасының»тоғыз  кітабынан  ертедегі  Қазақстан  тарихы  үшін  төртінші 
кітабы  неғұрлым  маңызды,  онда  Дарийдің  сақтарға  қарсы  жорығын 
суреттеумен  байланысты  Еуразия  тайпалары  туралы  толық  деректер 
жинақталған. 
«Тарихтың»  негізіне  парсы  мен  гректің  ауызекі  әңгімелері,  Геродоттың 
өзінің  байқаулары  мен  одан  бұрынғы  адамдардың  кейбір  жазбаша  хабарлары 
алынған.  Соңғылардың  арасынан  Гекатей  Милетский  мен  Аристей 
Проконесскийдің  еңбектері  көзге  түседі.  Одан  басқа  Страбон,  Полибий, 
Плиний, Помпей Трог және басқа да авторлар Ахеменид империясы мен сақтар 
туралы бірқатар мәліметтерді қалдырды. Алайда бұларда Қазақстанның ежелгі 
тайпалары мен халықтары туралы нақты ақпарат көп емес. Оларда келтірілген 
тайпалар мен халықтардың аттарын басқа мәліметтермен салыстыру өте қиынға 
соғады.  Сондықтан  жазбаша  деректемелер  маңызды,  дегенмен  де 
археологиялық деректемелермен салыстырғанда көмекші рөл атқарады. 
Қазақстан  аумағындағы  бақташы  тайпалар  туралы  ең  ертедегі 
деректердің бірі  Авестада  кездеседі.  Көне  Иран  жазбаларында отырықшы  мал 
өсірушілер  мен  егіншілердің  -  арийлердің  қоғамына  қарсы  қойылатын 
Қазақстан  мен  Орта  Азия  аумағындағы  шығысирандық,  көшпелі  тайпалардың 
бәрі  «туран»  деген  жинақталған  атпен  аталады.  Кейбір  зерттеушілер  тур 
халқын  ежелгі  грек  деректемелері  бойынша  массагеттер  деген  атпен  белгілі 
тайпалардың нақты тобымен байланыстырады [2]. 
Сына  жазуы  мәтіндерінің  кейбір  этнонимдері  грек  деректемелеріндегі 
тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы 
бойынша  Ахеменид  державасының  оныншы  әкімшілік  округіне  кірген 
ортокарибантийлері  тиграхауда  -  сақтарға,  амюргийлік  сақтар  -  хаумаварга 
сақтарға,  ал  дайлар  -  Авестаның  және  Ксеркс  жазбасының  дахтарына  сәйкес 
келеді.  
Басқа  да  грек  авторларының  көпшілігі  сияқты,  Геродот  та  «азиялық 
скифтер»  деген  терминді  қоса  отырып,  сақтарды  скифтер  деп  атайды.  Бірақ 
грек  деректемелерінде  ахеменидтік  сына  жазуларында  кездеспейтін  басқа 
атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматтар (кейін сарматтар), аргиппейлер, 
аримаспылар, ассилер, пасиандар, сакараулдар және басқалары. 
Ежелгі  Шығыстың  ең  көне  және  аса  маңызды  саяси  құжаттарының  бір 
деп  әбден  орынды  саналатын  Бехистун  жазбасының  сақ  көсемін  тұтқынға 
алумен  байланысты  оқиғаларға  арналған  V  бағанасының  20  -  30  -  жолында 
былай делінген: 
«Дарий  патша  былай  дейді:  содан  кейін  мен  әскеріммен  Сақтарға 
аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, 
бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата 
талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым. 
 


52 
Скунха  деген  көсемін  қолға  түсіріп,  маған  әкелді.  Сол  жерде  мен  өз 
дегеніммен екінші біреуін  көсемі  қылып  тағайындадым.  Бұдан  кейін  ел  маған 
қарады» [3]. 
Сақтар  мен  массагеттер  еліне  Ахеменид  патшалары  Дарий  мен  Кирдің 
жорықтары  тарихи  фактілер  қатарына  жатады.  Осы  оқиғалар  туралы  егжей  - 
тегжейлі  әңгімелейтін  Геродот  массагеттер  жерін  Каспий  теңізінен  шығысқа 
таман,  Аракс  өзенінің  арғы  жағындағы  күннің  шығу  бағыты  бойынша 
орналастырады.  
Парсы  сына  жазуларының  хаумаварга  сақтары  ең  ірі  тайпа  немесе 
тайпалар  тобы  болды,  олар  грек  деректемелерінде  амюргий  -  сақтар  деп 
аталады.  Көптеген  зерттеушілер  амюргий  -  сақтарды  ежелгі  Бактрия  және 
Маргиана  аймақтарына  орналастырады.  Бұлар  ежелгі  парсылар  танысқан 
алғашқы  сақ  тайпалары  еді.  Геродот  былай  жазды:  «Бұл  -  амюргийлік  сақтар 
деп аталған тайпа. Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды». 
Көне  парсы  сына  жазулары  мәтіндерінде  сақтардан  солтүстікке  таман 
өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада 
ғана сайрим деген атау айтылады, біріқ бұл халықтың қай жерді мекендейтіні 
туралы мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек.  
Геродотқа  аты  мен  таралу  аймағы  «анық  мәлім»  исседондар  тайпалары 
аргиппейлерден  шығысқа  таман  орналасқан.  Исседондардың  айтуы  бойынша, 
дейді одан әрі Геродот, олардан жоғарырақ аңызға айналған аримаспылар мен 
«алтын қорыған самұрық»тайпалары тұрады. Қиял - ғажайып қауесеттер антик 
жазушыларына дейін жеткен аримаспылар мен самұрықтар тайпалары ірі - ірі 
алтын 
рудниктері 
болған 
Қазақстанның 
солтүстік 

шығысымен 
байланыстырылады.  Исседондар  туралы  Геродоттың  тағы  бір  айғағы  бар. 
Кирдің  массагеттерге  жорыққа  әзірленуі  туралы  әңгімелейтін  фрагментте  бұл 
тайпалардың  «Аракс  өзенінің  арғы  бетінде  күншығысқа  қарай,  исседондарға 
қарсы  шығыс  бағытта»  тұратындығы  айтылады.  Геродоттың  болжауына 
қарағанда,  исседондар  Орталық  Қазақстан  далаларында  немесе  Оңтүстік 
Жайық өңірі мен Батыс Қазақстанда тіршілік еткен деп топшылауға толық негіз 
бар [4].  
Сөйтіп,  жазбаша  деректемелер  б.з.б.  VII  -  IV  ғасырлардағы  Қазақстан 
аумағына бірқатар тайпалар мен тайпалық топтарды орналастыруға мүмкіндік 
береді:  оңтүстікте  тиграхауда  -  сақтар,  грек  деректемелеріндегі  массагеттер 
және  дахтар  (дайлар);  батыста  -  савроматтар  (ежелгі  аорстар),  орталық 
аудандарда  -  исседондар,  солтүстік  -  шығыста  -  аримаспылар.  Бұлардың 
барлығы  рулық  -  тайпалық  бөлімшелер  ретінде  тілі  жағынан  туыстас  және 
мәдениеті жағынан жақын сақ және сармат тайпаларының этникалық - мәдени 
бірлігіне кірген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет