Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет36/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   128
ӘДЕБИЕТ 
1. Геродот.  История  в  девяти  книгах.  Перевод  и  примечания  Г.И. 
Стратановского, Л., 1972. C. 45. 
2. Абаев  В.И.  Скифский  быт  и  реформы  Зороастра.  -  ArhivOrientalni,  Praha, 
XXIV, 1956, №1. С. 5 - 6.  
 


53 
3. Дандамаев М.А. Иран при первых Ахеменидах. М., 1963. С. 269. 
4. Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  1  -  том.  - 
Алматы: Атамұра, 2010. - 544 бет. 
 
 
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ 
СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛҒЫШАРТТАРЫ 
 
И - 41 тобының студенті Салимов А. 
Ғылыми жетекші: гуманитарлық ғылымдар магистрі Шайхыгалиев Е.А. 
 
Әр  елдің  тарихында  сол  елдің  тағдырын  шешетін  оқиғалардың  болары 
анық.  Қазақстанның  егемендікке  қол  жеткізуі  де,  сөз  жоқ,  осындай 
оқиғалардың бірі екені даусыз. Ал кейінге шегініп, артымызға қарасақ, осыдан 
жарты  ғасырдай  уақыт  бұрын  республиканың  барлық  тағдырын  шешкен  тың 
эпопеясын болғанын білеміз. 
Қазақстан  тарихында  әлі  де  болса  толық  бағасын  алмаған  күрделі 
мәселелердің бірі – тың және тыңайған жерлерді игерудің қорытындылары мен 
салдары  болып  табылады.  Сол  кезеңде  тың  игеру  тарихы  сол  заманғы 
идеологияға сай, жоғары бағаланып, тек жағымды жақтарынан ғана жазылғаны 
мәлім.  ХХ  ғасырдың  50  -  жылдарының  басында  Кеңес  өкіметінің  аграрлық 
салада  жүзеге  асырған  реформаларының  нәтижесіз  аяқталуының  салдарынан, 
жылдан  -  жылға  азық  -  түлікпен  қамтамасыз  ету  қиындай  түсті.  1953  жылғы 
наурызда Сталин басшы болғаннан кейін, аграрлы саясаттағы түзетулерге сай, 
қол  жеткен  алғашқы  жетістіктерге  қарамсатан,  Н.С.  Хрущев  төңірегіндегілер 
тез  арада  ауыл  шаруашылығының  тарихта  болмаған  өсуінің  қамтамасыз  ету 
үмітімен  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  реформасын  шұғыл  жүзеге 
асыруға кірісті. Осы тың игеру кезінде жетістіктермен қатар елеулі қателіктер 
де  жіберілді.  Әуелі,  оның  экономикалық  тиімділігіне  келер  болсақ,  тың  және 
тыңайған  жерлерді  игеру  ұзақ  жылдар  бойы  бұрынғы  Одақты  ауыр  халде 
ұстады.  Тың  игеруші  аудандарға  бұрынғы  негізгі  астықты  аудандардың 
есебінен  мол  қаржы,  техника,  құрылыс  материалдары,  ауыл  шаруашылық 
еңбеккерлері  мен  құрылысшылар  жіберілді.  Ол  жеткілікті  ғылыми  негізсіз, 
шұғыл  түрде  жүзеге  асырылды.  Осы  себептерге  байланысты  тың  игерудің 
басты  міндеті  –  астық  өндіруді  арттыру  күткен  нәтижені  әкелмеді. 
Экономистердің  пікірінше,  тыңға  кеткен  қаржыны  бұрынғы  астық  өндіруші 
аудандарға жұмсағанда одан әлдеқайда көп табысқа жетуге болатын еді [1]. 
Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. 
Құрғақшылық  елдің,  әсіресе  оның  еуропалық  бөлігінің  ауыл  шаруашылық 
жағдайына  өте  ауыр  тиді.  Жағдай  жұмысшы  күшінің  жетіспеушілігінен  де 
ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен 
шықты,  ал  жаңадан  алынатын  машиналар  саны  аз  болды.  Басқарудың 
әкімшілік,  күштеу  тәсілдерінің,  экономикалық  заңдарды  есепке  алмаудың 
зардаптары  ауыл  шаруашылығына  кері  әсерін  тигізді.  Жер  өңдеу  мәдениті 
төмен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды. 
 


54 
Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген 
ел  басшылығы  шаруашылық  және  партия  органдарын  бұрынғы  колхоз  және 
совхоздарға  қатысты  бұра  тартушылықтарды  жоюға  міндеттеді.  1949  жылға 
қарай  қабылданған  қаулы  бойынша  Қазақстанның  колхоздарына  түрлі 
ұйымдардың 214  млн  сом  қарызы,  көп  мал,  техника,  540 мыңға  жуық,  заңсыз 
тартып  алынған  жер  қайтарылып  беріліп,  әкімшілік  -  шаруашылық  басқару 
аппараты  елеулі  түрде  қысқарды.  Ауыл  шаруашылығының  материалдық  - 
техникалық  жағынан  жабдықталуын  шұғыл  жақсарту  мақсатында  мемлекет 
қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта 
даярлаудың  жүйесі  жолға  қойылды.  Колхоздар  мен  совхоздарға  қызмет 
көрсетуге тиіс машина - трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға 
үлкен  көмек  көрсетілді.  Төртінші  бесжылдықтың  соңына  қарай  республика 
МТС  -  тары  күшейіп,  колхоздардың  95%  -  ына  қызмет  көрсетті,  ал  бұл 
көрсеткіш  1946  жылы  76%  ғана  болған  еді.  Соған  қарамастан  -  үкімет 
қабылдаған  іс  -  шаралар  ойдағыдай  нәтиже  бермеді.  Өндірісті  арттыру  үшін 
ұсақ  колхоздар  ірі колхоздарға  біріктірілді.  Колхоздарды қысқа  мерзім  ішінде 
ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6737 - 
ден (1945 жыл) 2047 - ге (1952 жыл) дейін қысқарды. Әлемдегі 300 млн гектар 
қара  топырақты  және  жартылай  қара  топырақты  жердің  190  млн  гектары, 
немесе үштен екісі КСРО - да болатын [2]. 
Қабылданған  іс  -  шаралар  ауыл  шаруашылығының  жағдайын  біршама 
жақсартты.  МТС  техникасы  неғұрлым  тиімді  пайдаланыла  бастады.  Егін,  мал 
өнімдері  бойынша  белгіленген  жоспарды  асыра  орындау  үшін  қосымша 
төлемдер  енгізілді.  Мал  басының  саны  артты.  Бесжылдық  ішінде  суарылатын 
жерлер ауданы 16% - ға артты. 1954 - 1957 жылдары Қазақстандағы егіс алқабы 
2,5 млн гектарға ұлғаюға тиіс болды [3]. 
Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл - әкімшілік жүйесі. Дегенмен 
республиканың  ауыл  шаруашылығы  бүкіл  КСРО  -  ның  ауыл  шаруашылығы 
сияқты  азық  -  түліктегі,  өнеркәсіптегі,  шикі  заттағы  халық  сұранысын 
қанағаттандыра  алмады.  Бұған  колхоздарды,  жалпы  ауыл  шаруашылығын 
басқарудың  әміршіл  -  әкімшіл  жүесі  себеп  боды.  Жоғарыдан  жоспарлау, 
бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, 
еңбек  нәтижелерінен  де  шеттетті.  Колхозшылардың  еңбегіне  ақы  өніммен 
төленді  (азық  -  түлік,  киім  -  кешек).  Колхозшыларда  төлқұжат  болмады, 
олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл 
олардың мекен - жайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде 
колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды. 
Ауыл  еңбекшілерінің  жағдайына  тура  немесе  жанама  түрде  әсер  еткен 
барлық  қиыншылықтарға,  бұра  тарту  мен  жаңсақ  есептерге  қарамастан  олар 
елді  қолдарынан келгенше азық  -  түлікпен  қамтамасыз  ете  берді.  Еңбек  ерлігі 
мен батырлығының үлгілері де аз емес еді. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  өнеркәсіп  және  ауыл  шаруашылығында 
дамудың біржақтылығын жоюдың қажеттілігі анық сезілді. 
Аграрлық 
секторды 
дамытуды 
ынталандыру 
үшін 
мемлекет 
шаруашылықтардың  бұрынғы  қарыздарын  жойып,  салық  көлемі  елеулі  түрде 
азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы көтерілді. Дегенмен 


55 
ауыл  шаруашылық  өндірісі  жүйесін  жақсартуға  бағытталған  реформалар 
қалыптасқан  шаруашылық  жүргізу  құрылымының  негіздеріне  әсер  етпеді, 
әміршіл - әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді. 
Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық 
өнімі  өндірісін  шұғыл  арттыра  алатын  мүмкіндіктер  бар  деп  есептеді. 
Сондықтан  да  өкімет  билігінің  жоғарғы  деңгейінде  дәнді  дақылдар  егетін 
алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы 
пайда  болды.  Міндеттерді  табысты  жүзеге  асыру  үшін  Хрущев  Н.С. 
республикалық  басшылықты  «нығайту»  керек  деп  шешті.  1954  жылы  ақпанда 
Қазақстан  Компартиясының  Орталық  комитетінің  бірінші  хатшылығына 
Қазақстанда  ешкімге  белгісіз  П.К.  Понамаренко  сайланды.  Шаяхметовті  Ж. 
қызметінен  алу  мәселесін  Кремльде  шағын  топ  қана  шешті.  Шың  мәнінде 
Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға қоя бастаған болатын, ао 
Шаяхметов Ж. болса тың жерлерді тез арада меңгеру идеясын қолдамады.  
Одақ  ведомстволары  қабылдаған  «Елімізде  астық  өндіруді  одан  әрі 
арттыру  туралы,  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  туралы»қаулы  бойынша 
Қазақстанның  Солтүстік  аудандарында,  Сібірде,  Оралда  және  Солтүстік 
Кавказда  дәнді  дақылдар  егуді  шұғыл  арада  арттыру  туралы  шешім 
шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954 - 1955 жылдарда 13 млн гектар 
жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100 - 1200 млн пұт астық алу жоспарланды. 
1956 жылы Қазақстан алғаш рет бір миллиард пұт астық жинады [4]. 
КСРО  -  да  тың  көтеруге  байланысты  белгіленген  тапсырма  1954  жылғы 
тамыздың  басына  қарай  орындалды:  13,4  млн  гектар  жер  немесе  жоспар 
бойынша  103,2%,  оның  ішінде  Қазақстанда  6,5  млн  гектардан  аса  тың  жер 
жыртылды.  Тамызда  «Астық  өндіруді  молайту  үшін  тың  және  тыңайған 
жерлерді  одан  әрі  қарай  игеру  туралы»  жаңа  қаулы  қабылданды.  Онда  1956 
жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28 - 30 млн 
гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама 
кең  көлемде  игеру  өзін  -  өзі  ақтамайтындығы  туралы  пікірлерін  ешкім  есепке 
алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 
млн  гектар  жер  жыртылды.  Тың  жерлерді  игерудің  басым  көпшілігі  негізінен 
Қазақстанның  солтүстігіндегі  алты  облыста  –  Қостанай,  Ақмола,  Солтүстік 
Қазақстан,  Көкшетау,  Торғай  және  Павлодар  облыстарында  жүзеге  асырылды 
[5]. 
Қорытынды. 
Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн. га жер игерілді (Одақ бойынша 
41  млн  га).  Қазақстанда  егістік  жерлердің  көлемі  артты.  Астық  өндіру  көлемі 
жағынан Қазақстан одақта 2 - орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта 
Азия  мен  Сібірді,  Оралды  астықпен  қамтамасыз  етті.  Тың  игеру  жылдарында 
Қазақстан  «9  көп  ұлтты  республикаға  айналды.  Экономиканың  басқа 
салаларының  дамуына  әсер  етті.  Қазақстан  жерінде  көптеген  тұрғын  үйлер, 
құрылыстар,  мәдени  объектілер  салынды.  Он  мыңдаған  шақырым  жолдар 
төселді. Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120 - дан астам) елді мекендер 
көбейді.  Халықты  азық  -  түлікпен  қамтамасыз  ету  біршама  жақсарды.  Тың 
игерудің  салдары:  Көптеген  жылдар  бойы  тың  жерлерді  игеру  партия 
көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы 


56 
туралы  ештеңе  айтылмады  және  айтылуы  да  мүмкін  болмады.  Ең  алдымен 
Қазақстанға  келген  тың  көтерушілер  арасында  арамтамақтар  мен 
қылмыскерлер  де  болды.  1954  -  1955  жылдарда  Қазақстанға  келген  650  мың 
тың игерушінің 150  мыңы ғана механизаторлар болды.  Нәтижесінде, көптеген 
тәртіп  бұзұшылдықтар,  қылмыстар  болып  тұрды.  Тың  игеруге  байланысты 
жайылымдар  мен  жем  -  шөп дайындайтын  алқаптардың  көлемі  тарылды.  Мал 
шаруашылығының  дамуы  артта  қалды.  Мал  шаруашылығының  азаюына 
байланысты  ет,  сүт  өнімдерінің  көлемі  де  азайды.  1956  жылы  Отанға 
тапсырылған  млрд.  пұт  Қазақстан  астығы  уақытында  жиналмай  қар  астында 
қалды,  біразы  іріп  -  шіріп  кетті.  Сырттан  келген  мамандардың  тұрақтамауы 
жаппай  етек  алды.  Сырттан  келушілер  көп  болып,  қазақтар  ата  қонысында 
азшылыққа  айналды:  1954  -  1962  жылдыры  2  млн.  адам  келді.  Қазақтар 
республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы – 
85% - н болса, 1962 жылы - 29% - ғана болды. Ауылшаруашылық өндірісі мен 
халық  санының  өсуінен  тұрғын  үй  салу  қырқыны  және  мәдени  -  тұрмыстық 
қызмет  көрсету  артта  қалды.  Экологиялық  жағдай  күрт  нашарлады.  Аса  көп 
территория  жыртылып,  нәтижесінде  көп  жерлер  тіршілікке  жарамсыз  болып 
қалды.  Топырақ  эрозияға  ұшырап,  жердің  құнарлылығы  азайды.  Қазақ 
халқының  ұлттық  ерекшеліктері  аяққа  тапталды.  Тың  игерушілер  арасында 
қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру 
жылдары  қазақ  халқының  салт  -  дәстүрлері,  мәдениеті,  ұлттық  руханияттары 
ескерілмеді.  10)  Қазақ  мектептері,  балабақшалар,  қазақ  тіліндегі  газет  - 
журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ 
халқының  бір  бөлігінің  өз  ана  тілін  ұмытуына  әкеп  соғып,  халықтың 
ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет