Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


Зерттеу жұмысының негізгі проблемалары



Pdf көрінісі
бет49/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128
Зерттеу жұмысының негізгі проблемалары. Солтүстік өңірдің тарихы – 
Қазақстан  тарихының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Айтса  айтқандай, 
осыған  дейінгімізді  ой  елегінен  өткізгенде  халқымыздың  тарихында  елеулі  із 
қалдырған, туған елі, жері үшін бар ғұмырын сарп еткен талай арыстарымызды 
әлі  де  тани  алмай,  бүгінгі  ұрпаққа  насихаттай  алмай  жатқанымыз  шындық. 
Солардың  ішінде  XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  басында  өмір  сүрген 
Көкшелік  жерлестеріміз,  ғүлама  ғалымдар,  табанды  қоғам  қайраткерлері, 
алаштың  азаттығы  үшін  самұрық  бейнелі  байрағы  бар  айбарлы  жүйемен 
ымырасыз  күресе  білген  Наурызбай  Таласұлы,  халқы  оны  сүйіспеншілікпен 
Науан Хазірет деп атаған, Мәмбетәлі Сердалин, Айдархан Тұрлыбаевтың өмірі 
мен қызметі онан әрі зерттеуді талап етеді [7]. 
Науан Хазірет Таласұлының есімі зиялы қауымға кеңінен мәшһүр. Оның 
Көкше өңірінде сіңірген ағартушылық қызметі ерен. Ұзақ уақыт Науан Хазірет 


85 
есімі  тарихта  өзінің  әділ  бағасын  алмай  келді.  Осы  ақтаңдақтардың  орынын 
толтыру мақсатында кейінгі кездерде бірқатар игі шаралар атқарылуда [8]. 
Мәмбетәлі Сердалин (Шөбеков) – Қазақстаннан шыққан алғашқы білікті 
де білімді экономистердің бірі. Сонымен бірге ол әдебиет пен тарих саласында 
да жан - жақты ізденістер жүргізіп, ірілі - ұсақты ғылыми еңбектер жазған озық 
ойлы, оқымысты адам. 
Айдархан  Тұрлыбаев – алаш қозғалысының ірі қайраткері Ұлт кеңесінің 
мүшесі,  Ақмола  облысындағы  алаш  қозғалысының  көшбасшысы,  соңғы  кезге 
дейін  Қазақстан  тарихнамасында  есімі  еленбей  келген  көрнекті  қайраткер. 
Алаш қозғалысының бүтін бейнесін осы тұлғаларсыз елестету мүмкін де емес 
деп білеміз. Өйткені осы азаматтар қажырлы еңбек еткен аймақ Қазақстанның 
ең  бай  өлкелерінің  бірі  боп  саналып,  отаршылдық  ең  бір  өрістеткен  аймаққа 
айналған  болатын.  Міне  осындай  дүлей  күшке  ақылымен,  саяси  -  қарым 
парасатымен қарсы тұра білген қайраткелердің күрескерлік жолын зерттей түсу 
уақыт талабы [9]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет